Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет52/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

Ү 
 
Өмірден  көп  нәрсені  көзімен  көріп,  бастан  кешіріп  келген 
талантты  адам  жазған  туындыны  оқығанда,  тіршіліктің  бұрын  өзің 
аңғармаған,  сезбеген  жаңа  қырларын  танып,  марқайғандай, 
кенелгендей  боласың.  Әсіресе  қазақтың  көшпелі  бұрынғы  тұрмыс-
әрекетін  жіті  білетін  С.Бегалиннің  әңгіме,  хикаяттарында  мал  баққан 
адамның  психологиясы,  аңшылардың  жан  дүниесі  сенімділікпен, 
реалистік  шыншылдықпен  бейнеленеді.  Бұл  жанрдағы  шығармаларға 
ұлттық  өміріміздің  енді  қайталанбайтын,  тарих  қойнауында  кеткен, 
суреткер қаламы тірілткен есте қалар, жанды картиналары бар. 
Қазір бір ауыздан балалар әдебиетінің үлгілі туындысы саналатын 
кезінде  одақтық  сыйлық  алған  әйгілі  “Сәтжан”  хикаятындағы  қазға 
түскен  ителгінің  қимыл-қозғалысы,  динамикасы,  өмір  мен  өлім  тай-
таласы  бір  оқыған  адамның  есінен  кетер  ме?!  “Көксегеннің 
көргендерінде”  Алтай  өңірінің  сұлу  табиғаты,  өзгеше,  дара  сипаты 
жақсы  берілген.  Қақпанмен  аң  аулау,  мылтық  ату,  мергендіктің  сан 
алуан сырларына қанық болу бар мұнда. 
Қазақ  прозасындағы  новелла,  оқыс,  қызық  оқиғалы  сәтті 
шығармаларды  атағанда,  С.Бегалиннің  “Мұстапа  қарттың  әңгімесі”, 
“Тайатқан  тауынан  табылыпты”,  “Алданған  жолбарыс”  хикаялары  бел 
ортада  тұрмақ.  Әсіресе  ертерек  уақыттарда  Балқаштың  аспан  зәулім 
қамысын  мекен  еткен  шұбар  ала,  аң  тәңірісі  жолбарыс  аулаудың 
тәсілдерін,  ер-азаматтың  тапқырлығын,  жүректілігін  бейнелейтін 
әңгімелерді кім болса да қызықпай оқи алмаса керек. 


 
234 
Халқымыздың  жылқы  жайын  білуі,  жүйрік  атқа  махаббаты 
“Сұрапылда”,  “Керкиік”,  “Колхоз  бәйгесі”  әңгімелерінде  әсерлі 
көрсетіледі. 
Қазақ  әдебиетінің  проза  жанрында  С.Бегалин  шығармалары  бір 
сала  іспетті.  Әсіресе  ол  балалар  әдебиетін  дамытуға  зор  үлес  қосып, 
“Бүгінгі  Ыбырай”,  “Қазақтың  Маршагы”  атануы  тегіннен-тегін  емес. 
Есімдері  әлемге  аян  Том  Сойер,  Гаврош,  Тимур  секілді  қызық мінезді, 
қайратты  балалардың  қатарына  С.Бегалин  өз  кейіпкерлері  Сәтжан, 
Көксеген,  Уәш,  Ердендерді  қосты.  Қазір  олар  орыс,  татар,  грузин, 
поляк,  корей,  бір  сөзбен,  жетпіс  жеті  жұрттың  балаларының  сырлас 
досына, ет жақын бауырына айналды. 
С.Бегалин  прозасының  объектісі  –  қақаған  аяз,  дүлей  боран, 
шыжыған ыстық, небір аптапта дала төсін жайлаған кесек тұрпатты, ірі 
мінезді  жылқышылар,  қойшылар,  аңшылар.  Бұлардың  дені  өмірдің 
өріне  шыққан  егделер  мен  саналы  тірлікке  енді  қадам  аттаған  жас 
өспірім, жеткіншектер – ауыл адамдары. 
Қаламгердің  жетпісті  еңсеріп,  сексенге  аяқ  басқанда  Октябрь 
революциясының  алғашқы  күндеріндегі  қазақ  аулындағы,  қаладағы 
әлеуметтік-психологиялық  өзгерістерді  көрсететін  документті,  деректі 
негізі  бар  “Замана  белестері”  атты  мемуарлық  роман  жазып  шығуын 
қаламгерлік  үлкен  қайрат  деп  білеміз.  Бұл  шығарманың  басты 
кейіпкерлері  белгілі  революционер  Мұхаметқали  Тәтімов,  қазақ 
әйелінен  шыққан  алғашқы  оқымысты,  көзі  ашық  жандардың  бірі  – 
Нәзипа Құлжанова, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов, тағы басқа аты, есімі 
мәшһүр  адамдар.  С.Бегалиннің  бұл  романын  типологиялық  тұрғыда 
Сәкен Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу”, Сәбит Мұқановтың “Өмір 
мектебі”,  Ғабиден  Мұстафиннің  “Көз  көрген”  сияқты  айтулы 
шығармаларымен заңды түрде қатар қоюға болады. 
Республикамыздың  атақты  композиторлары  Мұқан  Төлебаев, 
Евгений  Брусиловский,  Латиф  Хамиди,  Садық  Кәрімбаев,  Сыдық 
Мұхамеджанов,  Қапан  Мусин,  Еркеғали  Рахмадиев,  Сапарғали 
Бегалиннің елуге жуық өлеңдер текстіне ән жазған. 
Сапарғали  Бегалин  жиырмасыншы-қырқыншы  жылдарда  ел 
ішінде  кеңес,  сот,  газет  қызметтерінде  жүріп,  кейін  Жазушылар 
одағында,  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясында  істеген  кездерінде 
республиканың  кең  атырабын  көп  аралап,  ескі  көз,  кәрі  құлақ 
майталмандармен табақтас, дәмдес, сырлас болған. Осы сапарында ол 
естіп,  іріктеп,  екшеп  қағазға  түсірген  дүниелер  –  мол  қазына.  Халық 
ақындары  Иса,  Шашубай,  Төлеу,  Досекей,  Қуат  шығармаларын 
сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған – Сапарғали 
Бегалин.  Тәттімбет,  Әсіре,  Естай,  Майра,  Қажымұқан,  Қалыбек 
тұлғасын  кейінгі  ұрпаққа  танытуда  мол  еңбек  сіңірген  де  Сапарғали 


 
235 
Бегалин.  Кенесары  қозғалысы,  ұлт  ойындары  жөнінде  жинаған 
материалдары да қымбат. 
Дегенмен,  С.Бегалиннің  зерттеуші,  оқымысты-фольклорист 
ретіндегі  ең  жемісті,  ең  бағалы  туындысы  –  “Жамбылдың  ата  тегі, 
өмірі”  деген  іргелі  зерттеуі  деп  білеміз.  Жамбылдың  көзі  тірісінде 
өзінен,  онымен  өкшелес  қарттардың  аузынан  жазылып  аланған  бұл 
еңбекте ұлы ақынның өскен ортасы, ата бабасы, алған тағлымы, мінез-
құлық  ерекшеліктері  туралы  аса  қызық  деректер  бар.  Мұның  үстіне 
революциядан  бұрынғы  Жетісу  атырабының  ру-тайпа  шежіресі,  аңыз-
әңгімелері,  жүйрік  аты,  қыран  құсы,  сал-серісі,  ақын-жырауы, 
домбырашы-күйшісі жөніндегі фактілер де өте бағалы, дәл. С.Бегалин 
зерттеуінің  кейбір  үзінділері  там-тұмдап  жарық  көрген,  кейбіреулер 
кейде  сілтеме  беріп,  кейде  сілтеме  бермей  пайдаланып  та  жүр.  Осы 
маңызды әрі әдеби, әрі этнографиялық тарихи мәні зор жұмысты толық 
күйінді жариялау оқырманды қатты қуантар еді. 
Халқымыздың асыл перзенті Шоқан өмірі бүгінде көптеген көркем 
шығармаларға  арқау  болып  отыр.  Сәбит  Мұқановтың,  Сергей 
Марковтың,  Сәуірбек  Бақбергеновтың  ұлы  ғалым  өмірін  бейнелейтін 
роман, хикаяттары қатарында Сапарғали Бегалиннің “Шоқан асулары” 
дилогиясы  өзінің  деректі  негізінен,  ықшамдығымен,  тартымды 
оқиғаларымен  ерекшеленеді.  Бұл  кітап  –  тамаша  адамдар  өмірін 
фактілік  негізден  ауытқымай  дәл  бейнелейтін  қазақ  әдебиетіндегі 
алғашқы сәтті туындылардың бірі. 
 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау