Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
Дата10.11.2018
өлшемі1,13 Mb.
#18932


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

 

 

 

 

ОҚЫТУШЫМЕН СТУДЕНТТІҢ 

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: Түркі тілдеріндегі көптік, септік, тәуелдік, 

жіктік категорияларының дамуы 

 

 

 

Орындаған: Шалабаева М.Т 

                                                                        Тексерген: Мұратбек Б.Қ 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе 2012 жыл 


Түркі тілдеріндегі көптік, септік, тәуелдік, жіктік категорияларының 

дамуы 

Көптік жалғаулары 

    Түркі  тілдерінің  кӛне  дәуірлеріне  қатысты  мұралар  тілінде  де  жекелік 

мәнді  білдіретін  арнайы  аффикстер  болмағаны  мәлім.  Кӛптік  мән  арнайы 

жалғаулар  немесе  сӛздің  лексикалық  мағынасы  және  сӛз  тіркестері  арқылы 

да берілген. 

      Кейбір  жеке  сӛздердің  лексикалық  мағынасының  ӛзінде  кӛптік  ұғым 

жатады.  Мысалы,  йылқы  (жылқы),  барым  (мүлік,  дүние)  тәрізді  сӛздер 

қолдануына  қарай  жекелік  те  кӛптік  те  ұғым  берген.  Сонымен  бірге  кӛптік 

ұғым сан есім мен зат есімнің тіркесі, қос сӛздер арқылы да жасалған.  

    Кӛптік  мағынаны  тудырудың  негізгі  жолы-кӛптік  жалғаулары.  Орхон-

Енисей жазбаларының тілінде кӛптік жалғауларының екі түрі кездеседі: -лар, 

-т,  -лар  жалғауы  кӛптік  мағына  тудырудың  негізгі  тәсілі,  сондықтан 

ескерткіштер  тілінде  бұл  жалғау  бастан  аяқ  қолданылады.  Мысалы,  беглер, 

(бектер), кунчуйлер (әйелдер, ханымдар) т.б.кеәнгә дәуір жазбаларында  да -

лар  кӛптік  мән  берудің  басты  тәсілі  есебінде  қолданылған:  Білге  кетік 

кішілер менім сөзүм ешідіңлер.  

   А.М.Шербак  –лар  аффиксінің  X-XIII  ғасыр  жазбаларында  былайша 

қолданылғанын  кӛрсетеді:  -лар  жалғауы  изафеттің  бірінші  сыңарына  ғана 

жалғанып  келеді:  Тағлар  сувы  (МҚ).  Кейде  -лар  изафеттің  екі  сыңарына 

бірдей жалғанып келеді: көб кушлар авлағулары. Кейде -лар изафеттік соңғы 

басыңқы сыңарына ғана жалғанады: ашур улу йазлқлы турмен менің йаман 



ішлерімден,  йаман  сағынчымдан.  (Менің  жаман істерімнен,  сезімімнен  аса 

жазықты болып тұрмын).  

    Қысқасы-лар аффиксі ӛзінің мәні мен қолданылуы тұрғысынан кӛне түркі 

тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған.  



    -т  қосымшасы  Орхон-енисей  жазбаларында  атақ-дәрежені  білдіретін 

азын-аулақ сӛздердің ғана құрамында кездседі: тарқан-тарқат, шад-апыт, 



тігін-тігіт т.б.  Зерттеушілер бұл қосымшаны монғол тілінен ауысқан деп 

есептейді. Бұл қосымша Орхон-енисей жазбаларынан кейінгі дәуірден қалған 

ескерткіштердің  ешқайсысында  да  кӛптік  мән  туғызудың  ӛнімді  тәсілі 

ретінде ұшыраспайды.  

     Қазіргі  түркі  тілдерінің  ішінде  бұл  қосымша  якут  тілінде  айтылады. 

А.Н.Кононов  якут  тілінде  –лар  кӛптік  жалғауы  есімдерге,    арқылы 

жалғанатындығын  айтады:  уол-аттар.  Мұнда  ерекше  жалғаныс,  әрине  –т 

қосымшасының ӛзінен бұрынғы мәнінен ажырап қалуы салдары. 

 



Тәуелдік жалғаулары 

Тәуелдік  жалғаулары  кӛне  мұралар  тілінде  мына  тӛмендегідей  болып 

отырады: 

Жекеше: I ж. –м (-ым, -им, -ум, -үм ); будуным (халқым), қаң-ым (әкем), қут-

ым (құтым, бақытым). II ж. –ң, (-ың, -уң, -аң, -әң): қут-ың (сенің бақытың). III 

ж. –ы, -сы. (-ы, -и, -сы, -си), (зы, зи); уйасы (оның ұясы, ұрпағы.) 

Көптік:  I  ж.  –мыз  (-міз,  -муз,  -мүз,  -ымыз,  -имиз,  -умуз,  -амыз,  -әмәз); 

Ханымыз, ечимиз, қазғанымыз. 

II  ж.  (-ңыз,  ңиз,  -ыңыз,  -иңиз)  –унуз,  -үңүз:  адашыңыз  (сіздің 

жолдастарыңыз), қағаның (сендердің хандарың). 

III ж. –ы, -сы, -си, -зы, -зи, -сылар, -силар; 

Жазбалар  тілінде  тәуелдікте  тұрған  сӛз  жіктеу  есімдіктерімен  тіркесіп  те, 

жеке де айтыла береді. Яғни қазіргі қазақ тіліндегідей, бірде  менің кітабым 

түрінде, бірде кітабым түрінде айтылады .  

     Тәуелдіктің  III  жағындағы  сӛз  ӛзінің  алдындағы  сӛздің  ілік  септікте 

тұруын  бірде  керек  етсе,  бірде  керек  етпейді.  Бұл  жағынан  да  қазіргі  қазақ 

тілінің    заңдылықтарымен  астасып  жатады  (кілттің  бауы,  мемлекет 

қаржысы).  

     Түркологияда  тәуелдік  жалғауларының  арғы  негізі-жіктеу  есімдіктері 

деген  пікір  кӛп  тараған.  Түркі  тілдерінің  жалпы  алтай  тілдерінің  тарихын 

зерттеушілер  ӛте  кӛне  дәуірде  екпін  түскен  буыннан  кейін  айтвлған  жіктеу 

есімдіктерінің бара-бара ӛзінен бұрын тұрған, негізгі логикалық екпін түскен 

сӛздің  энклитикасына  айналған  дейтін  пікірді  бекерге  шығармайды.  Осы 

постпозициялық  қолданыстың  срңғы  нәтижесінің  бірі-тәуелдің  жалғаулары 

болса керек.  

 

Жіктік жалғаулары 

      Генезисі  жағынан  тәуелдік  жалғаулар  мен  ұялас  келетін  қосымшалар  – 

жіктік  немесе  баяндауыштық  жалғаулар.  Қазіргі  түркі  тілдеріндегі  сияқты, 

қазақ  тілінде  жіктік  жалғаулары  баяндауыш  қызметіндегі  сӛздердің 

грамматикалық  кӛрсеткіші  ретінде  жұмсалатыны  мәлім.  Алайда,  сол 

жалғаулардың  пайда  болып,  осы  күнгі  тұлғасына  келуі  түркі  тілдерінің 

дамуында  жиі  кездесетін  –  дербес  сӛздің  қолданылуы  барысында 

энклитикаға айналу процесінің бір кӛрінісі іспетті.  

        Түркологияда тәуелдік жалғаулары сияқты жіктік жалғаулары да жіктеу 

есімдіктерінен  тараған  дейтін  кӛзқарас  талас  туғызбайды.  Алайда,  жіктік 

жалғаулардың қазіргі типі, белгілі мұралар тіліндегі түрі бұларды да тарихи 

тұрғыдан  тәуелдік  жалғаулармен  тұлғалас  деп  қаоауға  мүмкіндік  бермейді. 

Ежелгі  ескерткіштерден  бірер  мысал  келтірейік...  алты  чуб  Соғдақ  тапа 




сүледіміз,  сүңүсдіміз,  бұздумыз.  Табғаш  оң  тұтуқ  біс  түмен  сү  келті 

сүңүсдіміз. (Алты чуб Соғалаққа дейін шабуылдадық, қираттық. Табғачтың 5 

мың  әскері  келді,  соғыстық)  (К.Т).  Мен  барырман,  мен  бармасман.  (Мен 

барамын, мен бармаймын) (М.Қ). Сенің йазықыңның алдында мен турурмен. 

(Сенің күнәңнің алдында мен тұрмын) (КК).  

          В.Котвич  жіктік  жалғауларын  «байырғы  етістік  суффикстері»  деп 

атайды  да,  олардың  жіктеу  есімдіктерінің  постпозициялық  тұлғасына  (атау 

тұлғасы)  жақындығын,  ӛзара  ұқсас  ыңғайлас  жақтарының  кӛп  екендігін 

айтады. Оның айтуынша, мұны монғол тілдерінің фактілері де дәлелдейді.  

       Жіктік  жалғауларының  есімше  мен  кӛсемшелерге  –мақ  тұлғалы 

етістіктерге,  қосылып  қолданылып  түрлері  бар  да  (барамын,  барған-мын, 



барған-быз) шартты рай мен ӛткен шақ формаларына қосылатын түрлері бар 

екені белгілі.  

       Бірсыпыра  етістіктердің  I  –ж.  Кӛпше  түрінде  (шартты  рай,  ӛткен  шақ) 

кездесетін –қ, -ық, аффиксі тәуелділіктің осы түріне тіпті де ұқсамайтындығы 

белгілі.    I  –жақ  жекеше  кӛрсеткіші  –м,  (барса  –м),ал  кӛптік  кӛрсеткіш  –қ 

болып келеді. Егер алғашқысын (–м) тәуелдік деп қарасақ (оның кӛпше түрі 



мыз,  -ыз  кӛптік  жалғау),  -қ  тәуелдік  кӛрсеткіші  емес,  кӛптік  кӛрсеткіші деп 

қарамасқа лаж жоқ.   



 

Септік жалғаулары 

       Түркі  тілдерінің  V-VIII  ғасыр  ескерткіштері  тіліндегі  септік  жалғаулары 

кейінгі  XI-XV  ғасырлар  ескерткіштері  тіліндегі  сондай  категориямен 

грамматикалық қызметтерінің жіктелуі жағынан да, қолданылуы тұрғысынан 

да ӛзара тең еместігі байқалады. V-VIII ғасырдағы кӛне түркі тіліндегі кейбір 

септік жалғауларының әлі толық қалыптасқан тұлғасы жоқ. Кейбір жалғаулар 

екі  не  үш  түрлі  грамматикалық  мәнде  қолданылған.    Онда  сонымен  қатар 

септік  жалғауларының  шылаулар  жетегінде  айтылуы  да  аса  сирек 

ұшырасады.  Ал,  кейінгі  дәуір  жазбалары  тілінде  осы  күнгі  септік 

жалғауларының барлығының дерлік семантикалық та, морфологиялық та ізін 

кездестіре аламыз.  

      Тіл  тарихында  жоғарыдағы  құбылысқа  қарама-қарсы  екі  не  үш  септік 

жалғауы семантикасының бір ғана жалғауға шоғырлану фактісі де кездеседі.  

       Септік  жалғауларының  морфологиялық  және  семантикалық  дамуы  екі 

түрлі  грамматикалық  категориямен  ӛте  тығыз  байланыста  болады.  Олар: 

тілдегі  жалғаулардың  пайда  болып,  молаюы  және  етістіктердің  меңгеру 

қабілетінің ӛзгеріп, кеңеюі.   V-VIII  ғасыр  ескерткіштері  тілінде  шылаулар 

ӛте  аз.  Сондықтан  септік  жалғауларының  шылаулар  жетегінде  қолданылуы 

аса  сирек  ұшырайды.  Ал,  кейінгі  дәуірде  шылаулардың  сан  жағынан 



молаюымен  бірге,  септік  жалғауларының  да  семантикалық  саралануы 

күшейеді.  



      Атау септік. Қазіргі түркі тілдерінің қайсысында да атау септікті сӛздің 

түбір,  негіз  қалпынан  бӛлектейтіндей  арнаулы  аффикс  жоқ  және  тарихта 

белгілі ескерткіштер тілдерінде де мұндай тұлға кездеспейді.  

      Атау  септік  тұлғасы  ӛзінің  тура  мағынасында  қолданылған:  Аганияз  ер 



агыр  бедісміз.  (М).  Аганияз  қою  (әдемі)  оюлады.  Ілік  сен  барғыл  (МҚ) 

(Алдымен  сен  бар)  Атау  септіктің  бұл  қызметі  қазіргі  қазақ  тіліне  әсте  жат 

еместігі  айқын.    Зат  есімдер  де  ,  есімдіктер  де  атау  тұлғасында  жұмсалып, 

сӛйлем бастауыш қызметінде келген.  

        Ілік  септік  қызметінде  жұмсалуы:  Білге  Тонықұқ  бен  өзүм  табғач  іліңе 

қылынтым. (Т). (Данышпан Тонықұқ мен ӛзім табғачтың еліне қол арттым). 

         Табыс септік орнына жұмсалуы: ічін, ташын, таш тоқытдым (КТ) (Іші 

тысын айрықша ӛрнектеттім, тасты қойғызздым). 

         Жатыс  септік  орнында  қолданылуы:  Өтүкен  иір  олурып  арқыш-тіркіш 



ысар,  нең  бунуғ  йоқ.  (КТ).  (Ӛткен  жерінде  отырып,  керуен  жіберсең,  еш 

мұңың жоқ). 

          Барыс  септік  орнына  қолданылуы:«  Бабурнама»  тілінде  атау  тұлғаның 

барыс септік орнына қолданылуы кездеседі. 

           Ілік  септік.  Ілік  септік  тұлғасының  кӛне  жазбалар  тілінде  мына 

сияқты фонетикалық варианттары бар: -ың, -ің, -уң, -үң, -ның, -нің, -нуң, -наң, 



-нәң.  Зерттеушілердің  бірсыпырасы  –ың,  және  –ның  яғни  аффикстің  ең 

басында –н дыбысының бар не жоғына қарай, ілік септік қосымшасының екі 

түрлі таралуын болжайды.  

      Ілік септік кӛне ескерткіштер тілінде кейде ӛзімен тетелес сӛздің тәуелдік 

жалғаулы  болуын  талап  етсе,  кейде  тәуелдік  жалғауынсыз-ақ  меншіктілік 

мән бере алады. Біздің еб (МҚ) (Біздің үй). Менің қарын тозты (МҚ) (Менің 

қарным тойды).  

      Ілік  септікті  конструкциялар  кісілер,  заттар  арсындағы  қатысты, 

байланысты білдіреді: Бенің будуным анта ечүч (Т) (Менің халқым ана жақта 

еді). 


        Сонымен,  ілік  септік  жалғауы  белгілі  дәуірде  біле,  үшін  шылаулары 

жетегінде  болған.  Соған  орай,  қазіргі  біздің  тілімізде  кейде  ілік  жалғау 

орнына әдетте сӛз жасаушы деп қаралатын аффикстердің қолданылуы да бар. 

Ол,  әсіресе,  тілімізде  соңғы  дәуірлерде  қалыптасқан  терминдік  тіркестер 

құрамынан  жиі  ұшырайды.  Ауылдық  жер,  қалалық  Совет,  мемлекеттік 

бюджет,  т.б  терминдік  тіркестерді  екінші  бір  грамматикалық  тәсілмен 

ӛзгертіп  ауылдың  жері,  қаланың  советі,  мемлекеттің  бюджеті  деп  әбден 

айтуға болады. 



        Табыс  септік.  Табыс  септік  жалғауы  әдетте  тура  толықтауыштың 

грамматикалық  кӛрсеткіші  деп  қаралады.  Осында,  бір  жағынан  табыс 

жалғауының  грамматикалық  қызметі  айқындалса,  екінші  жағынан,  оның 

негізгі мағынасы да кӛрсетілген. Табыс жалғауы қашан да іс-әрекет таралған 

тура объектіні білдіретін грамматикалық тәсіл есебінде танылады. 

        Кӛне  түркі  ескерткіштері  тілінде  табыс  септік  жалғаулары  мына 

тӛмендегідей кездеседі: 1. –ғ, -г, -ығ, -іг, -үг; 2. –ы, -и ; 3. –н, -ні, -ны 

      Кӛне  түркі  жазбалары  тілінде  табыс  септік  жалғауының  негізгі 

қолданыстары тӛмендегідей: 

       Істің, әрекеттің таралу объектісін білдіеді. «... Тоқуз оғұз белгілері будуну 



бу  сабымын  едгүтү    есід  қатығды  тыңла  (КТ)  (  Тоғыз  оғыз  бектері  халқы 

бұл сӛзімді жақсылап есіт, қатты тыңда). Аның атын арғұртты (МҚ). (Оның 

атын болдыртты).  

       Барыс септік. Қазіргі қазақ тілінде барыс септік тұлғасы: -қа, -ға, (-ке, -

ге)  екені  белгілі.  Егер  сӛз  тәуелдік  жалғаулы  болсы,  онда  алдыңғы  ғ,қ  (г,к) 

дыбыстары түсіп қалады да, тек –а, -е түрңнде ғана жалғанады.  

       Кӛне  түркі  жазбаларында  барыс  септік  жалғауы  бірнеше  түрлі  болып 

келеді. Олар мынадай: -ғару, -геру, -қару, -керу, -ра, -ру, -рү, -қа, -ке, -ға, -ге, 

-йа, -а, -е.  

        Қазақ  тіліндегі  барыс  септік  кем  дегенде  екі  түрлі  септіктің  ізімен 

байқатады.  Барыс  септіктің  қазіргі  тіліміздегі  қосымшалары  кӛне  түркілік 

есімдердің  септелуі  мен  тәуелді  септеудің  негізгі  ерекшеліктеріне  бейім 

түрінде қалған. Бірақ орта ғасырлық түркі әдеби тілінде ұшырасатын барыс 

септік  септік  жалғауларының  әркелкі  қолдаынысы  қазақ  тілінен 

байқалмайды.  

       Жатыс  септік.    Қазіргі  түркі  тілдеріндегі  жатыс  жалғауының 

варианттарын  салыстыра  қарағанда,  дауысты  дыбыстар  ыңғайынан  болсын,  

дауыссыз  дыбыстар  ыңғайынан  болсын,  негізінен  –да  тұлғасының 

айналасына топтасады.  

       Іс-әрекеттің, заттың орын – мекенін білдіреді: Түрк сір будун йерінте бод 



қалмады. (Түрк – сір халқының жерінде тірі жан қалмады).  

       Сонымен,  кӛне  түркі  тіліндегі  жатыс  септік  қазіргі  қазақ  тіліндегі 

осындай  септік  жалғауымен  салыстырғанда,  кӛп  мағыналы.  Оның  кейбір 

іздері  де  сақталған.  Алайда,  қазақ  тілінде  жатыс  септік  жалғауының  басқа 

септікпен (шығыс, барыс) синонимдегі стильдік ӛң алғандығын айту керек. 

      Шығыс  септік.  Шығыс  септік  тұлғасы  қазіргі  түркі  тілдерінде  әр  түрлі 

варианттарда  кездеседі:  бірсыпыра  тілдерде  тек  д  дыбысынан  басталса, 

кейбірінде тек ғана т дыбысынан басталады.  



       Кейде  шығыс  жалғаулы  сӛздер  іс-әрекеттің  пассив  субъектісін  де 

білдіреді:    Бурун  айтыллы  пайғамбардан  (КҚ).  Заттың,  іс-әрекеттің 

сараланған  салыстырмалы  сынын  да  білдіреді:  барчадан  күчлу  барчадан 

татлы (КК). (баршадан күшті, баршадан даңқты). 

       Көмектес  септік.  Қазіргі  түркі  тілдерінің  барлығында  бірдей 

кездеспейтін  септік  жалғауы-  осы  кӛмектес  септік.  Зерттеушілер  кӛмектес 

септіктің  мәніне  жақын  септік  жалғауының  якут,  чуваш  тілінде  барлығын 

айтады.  



      Ерсілі- қарсылы, азды-көпті, тайлы-таяғы, ерлі-байлы, аттылы-жаяулы 

фразаларының  да  құрамындағы  осы  қосымша.  Қазіргі  тілде  де  –лы  тұлғалы 

қос  сӛздер  мен  шылауына  (кейде  жалғауына)  синоним  есебінде 

қолданылады: әкелі-балалы.[1]. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пайдаланған әдебиетттер: 

1.Ә.  Қайдаров,  М.  Оразов.  Түркітануға  кіріспе.  Алматы,  «Қазақ 

университеті», 1992 жыл 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚЫТУШЫМЕН СТУДЕНТТІҢ 

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ 

 

 

 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ:  Стилистиканың ғылым ретінде қалыптасу 

және зерттелу тарихы 

 

 

 

 

 

 

 

ОРЫНДАҒАН: Шалабаева М.Т 

 

 

ТЕКСЕРГЕН: Мұратбек Б.Қ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚТӨБЕ 2012 ЖЫЛ 


Стилистиканың ғылым ретінде қалыптасу және зерттелу тарихы. 

Стилистиканың өзге ғылымдармен: нормативтік қазақ тілі, қазақ әдеби 

тілінің тарихы, көркем мәтінде лингвистиалық талдау, әдеби 

стилистикамен байланысы 

 

       Стилистика  -  тіл  білімінің  бір  саласы.  Оның  тарихы  Ресейде  әріден 



басталғанмен,  қазақ  тіл  білімінде  стилистика  мәселелерін  зерттеуге  жаңа-

жаңа  кӛңіл  бӛліне  бастады.  Қазақ  тілі  стилистикасының  мәселелері  арнайы 

зерттеу нысаны бола алмай келді. Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары мен оқу 

құралдарында  және  кӛркем  шығарма  тілі  жайында  жазылған  еңбектерде 

тіліміздің  кейбір  стильдік  құбылыстары  жайында  жазылған  азын-аулақ 

пікірлерді кездестіруге болады. Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің 

зерттелуі  ХХ  ғасырдың  50-жылдардың  ортасында  қолға  алынып, 

функционалды  стилистика  деген  ғылым  саласы  пайда  болып,  оны  тілдің 

коммуникативтік, эстетикалық қызметімен, қолданылу мәселелерімен тығыз 

байланыста  қарастыра  бастады.  Солардың  ішінен  А.М.Пешковский, 

Л.В.Щерба,  В.В.Виноградов,  Г.В.Винокур,  А.Н.Гвоздев,  А.И.Ефимов, 

В.П.Мурат сияқты зерттеушілердің еңбектерін атауға болады. К

ӛ рнекті орыс 

ғалымы В.В.Винаградов стилистиканы «тілді зерттеудің биік шыңы, ұлттық 

тіл  мәдениетін  арттырудың  арттырудың  теориялық  негізі»  дейді. 

Стилистикадағы  негізгі  ұғымдардың  бірі  -  с  т  и  л  ь.Оны  осы  күнге  дейін 

әркім  әр  түрлі  түсінеді.  Себебі  стиль  терминінің  мазмұны  кең,  оның 

жұмсалатын орны кӛп. Стиль - латынша stуlоs (қазақша - жазу құралы) деген 

сӛз.  Латын  тілінде  кейіннен  стиль  сӛзі  "жазу  мәнері"  деген  мағынада 

қолданылатын  болған.  Оның  осы  мағынасы  Европа  білімпаздарының 

арасына  кӛп  тараған.  Орта  ғасырларда  Грецияда,  Римде  с  т  и  л  ь  -  сӛзге 

сендіру,  нандыру  тәсілі,  стилистика  -  риторика  (шешендік)  ӛнері  болып 

саналған.  Үнді  оқымыстылары  стильді  мәнерлеп  сӛйлеу,  ал  стилистиканы 

мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген. Кейін, ұлттық әдеби тілдің қалыптасу 

дәуірінде,  кейбір  елдерде  стиль  белгілі  бір  әдеби  жанрға  тән  тілдік  құрал 

деген  үғымда  қолданылды.  Бүл  ұғым  Россияға  да  кең  тараған  болатын. 

Мысалы,  Ломоносовтың  үш  стилі  (жоғары,  орташа,  тӛмен)  осы  жанрлық 

принципке негізделген.  

     Сӛйтіп,  лингвистикада  «стиль»  жазу  мәнері,  сӛзге  сендіру  тәсілі,  мәнерлі 

сӛйлеу  және  белгілі  бір  әдеби  жанрға  тән  тілдік  құралдар  жүйесі  деген 

сияқты  кӛптеген  мағынада  қолданылып  келген.  ал  стилистика  кӛбінесе 

шешендік  ӛнері  туралы  ғылым  ретінде  танылған.  ол  тек  XX  ғасырдың  бас 

кездерінде  ғана  шешендік ӛнерінене  бӛліне  бастайды.  В.Г.Белинский  былай 

дейді:  «Сӛйлеу  ӛнерінің,  әсіресе  жазу  ӛнерінің  зерттеуді  ӛте  қажет  ететін 

ӛзінің  техникалық  жақтары  бар».  Белинскийдің  пікірінше,  тіл  ӛнерінің  осы 

техникалық  жақтары,  яғни  тілдің  қолдану  тәсілдері  мен  заңдылықтарын 

зерттеу мәселесі (риторика емес), стилистиканың үлесіне тиеді. Бірақ стилдің 

жалпыға  бірдей  белгілі  анықтамасы  әзірге  жоқ.  стиль  терминінің  алғашқы 

мағыналары  қазір  де  жойылмағандықтан  сол  ұғымдар  негізінде 

стилистиканы тіл білімінің маңызды саласының бірі деп тануға болады. [1]. 




Стилистиканы  дербес  пән  ретінде  оқытудың  мәні  зор.  Стилистика  -  ең 

алдымен с т и л ь туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, 

грамматикалық  және  фонетикалық  тәсілдердің  қолданылу  принциптерін 

айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді 

сұрыптап  қолдануға  болады.  Бұл  ретте  әсіресе  тіліміздегі  синонимдер  мен 

оның  варианттары  кӛбірек  пайдаланылады.  Мұндай  синонимдердің  түрі  әр 

алуан:  лексикалық  синонимдер  мен  фразеологиялық  синонимдер, 

морфологиялық синонимдер (варианттар) мен синтаксистік синонимдер.

 

Қ

азақ  тілі  стилистикасына  жанама  қатысы  бар  зерттеулер  ӛткен 



ғасырдың 30-40 ж.кӛріне бастады. 

 

-Фольклордың тілі- Н.Адамбаев, Е.Жұбанов, Т.Қордабаев;  



-Абай тілі-Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Р.Сыздықова; 

-М.Әуезовтің тілі-М.Балақаев, Қ.Аханов, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев; 

-Ғ.Мүсірепов тілі-М.Серғалиев, Б.Шалабай,т.б. 

Ғылым  академиясының  «вопросы  языказнания»  жорналы  ұйымдастырған  2 

жылдық  дискуссия  маетриалдарына  байланысты  қазақ  тілі  стилистикасы  да 

кӛптеген  мәселелерді  қарастыра  бастады.  Сӛйтіп  стилистикалық  еңбектер 

жарық  кӛре  бастады.  Мұндай  ізденістер  функционалды  стилистика  мен  тіл 

құралдары стилистикасының проблемаларын зерттеуді мақсат етеді. Мәселен 

кейбір еңбектер: 

-Қазан тӛңкерісіне дейінгі баспасӛз тілінің (Б.Әбілқасымов), 

-Кеңес дәуіріндегі баспасӛз тілінің (С.Исаев), 

-қазақ ауызекі сӛйлеу тілінің (Р.Әмір), 

-кӛркем  әдебиет  тілінің  (Р.Сыздық,  Е.Жанпейісов,  М.Серғалиев,  Б.Шалабай, 

Х.Кәрімов) ерекшеліктерін сӛз етеді. 

      Енді  бір  топ  еңбектерде  синтаксистік  конструкциялар,  атап  айтсақ, 

синтаксистік  синонимдер  (М.Серғалиев),  сӛйлем  мүшелері  (Ш.Бектаева, 

О.Күлкенова,  М.Шаяхметова)  стилистикалық  зерттеуге  арнады.  Мұндай 

стилистикалық  еңбектердің  жарық  кӛруі,  дискуссия,  конференциялардың 

ұйымдастырылуы 

стилистиканың 

дербес 

ғылым 


саласы 

ретінде 


қалыптасуына әбден себепші болды. [2]. 

      Стилистика  тілмен  байланысты  ғылым  болғандықтан,  сӛйлеу  тілі,  әдеби 

жазба тілі, оның әрбір салаларындағы стильдерін қамтиды. Әдеби жазба тіл 

стильдерінің  ӛзі  ресми  іс  қағаздар  стилі,  ғылыми  стил,  публицистика  стилі, 

кӛркем  шығарма  стилі  болып  бӛлінеді.  Стилистика  сӛйлеу  тілі  мен  жазба 



тілімен тығыз байланысты болғандықтан, қарым-қатынас, хабарлау, әсер ету 

құралдары болып табылатын тілдік элементтердің (дыбыс, сӛз, сӛз тіркестері, 

екпін, интонация) сӛйлеу, жазба барысындағы белгілі бір әдеби нормаға сай 

дұрыс  та  әсерлі  қолдануын,  кӛңілдегі  кӛрікті  ойдың  тіл  арқылы  айқын  да 

анық  жеткізілуін,  эмоционалды-экспрессивтік  мәні  бар  амал-тәсілдерді 

орынды, тиімді болу жақтарын мақсат етеді. 

     Стилистика  тіл  мәдениетімен  де  тығыз  байланысты.  тіл  мен  әдебиет 

филология  ғылымдары  ретінде  осы  стилистика  пәнінде  түйіседі.  Себебі 

жазушы таңдаған тақырып шығарманың бүкіл құрылымынан туған жағымды, 

жағымсыз  кейіпкер,  табиғат  кӛрініс,  белгілі  бір  ортаның  суреті,  оған  деген 

кӛзқарас  бүкіл  шығарманың  идеясы  тілден,  оны  әсерлі  жеткізу  

мақсатындағы кӛріктеу тәсілдерінің (стилистикадан) тыс болуы мүмкін емес. 

Стилистика жалпы халық тілінің стильдік жүйелерін, жалпы халықтық тілдің 

ауызекі және жазба түрлері, олардың ӛздеріне тән ерекшеліктері, әдеби тілдің 

стильдерін тегіс қамтиды. Әдеби тілде сӛйлеуші адам ойын дұрыс жеткізуді 

ғана  емес,  қалай  айтып  жеткізуді  кӛздейді,  тілдегі  дұрыстықты  ұстауға 

тырысады, демек, әдеби тілдік нормада екі қатар мақсат кӛзделуі тиіс: ойды 

білдіру  және  оны  мәдениетті  түрде,  яғни  белгілі  кӛркемдік  нормаларын 

сақтап білдіру.  

      Әдеби  тілдің  қызметінің  жан-жақты  кеңеюіне  байланысты  оның 

жанрлық-стильдік  тармақтары  қалыптасып  дамиды.  әдебиеттің  әр  түрлі 

жанрлық  түрлерінің  тууына  лайық  олардың ӛзіндік  тіл  ӛрнектері  қалыптаса 

бастайды. Жалпы, тілдік тұрғыдан келгенде, әдебиеттің жанрлық түрлерінде 

ешбір  айырмашылық  болмағанымен,  оның  айтылу  мақсатына  қарай  тілдык 

элементтердің  қолдануында  ӛзіндік  ерекшеліктері  болып  отырады.  Әдебиет 

жанрының бір түрінде, мысалы кӛркем шығармада кӛп мағыналы қасиеті бар, 

экспрессивтік  мәнді  тілдік  элементтер  кӛбірек  қолданылса,  екінші  түрінде 

(мыс,  ғылыми  әдебиеттерде)  керісінше,  нақтылы  мағынасы  бар  тілдкі 

элементтер  жүйесі  қолданылып  отырады.  Мұндай  саралану  әдебиет  тілінің 

лексикалық  құрамынан  да,  грамматикалық  құрылысынан  да,  сӛз  тудыру 

жүйесінен  де  кӛрініп  отырады.  Осыдан  барып  әдеби  тілдегі  стильдік 

тармақтары туып, қалыптасып дамиды. [3]. 

 

 



 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.Балақаев  М.,  Жанпейісов  Е.,  Томанов  М.,  Манасбаев  Б.  Қазақ  тілінің 

стилистикасы. А.,2006 

2. Шалабай Б. Кӛркем әдебиет стилистикасы А.,2000 

3. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары А.,1984 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

 

 

 

 

 

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: Шетел және отандық түркітанушылардың 

қазақ тілінің тарихын дамытуға қосқан үлесі 

 

 

 

 

ОРЫНДАҒАН: Шалабаева М.Т 

 

ТЕКСЕРГЕН: Мұратбек Б.Қ 

 

 

 

 

 

 

 

АҚТӨБЕ 2012 ЖЫЛ 


Шетел және отандық түркітанушылардың қазақ тілінің тарихын 

дамытуға қосқан үлесі 

 

Қазақ  тілі  Қазақстандағы  қазақ  халқының  сӛйлеу,  жазба,  әдеби  және 



мемлекеттік  тілі  болып  саналады.  Қазақтар  Қазақстанда  ғана  емес, 

Ӛзбекстан,  Ресей,  Қырғызстан,  Түркменстан  республикаларында  да  тұрады. 

ТМД-дағы қазақтардың жалпы саны (1979 жылғы санақ бойынша) 8137878. 

Шет  елдерде  қазақтар  негізінен,  Монғолияда,  Қытайда  (жалпы  саны  1300 

мыңдай)  тұрады.  Соңғы  деректерге  қарағанда  (1991ж.),  қазақтардың  жер 

шарындағы жалпы саны 10 милионнан асты.  

Қазақтардың  тарихы  кӛне  дәуірден  басталса  да,  олар  туралы  жазылған 

жазба  кӛне  ескерткіштер  сақталмаған.  Дегенмен  де  қазақтарды  этникалық 

құрамы  жағынан  қыпшақ  тайпалары  одағының  құрамына  енген  рулармен 

байланыстыруға  болады.  Қазақ  халқының  құрамына  енген  рулар  мен  рулар 

одағының  шоғырлана  басталуы  монғолдардың  шапқыншылығынан  бұрын 

басталған.  Бірақ  монғол  шапқыншылығы  Дашт-и  қыпшақ  даласындағы 

тайпалардың халық ретінде қалыптасуын екі ғасырға шегеріп тастады. Алтын 

Орда  одан  кейінгі  кездерде  ӛзбек  ордасы  мен  Ноғай  ордасының  құрамында 

болды.  Тек  ХҮ  ғасырдың  басында  қазақтар  ӛзбек,  ноғай,  қарақалпақ 

халықтары сияқты ӛз отауын кӛтеріп, жеке мемлекет болып бӛлініп шығады. 

Этникалық  құрылымы  жағынан  қазақ  халқы  ноғай,  қарақалпақ,  ӛзбжек 

халықтарымен  тығыз  байланысты.  Оларда  кездесетін  кӛптеген  рулар  қазақ 

халқының  құрамында  күні  бүгінге  дейін  ӛз  аттарын  сақтап,  ата-тегін  айтып 

жүреді.  

Қазақтарда рулар сақталған және үш жүз бар. Мысалы, ұлы жүз (дулат, 

албан,  суат,  қаңлы,  сіргелі,  шанышқылы,  т,б,),  орта  жүз  (арғын,  найман, 

қыпшақ,  қоңырат,  т.б.),  кіші  жүз  (12  ата  байұлы,  жетіру,  6  ата  әлім).  Бұлай 

жүзге  бӛліну  алғашқы  кездерде  географиялық  жағдайлармен  байланысты 

болса да, кейінгі қазақ хандарының ұзақ уақыт бойына билік үшін күресінің 

арқасында, билікке таласуы негізінде жүздерге бӛліну әлеуметтік сипатқа ие 

болған сияқты. [1,166]. 

Қазақ тілі бойынша алғашқы зерттеулер Қазаннан бұрын жарық кӛрген 

болатын.  Бұл  салада  орыс  ориенталист  ғалымдарынан  Н.И.Ильминский, 

М.А.Терентьев,  П.М.Мелиоранский,  И.Лаптев  еңбектерін  атап  айтуға 

болады.  Қазаннан  кейінгі  қазақ  тілі  жан-жақты  зерттелініп,  қазақ  тілі білімі 

қалыптасты.  Қазақ  тілі  білімінің  бүгінгі  таңдағы  деңгейіне  кӛтерілуіне 

А.Байтұрсынов,  Қ.Жұбанов,  С.Аманжолов,  А.Ысқақов,  Ғ.Мұсабаев, 



Қ.Аханов,  С.Исаев,  Г.Айдаров,  Р.Сыздықова,  Р.Әміров,  Ж.Аралбаев  т.б. 

елеулі үлес қосты.  

Қазақ тілі ӛзбек тілі сияқты бай диалектілерге ие емес.  Ғалымдарымыз 

қазақ  тілінде  батыс,  оңтүстік  жіне  солтүстік-шығыс  диалектілері  бар  деп 

есептейді. Бұл диалектілер арасындағы ерекшелітер, негізінен фонетикалық, 

лексикалық ерекшеліктер болып саналады. Қазақ әдеби тілі жалпы халықтық 

тіл  негізінде  қалыптасып,  содан  сусындап,  жан-жақты  дамып,  кемелдене 

түсуде.  Қазақ  әдеби  тілінің  даму  тарихы  бар.  Бірақ  қазақ  тілшілері  бұл 

мәселеде бір шешімге келе қойған жоқ. Мысалы, М.Балақаев әдебжи тілінің 

қалыптасуында  жазба  тілдің  болуы  қажет  деп  есептейді  де,  ХҮІІІ  ғасырдығ 

соңы,  ХІХ  ғасырдың  бастарында  ғана  әдеби  тіл  қалыптасқан  деген  пікірге 

келеді.  Екінші  бір  топ  ғалымдар  әдеби  тілдің  қалыптасуына  жазба  тілдің 

болуы  шарт  емес,  ауызша  да,  жазбаша  да  әдеби  тіл  болады  деген    пікірді 

қолдайды.  Қазіргі  қазақ  әдеби  тілінің  стильдік  тармақтары  дамыған, 

кемелденген тілге айналды. [1,168]. 

      Қазақ тіл білімінің  тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға 

дейінгі  кезең;  ә)  ұлттық  тіл  білімі  қалыптасқан  кезең  болып  екіге  бөлінеді. 

Ұлттық  тіл  білімі  қалыптасқанға  дейінгі  кезең  19  ғ-дың  2-жартысынан 

басталады.  Қазақ  тілінің  граммат.  құрылысы  туралы  алғашқы  мәліметтер 

Н.И.Ильминскийдің  «Материалы  к  изучению  киргиз-казахского  наречия» 

(1860–61)  деген  еңбегінде  ұшырасады.  Бұл  –  қазақ  тілінің  кейбір 

ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А.Терентьевтің 

«Грамматика  турецкая‚  персидская‚  киргизская  и  узбекская»  (1875), 

П.М.Мелиоранскийдің  «Краткая  грамматика  казах-киргизского  языка»  (1894‚ 

1897)‚  В.В.Катаринскийдің  «Грамматика  киргизского  языка»  (1897)‚  т.б. 

еңбектер  жарық  көрді.  Қазақ  тілін  таныстыру  мақсатын  көздегендіктен  бұл 

еңбектерде  белгілі  бір  категориялардың  сырын  ашу,  оның  ерекшеліктерін 

анықтау  жағы  қарастырылмаған.  Олар  негізінен  қазақ  тілінің  заңдылықтарын, 

орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-

жартысында қазақ тілінің лексикографиялық жұмыстары қауырт қолға алынып‚ 

дами  бастады.  Ұлттық  тіл  білімі  қалыптасқанға  дейінгі  кезеңде  40-қа  жуық 

сөздік жарық көрді. 

       Орыстардың  Ресей  империясына  қараған  халықпен  қарым-қатынас 

жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын 

хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі 

қалыптаса  бастаған  кезеңнің  өзі:  а)  қуғын-сүргінге  дейінгі  кезең  (1912–29);  ә) 

қуғын-сүргіннен  кейінгі  кезең  (1930–88)  болып  екіге  бөлінеді.  Қ.  т.  б-нің  ғыл. 

ретінде  қалыптасып,  дамуы  А.Байтұрсыновтың  есімімен  тығыз  байланысты. 

Оның  қазақ  тілі  оқулығы  ретінде  жазған  «Тіл-құрал»  атты  еңбегінде, 

мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. Қ. 




т.  б-нің  салалары:  Әліппе  мен  емле.  19  ғ-дың  2-жартысында  Ы.Алтынсарин 

қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында 

Байтұрсынов  қолданылып  келген  араб  графикасын  жетілдіре  отырып,  қазақ 

жазуына  икемдеді.  Бұл  орайда  ғалым  қазақ  тіліндегі  дауысты  және  дауыссыз 

дыбыстар  санын  анықтап,  үндестік  заңдылығын,  тілдің  фонологиялық 

ерекшеліктерін  айқындап  шықты.  Байтұрсыновтың  Қ.  т.  б-нің  фонетика, 

фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, 

Т.Шонанов,  Ж.Аймауытов,  Қ.Жұбанов  еңбектерінде  жалғасын  тапты.  Қазақ 

тілінің дыбыс жүйесі, дауыстылар мен дауыссыздар санын дәл айқындау, қазақ 

жазуына  негіз  болатын  принцип  таңдау  мәселесі  көптеген  талас  тудырып, 

«Еңбекші  қазақ»,  «Жаңа  мектеп»,  т.б.  басылым  беттерінде  мақалалар  жарық 

көріп, қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланды

 

     Байтұрсыновтың оқулықтары, мақалалары Қ. т. б-нің грамматика саласының 



қалыптасуына да негіз болды. Ғалым сөз жүйесі мен түрлері, сөйлем жүйесі мен 

түрлері  деп  атаған  оқу  құралдарында  қазақ  тілінің  морфология,  синтаксис 

салаларын  арнайы  зерттеп,  оқушыларға  түсінікті  де  жеңіл  тілмен  жеткізуге 

тырысты. Осы еңбектер арқылы сөз тіркесі, сөйлем, бастауыш, баяндауыш, зат 

есім, 

етістік, 



толықтауыш, 

т.б. 


атаулар 

қалыптасып‚ 

тұрақталды. 

Байтұрсыновтың  грамматика  саласындағы  еңбектерінде  функционалды 

грамматика,  сөзжасам  мәселелері  де  қарастырылды.  Ғалымның  сөзжасамға 

қатысты  тұжырымдары  кейінгі  еңбектерде  дамытылды.  Лексикология  және 

лексикография.  Оқулық  жазу  ісімен  бірге  осы  ғыл.  салалары  бойынша 

атауларды қалыптастыру қатар жүрді. Мәселен, Байтұрсынов тілге қатысты зат 

есім,  сын  есім,  етістік,  есімдік,  одағай,  үстеу,  шылау,  бастауыш,  баяндауыш, 

есімше,  көсемше,  т.б.  атауларды  қазақ  тілінің  өз  байлығын  пайдалана  отырып 

ойластырды.  Сол  сияқты  жаратылыстану  және  гуманит.  сала  бойынша 

оқулықтар  жазған  ғалымдар  салалық  атауларды  қалыптастырып,  бір  атаудың 

бірнеше  баламасы  болуына  байланысты  оларды  бір  жүйеге  түсіруге, 

тұрақтандыруға  ерекше  мән  берді.  Бұл  кезеңдегі  сөздіктердің  дені  уақыт 

талабына  сәйкес  атаулық  сөздіктер  болғанымен,  түсіндірме  сөздіктің  де, 

фразеол.  сөздіктің  де,  диалектологиялық  сөздіктің  де  жүгін  арқалады.  Тіл 

тарихы және диалектология жеке ғыл. ретінде қалыптаса қоймаса да, жекелеген 

мақалаларда  тіл  тарихы,  диалектология  мәселелері  сөз  болды.  Мыс., 

Аймауытовтың «Тіл туралы» («Еңбекші қазақ», 1926, 9 наурыз), «Әдебиет тілі 

мен емле» («Еңбекші қазақ», 1929, 12 мамыр), Кемеңгеровтің «Қазақша-орысша 

тілмаш туралы түсінік» («Еңбекші қазақ», 1926, 24 қараша), «Дұрыс па? Бұрыс 

па?»  («Еңбекші  қазақ»  1926‚  10  қараша),  т.б.  мақалаларында  жергілікті  тіл 

ерекшеліктері, кейбір  сөздердің  этимологиясы  сөз  болды. Сонымен  қатар  Қ. т. 

б-нің  өзекті  мәселелеріне  қатысты  съезд,  конференциялар  ұйымдастырылды. 

Мыс.,  1924  ж.  12–18  маусымда  Орынбор  қ-нда  өткен  қазақ  білімпаздарының 



тұңғыш  съезінің  күн  тәртібінде  жазу  ережелері,  әліппе,  қазақша  пән  атаулары 

мәселелері  сөз  болса,  1927  ж.  28–29  сәуірде  Ташкент  қ-нда  өткен  бас  қосуда 

жазу‚ әліпби‚ емле мәселесі талқыланды. Ал 1929 ж. 2–4 маусымда Қызылорда 

қ-нда  өткен  ғыл.-орфографиялық  конференцияда  емле,  атау  мәселесі  қаралды. 

1934  ж.  Қазақтың  ұлт  мәдениеті  ғыл.-зерт.  ин-тының  құрылуына  байланысты 

қазақ  тілін  зерттеу  мәселесі  жүйелі  жүргізіле  бастады.  1936  ж.  КСРО  ҒА-ның 

Қазақстандағы  бөлімшесі  құрылып,  шағын  сөздіктер,  лингвист.  жинақтар 

шығарылып, 

ғыл.-әдістемелік 

мақалалар 

жарық 

көрді, 


орфография‚ 

терминология  мәселелері  сөз  болды.  Осы  жылдары  орта  мектеп  пен  пед.  уч-

щелерге  арналған  граммат.  ғыл.  еңбектер,  сөздіктер  басылып  шықты.  1946  ж. 

Қазақстан  ҒА-ның  құрылуы,  оның  құрамында  Тіл  және  әдебиет  ин-тының 

ұйымдастырылуы, 1961 жылдан Тіл білімі ин-тының бөлініп шығуы – Қ. т. б-нің 

көптеген  мәселелерін  шешуге,  ғыл.-зерт.  жұмыстарының  жан-жақты 

жүргізілуіне,  мамандардың  көптеп  даярлануына  жағдай  туғызды.  1960–70 

жылдар  аралығында.  Қ.  т.  б-нің  кенжелеп  қалған  салалары  бойынша  көптеген 

монографиялар  жазылды.  Фонетика  мәселелерін  салыстырмалы  түрде  зерттеу, 

ғыл.,  көркем  әдебиет,  мерзімді  баспасөз  тілдерінің,  әдеби  тіл  тарихының,  тіл 

мәдениеті, орыс тілі мен қазақ тілін салыстыра қарастыру мәселелері, т.б. қолға 

алынды.


 

     1930  жылдан  бастап  салыстырмалы  фонетика  саласы  пайда  болды. 

Жұбановтың  еңбектерінде  тіл  дыбыстарының  фонологиясы  мен  жіктелуі, 

дыбыстардың  өзгеру  заңдылығы,  сөздердің  буын  құрылысы  қарастырылды, 

араб  графикасын  латын  жазуына  ауыстыруға  байланысты  «Еңбекші  қазақ» 

газетінде  бас  әріпті  алу  мәселелері  көп  талас  тудырды.  Жазу  ауыстыруға  орай 

әріп  таңдау,  қазақтың  төл  дыбыстарына  әріп  белгілеу,  әсіресе  басқа  тілдерден 

енген  сөздерді  жазуда  баспасөз  бетінде  көптеген  пікірталастар  болды.  Дұрыс 

айтылу  ережелеріне  ерекше  мән  беріліп,  қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігі 

бірнеше рет жарық көрді. Грамматика. 1930–40 жылдардан бастап сөз таптары 

мен  олардың  жекелеген  категориялары  туралы  арнайы  еңбектер  көптеп  жарық 

көрді. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде сөзжасам жеке сала ретінде 

қарастырылған  болса‚  ұлт  зиялылары  саяси  қуғын-сүргінге  ұшыраған  30-

жылдары сөзжасам әр сөз табына қатысты‚ морфология шеңберінде сөз болды. 

1940  жылдан  бастап  синтаксистің  жекелеген  мәселелері  моногр.  тұрғыдан 

зерттелді.  Қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлемнің  түрлері 

анықталды,  жақсыз  сөйлемнің,  құрмалас  сөйлемдердің  сыр-сипаты  ашылып, 

ауызекі  сөйлеу  тілінің  синтаксисі  туралы  едәуір  мәлімет  берілді.  Қазақ  тілінің 

ғыл.  курсы  1954  ж.  «Қазіргі  қазақ  тілі»  деген  атпен  жарық  көрді.  1962  ж. 

фонетика мен морфология тарауларынан құралған «Қазіргі қазақ тілі»‚ 1967 ж. 

морфология‚ синтаксис салаларын қамтыған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты 

екі  томдық  басылып  шықты.  Ал  1980  ж.  сөзжасамның  нысаны‚  өзіндік 




ерекшелігі  анықталып‚  морфологиядан  бөлек‚  дербес  сала  ретінде  бөлініп 

шықты.  Сонымен  қатар  синтаксис  саласы  да  едәуір  дамыды.  Қазақ  тіліндегі 

сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің орын тәртібі зерттелді [2].

 

 




Пайдаланған әдебиеттер: 

 

 



 

 

1.  Ә.  Қайдаров,  М.  Оразов.  Түркітануға  кіріспе.  Алматы,  «Қазақ 



университеті», 1992 жыл 

2.  Ғаламтор мәліметтері 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау