150
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда келтірілген зерттеулерден, Ресей империясының бір бөлігіне
айналған Дала және Түркістан өлкелерінің онымен тығыз экономикалық
байланысқа тартылуы аймақтың болашақ дамуына ықпал еткен деген
қорытынды жасауға болады. Бұл өлкедегі жер қойнауының зерттелуіне,
кәсіпорын, темір жол магистральдарының құрылысына, білім беру, ғылым,
мәдениет, сауда және тұрғындар өмірінің өзге салаларына қатысты болды. Тіпті
өлкенің ресей революционерлері мен демократтарының саяси тұтқын ретінде
жазаларын өтеу үшін жер аудару орындары ретінде пайдаланылуы аймақты
саяси тұрғыда дамытқан, өйткені олармен бірге еркін ойлау, билік етуші
режимге қарсы адам мен жеке тұлғаның құқықтары және бостандықтары үшін
күрес идеялары келеді. Осыған байланысты, Қазақстанның тәуелсіздігін
жоғалтуы және оның Ресей империясының отарына айналуы қазақ
қоғамындағы күштердің жетілген және өзінің егеменділігі мен тәуелсіздігін
қалпына келтіру үшін қуат көзі жинақталып ұзаққа созылған, қайғылы тарихи
процесс болып табылды деп айтуға болады.
Бірқатар жеңілістер нәтижесінде Польша өзінінің аумағының Ресей,
Пруссия және Австрия арасында 4 рет бөлініске ұшырауын басынан өткереді,
алайда өздерінің құқықтық жағдайымен келіскілері келмеген олар бірқатар ірі
көтерілістер ұйымдастырады, солардың соңғысы 1863 жылы болады.
Көтерілістердің ресей билігімен қатал түрде басылуы, дәстүрлі өзін-өзі
басқару институттарының жойылуы, отарлау билігі тарапынан болған
репрессиялар поляк халқының өздерінің мемлекеттік тәуелсіздіктерін қалпына
келтірудегі ниеттерін жасыта алмады. Тек самодержавиялық режимнің
құлауымен осы мүмкіндік қайта пайда болған.
Тәуелсіздік жолында батырлары құрбан болған қанды оқиғаларға толы
поляк халқы мен мемлекетінің тарихы Қазақ мемлекетінің тарихына өте ұқсас.
Патшалықтың Польша мен Қазақстанда жүргізген отарлау саясаты, ондағы
халықтардың біртіндеп ассимиляциялануы және орыстандырылуы, ұлттық
мәдениеттің, дәстүр мен тілдің басылуы болашақтағы ұлттық мемлекеттілікті
қалпына келтірудегі күрестердің негізіне айналған ұлттық сана-сезімді
нығайтып, біздің қоғамымызды «бекіте» түскен.
Көп жылдарға созылған күрес кезеңінде ұлттық мемлекеттілік туралы
идеялар поляк және қазақ халықтарының жалпы мақсаты ретінде олардың саяси
көшбасшылары мен беделді ойшылдарының санасында пісіп жетіледі.
Партиялар мен қозғалыстардың елдің болашақ дамуы туралы идеялары
олардың жобаларында және бағдарламаларында жүзеге асқан. Және сол кездері
ұсынылған мемлекет құрылысының механизмі, демократиялық интитуттардың
ұйымдастырылуы туралы саяси құрылымдар қазіргі Польша Республикасы мен
егеменді Қазақстанның қалыптасуының негізіне айналды.
Ресейдегі 1917 жылғы ақпан төңкерісі барлық соғысушы тараптардың
жоспарларына күрделі өзгерістер енгізді. Патшалық құлап, оның орнына жаңа
Поляк мемлекеті дүниеге келе бастайды. Польша үшін Петроградтық жұмысшы
151
және әскери депутаттар Кеңесінің 1917 жылдың 27 наурызындағы «Поляк
халқына» деп аталған үндеуі тарихи мағызға ие болды. Бұл құжатта Польша
өзін тәуелсіз мемлекет деп санауына болатыны жарияланды, ал кеңес билігінің
келуімен Ресейде 1918 жылдың 29 тамызында Польшаны бөлу жөніндегі Ресей
империясымен жасаған келісімнен бас тарту туралы Декларация жарияланған
болатын. Кеңестік Ресейдің Польша тәуелсіздігін мойындауы әлем
қауымдастығы тарапынан жылы қабылданады, мысалы, 1918 жылдың
қаңтарында Америка, осы жылдың 5-қаңтарында бұл идеяны Британия
қолдайды, олардың соңынан Франция және Италия үкіметтері пікірлерін
білдірді. Австро-Венгрия мен Германия талқандалған соң олардың биліктері
поляк әскери күштерінің қолбасшысы Юзеф Пилсудскиге беріледі [211]. Бұл
тарихи кезең Польша үшін, әсіресе Ю.Пилсудский үшін маңызы зор оқиғаларға
толы болатын. І Дүниежүзілік соғыс аяқталғанымен, жеңген және жеңілген
тараптар арсында шекара бөлісі әлі жүріп жатқан. Польша мен Ресей
арасындағы шекаралас аумақтарда мүдделері болған әр тарап өздерінің
келісімдерін бірнеше мәрте бұзуы орын алады. Мысалы, ІІ Реч Посполитаны
құру ұранымен бірқатар поляк қайраткерлері Прибалитка, Белоруссия және
Украина аумақтарын күшпен қосып ала бастаған. Осындай ірі кампаниялардың
бірі кеңес әскерлері Польша аумағына жақын қалғанда, тек Антанта елдері –
АҚШ, Англия және Франция елдерінің қысымы, және большевиктердің
бірқатар әскери сәтсіздіктерге ұшырауы оларды бұрынғы шекараларына
қайтуына мәжбүрлейді.
Қазақстан халқы патша билігінің езгісінен кейін, қысқа мерзім аралығында
өздерінің демократиялық мемлекетін құруға мүмкіндіктері болмағандықтан,
кеңестік автономия түріндегі ұлттық мемлекеттілігін қабылдауға мәжбүр
болған. Алайда, пролетарлық мемлекет ұрандары нақты өмірде шынайылыққа
сай келмей жатты. Кеңестер қысымымен жүздеген мың отандастарымыздың
өмірлерін қиған зорлықпен отырықшылық және ұжымдастыру шаралары
жүргізілді. Жаңа тәртіпке қатысты кез-келген қарсылық білдірулер Қызыл
Әскер тарапынан қатаң басылып отырды.
30-жылдары КСРО-ны болып жатқан оқиғаларға өздерінің пікірлерін
білдірген қазақ этносының үздік өкілдері – ғалымдар, шығармашылық
жұмысшылары, еңбек адамдары душар болған репрессия толқыны қайта
жайлайды.
Соғыстан кейінгі Польша Қазақстанға қарағанда өзінің жоғалтқан
дербестігін жылдам қалпына келтіре бастайды, бірақ бұл процесс қысқа
мерзімді болып шықты, өзінің тәуелсіздігі мен демократиялық институттарын
қалпына келтіре отырып польша басшылығы ішкі және ірі сыртқы мәселелерге
тап болады. Екі ірі державалар КСРО мен Германияның бітпейтін менмендігі
Польшаға өздерінің ұлттық мемлекеттілігінің сан ғасырлық дәстүрлерін толық
қайтарып, мемлекеттік басқару және экономиканы қалпына келтіруге уақыт
бермеді, өйткені олар ІІ Дүниежүзілік соғысқа дайындалуға мәжбүр болады.
Ақыр соңында, Польша 1939 жылы екі елдің тек оның аумағы ғана емес,
сонымен бірге тұрғындары да бөлінген әскери олжаға айналды. Екі режим
152
тарапынан жүзеге асырылған департация, жаппай репрессия поляк халқының
рухын жасыта алмады. Олар, өздерінің жерлерінде партизандық отрядта, кеңес
жағындағы Поляк әскерлерінің қатарында нацистермен соғыса жүріп жүздеген
мың құрбандықтың босқа кетпейтінін білген. Соғыстан кейін Польша өзінің
ұлттық мемлекеттілігін сақтап қалуы үшін кеңестік билікті қабылдауға және
халықтық демократия нысанындағы мемлекет құруға мәжбүр болады.
Соғыстан кейінгі Польшада ПБЖП – Поляк біріккен жұмысшылар
партиясы мемлекет басына келеді. Поляк саяси және экономикалық жүйесінің
дамуы кейбір демократиялық ерекшеліктері болғаны болмаса, негізінен Кеңес
мемлекетінің үлгісімен жүргізілді. Осы уақыттан бастап ол жоспарлы
экономкаға көшіп, барлық ірі мемлекеттік сұрақтар Орталық – Мәскеу арқылы
шешіліп отырды. КОКП-нің ХХ съезінен кейін Польшада да көптеген саяси
қайраткерлер ақталып, сталиндік репрессияларға қатысы бар тұлғалар
мемлекеттік лауазымдарынан алынып, жауапкершілікке тартылған болатын. 20-
жүзжылдықтың 50-шы жылдары Польша экономикасы құлдырап, баға өседі,
мұнымен бірге халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп кетеді. Оқиғаның алдын
ала, «хрущев» жылымығы жылдарының поляк халқына дербестік әкелмегенін
айта кету керек. Тек, 80-жылдары М.Горбачев басқаруының тұсында КСРО-да
және Варшава келісім шарты елдеріндегі режимнің ырықтануына үміт қалмаған
кезде оппозициялық қозғалыстар белсенділене бастап, ереуілдер көбейе түседі,
саяси сахынаға елдегі және әлемдік қауымдастықтағы өзгерістерден белгі
берген «Солидарность» сияқты жаңа саяси күштер шығады.
Егер 50-жылдарға, Сталиннің қайтыс болуы және жеке басқа
табынушылық әшкереленген кезеңге оралсақ, КСРО-да репрессия уақытында
диктатордың қолындағы жазалаушы қару болған құқыққорғау мекемелері
біртіндеп реформалана бастайды. Сондықтан, біз милиция органы және
мемлекеттік қауіпсіздік Министрлігіндегі өзгерістердің көп болғанын көреміз.
Олар таратылып, ІІХК штаты азайтылған болатын, кейбір қылмыстық істер
бойынша тергеу және анықтау функциялары алынып ІІМ, МҚМ және
прокуратура араларында бөлінеді.
1960 жылы Жалпыодақтық ішкі істер Министрлігі таратылады, оның
функциялары одақтас республикаларға беріледі, кеңес адамдары жүргізіліп
жатқан реформаларға сенуі үшін ІІМ – Ішкі істер министрлігінің атауы ҚТСМ –
Қоғамдық тәртіпті қорғау Министрлігі болып өзгертіледі.
Сонымен бірге прокуратураның өкілеттігі ІІМ – не қарағанда кеңейтілген
болатын. Бас хатшы Н.С. Хрущевтың пікірінше, қоғам қылмыстылықпен
күресте басты күшке айналуы керек, өйткені КСРО-дағы қылмыстылық жоғары
коммунистік идеалдарға ие қоғамға тән құбылыс емес, ол капиталистік және
буржуазды мемлекеттердің жұғындысы болып табылады. Сол себепті, елде
міндеті қоғамдық-құқықтық тәртіпті қадағалау болып табылтын бұқаралық
ұйымдар – үй комитеті, халық дружиналары, серіктес соттар пайда болды.
Серіктес соттар сот органдарын ұсақ азаматтық және қылмыстық істерден
босатуға көмектесті.
153
Хрушевтың қоғамның өзін-өзі басқаруы және жағымсыз құбылыстармен
күресудегі қоғамдық сана күшіндегі «сау» идеясының келешегі бар болатын,
алайда,
соғыс
аяқталған
соң
елде
бірнеше
мәрте
жүргізілген
рақымшылықтардан кейінгі криминогендік жағдайлар кері нәтижеге алып
келді. Бас хатшы Н.Хрущев ішкі істер органдарын қанша жерден төмендеткісі
келсе де, олардың білікті мамандарынсыз және қылмыстылықпен күрес
жүргізудің тәжірибелерінсіз қоғамдық тәртіпті реттеу мүмкін емес болатын.
Сондықтан, ол қызметтен кетісімен ІІМ-нің барлық өкілеттіктері қалпына
келтіріледі.
Кеңес мемлекеті прокуратура мен соттың материалдық қамтамасыз
етілуіне, оларды дайындау жүйесіне назар аудара бастайды, алайда, олар
бұрынғыдай партия және жергілікті билік органдарына бағынышты болып қала
береді. Тіпті билік басына Михаил Горбачев келіп, елде жариялылық пен
демократия қағидалары жарияланса да сот дербес мекеме бола алмады, ол
мемлекеттің атқарушы құрылымдарының толық бақылауында болады.
Дегенмен, Горбачев бастаған реформалар жүзеге асырылуына шамалы қалған
Қазақстан Республикасындағы болашақ демократиялық өзгерістер үшін жақсы
негіз қалады. Қазақстан 1465 жылдан басталатын өзінің ұлттық
мемлекеттілігінің қалыптасуының ауыр тарихи жолын жүріп өткенін атап өту
керек. Қазақстан Республикасының 1991 жылы егеменділік пен тәуелсіздікке
қол жеткізуі үшін халықтың зор жігер күші, жоңғарламен жүргізген қанды
соғыс және патшаның отарлау саясатына қарсы көтерілістер, сталиндік
репрессиялар мен ауылшаруашылығында кеңес билігі жүргізген тәжірибелер
кезеңіндегі біздің отандастарымыздың миллиондаған құрбандығы қажет болды.
Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма бесжылдығында біз өткеннің сабақтарын
ескердік, Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасуында үлкен рөл
ойнаған біздің тарихымыздың қайғылы беттерін ұмытпадық және жадымызда
ұстадық.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған сәттен бастап Үкімет пен
Президенттің алдында елдің негізін қалаушы Заңдарын қабылдау бойынша,
саяси жүйенің құрылымын жасау, демократиялық Парламентті қалыптастыру
және егемен Қазақстанның жүру жолындағы болашақ стратегияларын жасау
бойынша ауқымды жұмыстар тұрды.
Біздің елдегі президенттік институт Қазақстан үшін күрделі саяси және
экономикалық жағдайда қалыптасып, дамығандықтан ерекше тарихқа ие.
Мемлекет басшысы бастаған демократиялық реформаларды кері бұруға
тырысқан
деструктивті
күштер
көп
болды,
сондықтан
Қазақстан
Республикасындағы ұлттық мемлекеттіліктің одан ары дамуын және
демократиялық процесстердің үздіксіздігін қамтамасыз етуде президенттік
басқару нысаны өзінің маңызды рөлін атқарды және атқаруда.
Біздің егеменді мемлекетіміз құрылған сәттен бастап Президенттің соттық-
құқықтық реформаларға ерекше назар аударғанын айта кету керек. Сонау 1994
жылдың 12 ақпанында Президент біздің мемлекетіміздегі қарқынды дамып келе
жатқан
соттық-құқықтық
реформаларға
негіз
болған
«Қазақстан
154
Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы
туралы» Қаулыны қабылдайды. 1995 жылы қабылданған «Қазақстан
Республикасындағы
соттар
және
судьялардың
мәртебесi
туралы»
Конституциялық заң күшi бар Жарлығы басталған реформалардың жалғасы
болды.
Парламент Сенатының депутаты С.Б. Ақылбайдың мәліметтері бойынша,
Президентпен 1996 – 2005 жылдар аралығында құқықтық реформаларға
қатысты 147 Заң жобалары енгізілген. Солардың қатарында, «Қазақстан
Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы», «Алқабилер туралы» және т.б. [201].
Мемлекет басшысы құқықтық реформаларды жүргізу үшін көп жұмыстар
атқарып жатқанын атап өту керек. 2014-2016 жылдары елдің құқықтық жүйесін
біршама ізгіліктендірген және қазақстан қоғамын демократияландырған
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Қылмыстық-процестік,
Еңбек, Азаматтық-процестік және басқаларының қабылданғаны жалпыға мәлім.
Қазақстандық және польшалық Парламенттердің өкілеттіктерін салыстыра
отырып Қазақстанның өкілді мекемелерді ұйымдастыруда қарқынды дамып
келе жатқанын көреміз және нақты нәтижелер де жоқ емес. ҚР Президентінің
мемлекет өміріндегі рөлі біздің Негізгі заңдарымыз – Конституцияларымыз
арасындағы белгілі бір айырмашылықтарды білдіреді, әйтсе де, біз жоғарыда
олардың көптеген ережелерінің ұқсастықтарының куәсі болдық. Әрине бұл
түсінікті, өйткені қазақстандық Конституция біртіндеп реформаланып, яғни,
Парламенттің өкілеттіктерін ұлғайта отырып, көзделген мақсат – Қазақстанда
парламенттік республика құруға бет алған президенттік басқару нысанын
бейнелейді. Сондықтан Қазақстан мен Польшаның Президентері және
Парламенттерінің арасындағы өкілеттіктерінің өзгеше болуы заңды, және де
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың өкілді билікті нығайтудағы ұстанған
қазақстандық бағыты тәжірибеде жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді, әрі
оның табысты іске асуы үшін барлық негіз бар.
155
Достарыңызбен бөлісу: |