Ректордың жолдау сөзі



жүктеу 351,33 Kb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата28.11.2017
өлшемі351,33 Kb.
#2056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 



 

ішінде  ғылым  докторлары  болып  табылады.  Кейбір  бірқатар  пәндерді 

оқытуға  академиялық  жоғары  ЖОО-ның  ғалымдары  және  біздің  еліміздің 

ғылыми-зерттеу  институттарының,  Ресейдің  және  жақын  шет  елдердің 

ғалымдары шақырылады. 

Университетте  қазіргі  уақытта  мамандарды  бәсекелестік  тұрғыда 

дайындау  үшін  жаңа  білім  технологиялары,  мультимедиялық,  компьютерлік 

кластар, 

лингафондық 

кабинеттер, 

техникалық 

құрал-жабдықтар 

қолданылады. 

Университетте 

қырықтан 

астам 


мамандандырылған 

компьютерлік кластар жалпы локальді жүйеге қосылған. 

Студенттер  және  оқытушылардың  игілігінде  қазіргі  заманға  лайық 

жарық,  жылы  аудиторияларымен  5  ғимарат  бар,  шеберлік  орындары, 

тренажер,  спорт  және  мәжіліс  залдары,  көптеген  тамақтандыру  пункттері, 

медициналық  орталық,  студенттік  жатақханалар  жұмыс  істеп  тұр. 

Университетте  қазіргі  заман  талаптарына  сай    «Білім  орталығы»  атты  ішкі 

ақпараттық-білім кешені жұмыс істейді.     

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Университетте    ішкі  ақпараттық-білім  порталы    құрастырылып,  үнемі 



жаңартылып отырылады     

http://ksu.edu.kz/

      

Порталға  электронды  кітапхана, 



студенттің  жеке  кабинеті,  емтихандық 

сессия  кестесі,  хабарландыру  тақтасы 

және т.б. туралы білім беру процессіне  

қажетті материалдар енгізілген. 

Ресми 

сайтта 


және 

ішкі 


ақпараттық  білім  беру  порталында 

бұдан  басқа  студенттің  оқу  жоспары, 

оның  электронды  сынақ  кітапшасы 

және  оқу  процесі  бойынша  басқа  да 

ақпараттар  берілген  студенттің  жеке 



 

 



 

кабинеті  орналасқан.  Интернет  арқылы  немесе  университеттің  локальді 

жүйесіне қосылған кез-келген компьютер арқылы студенттің жеке кабинетіне 

кіруге  болады.  Әрбір  оқу  корпусында  ақпараттық  терминалдар  бар. 

Студенттің  жеке  кабинетіне  қол  жеткізу  үшін  өзіңіздің  эдвайзеріңізден 

логин мен пароль алуыңыз қажет. 



Университеттің  ресми  сайтында  ректордың,  проректорлардың, 

декандардың  виртуальді  қабылдау  сайттары  орналастырылған,  онда 

Сіз  түрлі  мәселелермен  өз  сұрақтарыңызды  қоя  аласыз  және  міндетті  түрде 

жауап ала аласыз. 

Студенттік  өмір  –  әр  адам  өмірінде  ең  маңызды  және  есте  қалатын 

кезең.    Студенттік  өмір  қалай  қызықты  болса,  оқу  үрдісі  де  соғұрлым  

толыққанды болады. Студенттер ҚМУ-нде  білім алуда бір жақты маман ғана 

болмай, 

жан-жақты 

жеке 

тұлға 


болып 

қалыптасады. 

Олардың 

фестивальдерге,  КВН,  концерттерге,  жарыстарға  қатысуы  таланттарынан 

басқа  кәсіптік  дағдыларын  да  дамытады,  лидерлік  қасиеттерін  ашуға 

көмектеседі,  команда  жұмысындағы  әдістерді  меңгеру,  бір-бірімен  қатысу 

тәсілдері  өз-өздеріне  деген  сенімділікті  қалыптастырады.  Сондықтан 

университеттік  білім  біздің  студенттеріміздің  осындай  жарқын  мінез-

құлықтарын, 

бастамашылдықтарын, 

стереотиптерін 

өзгертуді, 

жаңашылдықты, перспективасын қалыптастыруды қамтамасыз етуі керек. 

Университет  өмірінде  студенттер,  оқытушылар  және  қызметкерлердің 

көпшілік 

спортының 

дамуы 

мен 


спорттық-сауықтыру 

жұмыстарын 

ұйымдастыруға  көп  назар  аударылады.  Бұл  үшін  барлық  жағдайлар 

жасалған.  Студенттер  стадионы,  спорт  залы,  күрес  және  тренажер  залдары, 

арнайы  медициналық  топтардың  сабақтары  үшін  залдар,  шаңғы  базасы 

студенттер  игілігіне  жұмыс  істеп  тұр.  Университет  студенттері  тәжірибелі 

жаттықтырушылардың  көмегімен  спорттық  деңгейлерін  секцияларда 

спорттың  барлық  түрінен  көтеруге  мүмкіндігі  мол.  Дене  шынықтыру  және 

спорттық  дайындау  орталығында 

Қазақстан  Республикасының  еңбегі 

сіңген  жаттықтырушылары,  кәсіби 

жоғары 


және 

І 

категориялы 



жаттықтырушы-оқытушылар, 

халықаралық  дәрежедегі,  сондай-ақ  

Қазақстан  Республикасының  спорт 

шеберлері қызмет етеді. 

Студент 

жастардың 

рухани 

және 


адамгершілік 

қалыптасуы 

әрқашанда 

университет 




 

 



 

оқытушыларының  назарында  болады.  Студент  болу  –  тек  қана  оқу  емес, 

сондай-ақ,  өзіңіздің  творчестволық  қабілеттеріңізді  ашуға  және  дамытуға 

мүмкіндік  береді.  «Өнер»  студиясы  оларға  осындай  мол  мүмкіндіктер 

жасайды.  Бұл  –  облысқа  белгілі  көркемөнерпаздың  «Бадрисафа»  би 

ансамблі,  әншілер,  домбырашылар,  ақындар  үйірмелері.  Университеттің 

бірде-бір  салтанатты  жиыны  «Өнер»  студиясының  әртістерінсіз  өтпейді. 

Университеттің  және  қаланың  мерекелік  концерттік  алаңдарында  «Өнер» 

студиясының тәрбиеленушілері әрқашанда жоғары белесте. 

Жоғары  адами  моральдық,  азаматтық    пен  патриотизмді  студенттер 

бойына 

дарыту 


мақсатында 

олардың 


жандүниесінің 

қажеттілігін 

қанағаттандыру үшін университетте «Ахметұрпақтары» дебаттық клубы, КВН-

қозғалыстары, интеллектуалды клубы, «Жасыл Ел» - экологиялық қозғалысы 

және т.б. жастар студенттік ұйымдар жұмыс жасайды.  

Ал университетте өткізілетін КВН-дер – ерекше әңгіме. Факультеттердің 

көңілділер  және  тапқырлар  клубы  командаларының  жарыстары  әрқашан 

ауқымды  іс-шаралар  болып  табылады.  Әзіл-қалжың,  юмордан  басқа  көңіл 

көтеруге не керек? 

Университеттің  шығармашыл  бастамалары  бар  студеннтері  облыстық, 

республикалық  деңгейде  дебаттық  қозғалыстың  көшбасшысы  аталған 

«Ахметұрпақтары»  атты  дебаттық  клубқа  біріккен.  Клуб  отырысында 

студенттердің  білімділігің  артатың  өзекті  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік, 

философиялық тақырыпта мәселелер талданады.  

Интеллектуалды    клуб  мүшелері  университеттің  «Спарта»  атты 

жиынтық  командасы  құрамында  «Тапқырлар  шайқасында»  екі  дұркін 

облыстық  чемпион  аталды,  бұның  өзі  А.Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ 

студенттерінің жоғарғы деңгейін көрсетеді. 

ҚМУ-нде  оқуды  оңай  деуге  болмайды.  Дегенмен,  студенттер  бәріне 

үлгереді:  оқуға,  ғылыммен  айналысуға,  демалуға,  сондай-ақ  өз  таңдаулары 

бойынша белсенді де көңілді бола алады. Жалпы студент болу – қызық! 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



жүктеу 351,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау