«Ґрлеу» жобасы шеѕберінде шартты аќшалай кґмекті



жүктеу 25,5 Kb.
Дата07.02.2020
өлшемі25,5 Kb.
#28591


«Өрлеу» жобасы шеңберінде шартты ақшалай көмекті

енгізу бойынша Анықтама
Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыру және көрсетілетін көмектің атаулы сипатын күшейте отырып, көмекті оған шынымен зәру азаматтарға ғана беру туралы тапсырмасы бойынша Қазақстанда шарттылық қағидатына және әлеуметтік келісімшарт жасауға негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері кезең-кезеңмен енгізілуде.

2014 жылдан бастап жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімделу бағдарламаларына міндетті қатысу шартымен әлеуметтік келісімшарт жасаған адамдарға әлеуметтік көмек көрсетудің:



  • табысы аз отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін нәтижелі жұмысқа тартуға;

  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін тараптардың (алушылар мен әлеуметтік қызметтер) табысы аз азаматтардың қиын өмірлік жағдайдан шығуына жәрдемдесу жөніндегі өзара міндеттемелері көрсетілетін әлеуметтік келісімшарттар жүйесін енгізуге бағытталған жаңа үлгісі Өрлеу пилоттық жобасы іске асырылуда.

2016 жылдың қорытындысы бойынша шартты ақшалай көмек жалпы 1,4 млрд. теңге сомасында тағайындалып, 38,8 мың адам «Өрлеу» жобасына қатысты. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 8,7 мың адам немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабілетті қатысушыларының 90,5%-ы тартылды.

Пилоттық өңірлерде жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы табыстары 2 еседен артық артқаны, атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасында еңбекке қабілетті азаматтар үлесінің төмендегені, сонымен қатар табысы аз отбасылар санының төмендегені байқалуда.

2017 жылы пилоттық жобаның географиялық аумағын одан әрі кеңейту жоспарлануда. Осы мақсатта 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2017 жылға «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру үшін жалпы сомасы 7,1 млрд. теңге мөлшерінде шығындар көзделген, жобаға қатысушылар саны 168,8 мың адамды қамтиды. 2017 жылы «Өрлеу» жобасын елдің барлық аудандары мен қалаларына енгізу жоспарлануда.

Бұл шаралар әлеуметтік көмекті алушылардың әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыруға, жұмыс іздеу кезінде олардың дәлелділігін және өзін-өзі қамтамасыз етуді күшейтуге, елдің экономикасына және қоғамның өміріне қатысу деңгейлерін көтеруге мүмкіндік беретін болады. Соңында, бұл табысы аз азаматтардың өмір сүру сапасына қолайлы әсер етуі қажет.


____________________________________
жүктеу 25,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау