Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет66/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

“Ежов па, Каганович пе?” 
 
–Бұрынғы  қазақтың  қол  бастаған  батыры,  сөз  ұстаған  биі  қан 
майдагда  мерт  болса  болған  шығар,  ал  абақты  түрме  деген  азапты 
орындары  патша  заманынан  кейін  басталған  құқайлар  ғой.  Әріректе. 
Сөйтсек,  бертінде  Мәди  темір  тордың  аржағында  торықса,  төңкеріске 
дейін Алаш басшылары Ахмет, Міржақыптар да ол жердің қара нанын 
жеп  көрген.  Сәкен  көрген  азаптар  белгілі.  Жезмұрт,  Сталинді  айтам, 
бас-аяғы  он  шақты  жылың  ішінде  қазақ  зиялыларын  торғайдай 
тоздырып жіберді.  Алдымен Алашордаға Ленин берге кешірімді естен 
шығарып,  баспа,  оқу  орындарында,  мәдениет  мекемелерінде  халық 
үшін  шын  беріліп  еңбек  етіп,  оқулықтар  жазып,  көркем  шығарма 
тудырып  жүрген  зор  білімді,  айрықша  талантты  қайраткерлерді 
көгенмен  тізгендей  етіп,  жиырмасыншы  жылдарың  аяғында  түрмеге 
тықты,  олар  Солтүстік  мұзды  мұхит  маңында  азапқа  түсті,  Ақтеңіз  – 
Балтық  каналын  қазу  жұмыстарында  мерт  болды.  Сол  алғашқы 
қамаудан  Жүсіпбек,  міржақып  қайтпай  қалды.  Тірі  келген  Ахмет, 
Мағжан, Халел бірер жылдан соң отыз жетінің қақпанына қайта түсті. 
Әлихан,  Әлімхан  түгел  кетті.  Бұлардың  ескі  қоңырауы  бар  – 
ұлтшылдық  қозғалыс  көсемдері,  Совет  өкіметін  қолдамаған  деген 
желеу ұмытылмайды. 
Ал  енді  қып-қызыл  коммунист  Сәкеннің  жау,  шпион  екендігіне 
сеніп  көр.  Күні  кеше  қасында  болған  бірге  жүріп,  тұрған  Бейімбеттің 
дұшпандығына қандай дәлел бар? Ашынып, күйіп кеткен соң “Бейімбет 
жау болса, мен де жаумын” демей не дейсің? 
Ол сөз әлі мойынға бұғалық қынадай қыра бастаған шақта, ондай 
әрекетке бармақ түгіл қараған басыңды қалай аман алып қалу мұң боп 
кетеді.  Қадап  айтайын:  Мүсірепов  біреудің  обалына  қалды  дегенді 
естідің бе? Естіген жоқсың. Қанша архив ақтарсаң да еш жерден мені 
күйдірердей  бір  жапырақ  қағаз  таппайсың.  Әуелі  қызметтен  кетірді, 
одан кейін партиядан шығарды. Енді ұстап әкететін шығар деп, жылы 
киім, жол-жабдық, азық дайындатып қойдым. Үй-ішімен, ағайын-туыс, 
дос-жармен қоштасқандай райдамын. Ананы әкетіпті, мынаны әкетіпті, 
деген  хабар  дүңк-дүңк  етеді.  Ең жаман  нәрсе  –  үрей.  Одан  да  жаман 
нәрсе  –  тосу.  Есік  тырс  ете  түссе  –  саған  келе  жатқан  әзірейілдей 
көрінеді.  Ішіп-жеуден  қаласың,  ойын-күлкі  жоқ,  ұйқы  болмайды. 
Қараптан  қарап  отырып  берекең  кетеді,  дүниенің  қиюы  қашады, 
жынданып  кете  жаздайсың.  Уақыт  өтпейді,  күн  батпай  қояды,  түнде 
кірпігің ілінбейді. Белгісіздік зілбатпан  болып  салбырап, үстіңнен  баса 


 
260 
береді,  баса  береді.  Қашанғы  шаншыласың,  күндердің  бір  күнінда 
далаға  шығасың.  Көшден  көше  аралап,  сенделіп  жүру  басталады. 
Қарсы  кездесіп  қалған  адамды  танымайсың,  біреулер  сәлем  береді, 
оны  елемейсің.  Артыңнан  атыңды  айтып.,  айқайлап,  бірдеңелерді 
сұрай  ма,    күле  ме,  шақыра  ма  –  оны  бәрібір,  естімейсің  де, 
тоқтамайсың.  Көбінесе  ой  дейтін  ой  да  жоқ,  көп  елес,  сағым  ішінде 
жүресің.  Ұсталып  кеткендермен  сөйлесесің  бе,  солардың  шыңғырған 
дауысы құлағыңа келе ме, өзіңді желкелеп әкетіп бара жата ма… Сол 
көп  жүріс,  сенделіс,  ақыры  келіп  есіңді  жиғызады.  Бірте-бірте  жүйелі 
ойлар  туғандай  болады.  Күні  бойы  сенделіп,  ақыры  әбден  шаршап 
оралсам,  біздің  үйдің  қақпасына  ілінген  екі  болашақ  депутаттың 
суреттері жартылай жыртылып салбырап тұр екен. Ежов па, Каганович 
пе,  ұмыттым.  Жүрегім  зу  ете  қалды.  Халықтың  екі  қалаулысының 
суретін  жыртқан    –  Мүсірепов.  Оның  жаулығын  осы  әрекеті-ақ  
дәлелдейді.  Ату  жазасына  бұйрылсын!.  Біреу  осылай  деп  айқайлап 
тұрған  секілді.  Жан-жағыма  қаардым,  ешкім  жоқ.  Расында  да  менен 
көрсе  қайтем?  Жыртпағанымды  қалай  дәлелдеймін.  Аулада  Николай 
деген тентек бала бар еді, соны тауып алдым да, суретті көрсетіп: 
–Сен бе жыртқан? – дедім. 
–Жоқ! 
–Ақша берсем, табасың ба жыртқан кісіні? 
–Табам. 
–Жоқ, таппай-ақ қой. Мә ақша. Енді жыртқызба. 
–Бұл көп ақша ғой. 
–Көп болса да ал. Тек жыртқызба. 
–Құп  болады,  командир.  Сайлау  өткенше  суреттер  күзетіледі,  – 
деп  Николай  аөшаны  жып  еткізіп  қалтасына  салып  алды.  Ол  алдаған 
жоқ, екі болашақ депутаттар суреттерін күнде жаңалап, желімдеп, іліп 
тұрды. 
Мен болсам, бірте-бірте үрейден, белгісіздіктен құтыла бастадым, 
оның артынан соғыс басталып кетті. 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау