Ресей империясы қҰрамы


  Социализм  дағдарысының  ұлғаюы  жағдайындағы  кеңестік



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет20/26
Дата25.08.2020
өлшемі1,33 Mb.
#31338
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
disser

2.3  Социализм  дағдарысының  ұлғаюы  жағдайындағы  кеңестік 
Қазақстанның сот, құқық және құқық қорғау жүйелерінің эволюциясы  
Қазақ  КСР-і  құрылып,  1937  жылы  Конституция  қабылданғаннан  кейін 
одақтас  республикалардың  құқыққорғау,  сот  және  құқықтық  жүйелерінде 
бірқатар  өзгерістер  болады.  Олар  үдетілген  қарқынмен  социализм  құрып 
жатқан  кеңес  қоғамындағы  жалпы  беталыспен  байланысты  болатын.  В.И. 
Ленин  қаза  болғаннан  кейін  билік  басына  социализм  құрудың  бағытын 
өзгерткен  И.В.  Сталин  және  оның  айналасындағылар  келеді,  осы  кезеңнен 
бастап ел «сталиндік даму жолымен» жүреді деп атап көрсетеді Ғ.З.Қожахметов 
[83,  б.38].  Жаңа  үкімет  құқыққорғау  органдарының  тағдырын  бірден  анықтап 
қойған  болатын.  Олар  қылмыстылықпен  және  құқықбұзушылықпен  күресіп 
қана  қоймай,  өздерінің  саяси  қарсыластарын  және  таптық  жауларының  бетін 
қайтарып  отыратын  кремльдегі  элитаның  қолындағы  мықты  құрал  болулары 
керек болды. 
Сондықтан,  1920  жылы  құрылған  ІІХК  -  Ішкі  істер  халық  комиссариаты 
[134],  МҚК  -  Мемлекттік  қауіпсіздік  министрлігі,  прокуратура,  сот  жүйелері 
Кеңес  мемлекетіндегі  азаматтық  қауіпсіздікті  және  саяси  тұрақтылықты 
қамтамасыз  етуде  өздерінің  құқыққорғау  қызметтерін  атқарып  қана  қоймай, 
сонымен қатар, сталиндік партия желісінің қарсыластарына жазалау шараларын 
жүзеге  асырады.  Сонымен  қатар,  олар  кеңес  билігі  жауларымен  және 
контрреволюциямен  күрес  жүргізуге  байланысты  үкіметтік  және  партиялық 
шараларды негіздейтін нормативтік құжаттарда нақты көрсетілуі керек болған. 
Жылдан жылға ішкі істер штаттары мен бюрократиялық аппарат ұлғайтылады 
және  ІІХК  мен  БМСБ-нің  (Біріккен  мемлекеттік  саяси  басқарма)  біріктірілуі 
болады.  Бірінші  кезекте,  бұл  мекемелердің  басшылық  лауазымына  режимге 
адал партия қызметкерлері тағайындалды.  
ІІХК-ның  қызметі  КСРО  прокуратурасы  мен  КСРО  Бас  Әскери 
прокуратурасы тарапынан болатын бақылаудан тыс болады. Бұл мекемелердің 
жетекшілері КСРО бас прокуроры А.Я. Вышинский мен әскери прокурор Н.С. 
Розовскийлердің  өздері  осы  репрессиялардың  қатысушылары  болған  [135]. 
Олар ІІХК-нің сұратуы бойынша елдегі партия және мемлекеттік қайраткерлері 
мен  қарапайым  азаматтарға  қарсы  ешбір  дәлелдемелерсіз  қолдан  жасалған 


95
 
 
айыптауларға  қолдарын  қойып  отырған.  Құқыққорғау  органдарының 
жетекшілері  мен  сталиндік  реформаның  өзге  де  орындаушылары  Кеңес 
мемлекетінің коммунизмге жетуі үшін таптық күрес үдей түсуі керек және осы 
күресте алға қойылған мақсатқа жету үшін кез-келген тәсілдер мен шаралардың 
рұқсат етілгені туралы Бас хатшының идеясын насихаттайды. 
1936 жылғы Конституция КСРО-дағы социализм жеңісін жариялады, саяси 
жүйеде  өзгерістер  болады,  алайда,  бұл  өзгерістер  демократияландыру  жағына 
емес, керісінше тоталитарлық режимнің нығаюы жағына қарай болған. 
1936-1938  жылдары  орын  алған  жаппай  жазалау  шаралары  кезінде 
Сталиннің  жазалаушы  мекемелеріне  республикадағы  құқыққорғау  органдары 
мен  соттардың  кәсіби  құрамына  ауыр  зиян  келтірген  соттан  тыс  өкілеттіктер 
беріледі. Репрессия мен соғыс үздік мамандарды алып кетсе де, олар Қазақстан 
милиция  органдарының  қалыптасуына  кедергі  келтіре  алмады,  әрі  олар 
қалдырған іздестіру істеріндегі тәжірибелер болашақ ішкі істер органдарының 
келесі ұрпақтарын әзірлеуде пайдаға жарайды. 
Сонымен бірге, Кеңестік қоғам бір орында тұрып қалған жоқ, Қазақ КСР-
дегі  милицияның  құрылуы  кезеңінде  РКФСР  ІІХК-нің  Жарлығы  бойынша 
кадрларды  жинақтау  мүмкіндігі  кеңейеді,  бұрын  1920  жылы  10  маусымдағы 
«Жұмысшы және шаруа милициясы жөніндегі Ережеге» сәйкес олар тек таптық 
қағида  бойынша  жинақталғаны  белгілі  [136].  Соғыстан  кейін  ІІХК 
органдарының  құрамы  майдангерлермен  толықтырылады,  бұл  олардың 
сапалық 
құрамын 
жақсартты. 
Құқыққорғау 
органдары 
өздерінің 
қылмыстылықпен  күрестегі  тәжірибелерін  жетілдіріп  отырды,  біртіндеп 
материалдық база пайда болып, олардың кәсіби даярлайтын оқу орындарының 
саны артады. 
Мысалы, осы уақыттарда милицияның Бас басқармасы милиция кадрлары 
мен  олардың  командалық  құрамын  оқытуға  арналған  бағдарламалар  және 
ережелер  мен  штаттары  құрылған  болатын.  Мұндай  милиция  басқармасының 
жанындағы  курстардың  одақтас  республикалар  құрылғанға  дейін  Қазақстанда 
болғанын  атап  өту  керек.  20-жылдары  РКФСР  аумағында  орта  комқұрамын 
дайындау бойынша 2 жылдық оқыту мерзімі болған 3 мектеп және милицияның 
кіші  комқұрамын  дайындау  бойынша  16  мектеп,  және  де  әр  губернияда 
милицияның  кіші  комқұрамының  жұмысшы  мектебі  қызмет  еткен  [137]. 
Алайда,  Қазақстан  сияқты  басқа  да  автономиялық  республикалары  бар  елдің 
көлемін  ескере  отырып,  құқыққорғау  органдарына  жұмысқа  тәжірибесі  жоқ 
майдангерлер  мен  қара  жұмысшылардың  келуі  бұл  білім  беру  мекемелерінің 
жеткіліксіз болғанын білдіреді. 
Қазақ  АКСР-де  20-жылдардың  соңы  мен  30-жылдардың  басында  заң 
курстары пайда бола бастайды, мысалы Ш.В.Тлепина, Семей мен Ақтөбеде 40 
адам, Алматыдағы алтыайлық курста – 60 адам оқығанын айтады [138]. Ғалым 
өз  сөзін  жалғастыра  келе,  Қазақстандағы  мемлекеттіліктің  даму  шамасына 
қарай  жоғары  оқу  орындарының  құрыла  бастағанын,  мысалы,  1940  жылы 
Алматыда Бүкілодақтық сырттай оқытатын заң институтының филиалы жұмыс 
істегенін атап өтеді. Кейінірек БСЗИ Заң институттарының жанындағы сырттай 


