Ұрпаққа мәңгі өнеге-Мәлік Ғабдуллин
«Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең қатыгез әрі қантөгісті соғыс ретінде бағаланады. Бұл фашизмге қарсы жалпыұлттық күрес болды. Мәскеу мен Сталинград түбіндегі қатыгез соғыста Курс пен Днепрде мыңдаған совет солдаттары өз бастарын қатерге тікті. Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Мәлік Ғабдуллин сынды Қазақстанның әскерлері де жеңіс үшін жан алысып, жан берісті. Біздің жерлестеріміздің есімі мен ерлігі біз үшін аса бағалы».
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Еліміздің егемендігі үшін жан аямай күрескен бір туар азамат,ұлғатты ұстаз,елдің батыры Мәлік Ғабдуллиннің орны қазақ халқы үшін тым ерек. Мәлік Ғабдуллин 1995 жылы қараша айының 2-сі күні Ақмола облысы,Зеренді ауданы,Қойсалған ауылында дүниеге келді.Мәліктің алдында 9 баласы бауыры болған,тоғыздың бәрі шетінеп осы Мәлікті құдайдан тілеп алған-ды.Оның амандығын ата-анасы ғана емес,бүкіл ауыл тілеген деседі.Мәлік Ғабдуллин 8 жасында ауылынан екі шақырым жерде орналасқан Құлет ауылына мектепке барды.Сол мектепте бастауыш мектепті аяқтап,Көкшетау қаласындағы жеті жылдық коммуна мектебіне қабылданады.Сәбит Мұқановтың Мәлік жайлы естелігінде былай деген болатын: «Бір сапармен Көкшетауға келегенімде,вокзалдың қасында бір жауынгер тұтқынды алдына салып айдап бара жатқан еді,қасында қолында қызыл шүберек байланған бір жас пионер кетіп бара жатыр.Сол баланың түрі есімде ерекше қалып қойды.Содан бір танысымның үйіне барып демалып жатқан кезінде,біраз уақыттан соң «сізді бір бала шақырып тұр деп оятты".Шықсам жаңағы көрген бала екен.Ол маған «мен сізді кездесуге мектепке шақырып келдім» -деді.Атым-Мәлік деп таныстық.Мектепке баруға келістім.Келісілген уақытта мектепке барғанымда,кәдімгідей жағдай жасап,күтіп алды.Солай кездесуді өткіздім,сол кездесуде жаңағы -Мәлік деген бала менің шығармашылығынан туралы баяндама жасапты,тәп-тәуір баяндама жасапты.Мен сүйсіндім».Солай Сәбит Мұқанов Мәлікті Алматыға оқуға шақырады. Он төрт жасында армандаған қаласына келген Мәлік ауыл шаруашылық институты дайындық курсында оқиды. Ол Сәбит Мұқановтың ақылымен Қазақ педагогика институтына ,филология факультетіне оқуға ауысады.Бастапқыда жататын орын болмай Сәкен Сейфуллинмен бірге тұрады.Оқып жүріп баспаға барып жжүред.Сол баспадан Мәлікті сыртынан байқаған Бейімбет Майлин тегін бала емес екенін сезіп,онымен танысады.Бейімбет Майлин сол Мәлік барып жүрген баспаның басшысы екен.Бейімбет сол баспаға Мәлікті жұмысқа шақырады, күніне сексен тиыннан ақша төлеп тұрады.Мәліктің Мәлік болып қалыптасуы,осы қазақ зиялыларының арқасы болған секілді. «Мәлік институтқа кірісімен-ақ бәрін біліп алғысы келді.Профессор лекция оқығанда көз айырмай,мейлінше зер сала,тыңдайтын.Оның дүние мен адамдар туралы ұғымы сағат санап ,күн санап өсті» деп, М.Сильченко «Студент Мәлік» атты естелігінде Мәліктің білімге деген құштарлығын осылай жазып өткен болатын.Туған ауылынан жырақта жүрген Мәлік Ғабдуллиннің студенттік шағы оңай бола қоймайды,бұл кезең қазақ халқынының басына қара бұлт төніп,елде ашаршылық жайлаған кезең болды.Жап-жас Мәлікке ең ауыр тигені әжесі мен анасынан және бауырынан айырылған кез еді. Сол кездері еліне жете алмай,анасын ақтық сапарға шығара алмағанға Мәлік өмірінің соңына дейін өкінді.1936 жылы ҚазПИ-дің тіл және әдебиет факультетін аяқтайды.Сол жылдары Ферғанада N°82 атқыштар полкінде армия қатарына енеді.Әскерде де ерекшеленген Мәлік Ғабдуллин арада жыл өткенде, күтпеген жерден комсомол қатарынан аластатылады.Бұған себеп: «халық жауы» жеп танылған Сейфуллин,С.Асфендияров,Б.Майлин секілді жазушылардан тәлім-тәрбие алғаны ,сондай-ақ өзімен қатарлас бірсыпыра ұлтжанды азаматтарға қаралап түсініктеме беруге келіспегені түрткі болған. Өзінің «халық жауы» еместігін жан ұшыра дәледеп,ғылым жолын таңдап 1938 жылы асперантураға оқуға түседі.Арада жылдар өтіп Мәлік Ғабдуллин қазақ ауыз әдебиетінің ерекшелігін айшықтайтын диссертациясын қорғауға үлгермей,соғыс басталып 1941 жылы маусымында өз еркімен майданға аттанады.Бұл кезде 26 жасар жас ғалымның үйленіп,отбасын құрғанына бір жылда толмаған болатын.Мәлік Ғабдуллин майданға Алматыда жасақталған генерал Иван Панфилов басқаратын 316-атқыштар дивизиясының құрамында аттанады.Алғашқы күннен 45-ші батареяның саяси жетекшісі,сонан соң екінші атқыштар батальоннің коммисары,полк үгітшісі болған Мәлік Ғабдуллин талай шайқаста қаһармандықтың асқан үлгісін көрсете білді. Соның бірі Мәскеу түбіндегі шайқастарда стратегиялық маңызы зор Бородино селосын жаудан тазартуда жасаған батылдығы ерекше болған. Мәлік Ғабдуллин саяси жетекші ретінде үгіт насихатты асқан шеберлікпен жүргізе білді.Әсіресе оның сөздері қазақ жастарының рухын көтеріп,көзсіз батырлыққа баруға ықпал етті.Төлеген Тоқтаровтың өзі Мәлік Ғабдуллинді соғыстағы серіктесі деп қана емес,ұстазы ретінде көрді.Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген Тоқтаровқа КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумы жарлығымен 1943 жылыдың 30 қаңтарында Кеңес Одағының батыры атағы берілді.Оған қоса «Ленин ордені,Золотая звезда» медальмен қоса марапатталады. Осы жылдың тамыз айында Мәлік Ғабдуллин майданнан елге демалысқа жіберіледі.Мәлік Ғабдуллиннің батырлығы жөнінде Борис Полевой «Правда» газетінде 1943 жылы былай деп жазған: «Мәлік батыр,әрі күшті,ержүрек,Қыр түлкісіндей айлакер,ақбөкендей саққұлақ,жау дүрсілін қырымнан біледі.Темірдей қатты білектері неміс төбеттерін қырудан қалжыраған емес:қанша қырса,сонша күшейе береді,үрейі ұшқан немістер Мәлікті көрген жерден-ақ зыта бастайды.» деген.Бауыржан Момышұлы болса,Мәліктің талай батырлығын көріп:
«Ел күйзелген кезінде,
Ерлік еткен бауырым,
Жау жағадан алғанда,
Батырлық еткен,бауырым,
Ел намысын ардақтап,
Құтты болсын айтамын
Шын жүректен,Мәлігім!»-деп жазады.
Мәлік Ғабдуллин тек қана Кеңес Одағының батыры емес,ол сонымен қатар әскери публицист.Оның: “Сұрапыл жылдар", “Алтын жұлдыз", «Ер намысы-ер намысы»,“Менің майдандас достарым деген" еңбегі бар.Осы кітаптардың қай-қайсысын алып оқысаңызда соғыста болып жатқан жағдайлар бейнеленеді.Мәлік бір ерекшелігі:соғыста өз көзімен көрген ерліктерді,жауынгер жасаған ерілігін қаз-қалпында қойын дәптеріне жазып отырған.Мәлік Ғабдуллин қайта майданға оралғанда Кеңес өкіметінің қорғаныс министрлігіне қызметке алынады.Онда Қызыл армияға үгіт-насихат жүргізетін басқарма бастығы етіп,тағайындалады. Бұл қызметті екі жылдай атқарады.Мәлік майданнан оралғаннан соңда батырға тән істерімен ерекшеленді.Барлық зейіннін ағартушылық саласына арнап,өмірлік ұстанымына ұштасқан қазақ фольклорын тереңнен зерделеуді жалғастырды.1953-1963 жылдар арасында Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында ректор болды, әрі лекция оқыды.Мәлік Ғабдоллаұлы КСРО Жоғарғы Кеңесінің екінші және төртінші шақырылымдарында депутат болды.Қандай қызметте жүрседе өзінің шығармашылығынан қол үзбеді.Қазақ әдебиеті мен фольклоры туралы жүзден астам мақала жазса, «Қазақтың батырлық эпостары» еңбегі үшін 1972 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.Сонымен қатар,Менің майдандас достарым,Ызғарлы жылдар,Алтын жұлдыз секілді жеті-сегіз кітабы жарық көрді.Мәлік Ғабдуллиннің жасаған іс-әрекеті патриоттыққа,батырлыққа,адамгершілікке тәрбиелейді.Қазіргі кезде де Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ халық ауыз әдебиеті» атты еңбегін студенттер, мұғалімдер өз керегіне жаратып жатыр.Мәліктің педагогика саласында жазған жүмысы «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» деген еңбегі.Бұл еңбектің қысқаша мазмұны «баланы бесікке салғанда ,әлдилеп,қазақша ән айтып,батырлар жырын жаттатып өсіру керек» дейді.Мәліктің шығармаларындағы философиялық ойлары,заманға,қоғамға, руханиятқа,тарихқа қатысты пікірлері күні бүгінге дейін өмір сүруде.Мәлік Ғабдуллин өмірінің соңғы күніне дейін Мұхтар Әуезов атындағы өнер иснтитутында фольклор бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. Мәлік 1973 жылы 2 қаңтарда кенеттен көз жұмды.Мәліктің өлімі халықтың көңілін құлазытты. Мәлік жүрек тоқтауының әсерінен қаза тапқан .Мәлік Ғабдуллинді соңғы сапарға шығарып салып тұрып,белгілі ақын Бүркіт Ысқақов:
«Аяулы,асыл қалпыңмен
Қазаға қалай қиярсың,
Осынша биік даңқыңмен,
Табытқа қалай сиярсың,
Қайран аға,қош енді,
Қоштаспасқа шара жоқ
Орның олқы бос енді
Толтырар оны шама жоқ» -деп өзінің қимастық сезімін білдірген.
Мәлік Ғабдуллин өмірін:соғысқа дейінгі,соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі деп үш бөлікке бөліп,осы жылдардағы ерен еңбектерін де бөлек-бөлек дастан етуге тұрарлық.Мәлік Ғабдуллиннің алдынан көптеген қиын сынақтар болса да,ұлтына деген сүйіспеншілігі өшпей,өсе берген.Қазіргі уақытта Мәлік Ғабдуллиннің Алматыда тұрған үйі мен қызмет атқарған институтында батырға арнап мемориалды тақта орнатылған.Өзі туып-өскен аудандағы мектеп пен көше аттары Мәлік Ғабдуллиннің есімімен аталады. Көкшетауда батырға арналып арнайы мұражай ашылаған.Нұр-Сұлтан, Алматы,Көкшетау қалаларындағы көшелерге есімі берілген.Сонымен қатар батырға арналып ескерткіш орнатылды.
Қорыта айтқанда:Мәлік Ғабдуллиннің қалдырған еңбектері,жасаған іс-әрекеттері болашақ ұрпақ үшін үлкен өнеге екені айқын.Сонымен қатар өзінің елін әрқашан биікке көтерудің нағыз үлгісін көрсеткен батырлардың бірі.Мәлік Ғабдулин Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғанда былай деген: “Батыры атағына ие болған мен емеспін,ол қазақ халқына берілген атақ.Неге десеңіз,менің аты-жөнімді біліп жатқан адам аз,ал қазақ деген халық барын білетіндер көп.Егер майданда біреу ерлік жасай қалса,онысы көпке тарай бастаса,жұрттың ел алдымен сұрап білгісі келетіні-сол жауынгердің ұлты кім екен?-деген болады”.Осы сөздерінен ақ елге деген патриоттық сезімнің шексіз екенін көрсетеді.Заман жастарына да тәрбие осындай батырлардың сөздерімен,әрекетімен жүзеге аспақ.Шынында ерлік ешқашан ұмытылмайды.Себебі:Мәлік секілді батырлардың бізге қалдырған мол мұрасы,мәңгі өмір сүрмек
Пайдаланылған әдебиеттер:
1)Тарихи тұлғалар.Танымдық-көпшілік басылым.Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған .Құрастырған:Тоғысбаев.Б,Сужиков А.
2)Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтама.
3) https://youtu.be/082h57_IRqQ
Достарыңызбен бөлісу: |