Ќўрметті ўстаздар



жүктеу 57,5 Kb.
Дата27.12.2019
өлшемі57,5 Kb.
#25095

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Тәттібековтің

Аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз мәслихатында сөйлеген сөзі
31 тамыз 2018 жыл
Ардақты ағайын!

Ең алдымен сіздерді – аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз мәслихатымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Баршаларыңызға жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алдағы жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

Білім – ешбір өлшеммен өлшенбейтін, тамыры терең, танымы мол ерекше ұғым. Ол күнделікті назарды талап етеді. Өйткені, баланың білімі мен тәрбиесі – тек ата-ананы ғана толғандыратын мәселе емес, тұтас ұлт пен ұлыстың ертеңі, болашақтың кепілі.

Аяулы ұстаздар мен білім саласының қызметкерлері!

Өздеріңізбен жыл сайын дәстүрлі Тамыз кеңесінде бас қосудағы мақсатымыз – аудандағы мен білім мәселесі турасында алқа құрып, ақыл қосу. Өткен жылдағы істелген жұмыстарды бағамдап, жаңа оқу жылындағы міндеттерді айқындау.

Міндет біреу – ол ұлылар мекені, Абай елі ұрпақтарының білімді, өнерлі, тәрбиелі болып өсуін қамтамасыз ету, сол жолда аянбай еңбек ету. Бұл төңіректе ауданның білім саласын, ұстаздар қауымына деген ел сенімін Сіздер жақсы білесіздер. Өз тараптарыңыздан бұл сенімді маңдай тері – еңбектеріңізбен ақтап та келесіздер.

Осы орайда, білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды түбегейлі өзгерту ең басты міндеттеріміздің бірі болып табылады.

Бұл тұрғыда Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру үшін біз білім беру жүйесін үздіксіз жетілдіруді, жастардың заман талабына сай бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізуді және білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етуіміз қажет.

Биылғы жылы Медеу орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге – 53,4 млн теңге, қалған барлық мектептерге ағымдағы жқндеу жұмыстарына 500 мың теңгеден қаражат бөлінді.

5,7,9 –сыныптарына оқулықтар алуға жергілікті бюджеттен 30,6 млн. теңге, «Бақанас» жазғы демалыс лагерін жөндеуге 1,5 млн. теңге берілді.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 30,8 млн. теңге, сүтпен қамтуға 8,1 млн. теңге қаржы бөлінді,

Білім сапасына келсек, өткен оқу жылында аудан оқушылары біршама жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, облыстық олимпиадада 16 бастауыш сынып оқушысы қатысып, 7-і жүлделі орындарға ие болды. Сол сияқты жоғарғы сынып оқушыларының облыстық пәндік олимпиадасында 21 оқушының 10-ы жүлдегер атанды. 1 оқушы республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.

Дарынды оқушыларымыз Республикалық Абай, Мұқағали оқуларына қатысып, жүлдегер атанып келді.

Абай мектеп-лицейінің базасында Семей қаласындағы Шәкәрім университетімен біріккен «Робот техникасы» классы ашылды. Бұл класс – жасөспірімердің ой-қиялын дамытуға, заманауи техникаларды игеруге үлкен мүмкіндік береді.

Баяндамада айтылғандай, көптеген шәкірттер білімі, өнерімен түрлі деңгейдегі жарыстарда биіктерден көрінді.

Сөзсіз, бұл жетістіктерге ұстаздар қауымының еселі еңбегінің арқасында жүзеге асып жатыр. Бұл да болса, ұлағатты ұстаздарымыздың жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі жүйелі еңбектерінің жемісі деп білеміз.

Дарынды оқушылармен жұмыс. Абай ауданында талантты шәкірттер өте көп. Бізге тек, тетігін тауып сол талант көзін аша білуіміз қажет.

Ауданымыздың қандай да бір жетістікке жеткені болса, ауламыздың көркейіп, еліміздің рухы оянған болса – аудан мұғалімдерінің ұйымшылдықпен қосқан үлесі мол деп есептейміз.

Осы орайда барлық мектеп басшыларына, ұстаздарға, Саз, Өнер мектебі ұжымдарына, «Абай» колледжіне, «Баян Баяғожина» және «Балдәурен» ясли-бақшаларының, Интернат ұжымдарына ауданды өркендетуге, көркейтуге деген ынта-жігерлеріңіз, ұйым-берекелеріңіз үшін үлкен рахмет айтамыз.

Ала жаздай демалыс кезінде бел жазбай еңбек етіп, аудан орталығын көркейтуге жұмылған Абай мектеп-лицейіне, Балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне алғыс білдіремін.

Істелген істің, жасалған жұмыстың барлығы да осы елде, ұрпақ игілігі үшін жасалып жатқанын ескерсек, бұл да болса, елдің еңбекқорлығының, жердің қасиеттілігінің, мектеп қызметкерлерінің ұйымшылдығының көрінісі.

Бұл жұмыстар барлық мектеп ұжымдарына үлгі боларлық жағдай деп есептейміз.

Ауданның білім саласын он саусағындай жазбай танитын, білім саласындағы кемшіліктерге жүрегі ауырып, жеткен жетістіктерге балаша қуанатын ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.



Қадірлі білім саласының ардагерлері!

Сіздердің арқаларыңызда талай шәкірттер білім ордасы - мектеп табалдырығын аттап, онда қызықты да, терең білім алып, тылсым дүниені таныды. Оқушыларға білім тұңғиығынан нәр алдырып, қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулып, табандылықпен еңбек етіп, биік мақсаттар қоюды үйреттіңіздер.

Ардагер ұстаздарымызға басымызды иіп рахмет айта отырып, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, ұрпақ қызығын тілейміз.

Қымбатты мәслихатқа қатысушылар!

Өздеріңізге белгілі, ауданның білім сапасын бағалайтын, мұғалімдердің білімі мен біліктілігін саралайтын бүгінгі уақыттағы тәсіл – Ұлттық Біріңғай Тестілеу.

Оқушылармен жекелеме жұмыс жасаған, озық іс-тәжірибесі арқылы талмай еңбек еткен мұғалімдер еңбегі еленуі қажет. Білімді шәкірттер тәрбиелеген білікті ұстаздардың беті жарық, абыройы биік болуы шарт.

Десе де, мәселеміз жоқ, көңіліміз тоқ дей алмаймыз. Оны осындай жиында айтуымыз керек. Сіздерді сынау үшін емес, ұл-қызымыздың білгені мен білмегеніне сын көзбен қарау үшін, оқушы мен оқытушыны емес, оқып отырған кітабымыз бен құралымызды, амалымыз бен әдісімізді түзеу үшін айтамыз.

Ежелден қазақ халқы ұлдың ұлықтылығына, қыздың қылықтылығына ерекше мән берген. Бүгінгі таңда аудан мектептерінде ұлдармен, қыздармен, олардың психологиясына сай жұмыстар өз мәнінде жүргізілмейді.

Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген екен. Сондықтан, барша білім саласы қызметкерлерін, Сіздерді бала тәрбиесіне баса назар аударуға шақырамын.

Ауданның спорт саласы бойынша. Өздеріңізге белгілі, кейінгі жылдары облыстық спартакиадада алдыңғы орындарға ие болып, аудан спортшылары көптеген аудандан-қалалардың алдына шықты. Мақсатымыз – осы жетістікті жоғалтпай, жаңа биіктерге қарай ұмтылу керек.

Ол үшін барлық дене тәрбиесі мұғалімдері өз істеріне адал қарап, спортты жан-тәнімен сүюі шарт. Оқушылардың психологиясын түсінуі қажет. Ауылдардағы спорт залдары бос болмауға тиісті.

Тек қана жекелеме спорт түрлері қазақ күресі, бокс, тоғызқұмалақ сияқты жалғыз сайысатын спорт түрлерін дамытып қана қоймай, ойын спортына (футбол, волейбол, баскетбол) назар аударуымыз қажет. Бұл спорт түрлері баланы ұжыммен бірге болуға, бірігіп жетістікке жетуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға деген талабын ұштайды.

Тамыз маслихаты – мұғалімдердің алқалы жиыны. Біз бүгін барлық істелген істерді саралай отырып, алдағы міндеттерді айқындап отырғанымыздың себебін білесіздер. Бұл мәслихатта өткен оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысына талдау жасалынып, алдағы мақсаттар айқындалатыны белгілі.


Өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарды саралай келе, келесі міндеттерді орындауға тиіспіз:

1. Білім бөлімі ұстаздардың біліктілігін арттыруды күшейту керек. Мұғалімдер біліктілігін арттыру курстарынан өтуі керек.

Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы Латын әліпбиіне көшу, сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасымен қол алынып жатқан «Үш тілділікті» дамыту бойынша қажеттілік. Ағылшын, орыс тілі мамандарының кәсібилігі басты назарда болады. Білім жетілдіріп келген мұғалімдер қандай нәтижеге жетті, осыған толық талдау жасалыну керек.

2. Аудан мектептерінде бақылау тестерді (промежуточный тест) көптеп ұйымдастыру керек. Мектеп түлектерінің алдағы сынаққа дайындағына мектеп мұғалімдеріне ата-аналардың атсалысуы қажет.

3. Аудан мектептерінде спорт пен денешынықтыру жандануы керек. Спорт залдары бос болмауы тиіс. Олар оқушыларға, жастарға қолжетімді болуы керек. Денешынықтыру мұғалімдерінің еңбегіне сараптама жасалатын болады.

4. Қысқы дайындық, мектептердің есік-терезелерінің қымталуы, жылу қазандықтарының дайындығы, отынның жеткізілуі басты назарда болуы тиіс.

5. Оқушыларды өнерге баулу, олардың бойындағы талапты, дарынды жан-жақты дамыту өзекті мәселе.

6. Мектепдегі тәрбие, тәртіп мәселесі басты назарды болуы керек.

7. Мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге байланысты жобалау-сметалық құжаттары дер кезінде дайындауымыз керек. Дайын жобалық-сметалық құжаттарды уақытында өткізіп, оны қорғау бағытындағы жұмыстарға табандылық қажет.

Қымбатты педагогтар!

Абай ауданы – руханият пен мәдениеттің қайнар бұлағы, ойшылдар мекені. Бұл елдің ұрпағы оқуда да, тәрбиеде де озат болуға тиіс. Оны жүзеге асыру – біздің міндетіміз.

Білім игеру – айтуға оңай болғанмен, жай шаруа емес. Оны Өздеріңізден артық ешкім білмейді. Сондықтан да жоғарыда айтылған мәселелердің төркіні Сіздерге жақсы таныс.

Ертеңгі күннің еншісі осы бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Ертеңгі күн үшін жауапкершілік біздің мойнымызда. Басқасын былай қойғанда осы күні ауданымызда тәлім-тәрбие алып жатқан 2,5 мыңнан астам ғана баланың басындағы орайы да, обалы да, тағдырының бермегі де, кермегі де Сіз бен бізге байланысты.

Ертеңгі күні бұл ұрпақ қандай болады?! Оның туған еліне, ана тіліне деген, дархан даласы мен өскен ауылына деген махаббаты қандай болады?!

Бұған жауапты сіз бен бізден басқа ешкім бере алмайды. Өйткені, осы ұрпаққа біз жауаптымыз. Осы ұрпақтың отансүйгіш, еңбекқор, тәрбиелі, озат болып өскені – бізге керек.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы болса, ұлылар мекені атанған Абай елінде мұғалімдік қызмет ету, тәлім-тәрбие беру – үлкен жауапкершілік.

Өскелең ұрпақты оқытуда және тәрбиелеуде сіздерге мықты денсаулық, құт-береке, бақыт және еңбекте жаңа жетістіктер тілеймін!



Мерекелеріңіз құтты болсын!


жүктеу 57,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау