16
Уставын бұзғаны үшін;
жеке ісін және оның маңызды құжаттарын тапсырмағаны үшін (ҰБТ
және КТ сертификаттары, аттестат, диплом және т.б.);
оқу төлем ақысы жөніндегі келісім-шартты сақтамағаны үшін;
басқа ЖОО-на ауысуы себепті.
Қорытынды аттестацияда (ҚА) «қанағат-сыз» баға алған үшін;
ҚА-ға келмеген үшін;
ҚА-ға жіберілмеген үшін.
4.6 Оқу төлем ақысы
Студент өзінің оқуының төлем
ақысын уақытымен төлеуге міндетті.
Оқуға «Центр Кредит» банкінің № 6 есеп-
касса бөліміне («Турист» қонақ үй
ғимараты),
сондай-ақ
осы
банктің
Қостанай
облысындағы
кез-келген
филиалына төлеуге болады. «Центр
Кредит» банкінің № 6 есеп-касса
бөлімінің жұмыс уақыты күнде сағат
9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс:
13.00-14.00, демалыс күндері – сенбі,
жексенбі.
Студент
бас
корпустың
133-
кабинетінен (бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің қаржылық тобы оқу төлем
ақысы бойынша кез-келген кеңес ала алады: Ахметқалиева Гүльнар Тлемісқызы).
Грант иегерлері болып табылатын студенттерге ақпарат
Назар аударыңыз!!! Стипендия алу үшін «Центр Кредит» банкінің төлем
карточкасын алуды рәсімдеу керек. Сол үшін «Турист» қонақ үй ғимаратының
«ЦентрКредит» банктің есеп-касса бөліміне келесі құжаттар ұсыну қажетті: 1) жеке
куәлік оригиналы (ИИН), 2) оқу орнынан анықтама
және 1-ші жыл қызмет жасаған үшін 600 теңге
көлемінде төлену керек. Одан кейін карточкамен,
жеке куәліктің көшірмесімен, мемлекеттік оқу
грантының тапсырылуы жөніндегі анықтамамен
қыркүйектің 20-на дейін бухгалтерлік есеп және
есеп беру бөліміне (бас корпустың 133-кабинеті, т.
39-06-18) 20 қыркүйекке дейін бару керек. Жеке
куәлікті
және
карточканы
ауыстырғанда
бухгалтерлік есеп және есеп беру бөліміне міндетті түрде хабарлау керек.
17
4.7 «Дене шынықтыру» пәні
«Қосымша оқу түрлері» циклы бойынша «Дене шынықтыру» пәні
міндетті пән болып табылады. Бұл пәннен сабақ 1, 2 курста аптасына 2 сағаттан 2
рет болады. Оқу жылының басында бірінші курс студенттері міндетті түрде
қорытындысы бойынша студенттің медициналық топтары, яғни арнайы
дайындық тобы кіретін негізгі топ, «босатылды» диагнозы бар және арнайы
медициналық топтар анықталатын медициналық бақылаудан өтеді.
Негізгі топтың студенттері дене шынықтыру сабағында (жеңіл атлетика,
атлетикалық гимнастика (пауэрлифтинг, ауыр атлетика), күрес (қазақша күрес,
самбо, дзюдо), баскетбол, волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шаңғы спорты
мамандандырылған спорт түрлерін таңдай алады.
«Босатылды» диагнозы бар және арнайы медициналық топ арнайы
даярланған спорттық құралдарға жасалған оқу бағдарламалары бойынша
шұғылданады. Спорттың келесі: жеңіл атлетика, атлетикалық гимнастика
(пауэрлифтинг, ауыр атлетика), күрес (қазақша күрес, самбо, дзюдо), баскетбол,
волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шаңғы спорты, тоғызқұмалақ, шахмат
сияқты Дене шынықтыру және спорттық дайындау орталығында спорт
клубындағы секцияларға қатысатын және спорт түрі бойынша команданың
негізгі құрамына кіретін студенттер дене шынықтыру пәнінен босатылады.
Назар аударыңыз!!! Егер Сіздің денсаулығыңыз жарамаса, Сіз деканатқа
Бастапқы
дәрігерлік-санитарлық
көмек
оталығы
куәландырған
ДКК
анықтамасын көрсетуіңіз керек (Абай пр. 28/3, т. 55-85-81), сонда Сіз емдік дене
шынықтырумен немесе арнайы медициналық топта жаттығатын боласыз.
18
4.8 Кәсіптік практикалар
Әрбір
мамандық бойынша
практиканың
түрлері
(оқу,
өндірістік,
технологиялық және т.б.) білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартымен
анықталады. Оқу жоспарындағы оқытылатын басқа пәндер сияқты практика да
міндетті түрде өткізілуі керек. Практика бойынша студенттер дифференциальді
сынақ тапсырады. Практика бойынша бағалау және кередиттер саны курстан
курсқа өту кезінде GPA көшіру балын санағанда есептеледі.
Назар аударыңыз!!! Егер сіз практика өтпесеңіз немесе одан сынақ
алмасаңыз, онда ол академиялық қарызға саналады және оны бітіретін курсқа
дейін жоюға міндеттісіз.
Әр практика бойынша кафедра оқытушылары жұмыс оқу бағдарламаларын,
оның өткізілуі, тапсырмалар мен есеп жазу бойынша талаптар, күнделік жазу
және сынақ тапсырылуы жөнінде көрсетілген әдістемелік нұсқаулар жасайды.
Практиканың басталуының алдында әрқашан конференция өткізіледі, онда Сіз
практика бойынша барлық қажетті материалдар мен құжаттарды ала аласыз.
Кәсіптік практика аяқталған соң білім алушылардың есептері тыңдалатын
қортытынды конференция өткізіледі.