Қадағалау объектісі – қадағаланатын адам, үдеріс, құбылыс, зат немесе т.б. Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау –сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге жəне оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді
орындауға мүмкіндік туғызады.
«Қара жəшік» - ғылым мен техника саласынан алынған метафора, онда
«қара жəшік» оның ішкі құрылымы туралы ештеңе білместен, яғни оның қалай қолданылатыны айқын емес (қара), тек қана енгізу, шығару, беру сипаттамалары тұрғысынан қарастыруға болатын құрылғы, жүйе не объект ретінде қарастырылады. Кез келген затты (құбылысты) «қара жəшік» деп атауға болады: транзистор, алгоритм немесе адам санасы. Ал педагогика ғылымында «қара жəшік ішіндегі жұмыс» деген метафора сыныпқа қатысты қолданылып, білім беру мекемесінің құрылымымен шектелген жағдайды меңзейді.
Қорытынды - бір нəрсенің негізінде жасалған қорытынды немесе бір нəрседен туындаған салдар болып табылатын пайымдау, ой-пікір, тұжырым.
Лейбл- тапсырманы орындау деңгейінің сипаттамасы. Қазақстан Республикасында лейбл ретінде 1-ден (немесе 0-ден) 5-ке дейінгі бағалар ұсынылады. Дегенмен лейбл ретінде «үздік», «озық», «жеткілікті»,
«толықтырылмаған», «толықтыруды қажет етеді» деген сипаттамалар да қолданылуы мүмкін.
Модерация – шынайылық пен əділдік үшін бағалауды стандарттау мақсатында бір пəннен беретін мұғалімдердің бір сынып оқушыларының қорытынды жұмысын талқылау процесі. Модерация білім беру процесінің нəтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты жəне əлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мəселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.
Оқушылардың жетістіктері туралы есеп – оқушы бойында қандай біліктің қалыптасқандығын, сондай-ақ алған білім-біліктілігін іс жүзінде қалай қолданатындығын көрсететін, белгілі бір кезеңдегі ақпарат.
Достарыңызбен бөлісу: |