Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет39/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

ІҮ 
 
Кезінде Сәбит Мұқанов, “Қазақ әдебиетінде драматургия жанры – 
тек Мұхтар Әуезов қана ашқан жаңалық” деп еді. Шынында да, Әуезов 
– ұлттық драматургияның атасы. 
Тоғыз жасынан бастап қалада өсіп, орыс, татар, театрларын көру, 
Европа  әдебиетімен  жете  танысу  оны  реалистік  драматургияға  алып 
келді.  Эпостағы,  аңыздағы  тұтас  сюжеттерді,  халықтық  бейне 


 
216 
нұсқаларын,  ел  тұрмысындағы  ойын-сауық  өткізу  рәсімдерін  Мұхтар 
Әуезов 
ұлттық 
драматургия 
жасауда 
зор 
шеберлікпен, 
реформаторлықпен  пайдалана  білді.  Шекспир,  Гоголь,  Погодин 
шығармаларын  аудару,  үйрену,  өсудің  шынайы  мектебі  еді.  Театрда 
қызмет істей жүріп, Мұхтар Әуезов қазақ актерларының тұтас буынын 
тәрбиеледі,  білім  берді.  Әуезов  қаламынан  туған  драмалық 
шығармаларды  бірнеше  тақырыптық  арналарға  саралап  қарауға, 
зерттеуге  болады,  олар:  аңызды,  эпосты  арқау  еткен  туындылар, 
күнделікті  өмірдің  әр  кезін  бейнелейтін  туындылар,  либреттолар, 
сценарийлер.  Қаламдас  достары  Леонид  Соболевпен,  Сәбит 
Мұқановпен,  Ғабит  Мүсіреповпен,  Әбділда  Тәжібаевпен,  Әлжаппар 
Әбішевпен  шығармашылық  ынтымақта  жазған  бірқыдыру  пьесасы 
және бар. 
Әуезов  драматургиясы  -  әлеуметтік  тартыстар,  кесек  мінездер, 
үлкен идеялар драматургиясы. Мұнда қазақ халқының қилы-қилы өмір 
кезеңдері  жанды  бейнелер  арқылы  сыр  шертеді,  ұрпақтар  шеруі  көз 
алдыңа келеді. 
 
* * * 
 
Әйгілі эпопеяның бірінші кітабы шыққанда Мұхтар Әуезов қырық 
бесте,  ал  тұңғыш  әңгімесі  жарияланғанда  жиырма  төртте.  Осы  екі 
ортадағы  жиырма  жылда  суреткер  негізінен  пьеса,  әңгіме,  хикаят 
жазды.  Алғашқы  әңгімесі  “Қорғансыздың  күнінде”  маңызды,  күрделі 
әлеуметтік  құбылыс  бейнеленген.  Бұл  шығарманың  жазылу  әдісінде, 
сюжет  құру  мәнерінде,  композиялық  құрылымында,  сөз  жоқ,  әлемдік 
реалистік  әдебиеттің,  ең  алдымен,  Европа  прозасының  дәстүрі 
барлығы  айқын  көрінеді.  “Бейшара  Лизадан”,  “Қылмыс  пен  жазаға” 
дейін  созылып  келген  гуманистік  идея,  адам  өлімін,  трагедияны 
көрсете  отырып,  үлкен  сырлар  шерту  сарынын  жас  қаламгер  жақсы 
меңгерген.  Пейзажды,  диалогты,  монологты  адам  психологиясын 
ашудың  ұтымды  тәсілі  ретінде  пайдалану  -  Әуезовтің  жазушылық 
ерекшеліктерінің  бірі.  Алғашқы  әңгімедегі  әуендер  кейін,  көптеген 
туындыларында  қайта  өрбіп,  дамып,  өрлеп  отырады.  Жазушылық 
сапардың  бастапқы  кезеңіндегі  туындылардың  ортақ  сипаты  – 
олардағы  трагизм,  әлеуметтік  қақтығыстар,  адамның  ішкі  әлеміндегі 
қайшылықтар – осының баршасында келісім, бірлікті қойып, ат кекілін 
кесіп кету, морт сыну, өліммен тыну бар. Мұхтар Әуезов қазақ аулын 
революцияға  алып  келген  әлеуметтік  құбылыстарды,  антагонистік 
қайшылықтарды  сұсты,  келбетті  реалистік,  трагедиялық  шығармалар 
арқылы шынайы бейнеледі. 
Жиырмасыншы-отызыншы  жылдардағы  Әуезов  ізденістерінің 
қорытындысы  –  “Қилы  заман”,  “Қараш-Қараш  оқиғасы”  хикаяттары. 


 
217 
Алғашқысында  отаршылық  кесапатына  қарсы  ызалы  жүректің  ашуы, 
екіншісінде  қорлық-зомбылыққа  қарсы  бас  көтерген  шамырқанған 
намыс, кекті қарсылық бар. Бұрынғы жапа шеккендердің баршасының 
кегін  қайырушы  Бақтығұл  секілді.  Күллі  кектілер  оның  қолына  ажал 
мылтығын берген секілді. 
 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау