258
Қанша оңашаланғанмен, ешкіммен араласпаймын дегенмен,
жазушылар ортасы, ағайын-туыс, жекжат-қайынжұрт, сапар – еріксіз
адамдармен қатынасқа түсіреді. Әсіресе, Абай атаң айтқандай,
қазақтың өзге жұрттан тілі ұзын. Дастарқан басында ет жеп, шай ішіп,
оп-оңай тұрып кету жоқ, бір күндік жұмысқа бергісізз ұзақ отырыс
басталады. Уақ-түйек, өсек-аяң айтылады, әр түрлі сыбыз сөз болады,
кісі сыртынан әңгіме қозғалады. Біреу мақталады, біреуу датталады.
Біреуді мүсіркейсің. Біреуді жек көресің.Ылңи аңдығае көз. Ылғи
елеңдеген құлақ. Ертеңіне айтқаның түгіл айтпағаның қалаға, далаға
тарайды. Кейде ет қызуымен, шыдай алмай, кейде әділет үшін күйіп
кетіп, шындықты айтып тастайтын кездер болады. Әйтпесе жала,
ғайбатпен күйіп кеткнедер туралы бірдеңе айттың дегенше, құрыдым
дей бер. Өсек-аяң болып тараған сөздердің құйрығын ұстау оңа йемес
шығар, ал енді арнаулы мекемелер жасырын қызмет ететін сол үшін
ақы-пұл, атақ-абырой, шен-шекпен алатын, қасыңда жүретін, сенімен
үнемі араласу мүмкіндігі бар дәндемдерден аяқты қалай тартасың?
Жасырын, жымысқы қызметте бар-жоғын ол соған сездіре ме? Бұл өзі
жақыннан жау іздеткен, өзіңе-өзің сенбеген күйге түсіретін ыбылыс
зындан.
Қанша тырбанғанмен ол шұңқырдан шығу мүмкін емес. Еріксіз
біреулермен араласасың. Еріксіз қонаққа барасың, барғаннан соң, өзің
де шақырасың. Қалай аузын бұған өгіздей болы үндемей отырасың?
Мен шашымды алдыратын, кейде моншаға бірге баратын Исаак
Абрамович дейтін
жебірей бар еді, соған бір жолы қалжыңдап Қонақта
сөйлеме отырудың әдісі бар ма дедім. Бармау керек деді. Бұл
жарамайтын әдіс. Тамақты тез ішіп, кетіп қалу керек деді. Бұл да
жарамайтын әдіс. Ақыры тапты, жебірей емес пе? Карта ойнап үйрену
керек болды. Ұзақ ойналатын переферанс деген бұрығы
ақсүйектердің, қолы бос мырзалардың ойыны бар екен. Әлгі жебірей
сол ойынды маған үйретсін. Бұрын қолыма
карта ұстап көрмеген басым
әңкі-тәңкі. Ақыры үйрендім. Қонаққа барсақ, карта суыра бастаймыз.
Басқа сөз жоқ, ала қағаз, қарындаш, бес-он тиын ақша.
Вист, пас, мизер деп шұлғимыз да отырамыз. Сөз, өсек, әңгіме,
дау-дамай – бәрі адыра қалады. Вист-пас, мизер. Өзім іштей менің
соңыма салынған жансыз сенсің-ау деп қауіптенетін біреу бар еді,
құдай ұрғанда,әлгі де преферансты үйреніп алып, төртінші қол ретінде
домаланып отыра қалатын болды. Мұхтар болса ежелден ұстаздықпен,
жазушылықпен қатар шұғылғанған кісі, оның үстіне әйелі орыс, көп
қазақы қатынасқа түсе қойғанжоқ, университетте лекциясы,
академияда ғылымы бар – қолы да тимейді. Сәбит күндіз-түні
бұрқыратып жазатын тынымсыз жазушы; мен болса, ұзақ жылдар
өкімет қызметін істемей, үйде отырдым, және шабыт, күй, жағдай
келмесе, күнде жазуға жоқпын. Аңшылық, биллиард дегенмен әуес