2012-2014 жылдарға арналған 2012 жылғы 23 қазандағы нақтыланған азаматтық бюджет
Алматы қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлері бойынша ақпарат.
Құрметті Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтын пайдаланушылар!
Сіздердің назарларыңызға Алматы қаласының азаматтық бюджетін ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз. Сіздер жергілікті бюджеттің құрылуымен, қаланың бюджеттік қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттарымен, үш жылдық кезеңге арналған болжамдық параметрлермен таныса аласыздар.
2012 жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру 362,1 млрд. теңгені құрады. Ол өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 3,7 % -индекс.
Электр энергиясын, газды және әуені кондициялауды өндіру және таратудың үлес салмағы шамамен 16,7%-ды құрды, 60,6 млрд. теңге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 104,1%. Осыған сәйкес өңдеу өнеркәсібі – 79,7%, 288,5 млрд. теңге және 104,4%.
2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азық-түлік өнімдерін өндіру 78%-ға өсті, оның ішінде сүт өнімдері – 22,6%-ға, ет өнімдері – 2 есеге, өсімдік майы – 1,6 есеге өсті. Сусындар шығару 7,8%-ға өсті, олардың ішінде сыра 15,9%-ға. Кір жуғыш машиналарды және теледидарларды шығару 1,6 есеге өсті.
Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес субъектілері 1336,8 млрд. теңге шамасындағы сомаға өнімдер (жұмыстар, қызметтер) шығарды, ол өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артық.
Жұмыспен қамтылғандардың саны 3,4 %-ға өсе отырып, шамамен 355,7 мың адамды құрды.
Шағын және орта кәсіпкерліктің 84,0 мың белсенді субъектілері тіркелді, ол 2011 жылдың 1 қазанына қарағанда 4,8%-ға артық.
ОШК несиелеу өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,9%-ға өсті және 227,9 млрд. теңгені құрды.
Әкімшілік кедергілерді жою бойынша тетіктер жұмыс жасауда және өнімді сертификаттаудың халықаралық жүйесі енгізілуде.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 9,2%-ға өсті және 304,0 млрд. теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты – 82,8 млрд. теңге (106,8%), кәсіпорынның өз қаражаты – 148,7 млрд. теңге (119,3%), шет елдік – 2,0 млрд. теңге (30,8%), қарызға алынғаны – 70,5 млрд. теңге (109,9%).
Құрылыс жұмыстарының (қызметтердің) көлемі 145,9 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,6%-ға өсті.
Өсім бес көлік жол айрықтарының, метрополитеннің екінші кезегінің, тұрғын үй құрылысының белсенді құрылысы, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және сейсмикалық күшейту есебінен қамтамасыз етіледі.
Тұрғын үй құрылысы көлемінде тұрақты өсу үрдісін айта кету керек. Жыл басынан бастап 585,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, ол өткен жылдың тиісті кезеңінен 24,0 %-ға артық.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 7,6%-ға өсті және 907,2 млрд. теңгені құрды. Көтерме тауар айналымы 12,8%-ға көбейді және 3411,5 млрд. теңгені құрады.
Тұтыну бағасының индексі 2012 жылдың қыркүйегінде 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 104,6% деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі 102,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар – 101,9%-ды, ақылы қызметтер – 110,1% құрды.
Азық-түлік тауарлар тобы бойынша жылдың басынан бастап келесі тауарларға бағаның ең көп өсуі байқалады: өнімді жеткізушілердің босату бағасын көбейтулері салдарынан шошқа еті (114,2%), қой еті (109,2%), күріш (109,3%), шай (107,4%); маусымдық сипатына байланысты жеміс-жидектер (104,3%), минералды су және сусындар (104,6%); алкогольдік ішімдіктер (102,6%), темекі өнімдері акциздердің өсуі - (106,5%).
Ақылы қызметтер бойынша ыстық суға 27,7%-ға және көлік қызметтеріне 28,7%-ға бағалар көтерілді.
Ағымдағы жылы Алматы қаласының қолындағы нақты бюджеті 303,2 млрд. теңгені құрды, оның ішінде жергілікті бюджет кірісі – 183,1 млрд. теңге, республикалық бюджет трансферттері – 120,1 млрд. теңге.
ҮИИДМБ және Индустриализациялау картасы шеңберінде қалада жалпы сомасы 546,4 млрд. теңгеге 5000 шамасында жұмыс орындарын құра отырып, 29 индустриальдық-инновациялық жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2010 жылдан бастап 16 жоба іске асырылды.
Жаңа өндірістерді енгізу қала экономикасына 225 млрд. теңге қосымша инвестицияны тартуға мүмкіндік берді. Әрбір үшінші жоба технологиялық инновацияларды енгізудің жоғары деңгейіне ие. Ал, ең бастысы еңбек өнімділігі жоғары деңгейлі тұрақты жұмыс орындары құрылуда.
2012 жылдың аяғына дейін 17 млрд. теңге сомаға 3 индустриальдық-инновациялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:
1) «GEGA» (Global Ecoloqical Group Almaty) Азық-түлік логистикалық орталығын құру жобасы;
2) «Оргтехстром» ЖШС 1СС, 1АА, 1СС-TVL-M үлгісіндегі контейнерлерін және сұйық нәрсені тасымалдау үшін контейнерлер шығару жобасымен. Тоннельдік үлгідегі А класты, «МЕЗОНИН» үлгідегі мұрағаттық сөрелік жүйелерді әзірлеу және шығару;
3) «Қазшынықұрылысы» ЖШС шыныны өнеркәсіптік қайта өңдеу бойынша зауыт құрылысы жобасымен.
Қалған 9 жобаны 2013-2014 жылдары іске асыру жоспарлануда. Индустриализациялау картасын сапалы толықтыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігімен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қарауға жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгелік 4 жаңа жоба жіберілді:
«Алмафарматек» ЖШС – емдеу-алдын алу мекемелері үшін қолданыстағы залалсыздандыру құралдары өндірісін кешендік жаңғырту;
Алматы «Синтетикалық жуғыш заттар» зауыты өндірісін дамыту және жаңғырту;
«Медаспапоптика» ЖШС – көзәйнек линзалары өндірісі технологиялық желісін жаңғырту;
«Бирунифарм» ЖШС – капиллярлық диализаторлар өндірісін ұйымдастыру.
Бизнестің жол картасы 2020 шеңберінде Алматы қаласының Аймақтық үйлестіру кеңесімен 2012 жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша 79 жоба мақұлданды, олардың:
72 жобаның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға сомасы 38,8 млрд. теңге.
Субсидиялаудың жалпы сомасы 9,0 млрд. теңгені құрайды.
Инфрақұрылымды (индустриалдық) дамыту үшін 7 жобаға жалпы сомасы 1,2 млрд. теңге, кепілдеме бойынша 1 жобаға – 3,2, млн. теңге.
Құрылатын жұмыс орындарының саны -5579.
2012 жылы тұрғын үй көмегіне 219,9 млн. теңге бөлінді. 1 қарашада тұрғын үй көмегі 2924 алушыларға 43,0 млн. теңге сомасында төленді.
Жұмыспен қамту - 2020 Бағдарламасын іске асыруға Халықты жұмыспен қамту картасы, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасына қатысушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін инвестицияларды тарту бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленді, бұл қала үшін басым жобаларды іске асыруды жұмыспен қамту мәселелерімен байланыстыруға мүмкіндік туғызады.
Кіріс бөлігі
Алматы қаласының 2012-2014 жылдарға арналған жергілікті бюджетінің кіріс бөлігі орта кезеңге арналған макроэкономикалық және өңірлік көрсеткіштердің болжамдық параметрлері, жалақы төлеу қорының өсу динамикасы және өткен жылдардағы түсімдер, 2012 жылға арналған кірісті бағалау Қазақстан Республикасының салықтық және басқа да заңнамаларының соңғы өзгерістерінің негізінде белгіленді.
Бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі көздері еңбек ақы төлеу қорынан төленетін салықтар - жергілікті бюджеттің барлық түсімдерінің 70%-ы болатын әлеуметтік салық және жеке табыс салығы болып табылады.
2012 жылға жергілікті бюджеттің болжанып отырған кірісі 221,0 млрд. теңге сомасында, 2013 жылға 214,6 млрд. теңге сомасында, 2014 жылға 224,5 млрд. теңге сомасында белгіленген.
2012-2014 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері
млрд.теңге
Көрсеткіштердің атауы
|
2012
|
2013
|
2014
|
Түсімдер
|
221,0
|
214,6
|
224,5
|
Салық түсімдері
|
213,4
|
209 ,9
|
219 ,7
|
Салықтық емес түсімдер
|
1,8
|
0,9
|
0,9
|
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер
|
5,7
|
3 ,7
|
3,8
|
Бюджеттік несиелерді өтеу
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
2011 2012 2013 2014
Шығыс бөлігі
2012 жылға арналған Алматы қаласының нақтыланған бюджеті 354 178 млн. теңгені, бекітілген бюджеттен 52 372 млн. теңгеге (17 %) артық.
2 Диаграмма
млрд.теңге
Әлеуметтік топтама (әлеуметтік сала)
Әлеуметтік топтамаға арналған шығыстарға 4 функциональдық топтар кіреді:
Білім беру;
Денсаулық сақтау;
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек;
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.
3 Диаграмма
үлескерлік баламада, %
Жұмыспен қамту - 2020 Бағдарламасын іске асыруға Халықты жұмыспен қамту картасы, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасына қатысушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін инвестицияларды тарту бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленді, бұл қала үшін басым жобаларды іске асыруды жұмыспен қамту мәселелерімен байланыстыруға мүмкіндік туғызды.
Достарыңызбен бөлісу: |