«Ресми құжаттарды жазуда қолданылатын ережелер» Орындаған: Инкарбек Асия


“Дефис пен сызықшаның қолданылу аясы”



жүктеу 481,93 Kb.
бет6/8
Дата11.03.2022
өлшемі481,93 Kb.
#37755
1   2   3   4   5   6   7   8
15 апта

Дефис пен сызықшаның қолданылу аясы”

Қазіргі кезде «сызықша» атауы «тире» сөзінің баламасы ретінде қолданылып жүр. Дұрысында, - ша/- ше қосымшасы кішірейту мәнін білдіреді (қалташа, күртеше, қалақша т. с. с.). Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес «сызықша» атауын «дефис» сөзінің баламасы ретінде, «сызық» атауын «тире» сөзінің баламасы ретінде қолдануға болады деп есептейміз. Бұлайша атау терминнің нақтылық, айқындылық, уәжділік сияқты негізгі талаптарына да сәйкес келер еді.

Р. Сыздықова сызықшаны қолданудың он жердегі орнын былайша көрсетеді: 1. Сызықша бастауышпен баяндауыштың арасына қойылады. 2. Сызықша бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қойылады. 3. Алдында жалпылауыш сөзі бар бірыңғай мүшелерден кейін сөйлем аяқталмаса, ең соңғы бірыңғай мүшеден соң сызықша қойылады. 4. Диалог төл сөздің алды - артынан (егер төл сөзден кейін автор сөзі тұрса), тырнақшаға алынған төл сөздің артынан сызықша қойылады. 5. Сызықша жалғаулықсыз салаластардың арасына қойылады. 6. Оңашаланған айқындауыш мүшелердің екі жағынан сызықша қойылады. 7. Бірыңғай сұраулы мүшелерді немесе сұраулы сөйлемдерді жинақтап тұратын әйтеуір деген сөз түсіп қалған жерге сызықша қойылады: Ісінгендіктен бе, таяқтан әлсірегендіктен бе ― денесі зілдей ауыр екен. (С. М.)

8. Оңашаланған айқындауыштың алдынан сызықша қойылады. 9. Сонда, сонша, сондай, соншалық, сол, мынау, мынадай деген сөздерге аяқталған тіркестерден кейін жеке сөйлем тұрса, бұл сөздерден кейін сызықша қойылады. 10. Мекен, уақыт, сын шектестігін білдіретін сөздердің арасына сызықша қойылады.

Әдетте қос сөздер дефис арқылы жазылады. Қос сөз болу үшін берілген екі сөздің екеуі де міндетті түрде бір сөз табынан болуы керек.  Ал кез келген, алдын ала, мекенжай деген сөздердің барлығы қос сөз емес. "Мекенжай" сөзі ғалымдар арасында пікірталас тудырғаны рас. Бірақ  2005 жылы «Арыс» баспасынан шыққан Орфографиялық сөздікте мекенжай сөзін бірге жазылатын сөздердің қатарына жатқызған. 

Екінші сыңары аралық, тану, тас, таным, жай, хат, қағаз, ішілік, сымақ деген сияқты қазақ сөздері болып келген тіркестер бірге жазылады делінген. Мысалы: әуежай, саяжай, мекенжай. 

Демек, мекенжай қос сөз емес, біріккен сөз.

Мемлекеттік ұйымдардың нормативтік және құқықтық актілерін дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құжаттар мемлекеттік тілде дайындалады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңында көзделген жағдайда басқа тілдер де қолданылады.

Мемлекеттік тілдегі өкімдік құжаттың және орыс тілінде немесе өзге тілде жасалатын тең түпнұсқалы өкімдік құжаттың әрқайсысы жеке бланкілерде (жеке парақтарда) басылып шығарылады және бірыңғай деректемелермен ресімделеді

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құжаттарды А4 (210х297 мм), А5 (148х210 мм) форматтағы қағаздық стандартты парақтарында дайындай алады. Құжаттарды қағаздың парақтарында жасау кезінде:

1) құжатты шығарған ұйымның ресми атауы;

2) хаттардан басқа құжат түрінің атауы;

3) құжаттың күні;

4) құжаттың тіркеу нөмірі;

5) құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, қолы және қолының толық жазылуы;

6) мөр бедері көрсетіледі.


жүктеу 481,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау