KZ
34
Кесіп жарақаттану қаупі
• Абай болыңыз – аспаптың металл корпусында өткір жиектер болуы мүмкін.
• Сақтық шараларын елемеу жарақаттарға немесе кесіп жарақаттануға алып
келуі мүмкін.
Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулар
• Аспапты орнату немесе пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз.
• Аспап бетіне жанатын материалдарды немесе бұйымдарды қоюға болмайды.
• Өтінеміз, осы ақпаратты аспапты құрастыру үшін жауапты тұлғаға дейін
жеткізіңіз, себебі бұл орнатуға қатысты шығындарды төмендетуі мүмкін.
• Қауіптің алдын алу үшін аспап осы орнату бойынша нұсқаулыққа сəйкес
орнатылу керек.
• Аспапты орнату жəне оны жерге тұйықтау тек білікті маманмен орындалу
керек.
• Айыр фирмалық тақтайшада көрсетілген қуатқа сəйкес келу керек. Розеткада
жерге тұйықтаушы түйіспе болу керек жəне жеңіл қол жетімділіктегі жерде
орналасу керек.
• Аспап қоректену көзінен толық сөндірілуді қамтамасыз ететін ажыратқышы бар
тізбекке жалғану керек.
• Аспаптың дұрыс орнатылмауы кепілдіктің жойылуына немесе наразылықтар
бойынша міндеттемелердің жойылуына алып келуі мүмкін.
Пайдалану жəне қызмет көрсету
Электр тоғымен зақымдану қауіпі
• Бұзылған немесе сынған пісіру панелінде əзірлемеңіз. Егер панельдің беті
сынған болса, немесе шытынаған болса, дереу құралды электр желісінен
ажыратыңыз жəне білікті маманға хабарласыңыз.
• Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында пісіру панелін желіден
ажыратыңыз.
• Аталған ұсыныстарды сақтамау электр тоғымен зақымдануға немесе өлімге
əкелуі мүмкін.
KZ
35
Денсаулыққа төнген қауіп
• Аталған құрал электромагнитті қауіпсіз стандарттарына сəйкес келеді.
Алайда электрокардиостимуляторлы тұлғаларға пісіру панелін
пайдалану
ұсынылмайды,
себебі
сатылымдағы
барлық
электрокардиостимуляторлар жоғарыда аталған стандарттарға сəйкес
келетіндігіне, жəне құралды дұрыс пайдалануға кедергі келтіретін
интерференция пайда болмайтындығына кепіл берілмейді. Сондай-ақ
басқа құрылғылар қолданатын тұлғалар, мысалы есту аппаратын, пісіру
панелін пайдалану кезінде ыңғайсыздық сезінуі де мүмкін.
• Бұл ұсыныстарды орындамау өлімге əкелуі мүмкін.
Ыстық беттердің қауіпі
• пайдалану кезінде құралды қолжетімді бөліктері күюге əкелетіндей шамада
қатты қызады.
• панель беті суығанға дейін, тек тиісті əйнекті ыдыстан басқасын, Дене, киім,
басқа да заттардың арақатынасын болдырмаңыз.
• пышақтар, шанышқылар,қасықтар жəне қақпақтар сияқты металл заттардың
пісіру панелінің бетінде болмауы керек, себебі қызуы мүмкін.
• Құралға балаларды жолатпаңыз.
• Ыдыстың тұтқалары сипағанда ыстық болуы мүмкін. Олардың басқа жұмыс
істеп тұрған пісіру аймақтарының үстінде болмауын тексеріңіз. Пісіру
панеліндегі ыдыстардың тұтқаларын балалардың ұстамауын тексеріңіз.
• Аталған ұсыныстарды сақтамау күйікке əкелуі мүмкін.
Кесу қауіпі
• Қорғаныш қақпағы алынғанда пісіру панелін тазалауға арналған қырғыш жүзі
шығып тұрады. Аса үлкен сақтықпен қолданыңыз жəне əрқашан балалардың
қолы жетпейтін жерде қауіпсіз түрде сақтаңыз.
• Сақтық шараларын елемеу жарақаттануға немесе кесуге əкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулар
• Ешқашан жұмыс істеп тұрған құралды қараусыз қалдырмаңыз. Сұйықтықтың
тасуы, майлы өнімдердің құрал бетіне төгілуі түтіндеудің себебі болып,
тұтануға əкеліп соқтыруы мүмкін.
• Құралды ешқашан жұмыс беті ретінде немесе бірдеңе сақтау үшін
пайдаланбаңыз.
• Ешқашан құрал бетінде қандай да болсын заттарды немесе ыдысты
қалдырмаңыз.
KZ
36
• Жабдықтың үстінде жəне оның жанына магнит өрісіне сезінушілігі бар
қандай-да заттарды (мысалы, кредит карталарын, жады карталарын) немесе
электрондық құралдарды (мысалы, компьютерлерді, МП3-күйтабағын)
орналастырмаңыз, өйткені оларға магнит өрісі ықпал етуі мүмкін..
• Ешқашан құралды бөлмені жылыту үшін қолданбаңыз.
Пайдаланғаннан кейін осы нұсқаулықта көрсетілгендей əрқашан пісіру аумағын
жəне пісіру панелін өшіріңіз (басқару панелі арқылы). Пісіру аймағынан
қазанды алып тастағаннан кейін жабдықты өшіретін ыдысты табу
функциясына сенбегеніңіз жөн.
• Балаларға құралмен ойнауға, құралдың үстіне шығуға, отыруға немесе оның
үстінде тұруға рұқсат бемеңіз.
• Балалардың қызығушылығын туғызатын заттарды құралдың үстіндегі
шкафтарда сақтамаңыз. Құралға шығу арқылы балалар қатты жарақаттануы
мүмкін.
• Балаларды жұмыс істеп тұрған құралмен бірге бір бөлмеде қалдырмаңыз.
• Балалармен немесе мүмкіндігі шектеулі, құралды пайдалануда қиналатын,
тұлғалармен бірге пайдалану бойынша нұсқаулық жүргізетін жауапты білікті
тұлға болуы керек. Нұсқаулық жүргізуші олар өздеріне немес қоршағандар
үшін қауіпсіз пайдалана алатындарына көз жеткізуі керек.
•Осы нұсқаулықта арнайы ұсыныстар болмаған жағдайда жөндеу жұмыстарын
немесе құралдың қандай да болсын бөлшектерін ауыстыру жұмыстарын
жүргізуге тиым салынады. Барлық басқа қызмет көрсету түрлері білікті
мамандармен орындалуы керек.
• Бу тазалағышты пісіру панелін тазарту үшін пайдаланбаңыз.
• Пісіру панеліне ауыр заттарды қоймаңыз жəне түсіріп алмаңыз.
• Пісіру панелінің үстінде тұрмаңыз.
• шеттері түзу емес ыдыстарды қолданбаңыз жəне панель бетімен ыдысты
сырғытып бермеңіз, себебі ол əйнектің бетінде сызаттардың пайда болуына
əкеледі.
• Пісіру панелін тазалау үшін металл жөкелерді, щетка немесе кезкелген басқа
кедір-бұдыр абризивті тазалау құралдарын пайдаланбаңыз,өйткені ол əйнектің
бетін сызуы мүмкін.
• Егер желі шнуры зақымданған болса, қауіптілікті болдырмау үшін, оны құралды
өндіруші, сервистік қызмет өкілі немесе тиісті мамандығы бар маман
ауыстыруы керек.
• Аталған құрал тұрмыста немесе келесідей ұқсас жағдайларда пайдалануға
арналған: дүкен, кеңсе жəне басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне
тамақтануға арналған бөлмелерде; фермерлік үйлерде; қонақүй, мотельдер
жəне басқа да уақытша тұру орындарының тұрғындарының асханалары.