96
 
 
бөлім  болып  қайта  құрылады  [138,  б.48].  1938  жылдан  бастап  Алматы  заң 
институты  4  жылдық  білім  беру  мерзімімен  жұмысын  бастайды.  Соғыс 
жылдарының  басында  Қазақстанға  көшірілген  22  жоғары  оқу  орнының  12 
Алматыға  жіберілген  болатын.  1941  жылы  ҚазКСР  ӘХК  жанындағы  бірінші 
Мемлекеттік заң институты құрылды [138, б.71].   
Ш.Тлепина  Қазақстанда  соғыс  кезеңінде  жас  қазақстандық  заңгерлерге 
өздерінің  білімдерін  берген  С.В.  Юшков,  С.М.  Гофман,  С.Л  Фукс  сияқты 
атақты ғалымдардың жұмыс жасағанын айтады [138, б.80-81]. 1943 жылы ЖОО 
Ресейге  кері  көшірілгеннен  кейін  қазақстандық  жоғары  оқу  орындары  қайта 
құрыла  бастайды,  сонымен  қатар  кейбір  институтаттарды  жабу  және  кейбірін 
ірі білім беру мекемелеріне қосу туралы шешім қабылданады. Осы кезде, 1954 
жылы  сол  кездегі  Алматы  заң  институтының  директоры  С.З.  Зиманов  заң 
кадрларын даярлау  үшін мамандандырылған мекеме ретіндегі Заң институтын 
сақтап қалу туралы өтініш хат жібереді. Алайда, 1955 жылы КСРО Министрлер 
Кеңесінің  25  мамырдағы  Қаулысымен  Алматы  заң  институты  заң  факультеті 
ретінде  С.М.  Киров  атындағы  Қазақ  Мемлекеттік  университетінің  құрамына 
кіргізіледі.  1955  жылы  26  шілдеде  заң  факультетінің  бірінші  деканы  С.З. 
Зиманов болғанын атап өткен жөн [138, б.89]. 
Ресей  федерациясының  қағидасы  бойынша  құрылған  Қазақ  КСР  ІІМ 
жүйесін  қарастыруға  оралайық,  онда  қылмыстық  іздестіру  бөлімшелері, 
участкелік және бекеттік қызметкерлер жеке бөліне бастайды. ҚазКСР ІІХК Бас 
басқармасында Жалпыодақтық нормативтік актілерге сәйкес шендер, айрықша 
белгілер,  материалдық  техникалық  жабдықтау,  саптық  жарғылар  енгізіледі 
және  де  «Милицияның  міндеттері  жөніндегі»  арнайы  Циркуляр  болады  [137, 
б.123].  Яғни,  қазақстандық  милиция  нұсқаулықтарды,  жарғылар  мен 
қаулыларды  орындау  арқылы  біртіндеп  жалпыодақтық  арнаға  енеді  және 
жартылай әскери мекемеге айнала бастайды. 
Әрине,  бұл  мекемелердің  тәжірибесі  аз  болды,  оған  қоса  репрессия  мен 
соғыс  ішкі  істер  органдарының  қарқынды  даму  процесін  тежеді,  алайда 
қылмыстылықпен  күрес  халық  милициясының  басты  қағидасы  және  мақсаты 
ретінде сол уақыттағы кез-келген саяси жағдайда жүзеге асырылды. 
Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақ КСР-де 16 облыстық, 3 қалалық және 2 
аудандық  милиция  басқармалары  болғанын  айта  кеткен  жөн.  Н.А.Биекенов 
1948  жылдан  бастап  облыс  және  аудан  орталықтарында  республикадағы 
қылмыстылықпен күресу үшін маңызды болған тергеу аппараттарының құрыла 
бастағанын айтады. 1953 жылға дейін Ішкі Істер Министрлігі мен Мемлекеттік 
Қауіпсіздік  Министрлігін  Л.П.  Берия  басқарып  келген  [139].  Тек,  Сталиннің 
өлімі  мен  Бери  сияқты  қатыгез  тұлғалар  саяси  аренадан  кеткенде  ғана 
ырықтандыру режимі милиция органдарына тарай бастаған [139, б.26]. 
Біз,  Н.Биекеновтың  ҚазКСР  ішкі  істер  органдары  Қазақстан  тәуелсіздігін 
алғанға  дейін  өзінің  дамуының  үш  кезеңінен  өтті  деген  пікірімен  келісеміз. 
Бірінші  кезең  Сталиннің  жеке  басқа  табынушылығы  әшкереленуімен  және 
КСРО  ІІМ  және  КСРО  МҚК  қызметтерін  бөлумен  байланысты,  бұл  оқиғалар 
1953-1954 жж. болады. 


97
 
 
Ішкі  істер  органдары  эволюциясының  келесі  кезеңі  1956-1960  жылдарға 
сай  келеді,  осы  жылдары  ішкі  істер  органдарының  Үкімет  пен  жергілікті 
жердегі Кеңестерге қос бағыныштылығы қалпына келтіріледі. 
 Және,  ең  соңында,  үшінші  кезек  КСРО  Ішкі  істер  Министрлігі  толық 
жойылған  кездегі  Н.С.Хрущев  билік  еткен  тұсқа  сай  келеді  [139,  б.26].  КСРО 
мемлекетінің Басшысы Н.С.Хрущевтың ойынша, қылмыстылықпен күрес және 
кеңес азаматтарының саналық деңгейінің жоғары болуына байланысты, халық 
өзі дербес түрде, құқыққорғау мекемелерінің көп мөлшерінсіз қылмыстылықты 
ауыздықтай алады. Бұдан басқа, ол теріс құбылыс Кеңес мемлекетіне емес, ол 
тек буржуаздық мемлекеттер үшін тән болып табылды. 
Осыған  байланысты  1959  жылы  2  наурызда  «Елдегі  қоғамдық  тәртіпті 
қорғауға  еңбекшілердің  қатысу  туралы»  деп  аталған  арнайы  Қаулы 
қабылданады [140]. 
КСРО  сияқты  елде  кез-келген  партиялық-мемлекеттік  органдардың 
шешімдері  жылдам  қабылданып,  бұл  мәселелер  қанша  күрделі  болса  да  сол 
мезетте орындалып жатты. Пролетарлық мемлекеттің идеологиялық машинасы 
кіршіксіз  жұмыс  істегені  сонша,  қысқа  мерзім  ішінде  әр  азамат  қаулы  және 
партия шешімдері туралы біліп отырды және енгізіліп жатқан жаңартуларға оң 
көзбен  қараулары  тиіс  болды.  Бүкіл  Кеңес  Одағы  бойынша  негізінен  ірі 
кәсіпорындар,  фабрикалар  және  зауыттар  мен  жоғары  оқу  орындарында  және 
т.б.  жерлерде  сол  ұйымдардың  басшылары,  партия  немесе  кәсіподақ 
қайраткерлері  жетекшілік  еткен  еркін  халық  жасақтары,  үй  комитеттері, 
жолдастық  соттар  белсенді  құрыла  бастады.  Осылай,  ресей  ғалымы  С.Н. 
Грошевтің  мәліметтері  бойынша,  1962  жылы  РКФСР-дегі  ЕХЖ-ға  шамалы 
уақыт ішінде 130 халық жасақтары арқылы 4 млн. адам кірген [141]. 
1960 жылы Бүкілодақтық Ішкі Істер Министрлігі таратылып, өкілеттіктері 
ұлттық  республикалардың  ІІМ-не  берілген  болатын.  С.Н.  Грошевтың 
айтуынша, бұл Жарлық кеңес халқына бұрын іс жүзінде елді басқарып келген 
ішкі істер органдарының бұдан былай ел өміріне араласа алмайтынын көрсету 
арқылы кемсіту сияқты саяси мақсатты көздеген [141, б.80]. 
Р.С. Мулукаев және өзге ресей ғалымдары бұл қылмыстылықпен күресудің 
республикааралық  бүкілодақтық  жүйесін  босаңсытқан  қате  шешім  болғанын 
айтады.  Нәтижесінде,  тәжірибе  алмасу  және  құқықбұзушылықты  ашу  үшін 
ғылым мен білімнің жаңа жетістіктерін пайдалану бұзылады [142]. 
Расында,  осы  кезде  елдегі  криминогендік  ахуал  өршіп  кеткен  болатын, 
органдардан  үздік  кәсіби  кадрлар  кете  бастайды,  одақтас  республикалардың 
ішкі  істер  Министрліктерінде  репрессия  жылдары  жойылған  техникалар, 
құзыретті мамандар мен тәжірибелер жетіспей жатты. Н.С. Хрущев жетекшілік 
еткен  кеңес  басшылығының  құқыққорғау  органдарына  азаматтардың 
құқықтары  мен  бостандықтарын  бұзуда  асыра  сілтеушілік  болмау  үшін 
қоғамдық бақылау жасай отырып,  көмек көрсетуде жасаған ұмтылыстарының 
пайдалы  жақтары  мен  келешегі  бар  идеялар  да  болды.  Азаматтар  қоғамдағы 
құқықтық  тәртіпті  қамтамасыз  етуде  жәрдемдесті,  алайда,  арнайы  оқытылған 


98
 
 
қарулы  милиция  бөлімшелерінсіз  соғыстан  кейін  кең  ауқым  алған 
қылмыстылықпен күресу мүмкін емес болатын.  
Дәстүрлі  демократиясы  бар  елдердегі  халықтардың  кез-келген  болып 
жатқан тәртіпсіздіктер, мысалы, көршілердің ұрсысуы, маңайларында тұратын 
күдікті адамдар тұлғалар туралы және т.б. жөнінде полицияға хабарлау міндеті 
біз  үшін  үйреншікті  емес.  Бұл  елдердегі  азаматтар  және  олардың  тұрғындары 
бала  кезінен  бастап  адамдарға,  жануарларға  және  қоршаған  орта  мен 
экологияға  қатысты  құқықбұзушылықтарға  төзімсіздікке  тәрбиеленетінін  атап 
өту  керек.  Өкінішке  орай,  қазақстан  халқы  мұндай  құқықтық  мәдениет  пен 
құқықтық сана деңгейіне әлі жете берген жоқ, ал бұл біздің қоғамды Еуропалық 
мемлекеттерден айтарлықтай өзгешелендіріп тұрады. 
Біздің  көзқарасымызша,  құқық  қорғау  органдарына  көмек  көрсету, 
алдымен біздің азаматтық парызымыз және қасиетті міндетіміз деген түсінікті 
отбасындағы  тәрбиемен  сіңіре  отырып,  кейін  оны  мектепке  дейінгі 
мекемелерде,  мектепте,  жоғарғы  оқу  орындарында  бекіткен  жағдайда  ғана 
біздің қоғамымыздағы кеңес уақытынан бері келе жатқан «тоқылдақтық» деген 
жалған қағидалардан арыла аламыз. 
Мемлекет  көпқабатты  әлеуметтік  құбылыс  болғандықтан  оның 
қылмыстылықты  қоғамның  қолына  беруі,  біздің  ойымызша,  теріс  әсер  еткен. 
Сталин  өлгеннен  кейін  жүздеген  мың  қылмыстық  элементтерге  кешірім 
жасалады,  криминалдық  элементтердің  айналымында  олжаға  түскен  қару-
жарақтың  саны  шексіз  болды,  ал  солармен  тек  дружиналармен  және  қоғам 
күштерімен  күресу  қате  шешім  болып  табылғаны  белгілі.  Бұл  жерде  кезінде 
Ленин  және  оның  серіктестері  патша  полициясы  мен  Уақытша  үкіметтің  ішкі 
істер  органдарын  таратып  жіберіп,  сол  кездегі  қылмыстылықпен  құрамына 
жұмысшылар және қызылгвардиялықтар кірген халық милициясының қолымен 
қарсы  күреспекші  болған  1917-1918  жылдардағы  тарихы  қайталанды.  Бірақ, 
ақыры  соңында,  кеңес  үкіметі  адыңғы  Ресей  патшалығында  болған 
құқыққорғау  органдарының  үлгісі  бойынша  ескі  білікті  кадрларды  жұмысқа 
тарта  отырып,  мамандандырылған  милиция  бөлімшелерін  құруға  мәжбүр 
болады. 
Н.С.  Хрущев  КСРО  ОК  Бас  Хатшысы  лауазымынан  түсірілгеннен  кейін 
1964  жылы  елде  Жалпыодақтық  құқыққорғау  органдары  қалпына  келтіріледі. 
1966  жылы  КСРО-ның  қоғамдық  тәртіпті  қорғау  Министрлігі  құрылады.  Н.А. 
Биекенов  атап  өткендей,  бұл  біріншіден,  бүкіл  Кеңес  Одағы  шеңберіндегі 
қылмыстылықпен  күресуді  күшейте  түсті  және  қылмысты  ашу  бойынша 
милиция  қызметінің  жетілдірілуіне  ықпал  етеді.  ІІМ  бұрынғыдай 
қосбағыныштылықта  болады.  Қазақстанда  осы  кезеңде  45  жаңа  аудандық 
милиция  бөлімдері  құрылады,  жалпы  республика  бойынша  олардың  саны  215 
жетеді [139, б.27]. 
Мемлекет  осы  кезеңде  ІІМ-нің  материалдық-техникалық  базасының 
нығаюына  мол  қаржы  бөледі,  атап  айтсақ,  қаруландыруға,  сараптама 
мекемелерін құру, нысанды киіммен, көлік құралдарымен қамтамасыз ету және 


99
 
 
т.б. Еркін халық дружиналары, штаттан тыс қызметкерлер де құқықтық тәртіп 
органдарына көмек көрсетеді. 
1962  жылдың  26  қыркүйегіндегі  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының 
Жарлығымен  жыл  сайынғы  мереке  –  кеңес  милициясының  Күнінің  бекітілуі 
маңызды  оқиғалардың  бірі  болып  табылды  [143].  Бұл  күні  істелген 
жұмыстардың  қорытындысы  жасалды,  ерекше  көзге  түскен  қызметкерлер 
ордендермен  және  медальдармен  марапатталып,  шендерін  алып,  қызмет 
бойынша  көтеріліп  жатты.  Кеңес  үкіметі  милициясыз  және  құзыретті 
құқыққорғау  мекемелерінсіз  халықтың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  және 
қылмыстылықпен күресу мүмкін емес екендігін ұғынды, ал қоғамға, ішкі істер 
органдарын қолда бар құралмен, яғни қылмыскер туралы, дайындалып жатқан 
немесе  жасалып  жатқан  қылмыс  жайында  ақпарат  беру  арқылы  құқыққорғау 
органдарына көмектесу міндеттері жүктеледі. 
Сол уақыттарда Компартияның ресми деректері бойынша Кеңестер елінде 
нашақорлық,  жезөкшелік  және  ұйымдасқан  қылмыстылық  болмаған,  мұндай 
құбылыстар  КСРО  мен  оның  одақтас  республикаларында  емес,  шіри  бастаған 
капитализм  елдеріне  тән  болған.  Нақтысында,  бұл  құбылыстардың  барлығын 
партия органдары жасырып келген. 
Мемлекет  осы  кезеңнен  бастап  милицияның  абыройы  мен  беделін  халық 
алдында  көтере  бастады.  1968  жылы  қарашада  Жоғарғы  Кеңес  Жарлығымен 
милиция  органдарына  олардың  бұрынғы  –  КСРО  ІІМ  атауы  қайтарылған 
болатын.  Қазақстанда  дербес  –  Қылмыстық  іздестіру,  СМТКБ  (ОБХСС)  – 
социалистік  меншікті  тонаумен  күрес  бөлімі,  МАИ  –  мемлекеттік 
автоинспекция басқармалары құрылған болатын [139, б.28]. 
Милиция  органдарының  қалыптасуымен  бірге  Қазақстанның  сот  және 
құқықтық  жүйелерінің  қалыптасуы  жүреді.  Егер  тарихты  еске  алсақ,  1924 
жылғы  Конституциямен  КСР  Одағының  құзіретіне  сот  ісін  жүргізудің 
негіздерін  бекіту  жатқызылған.  Осыған  байланысты,  1924  жылдың  29 
қазанында елдің сот органдарының қызметі мен біртұтас құрылуы бастамасын 
бекіткен сот ісі негіздері шығады [144]. Олар Қазақстандағы кеңестік соттарды 
ары қарай ұйымдастырудың негізі болады. 
КСРО  ХКК  және  ОАК-нің  1931  жылғы  3  мамырдағы  қаулысына  сәйкес 
бұрынғы  арбитраж  соттары  жойылып  олардың  орнына  КСРО  МК,  одақтас 
республикаладың,  өлкелік  және  облыстық  атқару  комитеттерінің  жанынан 
Мемлекеттік арбитраж құрылған болатын [145]. 
Сот  жүйесінің  басты  қағидаттары  болып  судьялардың  сайлануы, 
алқалылық,  жариялылық  табылды  және  алғашқы  уақытта  сот  төрелігі  тек 
еңбекшілермен  ғана  жүзеге  асырылды,  яғни  сотта  міндетті  түрде  халық 
заседателі  болуы  керек  болды.  Кейін,  1936  жылғы  Конституцияда  бұл 
қағидалар  нақтыланып,  «Сот  және  прокуратура»  деген  9  Тарауында  халық 
соттары  жалпыға  бірдей,  тең,  тікелей  сайлау  құқығымен жасырын дауыс  беру 
арқылы 5 жылға сайланатыны бекітілді [146]. 
Соғысқа дейінгі 1938 жылы елдің аумағында КСР Одағының соттары және 
одақтас  республикалардың  соттары  болып  бөлінген  біртұтас  сот  жүйесі 


100
 
 
бекітілген  «КСР  Одағы,  одақтық  және  автономиялық  республикалардың  сот 
құрылысы  туралы»  Заңы  шығады.  Осылай,  мысалы,  КСРО  Жоғарғы  соты, 
әскери  трибуналдар,  темір  жол  және  су  көлігінің  желілік  соттары  бірінші 
санатқа  жатқызылды.  Одақтас  республикалардың  сот  құрылысы  одақтас  және 
автономиялық  республикалардың  Жоғарғы  соттарынан,  өлкелік,  облыстық 
және халық соттарынан тұрды [146, б.30]. 
30-40-жылдары  қоғамдағы  әділдікті  орнату  үшін  большевиктермен 
құрылған  сот  жүйесі  репрессия  және  жаппай  таптық  жауларды  құрту 
жағдайында  өзінің  толық  қарама-қайшылығына  айналды.  Қолданыстағы  сот 
жүйесі  «халық  жауларына»  қысқа  мерзім  ішінде  сот  үкімін  шығаруда  тиімсіз 
болады,  сондықтан  КСРО-да  елдің  ұлттық  қауіпсіздігіне  қатысты  ерекше 
маңызды  істерді  қарайтын  «Үштік»,  «Екілік»  және  «Ерекше  кеңестер» 
құрылған  болатын.  Солай,  мысалы,  И.Рашковец  «Екіліктердің»  РКФСР-дің 
1937 жылдың 11 тамызындағы Бұйрығына сәйкес келу жолымен құрылатынын 
айтады. Оның құрамына республиканың Ішкі істер халық комиссары және өлке 
немесе облыстың ІІХК бастығы кірді. «Үштікке» облыстық партия комитетінің 
Хатшысы,  республиканың  Ішкі  істер халық  комиссариатының  жетекшісі  және 
Бас прокурор кірді [147]. 
Істі  қарау  жабық  түрде,  қорғаушысыз  жүзеге  асырылды  және  үкім  тез 
арада  орындалды.  Осының  нәтижесінде,  Кеңес  Одағының  және  Қазақстанның 
сот  жүйелері  қиын  дағдарысты  басынан  өткерді,  өйткені  сот  функциялары 
атқарушы құрылымның қолына өткен болатын. 
Кейінірек,  «Екіліктер»  мен  «Үштіктер»  1938  жылы  таратылады,  тек  ІІХК 
жанындағы «Ерекше кеңес» 1953 жылға дейін әрекет етеді [147, б.314]. 
«Жылымық»  кезеңінде  КСРО-ның  Жоғарғы  Кеңесі  1957  жылдың 
ақпанында Қазақстан сот ісін ары қарай дамыту үшін маңызды шешім «Одақтас 
республикалардың  басқаруына  сот  құрылымын  беру,  азаматтық,  қылмыстық 
істер  және  процессуалды  кодекстерді  қабылдауы  туралы»  Заңды  қабылдайды  
[133, б.205]. 
Бұл  заңның  қабылдануы  әрине,  Одақ  пен  республиканың  өкілеттіктерін 
ажыратуға  мүмкіндік  берді,  дегенмен,  республикаларға  КСР  Одағы  бекіткен 
жалпы қағидаттар шегіндегі кейбір заң салаларына өзгерістер енгізуге құқықтар 
берген болатын. Өзінің алдыңғы даму кезеңімен салыстырғанда, Қазақстан бұл 
жолғы  заңнамаларында  өзінің  тарихи  мәдени  ерекшеліктерін  көрсете  алды. 
Және де осы кезеңнің ең бір маңызды оқиғасы ол соттың өзінің азаматтарының 
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуімен айналысып, қоғамдағы өз 
орнын  ала  бастауы  болды.  Бұл  режимнің  ырықтандырылуындағы  және 
сталиндік тоталитарлық жүйеден ауытқудағы бірінші басты қадам болды.   
Польша халық республикасында 1952 жылы Конституция қабылданғаннан 
кейін,  Кеңес  Одағының  үлгісі  бойынша  сот  жүйесі  саласында  реформалар 
жүзеге  асырыла  бастағанын  айта  кету  керек.  Бұған  дейін,  1950  жылғы  20 
шілдедегі  «Жалпы  соттардың  сот  құрылысының  өзгеруі  жөніндегі»  Заңы 
белгілі  бір  рөлді  атқарғаны  белгілі.  Конституциядағы  негізгі  ереже  бойынша 
судья  лауазымына 25  жасқа  толған,  мінсіз  абыройы,  заң білімі бар, 2 жылдық 


101
 
 
жұмыс өтіліне ие, ауызша емтихан тапсырған және судьяның көмекшісі болып 
бір  жыл  жұмыс  атқарған  азамат  сайлана  алды.  Сот  өндірісі  әрекет  қабілетті 
азаматтар 2 жыл мерзімге сайлаған халық заседателдерінің қатысуымен жүзеге 
асырылды  [148].  Бір  ерекшелігі,  Польшада  сот  жүйесі  3  сатылы  болды: 
Жоғарғы  сот,  облыстық  (воеводтық)  соттар  және  уездік  (понятовск)  соттар, 
соңғысында  кәмелетке  томағандардың  істері  жөніндегі  сұрақтар  қарала  алды 
[148, б.172]. 
Егер  Қазақ  КСР-дегі  оқиғаларға  оралатын  болсақ,  1957  жылдың 
наурызында  республиканың  Жоғарғы  Кеңесімен  ҚазКСР-дің  Негізгі  Заңына 
республиканың  басқаруына  сот  құрылысы  туралы  заңнама,  азаматтық  және 
қылмыстық кодекстер қабылдау жөнінде өзгерістер енгізілген болатын. 
КСРО  Жоғарғы  сотының  құрамына  демократиялық  мемлекеттің  белгісі 
ретінде одақтас республикалардың Жоғарғы соттарының төрағалары енгізілген 
болатын.  Осындай  демократиялық  қайта  құрылымдардың  нәтижесінде,  1958 
жылы  Қазақстанда  Қазақ  КСР  сот  құрылысы  туралы  Заңдар  әрекет  ете 
бастайды [133, б.206].  
1959  жылы  қабылданған  ҚазКСР  ҚК  және  ҚПК  КСР  одағы  мен  одақтас 
республикалардың қылмыстық заңнамасының негіздеріне және 1958 жылғы 25 
желтоқсандағы Қылмыстық сот өндірісінің негіздеріне сәйкес келгенін, және де 
тоталитаризмнен  демократияға  көшуге  ұмтылып  отырған  қоғамның  басты 
қағидаттарын  растағанын  айту  керек.  Бұл  ашықтық,  жариялылық,  жеке  басқа 
қол  сұқпаушылық,  сот  төрелігін  тек  соттың  жүзеге  асыруы,  айыпталушының 
қорғалу  құқығын  қамтамасыз  ету,  сот  ісі  жүргізілетін  тіл,  судьяға,  прокурор 
немесе  басқа  да  процеске  қатысушыларға  қарсылық  білдіру  мүмкіндігі, 
қылмыстық сот ісін жүргізудегі прокурорлық қадағалау сияқты қағидалар [149]. 
Осы  негіз  қалаушы  қағидаттар  соғыстан  кейін  кеңес  ғалымдарымен  белсенді 
дайындалған  Қылмыстық  және  Қылмыстық  процессуалдық  құқықтың 
негіздеріне  алынды.  Кеңестік  қылмыстық  және  қылмыстық  процессуалдық 
құқық туралы толық бір мектеп негізін қалаған М.С. Строгович, М.А. Чельцов, 
Т.Н. Добровольская, Н.Н. Полянский, М.Л. Якуб, П.С. Элькинд  және басқа да 
ғалымдар үлкен рөл атқарды [150]. 
Азаматтық  сот  өндірісі  мәселелерін  шешуде  М.Г.  Авдюков,  А.А. 
Добровольский,  Р.Е.  Гукасян,  П.Ф.  Елисейкин,  Д.М.  Чечот,  И.А.  Жеруолис 
сияқты ғалымдар үлкен үлес қосқан [150, б.138]. 
Құқықтың басқа да салаларының дамуына үлес қосқан ғалымдарды атамай 
кетуге болмас, олар мысалы, Р.С. Белкин – криминалистика туралы ғылым, Т.А. 
Маркелов,  С.Г.  Новиков  –  сот  өндірісіндегі  прокуратураның  орны  және 
прокурорлық  қадағалау,  мемлекет  және  құқық  теоретиктері  –  Л.С.  Явич,  А.И. 
Королев,  Д.А.  Киримов,  В.П.  Казимирчюк  және  басқалар  [151].  Олар  одақтас 
республикалар,  соның  ішінде  Қазақстандағы  ғалымдарды  дайындауда  үлкен 
рөл  атқарды.  Бүгінгі  күні  Одақ  болмаса  да  біздің  екінші,  үшінші  ұрпақтар 
арасындағы  ғылыми  қатынас  әлі  де  жалғасуда.  Бұл  ғылымда  шекара 
болмайтынын  және  біздің  алдымыздағы  ғалымдарымыз  жасап  кеткен  ерекше 


102
 
 
құндылықтарды  сақтау  қалу  үшін  оның  саясаттан  тыс  болуы  керектігін  
білдіреді. 
ҚазКСР-дегі  қылмыстық  және  қылмыстық-процессуалдық  құқықтың 
дамуы  барысында  құқықтың  өзге  салалары-азаматтық,  еңбек,  колхоз,  жер 
құқықтары дами бастайды. Мысалы, азаматтық және азаматтық-процессуалдық 
кодекс  республиканың  ЖК  1963  жылы  28  желтоқсанында  қабылданған 
болатын.  1969  жылы  6  тамызда  Қазақ  КСР-нің  неке  және  отбасы  Кодексі 
қабылданады,  1971-1972  жылдары  Жер  және  Су  кодекстері,  кейінірек,  1972 
жылы  21  маусымда  Қаз  КСР  ЖК  Еңбек  туралы  заңдар  кодексін  қабылдайды. 
1976  жылы  4  тамызда  Жер  қойнау  туралы  Кодекс  қабылданады,  1978  жылы 
орман  кодексі  бекітіледі.  Біздің  республикамыздың  аумағында  орналасқан  14 
мың  тарихи,  археология  және  мәдениет  ескерткіштерін  қамтыған  мәдени 
мұрамызды,  солардың  ішінде  үлкен  танымалдылыққа  ие  болған  Қожа  Ахмет 
Яссауй,  Айша  Бибі,  Жошы  Хан  мовзолейлерін  сақтап  қалу  үшін  1978  жылы 
«Тарих  және  мәдениет  ескерткіштерін  қорғау  және  пайдалану  жөнінде»  Заң 
қабылданған  болатын  [133,  б.219].  Бұл  нормативтік  акт  осы  баға  жетпес 
мәдениет  ескерткіштеріне  мемлекеттік  қорғауды,  есеп  жүргізуді,  бақылау  мен 
пайдалануды қамтамасыз етуі керек болды. 1983 жылы республикада тұрғын үй 
кодексі бекітілген болатын [133, б.221]. 
Кері  қайта  отырып,  республикада  1977  жылғы  КСРО  Конституциясының 
негізінде  жаңа  Конституция  қабылдауға  дайындық  жүріп  жатқанын  айта  кету 
керек.  Нәтижесінде,  1978  жылдың  20  сәуірінде  Қаз  КСР  ЖК  VII  сессиясында 
Қаз  КСР-дің  Конституциясы  қабылданған  болатын  [133,  б.222].  Бұл  Заң 
дамыған,  кемелденген  социализмнің  Конституциясы  ретінде  аталады. 
Конституцияның  басты  бағыты  социалистік  демократияны  кеңейту  және 
тереңдету, мемлекетті басқаруға азаматтардың кеңінен қатысуы болды [152]. 
Кеңес  одағы  және  одақтас  республикаларда  болған  процестер  Варшава 
келісімі  елдерін,  атап  айтсақ,  Польша  Халық  республикасын  айналып  өтпей 
кетпегенін  атап  өту  керек.  Мысалы,  1969  жылы  Польшада  1932  жылғы 
Қылмыстық  кодекстің  орнына  жаңа  қылмыстық  Кодекс  қабылданады.  Оның 
басты  ерекшелігі  болып  ұсақ  құқықбұзушылықтарға  бас  бостандығын 
айырумен  байланысты  емес  жұмсағырақ  жаза  қарастырылуы,  қылмыстық 
атқару  жүйесінің  колониясына  жабылмауы  табылды.  Яғни,  құқықбұзушы 
бостандықта өмір сүріп, өндірісте жұмыс істей алды, алайда, оның белгіленген 
мерзім  аяқталғанша  тиісті  аумақтан  кетпеу  міндеті  полиция  органдарының 
толық  бақылауында  болды.  Тапқан  еңбек  ақысы  сотпен  бекітілген  ақшалай 
айыппұлдарын  өтеуге  кетіп  отырған  [153].  Бұдан  басқа,  сотталушы  сот 
үкімімен айына 20-50 сағат көлемінде өтеусіз қоғамдық жұмыстарға тартылуы 
мүмкін болған [153, б.205]. 
1974  жылы  26  маусымда  Польшада  Еңбек  кодексі  қабылданады.  Жұмыс 
беруші мен жұмысшының арасындағы даулы еңбек қатынастары, және де еңбек 
қатынастарымен  байланысты  өзге  де  сұрақтар  бойынша  шағымдар  арнайы 
соттармен  қарастырылды.  Польшада  олардың  саны  17  болды,  олар  аймақтар 
бойынша  біркелкі  орналастырылды  және  1974  жылғы  24  желтоқсандағы 


103
 
 
«Еңбек  ісі  және  әлеуметтік  сақтандыру  жөніндегі  аймақтық  соттар  туралы» 
Заңына сәйкес әрекет етеді [154]. 
«Хрущев  жылымығы»  және  КСРО  мемлекет  Басшыларының  қоғамды 
қылмыстылық  пен құқықбұзушылыққа  қарсы  күрес  жүргізуге  ұйымдастырмақ 
болған  кезеңдерде  қоғамдық  институттар  ішінде  КСРО  ыдырағанға  дейін 
Жолдастық соттардың әрекет еткен айта кету керек. Бұл институт 30-жылдары 
пайда болды, ол сот өндірісіне қатысқан халық заседательдері сияқты таптық, 
моральдық-этикалық  және  адамгершілік  көзқарас  тұрғысынан  үкімдер  мен 
шешімдер қабылдауда үлкен рөл атқарды. Олар кеңестік Қазақстанның барлық 
елді мекендерінде құрылды.  
Мысалы, М.Сапарғалиев, ҚазКСР ҚК-де бірінші рет жасалынған бірқатар 
құқықбұзушылықтардың  қоғамдық  ықпал  ету  шараларына  жататыны  нақты 
көрсетілгенін,  екіншіден,  республиканың  ҚК-нің  бірқатар  баптарында  егер 
қоғамдық  және  әкімшілік  ықпал  ету  шаралары  жеткіліксіз  болса,  қылмыстық 
жауапкершілік қарастырылғанын атап өткен. Және де, үшіншіден, ҚазКСР ҚК-
нің  бірқатар  баптарында  белгілі  бір  құқықбұзушылықтардың  Жолдастық 
соттардың қарауына берілу мүмкіндігі тікелей көрсетілген [155]. 
ҚазКСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  1960  жылғы  30  тамыздағы 
Жарлығымен кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, елді мекендерде және 
ауылдарда  құрылатын  республикадағы  барлық  жолдастық  соттар  үшін 
бірыңғай  заң  болып  табылған  Жолдастық  соттар  туралы  Ереже  шығады  [155, 
б.436]. 
Бұдан  кейін,  билік  органдары  жолдастық  соттардың  өкілеттіктерін 
кеңейткен бірқатар нормативтік актілер қабылдайды. Жолдастық сот қарастыра 
алатын  құқықбұзушылықтардың  шеңбері  кеңейіп,  халық  соттарының 
құзыретінде болған ұсақ істер де солардың қарауына өтеді. Заң шығарушының 
ойынша,  осылай  халық  соттары  ұсақ  азаматтық  және  қылмыстық  істерден 
жеңілдетіледі,  ал  жолдастық  соттар  мен  қоғам  болса  ұсақ  даулар  мен 
құқықбұзушылықтарды шешуде көмектеседі. Құқықбұзушыға қоғам тарапынан 
ықпал ету және оны қайта тәрбиелеу басты болып табылды.  
М.Сапарғалиев  ҚазКСР-де  толық  емес  мәліметтер  бойынша  1960  жылы 
11 740 жолдастық соттар болғанын айтады. 1964 жылғы 8 мамырдағы «Правда» 
газеті  Қазақ  КСР  жолдастық  соттарының  5 987  істі  қарағаны  жайында  жазған 
[155, б.437]. 
Құқыққорғау  органдарының  дамуы  мен  эволюциясы  жайында  айта 
отырып,  КСРО  және  ҚазКСР  прокуратуралары  жөнінде  бірнеше  сөз  айтпай 
кете  алмаймыз.  Өз  кезінде,  Кеңестер  мемлекетінің  негізін  қалаушы 
В.И.Лениннің  кеңес  прокуратурасын  құрудағы  қағидаттық  бастамаларының 
жүзеге асырылуы сталиндік тоталитарлық режим жағдайында мүмкін емес еді, 
өйткені  билік  диктатор  Сталин  мен  оның  серіктестерінің  қолында  болған. 
Құқыққорғау  органдарындағы  негігі  орындар,  халық  шаруашылығы 
құрылымдары,  кәсіпорындар,  колхоздар  мен  совхоздарды  ІІХК  органдары 
бақылап отырған. Оның соттан тыс өкілеттігінің болғаны және Бас Хатшының 
шешімі бойынша әрекет еткені айтылған болатын. Сондықтан, прокуратураның 


104
 
 
елдегі  заңдылықтың  сақталуына  жоғарғы  қадағалауды  жүзеге  асырудағы 
қызметтері  іс  жүзінде  жоққа  шығарылды,  өйткені  ІІХК-на  олардың  қолы 
жетпеді.  Әйтсе  де  прокурор  қылмыстық  іс  басталған  сәттен  бастап,  оның 
аяқталғанынша  қадағалауды  жүзеге  асыруға,  сұрау  алу  кезінде  қатысуға, 
күдіктілерді  қорғаушылармен,  оның  тергеу  изоляторында  және  жазасын  өтеу 
орындары  –  колониялар  мен  түрмелерде  ұсталуының  тиісті  жағдайын 
қамтамасыз етуге тиісті болатын. 
Елде  30-жылдардың  соңында  жаппай  қуғын  сүргін  басталған  кезде 
көптеген прокуратура жұмысшылары кінәлі тұлғаларды ұстау және қамауға алу 
туралы  құжаттарға  қолдарын  қоюдан  бас  тартады,  жоғары  тұрған  билік 
органдарына, Бас прокуратураға, КСРО Жоғарғы Кеңесіне және тіпті Сталинге 
мәлімдемелер  мен  баянаттар  жазады.  Мұндай  саяси  қарсыластарды  жылдам 
құртуға  кедергі  келтірген  «жарамсыз»  прокуратура  қызметкерлері  өздері 
репрессия машинасының құрбандарына айналады. Әйтсе де олардың арасында 
өздерінің  отбасыларын,  өмірін  сақтап  қалу  үшін  тоталитарлық  режимнің 
шарттарын мәжбүрлі қабылдаған тұлғалар да болған. 
Прокуратура Қазақ КСР-нің құқыққорғау жүйесінде маңызды рөл ойнады. 
Алғашында  ол  Әділет  Халкоматының  құрамында  болғаны  белгілі.  Әділет 
Халық  комиссары  прокурордың  қызметтерін  атқара  беретін,  алайда,  1928 
жылдың  27-тамызындағы  «РКФСР  сотқұрылысы  туралы  Ереженің  60-бабын 
өзгерту  жөніндегі»  РКФСР  ХКК  және  БРАК  (Бүкіл  ресейлік  атқару  комитеті) 
Қаулысына  сәйкес  әділет  халық  комиссары  мен  республика  прокурорының 
лауазымдарын  бір  тұлғаның  атқаруына  тыйым  салынады.  Осы  сәттен  бастап 
прокурордың  функциялары  әділет  халық  комиссарының  орынбасарына 
берілген болатын [156]. 
Біртіндеп,  елдің  және  одақтас  республикалардың  прокуратура  органдары 
қалыптаса  бастайды.  Осылай,  1933  жылы  17-желтоқсанда  «КСРО 
прокуратурасын құру жөнінде» КСРО ХКК және ОАК қаулысы шығып, «КСРО 
Прокуратурасы  жөніндегі  Ереже»  бекітіледі  [157].  Осы  уақыттан  бастап  бұл 
органның  заңдылық  пен  құқықтық  тәртіптің  сақталуы  жолындағы  күрес 
жүргізуінің негізгі міндеттері анықталған болатын. 
1936  жылы  Қазақ  КСР-і  құрылғаннан  кейін  тұңғыш  прокурор  Есқараев 
С.Е. Қазақстандағы әділет Халкоматы мен прокуратураны бөлу туралы бұйрық 
шығарады.  Әрі,  автономиялық  және  одақтас  республикалардың  прокурорлары 
өздерінің    жұмыстары  бойынша  КСРО  прокурорына  тікелей  бағыныстылықта 
болды  [156,  б.105].  Яғни,  прокуратура  органдарының  бір  орталыққа 
бағындырылуы  1936  жылы  Конституцияның  қабылдануымен  аяқталған 
болатын. 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  кезеңінде  Қазақстан  прокуратурасы 
органдарынан  соғыстың  басталуынан  1942  жылға  дейінгі  аралықта  885 
жұмысшылар құрамының жартысына жуығы 45%-ы майданға аттанады. Соғыс 
уақыты  жағдайында  прокуратура  жеделдетілген  курстарды  өткен  соғыстан 
қайтып  келген  майдангерлер  мен  әйелдерді  жұмысқа  тартуға  мәжбүр  болады 
[156,  б.107].  Соғыс уақытындағы  прокуратура  органдарының  басты  міндеттері 


105
 
 
құқықбұзушылықтармен  және  майданға  арналған  тауарлар  мен  азық-түліктер 
ұрлығымен  күрес  жүргізу  болатын  және  де  прокурорлық  жұмысшылар 
қылмыстық  және  қоғамдық  қылмыстармен  күрес  жүргізу,  заңдылық  пен 
құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалау бойынша жұмыстар жүргізді.  
2  сыныпты  Мемлекеттік  әділет  кеңесшісі,  профессор  М.Ю.  Рагинский 
майдандағы  және  тылдағы  сияқты  елде  де  қатаң  және  темірдей  тәртіп  орнату 
қажет болғанын атап өтеді [158]. 
Құқыққорғау  органдарының  қандай  жағдайда  жұмыс  жасап  жатқанын 
көрген  КСРО  Бас  Прокуроры  үкіметке  олардың  еңбекақыларын  көтеру, 
материалдық  қамсыздандыру  және  де  кадрлық  құрамды  толықтыру  бойынша 
өтініш  білдіреді.  Бұдан  басқа,  КСРО  ЖК  Президиумы  1955  жылы  4  мамырда 
бұл  органның  қызметі  үшін  негізі  болған  «КСРО  прокурорлық  қадағалауы 
туралы Ережені» бекітеді [159]. Онда прокуратураның міндеттері, олардың өзге 
құқықтық  тәртіп  органдарының  ішіндегі  орны,  функциялары  және  жұмыс 
әрекетіндегі құзіреттері айтылған. Бұл өз кезегінде Қазақ КСР прокуратурасын 
дербес құқыққорғау мекемесі ретінде бекітті. 
Осы уақытта 1950 жылы 20 шілдеде Польшада да қағидалары 1952 жылғы 
Конституцияда  бекітілген  прокуратура  туралы  Заң  қабылданғанын  атап  өту 
керек.  Польша  прокуратурасының  қызметі  КСРО  үлгісі  бойынша  билік  және 
басқару  органдарының  және  де  жергілікті  органдар  мен  олардың 
азаматтарының заңдарды дұрыс сақтауына қадағалау жүргізуді белгілейді. Бұл 
нормативтік акті пайда болғанға дейін Әділет министрлігінің құрамында болған 
Польша  прокуратурасы  тек  соттағы  айыптау  функциясын  жүзеге  асырып 
келген, ал осы сәттен бастап ол республикадағы Бас прокурор басқаруындағы 
дербес мекемеге айналады [148, б.179]. 
1978  жылғы  ҚазКСР  Конституциясы  қабылданғанға  дейін  Ресей 
федерациясы  және  өзге  де  одақтас  республикалардың  қатысуымен  Қазақ  КСР 
жоғарғы оқу орындарында құқыққорғау органдарында жұмыс жасау үшін үлкен 
көлемде білікті заңгерлер оқытылған болатын. Мысалы, 1955 жылы С.М. Киров 
атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  заң  факультетінде  білім  алып 
жатқан  студенттердің  саны    415  адамды  құраған  [138,  б.91],  ал  1972  жылы 
Қарағанды мемлекеттік университетінде заң факультеті ашылады. Бұл жоғарғы 
оқу  орындары  тек  құқыққорғау  мекемелеріне  тәжірибе  мамандарын  дайындап 
қана  қоймай,  ол  солармен  бірге  уақыт  өте  келе  қазақстандық  заң  ғылымының 
патриархтарына айналған оқытушы кадрларды әзірлегенін айта кету керек. 
1977  жылғы  КСРО  Конституциясының  прокуратураға  арналған  164-168  
баптарында  Бас  прокурор  басшылық  еткен  осы  мекеменің  мақсаттары  мен 
міндеттері атап өтілген [160]. 
Одақтас  республикалардың  Конституцияларында  да  прокуратура 
органдарының  барлық  мемлекеттік  басқару,  қоғамдық  мекемлер  және  елдегі 
азаматтардың  заңдарды  дұрыс  орындауларына  бағытталған  құқықтары 
анықталған болатын. 
1979  жылдың  30  қарашасында  КСРО  Жоғарғы  Кеңесімен  «КСРО 
прокуратурасы  жөнінде»  Заң  қабылданады  [161],  бұл  заң  бойынша 


106
 
 
прокуратураның  қылмыстылықпен  күрес,  мемлекеттік  және  кеңестік 
ұйымдарды,  қоғамдық  мекемелер  мен  азаматтарды  қатаң  бақылауға  алу 
бойынша  функциялары  нығая  түседі.  Прокуратура  ішкі  істер  тергеу 
органдарына  қадағалауды  жүзеге  асырған,  сотталғандардың  жағдайын  білу 
мақсатында  бас  бостандығынан  айыру  орындарын  тексерген,  сот  істерін 
шешуде  мемлекет  өкілі  ретінде  сот  отырыстарында  белсенді  қатысқан. 
Мысалы, тек 1964 жылы РКФСР-де прокурорлардың наразылықтары бойынша 
50 000  жуық  жергілікті  басқару  органдары  қабылдаған  заңсыз  актілердің 
күштері жойылған [162]. 
Республикалық  прокуратуралар  үлкен  көмекті  және  іс-тәжірибе 
дағдыларын  Ресей  федерациясының  прокуратура  органдарынан  алғанын  айта 
кету керек. 1979 жылғы 30 қыркүйектегі КСРО прокуратурасы жөніндегі Заңы 
Қазақ  КСР-і  прокуратурасының  дамуына  ықпал  етті.  Онда  бұл  органның 
Конституцияға  сәйкес  заңдардың  нақты  әрі  біркелкі  орындалуына  жоғарғы 
қадағалауды жүзеге асыратыны анық атап өтілген болатын [161, б.238]. 
Осы заңның шеңберінде Әскери прокуратура құрылады, және ең бастысы 
прокуратура органдарына кейбір қылмыстық істер бойынша тергеу әрекеттерін 
жүргізу  және  қамауға  алуға  рұқсат  беру  функциялары  беріледі  [161,  б.247]. 
Яғни,  осы  уақыттан  бастап  біз  прокуратура  органдарының  өкілеттіктерінің 
артқанын  және  мемлекеттің  құқыққорғау  жүйесіндегі  күшті  органның 
құрылғанын көреміз. Тергеу ІІМ, прокуратура және МҚК араларында бөлінген 
болатын. 
Құқыққорғау  жүйесінің  реформалануымен  қатар  сот  процестерінде 
азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғайтын  қорғаушылар 
мекемесі  қалыптаса  бастайды.  Сондықтан,  1979  жылы  30  қарашада  «КСРО 
адвокатурасы  туралы»  Заңы  қабылданады  [161,  б.257].  Мемлекет  бұл  заңмен 
соттағы  және  тергеудегі  құқық  қорғаушыларының  рөлін  қалпына  келтіреді. 
Репрессия  жағдайында  адвокатураның  іс  жүзінде  ешқандай  рөл  ойнамағаны 
және  оның  сот  шешіміне  ықпал  ете  алмағанын  білеміз.  Осы  сәттен  бастап 
олардың сот процестерінің міндетті қатысушысы ретіндегі рөлі артып, олардың 
айыпталушыларды қорғауы бойынша құқық қабілеттіліктерінің шеңбері кеңейе 
түсуі  үлкен  маңызға  ие  болады.  Бұдан  басқа,  адвокаттар  өздерінің  ұйымын  – 
адвокаттар Алқасын құрып тұрғындарға ақылы және тегін құқықтық көмектер 
көрсетуге құқылы болды. 
Поляк  Халық  Республикасында  адвокаттық  ұжымдар  туралы  заң  бұрын 
1958 жылы шыққан болатын, ол заң бойынша адвокаттардың өздерінің Алқалы 
органы мен халыққа заң көмегін көрсетуге қатысу ережесі болған [148, б.185]. 
Құқықтық  реформа  шеңберінде  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  1973  жылы  19 
шілдеде қабылдаған  «Нотариат  туралы»  Заңын  атап өткен  жөн.  Бұл органның 
міндеті  азаматтардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғауға  негізделген 
нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру болып табылды. Нотариалдық әрекеттер 
Қазақстанның  Әділет  органдарына  бағынған  нотариалдық  кеңселер  арқылы 
жүзеге асырылды [146, б.165]. 


107
 
 
Жоғарыда  айтылып  кеткендей,  Қазақстандағы  сот  жүйесі  1959  жылы 
қабылданған  «ҚазКСР  сот  құрылысы  туралы»  Заңның  негізінде  әрекет  етеді 
және  ол  1958  жылғы  25  желтоқсандағы  КСРО  сот  құрылысы  жөніндегі 
Жалпыодақтық заңға толықтай сәйкес келді. Қазақстандағы сот құрылысының 
негізгі  қағидалары  80-жылдарға  дейін  өзгермеген,  мысалы,  сайланушылық, 
алқалылық және соттардың сайлаушылар алдында есеп беруі. Республикадағы 
сот  құрылысы  келесідей  болған:  ҚазКСР  Жоғарғы  Соты,  облыстық  және 
аудандық  (қалалық)  соттар.  Алдыңғы  қабылданған  заңдарға  қарағанда  халық 
заседательдерінің  жас  шектеуі  23  тен  25ке  дейін  өсті,  және  де  сәйкесінше 
сайлаушылардың қайтарып алу құқығы сақтала отырып судьялардың өкілеттік 
мерзімдері 3 тен 5 жылға дейін созылды [163]. 
Құқыққорғау органдары мен сот жүйесі өтпелі 80-жылдарға дейін осындай 
жағдайда  болып  келді.  Билік  басына  М.С.  Горбачев  келген  кезде  елде  кеңес 
қоғамының өмірін әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық реформалау 
басталады.  1985  жылы  сәуірде  өткен  КОКП-ның  соңғы  27  съезінде  жаңа 
басқарма жариялылық, қайта құрулармен қатар соттың рөлі мен орнына, және 
де  елдегі  барлық  құқыққорғау  жүйелеріне  ерекше  назар  аудару  қажеттілігін 
түсінгенін Г.Ж. Сулейменова дұрыс атап өткен [164]. 
Горбачев  және  оның  үкіметі  кеңес  қоғамын  жариялылық  және 
демократияландыру  негізінде  демократялық  реформалауды  бастай  отырып,  ең 
бастысы Кеңестер Одағын ыдыраудан және социализм идеяларын сақтау үшін 
елдің  саяси  жүйесін  жаңғыртуға  тырысқан.  Осыған  байланысты  1989  жылы 
КСРО  халық  депутаттарының  бірінші  Съезі  шақырылады.  1936  жылғы 
Конституциядан  кейін  Сталиннің  халық  депуттарының  съезін  таратқаны 
белгілі,  ал  Горбачев  жетекшілігі  олардың  қайта  жаңғыртылуымен  кеңес 
халқына социалистік қоғам құрудағы лениндік қағидалардан ауытқымайтынын 
көрсетті. 
Съез  сот-құқықтық  реформалардың  басталғанын  жариялады  және  оның 
нәтижесінде  1989  жылдың  4  тамызында  «КСРО-дағы  судьялардың  мәртебесі 
туралы»  Заң  шығады.  Г.Ж.  Сулейменова,  бұл  нормативтік  актінің  ел 
тарихындағы  судьялардың  және  халық  заседательдерінің  құқықтық 
мәртебелерін  реттеген  бірінші  құжат  екенін  айтады.  Онда  сот  істерін  шешуде 
араласуға 
жол 
берілмеушілік, 
сотты 
құрметтеу, 
судьяларға 
қол 
сұғылмаушылық,  судьялардың  аттестациядан  өтуі,  қатаң  білім  талабы, 
судьялыққа  үміткерлердің  жұмыс  өтілі  сияқты  маңызды  қағидалар  көрініс 
тапқан  [164,  б.9],  алайда,  барлық  жаңартуларға  қарамастан  олар  бұрынғыдай 
мемлекет алдында жауапты әрі есеп беруші болып қала береді. 
Дегенмен, бұл заңның кемшіліктеріне қарамастан, оның тәуелсіз сот және 
құқыққорғау  органдарының  қалыптасуы  үшін  Қазақстандағы  демократиялық 
сот төрелігінің негіздерін қалағанын Сулейменова атап өтеді [164, б.11]. 
Жоғарыда  айтылғандардан,  Қазақстанда  одақтас  республика  құрылғаннан 
кейін  құқыққорғау  органдары  мен  сот  жүйесі  қалыптасуын  жалғастырғанын 
атап  өтуге  болады.  Осы  уақытта  қазақ  ұлттық  мемлекеттілігі  және  оның 
құқыққорғау  мекемелері  миллиондаған  адамдардың  тағдырын  талқан  еткен, 


108
 
 
сталиндік  зындандарда  өлім  жазасына  кесілген  немесе  Сібір  және 
Қазақстандағы лагерлерде аса ауыр еңбектен өлген репрессияларға ұшыраса да   
басқа  да  одақтас  республикалармен  бірге  қалыптасудың  қиын  жолдарын 
бастарынан өткерген болатын. 
Репрессия  және  Екінші  Дүниежүзілік  соғыстың  басталуы,  майданға 
құқыққорғау  органдарынан  көптеген  кадрлардың  шақырылуы  және 
құқыққорғау  мекемелеріне  арнайы  білімдері  жоқ  зауыт  жұмысшыларының 
қабылдануы  елдегі  құқыққорғау  жүйесінің  қалыптасуы  жағдайына  әсер  етті. 
Органға  қабылдаудың  басты  қағидаттары  бұрынғыдай  таптық,  партиялылық 
және сол кездегі режимге деген адалдық болды.  
Сталин өлімінен және жеке басқа табынушылықтың беті ашылғаннан кейін 
бұрын  репрессия  кезеңінде  диктатордың  қолындағы  жазалаушы  қару  болып 
келген құқыққорғау органдары реформалана бастайды. Сондықтан, біз милиция 
органдары  мен  мемлекеттік  қауіпсіздік  Министрлігіндегі  өзгерістерді  көбірек 
көреміз.  Олар  бөлініп,  ІІХК  штаты  қысқартылады,  кейбір  қылмыстық  істер 
бойынша тергеу мен анықтау қызметтері алынып ІІМ, МҚМ және прокуратура 
арасында бөлініп беріледі. 
1960  жылы  Жалпыодақтық  ішкі  істер  Министрлігі  таратылып,  олардың 
функциялары  одақтас  республикаларға  беріледі,  кеңес  халқының  ІІМ-дегі 
реформаларға  сенуі  үшін  ІІМ  –  Ішкі  істер  министрлігінің  атауы  ҚТҚМ  – 
қоғамдық тәртіпті қорғау Министрлігі болып өзгертіледі. 
Прокуратураның  өкілеттігі  ІІМ-не  қарағанда  кеңейтіледі.  Бас  хатшы 
Н.С.Хрущевтың  пікірінше,  қоғам  қылмыстылықпен  күрестегі  басты  күшке 
айналуы керек болды. Өйткені, КСРО-дағы қылмыстылық жоғары коммунистік 
идеалдарға  ие  қоғамға  тән  емес,  ол  капитализм  мен  буржуазиялық 
мемлекеттердің  қалдықтары  болып  табылды.  Осыған  байланысты  қоғамдық 
құқықтық  тәртіпті  қадағалауға  міндетті  үй  комитеттері,  халық  дружиналары, 
сот ұйымдарын ұсақ азаматтық және қылмыстық істерден босатқан жолдастық 
соттар сияқты бұқаралық ұйымдар пайда бола бастады. 
Хрущевтың жағымсыз құбылыстармен күрестегі қоғамдық өзін-өзі басқару 
және қоғамдық сана күшіндегі «сау» идеясының болашағының болғаны сөзсіз 
еді,  алайда  Германияны  жеңгеннен  кейін  елде  жасалған  бірқатар 
рақымшылықтар  соғыстан  кейінгі  криминогендік  ахуалдар  кері  нәтижелерге 
алып  келді.  Бас  хатшы  Н.Хрущев  ішкі  істер  органдарын  кемсітуге 
тырысқанымен, 
олардың 
білікті 
мамандарынсыз 
және 
олардың 
қылмыстылықпен  күрестегі  тәжірибелерінсіз  қоғамдық  тәртіпті  ретке  келтіру 
мүмкін  емес  болатын.  Сондықтан  ол  қызметтен  кеткеннен  кейін  ІІМ 
өкілеттіктері толықтай қалпына келтіріледі. 
Кеңес мемлекеті прокуратураға және сотқа материалдық қамтамасыз етуге, 
оларды  даярлау  жүйесіне  көп  назар  аудара  бастады,  алайда  олар  бұрынғыдай 
партия және жергілікті билік органдарына бағынышты болып қала берді. Тіпті, 
Михаил  Горбачев  билікке  келіп,  елде  жариялылық  пен  демократияны 
жарияласа  да,  сот  дербес  мекеме  бола  алмады,  өйткені  олар  толықтай 
мемлекеттің  атқарушы  құрылымдарымен  бақыланып  отырған  болатын. 


109
 
 
Сонымен  қатар,  Горбачев  бастаған  реформалар  орындалуына  шамалы  уақыт 
қалған Қазақстан Республикасындағы болашақ демократиялық өзгерістер үшін 
мықты негіз қалады. 
 

жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау