RMC-M251
31
RUS
UKR
KAZ
сұйықтық тостағанның ішкі бетінде максималды белгісінен төмен болуын бақылаңыз.
Тостаған қиғаштықсыз орнатылғандығына және қыздырғыш элементпен тығыз жана-
сатындығына көз жеткізіңіз.
3. Мультипісіргіш қақпағын тарсылға дейін жабыңыз. Аспапты электр желісіне қосыңыз.
4. Әзірлеу бағдарламасын таңдау үшін басқару панелінде сәйкес батырманы басыңыз.
Батырма жанындағы индикатор жанады, дисплейде әдепкі әзірлеу уақыты мен инди-
каторы пайда болады. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын таңдау кезінде дисплейде
температураның әдепкі шамасы шығады.
5. Егер сізді бастапқы күйі бойынша әзірлеу уақыты қанағаттандырмаса, ол мәнді өз-
герте аласыз.
КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ! Егер сіз көп өсімдік майын қолданып, жоғары температурада тамақ
пісіретін болсаңыз, онда құралдың қақпағын ашық қалдырыңыз.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында сіз бағдарлама басталғанша сіз қалаулы әзірлеу
температурасын орната аласыз. батырмасын баса отырып параметрдің қажетті
мәнін орнатыңыз. Мәнді арттыру үшін «+» батырмасын, азайту үшін «–» батырмасын
пайдаланыңыз.
6. Қажет кезде стартты кейінге қалдыру уақытын орната аласыз.
7. Дайындау бағдарламасын іске қосу үшін, батырмасын басыңыз, автожылыту инди-
каторы жанады (егер бұл функция қосулы болса). Әзірлеу уақытының кері санағы,
таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты, батырмасын басқаннан кейін
бірден немесе тостағанда қажетті температураға қол жеткізгеннен кейін басталады.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасында әзірлеу уақытының кері санағы тостағандағы су қай-
нағаннан кейін, өнімдер салынғаннан кейін және батырмасын қайта басқаннан кейін
басталады.
Жұмыс сипаттамаларына шығу кезінде дисплейдегі индикаторы өшіп-жанатын
болады. Жұмыс параметрлеріне шыққан соң аспап дыбыстық дабыл береді, индика-
торы үзіліссіз жанып тұрады.
Қажет кезде «Старт» батырмасын баса отырып, автожылыту функциясын алдын ала
сөндіруге болады, автожылыту индикаторы сөнеді. батырмасын қайталап басу, осы
функцияны қайта қосады.
8. Әзірлеу уақытының аяқталуы туралы сізге дыбыстық белгі хабар береді, дисплейде
«End» жазбасы пайда болады. Әрі қарай, таңдалған бағдарламаға немесе ағымдағы
баптауларға байланысты, аспап автожылыту режіміне (дисплейде индикаторы
жанады) немесе күту режіміне ауысады.
9. Енгізілген бағдарламаны өзгерту үшін, әзірлеу бағдарламасын немесе автожылытуды
тоқтату үшін батырмасын басыңыз
Сапалы нәтиже алу үшін арнайы осы үлгілер үшін дайындалған мультипісіргіштеріне
қоса тіркелетін аспаздық кітаптағы тағамдар әзірлеу жөніндегі рецептілерді пайда-
лануды ұсынамыз. Сәйкес рецептілерді сіз www.redmond.company сайтында таба аласыз.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Осы бағдарлама тағамдарды пайдаланушы белгілеген әзірлеу температурасы мен уақы-
тының параметрлері бойынша әзірлеуге арналған. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы себебі-
нен мультипісіргіштері бірқатар асханалық аспаптарды ауыстыра алады және ескі аспаз-
дық кітапта табылған немесе Интернеттен алынған, сізді қызықтырған кез келген дерлік
рецепт бойынша тағам әзірлеуге мүмкіндік береді.
Егер ас дайындау температурасы 80°С-тан аспайтын болса, автожылыту функциясын
пайдалану ұсынылмайды.
Тағайындалу бойынша «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әзірлеу уақыты 30 минут құрай-
ды, әзірлеу температурасы — 100°С. Бағдарламада температураны қолмен орнату диапа-
зоны 5°С қадаммен 35-160°С құрайды. Уақытты қолмен орнату диапазоны — 1 минуттық
қадаммен 2 минуттан 12 сағатқа дейін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Әзірлеу температурасы 130°С жоғары орнатылған кезде шамадан
тыс қызудан қорғау үшін бағдарлама жұмысының максималды уақыты 2 сағатпен
шектеледі.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында көптеген әртүрлі тағамдар әзірлеуге болады. Біздің
кәсіби мамандарымыз ұсынатын аспаздық кітапты қолданыңыз немесе әртүрлі
тағамдар мен өнімдерді дайындау үшін ұсынылған температуралар бар арнайы ке-
стешені қол- даныңыз. Сондай-ақ қажетті рецептілерді www.redmond.company сай-
тында таба аласыз.
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасы
Бағдарлама күріш пен суда сусымалы ботқаларды пісіруге арналған. Бағдарлама су толық
қайнағаннан кейін автоматты сөндірілуді қарастырады. Осы бағдарламада әзірлеу
уақытын қолмен орнату және «Стартты кейінге қалдыру» және «Автоподогрев» функци-
ялары қол жетімсіз. Күту тәртібінде әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін батырмасын
басыңыз.
Сондай-ақ басқару тақтасында сәйкес батырманы баса отырып «ЭКСПРЕСС» бағдарла-
масын таңдауға және батырмасын басумен іске қосуға болады.
«ХЛЕБ» бағдарламасы
Бидай және қара бидай ұнынан нанның әртүрлі түрлерін пісіру үшін ұсынылады. Бағдар-
лама қамырдын ашуынан піскенше әзірленуінің толық циклін қарастырады. Бағдарлама-
да әдепкі әзірлеу уақыты 3 сағат. Әзірлеу уақытын 5 минуттық қадаммен 10 минуттан 4
сағатқа дейінгі диапазонда орнатуға болады.
Осы бағдарламада «Автоподогрев» функциясының максималды жұмыс уақыты үш сағатпен
шектелген.
Пісірме сапасына әсер ететін болғандықтан, «Отсрочка старта» функциясын қолдануға
кеңес берілмейді.
32
Ингредиенттерді салу кезінде, олар тостағанның пайдалы көлемінің жартысынан ас-
пауын қадағалаңыз.
Әзірлеу уақытын 1 сағаттан кем орнату кезінде батырмасын басқаннан кейін пісіру
процесі басталады. Қамырды ашыту кезеңінде мультипісіргіш қақпағын ашпаңыз.
Пісірілетін өнім сапасы осыған байланысты.
Бағдарлама жұмысының бірінші сағатында қамырды ашыту кетеді, сосын — пісіру. Бағдар-
ламаны әдепкі баптаумен іске қосқанда 2 сағаттық жұмыс аяқталғаннан кейін құрал ды-
быстық сигнал береді. Мультипісіргіш қақпағын ашыңыз және нанды аударыңыз. Егер
бағдарлама баптауына өзгертулер енгізілген болса, дыбыстық сигнал берілмейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Нанды құралдан шығару үшін ас үй қолғабын қолданыңыз.
Ұнды қолданар алдында оттегіге қанығу үшін және қоспаларды жою үшін елеу керек.
Уақытты қысқарту үшін және әзірлеуді жеңілдету үшін нанды әзірлеуге арналған дайын
қоспаны қолдануды ұсынамыз.
«НА ПАРУ» бағдарламасы
Етті, құсты, балықты, көкөністерді және көп құрамды тағамдарды буда әзірлеуге арналған.
Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 35 минутты құрайды. Әзірлеу
уақытын 5 минуттық қадаммен 5 минуттан бастап 2 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен
орнатуға болады. Осы бағдарламада әзірлеу үшін арнайы контейнер (жинаққа кіреді)
пайдаланылады.
Егер сіз осы бағдарламадағы автоматты баптауларды қолданбасаңыз, «Буда әртүрлі
өнімдерді әзірлеудің ұсынылатын уақыты» кестесіне жүгініңіз.
«ВАРКА» бағдарламасы
Бағдарлама көкөністер мен бұршақ тұқымдастарды әзірлеуге арналған. Әдепкі әзірлеу
уақыты 40 минут. Әзірлеу уақытын қолмен орнату диапазоны — 5 минуттық қадаммен 10
минуттан 8 сағатқа дейін.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасы
Бағдарлама су қайнағанша жеткізуді, ингредиенттерді салу мен олардың әрі қарайғы
әзірлеуін қарастырады. Суды қайнату уақыты мен өнімдерді салу қажеттігі туралы дыбы-
стық сигнал хабарлайды. Әзірлеудің кері санағы батырмасын қайталап басқаннан
кейін басталады.
Бағдарламадағы әдепкі әзірлеу уақыты 8 минут. Әзірлеу уақытын қолмен орнату 1 минут-
тық қадаммен 2 минуттан 1 сағатқа дейінгі диапазонда мүмкін. Осы бағдарламада «От-
срочка старта» және «Автоподогрев» функциялары қол жетімсіз.
Кейбір өнімдерді (мысалы, макарон, тұшпара және т.б.) әзірлеу кезінде көбік пайда бо-
лады. Оның тостағаннан ағуын болдырмас үшін, өнімді қайнап тұрған суға салғаннан
кейін бірнеше минут қақпақты ашып қоюға болады.
«ЖАРКА» бағдарламасы
Ет, құс, балық және көп құрамды тағамдарды қуыруға арналған. Тағайындалу бойынша
бағдарламадағы әзірлеу уақыты 18 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минуттық қа-
даммен 5 минуттан бастап 2 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады.
Отсрочка старта функциясы бұл бағдарламада қол жетімсіз.
Ингредиенттердің күйіп қалуының алдын алу үшін рецептілер кітабындағы нұсқау-
лықтарды сақтап, тостаған құрамын мерзімді араластыру қажет. «ЖАРКА» бағдарла-
масын қайта пайдалану алдында аспап толық салқындағанша күтіңіз.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Ашытылған қамырдан кекстер, пісірмелер және бәліштер әзірлеуге арналған. Тағайындалу
бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 1 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минуттық
қадаммен 10 минуттан бастап 4 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады.
Пісірмені әзірлеген кезде тағамды автоматты жылыту функциясын сөндіру ұсынылады.
Дайын өнімді ылғалды болмас үшін әзірленген бойдан бірден мультипісіргіштен шыға-
рыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, өнімді мультипісіргіште автожылыту қосылу болғанда
шағын мерзімге қалдыруға болады.
«ТУШЕНИЕ» бағдарламасы
Гуляш, қуырдақ және рагу әзірлеуге арналған. Тағайындалу бойынша бағдарламадағы
әзірлеу уақыты 50 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минуттық қадаммен 10 минуттан
бастап 12 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады.
«СУП» бағдарламасы
Сорпа, тұздықтар, көкөністік және еттен, балықтан, құс етінен немесе көкөністерден салқын
көжелер әзірлеуге арналған. Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 40
минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минуттық қадаммен 10 минуттан бастап 8 сағатқа
дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады.
«ЙОГУРТ» бағдарламасы
Үй йогурттары мен қамырдың ашуын әзірлеуге арналған.Тағайындалу бойынша бағдарла-
мадағы әзірлеу уақыты 8 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минуттық қадаммен 10
минуттан бастап 12 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады. Ингредиенттерді
салу кезінде, олар тостаған көлемінің жартысынан аспауын қадағалаңыз. Автоподогрев
функциясы бұл бағдарламада қол жетімсіз.
Йогурттарды әзірлеу үшін сіз йогуртқа арналған арнайы REDMOND RAM-G1 банкілер
жиынтығын қолдана аласыз (жеке сатып алынады).
«РИС/КРУПЫ» бағдарламасы
Әртүрлі жармалар мен гарнирлер әзірлеуге, сондай-ақ суда сусымалы ботқаларды бұқты-
руға арналған. Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 25 минутты құрай-