Рустемова Жанар Айдарбеккызы «Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістемесі» пәні бойынша



жүктеу 449,02 Kb.
бет26/149
Дата06.10.2023
өлшемі449,02 Kb.
#43680
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   149
multi-823 x986873926

1.3 Сәттілікке бағытталу
Біз әдетте сәтсіздікке көп көңіл бөлетін сияқтымыз: қандай да бір іс жасамасақ та, алдымен жіберген қателерді назарға аламыз да, қол жеткізген сәттіліктерімізге жіті мән бермейміз. Бұл ұстанымның позитивтік көзқарасты дамытпайтындығы және өмірде де, жұмыста да жағымды нәтижелерге әкелмейтіндігі анық. Үйрену процесінде өз жұмысы мен әрекеттерінің сәтті шығуына ниеттелмеген шәкіртте өмірінің басқа да мезеттерінде (жұмыс орнында, жанұяда, қарым-қатынаста) өз ісінің ойдағыдай аяқталуына сенімі болмайды. Оның өз істері мен әрекеттерінің жағымсыз ғана нәтиже беретіндігіне әбден сеніп кетіп, өзін ылғи да «жолы болмайтындар» қатарына қосып жүруі де мүмкін.
Оқу процесінде сәттілікке ниеттелу керек және оқушыларда аяққы нәтиженің ойдағыдай болатындығына сенім қалыптастыру қажет. Мәселен, қате жасағанда оған налымай, оны жібергені үшін үйренушіні жазаламай (төменгі баға қою, ескерту жасау, сөгу, т.б.), қатенің үйренуде алатын маңызды рөліне назар аударған жөн. Шындығына келсек, ешнәрсе жасамаған адам ғана қателеспейді, қате жасамай біз үйрене алмаймыз. Сол себепті де білім игерудің басты ұрандарының бірі «Жасасын қате!» болуы керек шығар. Жазалаудың орнына жіберген қателерді талдап, дұрыс қорытынды шығарып, оларды болашақта қайталамаудың жолдарын қарастыру қажет.
Егер үйренушінің бойында өз ісінің ұтымды әрі игі нәтижелі болатындығы туралы сенім қалыптаспаса, оның үйренуге деген ықыласы мен ынтасының төменгі дәрежеде болуы хақ. Сол себепті де үйрену процесінде сәттілік жағдайын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөліп тұрған жөн.
Сәттілік жағдайын келесі түсініктерді басшылыққа алу арқылы қалыптастыруға болады:
- басты назарды жұмыстың сәтті шыққан жерлеріне аудару (мәселен, сабақ соңындағы кері байланыста оқушылар «Өз жұмыстарыңыздың қандай жерлері сәтті болды деп ойлайсыздар?», «Қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіздер?» деген секілді сұрақтарға ауызша не жазбаша жауап береді);
- жіберген қателерді кемшілік ретінде қабылдамай, оларды үйренудің заңды көрінісі деп түсіну, қателерді түзетуді үйренушілердің өздеріне тапсыру;
- жазалау шараларын (мәселен, төмен баға қою, ескерту жасау) түзету әрекеттерімен алмастыру;
- «сөйлеу» ұғымын «әңгімелесу» ұғымымен алмастыру;
- әр үйренушіні дәрежесі тең тұлға ретінде сыйлау және оған ілтипат көрсету, студенттердің әрбір ниеті мен әрекетін қолпаштау, олардың сеніміне ие болуға ұмтылу, олармен жылы сөйлесу секілді «жұмсақ», «ұстамды», «сабырлы» қарым-қатынастық тәсілдерді қолдану;
- әр үйренушіні атқарған жұмыстарының қорытынды нәтижелерінің сәтті шығатындығына сендіру, оларды өздерінде жеңімпаз сезімін қалыптастыруға ынталандыру.
Сәттілікке жетудің кейбір кеңестері

  1. Кәсіби қызметке жан-тәніңізбен берілу керек!

  2. Шаршамаңыз, талмаңыз, әрекеттеріңізді еш толастатпаңыз, доғармаңыз! Сәттілік ешқашан да бекерден бекер, аяқ асты келе салмайды!..

  3. Оптимист болыңыз! Үлкен жетістіктерге қол жеткізу тіпті де қиын емес!

  4. Басқа адамдармен бірлесе өмір сүруге және олармен ынтымақты болуға үйреніңіз! Өзіңізді қоршаған адамдардың сүйіспеншілігіне бөленуге тырысыңыз!

  5. Шыдамдылыққа үйреніңіз! Сіз өзіңіз танитындардың ішінен ең шыдамды болуға тырысыңыз!

  6. Басқалардың пікірлері мен ұстанымдарын сыйлаңыз!

  7. Әрбір туындаған проблеманы жан-жақты ойластыруды үйреніңіз! Мойымаңыз! Егер де Сіз бір шешімге бүгін келе алмаған болсаңыз, бұл мәселеге ертең қайта оралыңыз. Өзіңіз жасаған әрбір шешім Сізде проблема шеше білетін қабілеттің бар екендігін меңзейді. Осыны ұмытпаңыз. Алдыңызда туындаған кез келген проблеманы шешу жолы Сіздің басыңызда пайда болатындығына кәміл сеніңіз.

  8. Басқа адамның көзқарасын түсінуге үйреніңіз! Әрбір пікірталаста сан алуан тұжырымдар тоғысады. Бұл таласта Сіздің пікіріңіздің дұрыс болуы міндет емес. Бұл мәселенің Сізге қаншалықты қатысы бар болса да, Сіздің санаңыз ашық болсын.

  9. Тәкаппар болмаңыз!

  10. Кешірімді болыңыз!

  11. Өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздің тыныштығын ойлаңыз!

  12. Табандылықпен және толассыз еңбектеніңіз!

  13. Ұтымды қасиеттеріңізді біліңіз!

  14. Адал болыңыз!

  15. Материалдық байлықтар Сізді билеп-төстеп алмасын!

  16. Өз сәтсіздіктеріңізге тым қатты кейімеңіз!

  17. Сізді қоршаған адамдарға сыйласымдық пен ізеттілікті әрбір оңтайлы сәтте көрсетуге ұмтылыңыз! Ешкімге де менсінбей қарамаңыз!

  18. Өткенді тым жиі және ұзақ түрде еске алмаңыз!

  19. Басқа адамдар мен бүкіл Әлем алдындағы борыштарыңызды, міндеттеріңізді орындаңыз!

  20. Әр кез бақытты болуға ұмтылыңыз және өмірге қуаныңыз!

  21. Өмірде сәттілік армандауға батылы жететіндерге, ұйымдастыру қабілеті және өз талаптарын жүзеге асыруға қайраты бар адамдарға ғана беріледі!


жүктеу 449,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау