Сызықша?
Дефис?
«Дефис пен сызықшаны қолдану ережесі қандай?»
“Дефис пен сызықшаның қолданылу аясы”
Дефистің қойылатын орындары:
- лексикалық мағынасын сақтаған сөздерден жасалған күрделі сөздер арасына: инженер - технолог, батыр - ұшқыш;
2) қос сөздердің арасына: ел - жұрт, алай - дүлей;
3) сөзді тасымалдағанда;
4) реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзімен қатысты сөзбен араларына дефис қойылады: 3 - жыл, 5 - рет, 7 - сынып;
5) - ақ, - ау, - мыс, - ды демеуліктері тіркескен жағдайда: айтады - мыс, келмеді - ау; ғ) қосымшаларды ерекшелеп көрсетуде: - ған, - ген, - мын, - мін;
6) екі сөзден тұратын фамилияларда, адам аттарында: Тұрсын - заде, Салтыков - Щедрин т. б. Дефис қойылған кезде екі жағынан бос орын (пробел) тастамай жазылады.
Дефис орфографиялық, сызықша пунктуациялық таңбаға жатады. Сондықтан дефис келген жерде кідіріс жасалмайды. Бұл - оның сызықшадан ажыратылатын басты белгісі. Екіншіден, дефис сызықша секілді сөйлемнің мазмұнына еш әсер етпейді. Үшіншіден, шартты түрде алғанда, дефис сызықшадан қысқаша болады.
Достарыңызбен бөлісу: |