«Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы», 2 кредит
Пререквизит: «Қазақстан тарихы», «Экономикалық теория негіздері»
Постреквизит: «ҚР Азаматтық құқығы».
Мақсаты: кооперативтік қозғалыстың тарихы және теориясы негіздері бойынша қажетті білімдерін қалыптастыру
Курстың қысқаша сипаттамасы: Кооперативтік қозғалыстың обьектісі, пәні, міндеттері және қағидалары. Кооперативтік қозғалыстың даму себептері. Кооперативтердің қағидалары, белгілері, құндылықтары, жіктелуі. Кооперативтік идеология. Жаңа жағдайдағы кооперативтік қозғалыс. Халықаралық кооперативтік альянстың тарихы.
Күтілетін нәтижелер: кооперативтік қозғалыстың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен танысу, оның ішінде Қазақстандағы, қоғамның даму заңдылықтарын, оның әлеуметтік-саяси, экономикалық негіздерін және мәдени-тарихи құндылықтарын білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Адамбекова С.М.
«Дінтану», 2 кредит
Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы», «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы»
Постреквизиттер: «ҚР Азаматтық құқығы», «Салыстырмалы құқықтану», «Мемлекет және құқық теориясы мәселелері»
Мақсаты: басты діни бағыттар туралы білім қалыптастыру, сонымен қатар конфессияаралық қарым-қатынас пен діни экстремизмді алдын алу мәдениетін қалыпастыру
Курстың қысқаша сипаттамасы: Дінтану пәні. Мемлекет пен дін. Дінтанудың ежелгі нысандары Иудаизм. Буддизм. Конфуциандық. Даосизм. Индуизм. Буддизм. Ерте хрестияншылдық. Провослав діні. Католицизм. Протестантизм. Ислам. Дәстүрлі емес діни бағыттар. Псевдодіни экстремизм. Діни экстремизм профилактикасының әдістері. Діни конфесиялармен әлеументтік жұмыс.
Күтілетін нәтижелер: Діннің арнайы ерекшеліктері туралы көзқарастарға ие болу; түсініктерге еркін сүйену; діннің тарихын білу, діннің даму мәнін, оның динамикасын түсіну; діннің жалпытеориялық сұрақтарын талқылау; діннің философиялық талдау тәсілдері мен әдістерін игеру.
- Тәжірибеде білімдері мен түсіну қабілеттерін қолдана білу, ақпаратты өзіне тиесілі коммуникативтік процесінің ойлаудың теориялық деңгейін тарсформациялай білу.
- Сол немесе өзге де көзқарастарды ұсыну, негіздеу мен сынға алу, мәндіден мәнсізің бөліп шығару; конфессияаралық қатынастар, мемлекет пен дін арақатынасы аясындағы өзара байланыс пен өзараәрекеттестікті ашу; дәстүрлі емес діндердегі қарама қайшылықтарды ашу мен талдау жасау, оны өзгерту мен дамытуда көру; дәни өмірдің сәттеріне талдау жүргізу.
- Аудиторияның ерекшелігіне қарай отырып ақпараттарды әр түрлі нысандарда ұсыну мен коммуникативті процесс жасау.
- Өздік жұмысының дағдыларын жетілдіру мен өзін өзі кәсіби жетілдіру үшін өмір бойы оқуды дамыту
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: оқытушы Аубакиров Е.Ж.
«Шет елдердің мемлекет пен құқық тарихы», 3 кредит
Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы»
Постреквизиттер: «Салыстырмалы құқықтану», «Мемлекет және құқық теориясы мәселелері»
Мақсаты: салалық заң пәндері бойынша алғашқы білімдер беру, құқық саласының әр түрлі даму кезеңдеріндегі тарихи заңдылықтарын ашу мен эволюциясына көз салу.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Шет елдердің мемлекет пен құқық тарихының пәні, оқыту мақсаттары, мен заң ғылымдары жүйесіндегі орны. Ежелгі Египеттің мемлекет және құқығы. Шумер-Вавилон өркениетінің мемлекет және құқығы. Ежелгі Үндістанның мемлекет және құқығы. Ежелгі Қытайдың мемлекет және құқығы. Ежелгі Грецияның мемлекет және құқығы. Ежелгі Римнің мемлекет және құқығы. Франктердің мемлекет және құқығы. Англияның феодалдық мемлекеті және құқығы. Францияның феодалдық мемлекеті және құқығы. Францияның феодалдық мемлекеті және құқығы. Ресейдің феодалдық мемлекеті және құқығы. Араб Халифатының мемлекет және құқығы. Қытайдың феодалдық мемлекеті және құқығы. Жапонияның феодалдық мемлекеті және құқығы. Ұлыбританияның мемлекет және құқығының дамуы. АҚШ мемлекет және құқығының дамуы. Францияның мемлекет және құқығының дамуы. ХІХ-ХХ ғасырда Германияның мемлекет және құқығының дамуы. Развитие государства и права России. ХІХ-ХХ ғасырда Жапонияның мемлекет және құқығының дамуы. ХІХ-ХХ ғасырда Қытайдың мемлекет және құқығының дамуы.
Күтілетін нәтижелер: әр түрлі тарихи кезеңдердегі мемлекет басқару мен құқықтық реттеу жүйесінің ерекшеліктерін білу мен түсіну; тарихи құқықтық қайнар көздерді талдай білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к.,профессор Косжанов А.С.
«ҚР мемлекет пен құқық тарихы», 3 кредит
Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы»
Постреквизиттер: «Салыстырмалы құқықтану», «Мемлекет және құқық теориясы мәселелері»
Мақсаты: Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қалыптасуы мен дамуының тарихы туралы тұтас түсінік, тарихи-патриоттық сана сезімін қалыптастыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: ҚР мемлекеті мен құқығының тарихы: пәні, әдістері, мақсаттары мен міндеттері, тарихнамасы. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы және дамуы. Қазақстан аумағындағы ертефеодалдық монархиялар. Шыңғыс хан империясы және Қазақстан аумағындағы мемлекеттік құрылымдар. Қазақ хандығының құрылуы. ХV- ХVIII ғасырлардағы қазақ хандығының саяси жүйесі. ХV- ХVIII ғасырлардағы қазақ хандығының құқықтық жүйесі. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекеттік-құқықтық салдарлары (XVIIIғ. аяғынан – XIX ғ. басына дейін). XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әкімшілік құрылымы және құқықтық жүйесі. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы мен бекітілуі кезеңіндегі мемлекет пен құқығы. 1950-1980 жылдардағы Қазақстанның мемлекеттік- құқықтық дамуы. КСРО ның құлауы мен тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның мемлекеттік- құқықтық дамуы. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік- құқықтық дамуы.
Күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасын тәуелсіз ел ретінде даму заңдылықтарын білу, құқықтық жүйесін қалыптастыруды түсіну;
- болашақ тәжірибелік қызметкер ретінде мәселелерді шешуге құзыреттілігін таныта білу және өз білімін қолдана білу;
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Тутинова Н.Е.
«Қазіргі қазақстандық құқықтың қайнар көздері», 2 кредит
Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «Шетелдердің мемлекет және құқықтың тарихы», «ҚР мемлекет және құқықтың тарихы»
Постреквизиттер: «Азаматтық құқық», «ҚР Қылмыстық құқығы», «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы»
Курстың мақсаты: тәлімгерлерге құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің басты заңдылықтары, оның қайнарлары мен негізгі формалары туралы ғылыми және практикалық ілімдерді жеткізіп түсіндіру. Құқық, құқықтық құбылыстар туралы терең және жүйелі білім қалыптастыру, маманның кәсіби және құқықтық мәдениетінің дамуына ықпал ету.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Құқықтың (қайнар көздері) формаларының жалпы теориясы. Заң - құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстан Республикасындағы заңға бағынышты актілер. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі құқықтық шарт, жалпыға танылған принциптер және халықаралық құқық нормалары. Соттық (прецеденттік) құқықшығармашылық және соттық практиканың заңды табиғаты. Жоғары Соттың нормативтік қаулылары. Романо-германдық құқықтың қайнарлары. Англо-саксондық (жалпы) құқықтың қайнарлары. Иудей құқығының қайнарлары. Мұсылман құқығының қайнарлары.
Күтілетін нәтижелер: Құқық нысандарының пайда болуы, дамуы және қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын, солармен тығыз байланысты құбылыстар мен үрдістерді түсіну. Заңдарды дұрыс талқылау және қолдана білу, біздің қоғамда және мемлекеттік, шаруашылық және әлеуметтік–мәдени құрылыста, нормативтік–құқықтық актілерде орын алып жатқан өзгерістерде бағыт ұстай білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Әділбекова Қ.Қ.
«Қазіргі құқықтық түсініктің мәселелері», 2 кредит
Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «Шетелдердің мемлекет және құқықтың тарихы»
Постреквизиттер: «Азаматтық құқық»
Курстың мақсаты: Құқық түсінігіне деген теоретикалық көзқарастардың көптілігі кезінде тәлімгердің түсінуіне мүмкіншілік беретін құқық түсінігі және мәні сұрақтарын ашу.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Құқықтың (қайнар көздері) формаларының жалпы теориясы. Заң - құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстан Республикасындағы заңға бағынышты актілер. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі құқықтық шарт, жалпыға танылған принциптер және халықаралық құқық нормалары. Соттық (прецеденттік) құқықшығармашылық және соттық практиканың заңды табиғаты. Жоғары Соттың нормативтік қаулылары. Романо-германдық құқықтың қайнарлары. Англо-саксондық (жалпы) құқықтың қайнарлары. Иудей құқығының қайнарлары. Мұсылман құқығының қайнарлары.
Күтілетін нәтижелер: Құқық нысандарының пайда болуы, дамуы және қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын, солармен тығыз байланысты құбылыстар мен үрдістерді түсіну. Заңдарды дұрыс талқылау және қолдана білу, біздің қоғамда және мемлекеттік, шаруашылық және әлеуметтік–мәдени құрылыста, нормативтік–құқықтық актілерде орын алып жатқан өзгерістерде бағыт ұстай білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Әділбекова Қ.Қ.
«Рим құқығы», 2кредит
Пререквизиттер: «Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы», «Шетелдердің мемлекет және құқықтың тарихы»
Постреквизиттер: «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР отбасы құқығы», «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы»
Мақсаты: цивильдік құқықтың пәндерін оқыту үшін қажетті негізін қалыптастыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Рим азаматтық құқығының пәні; рим азаматтық құқығының басты жүйелері. Рим құқығының қайнар көздері; құқық қорғау; арыздардың ұғымы мен түрлері; рим жеке құқығының субьектілері; заңды тұлғалар; отбасы құқық қатынастары; ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары; әке билігі; жеке меншік құқық; иелік ету. жеке меншік құқығын қорғау; бөтен адамдар меншігіне құқық; эмфитевзис және суперфиции. кепіл және оның нысаны; шарт және міндеттемелер туралы жалпы оқытулар; берешек берушінің міндеті; міндеттердің тоқтатылуы; стипуляция; контракт және пакті; сақтау шарты; сатып алу-сату; эвикция; жалдау шарты және оның түрлері; серіктестік шарты; тапсырыс шарты; аты жоқ шарттар; шарттардан алынған міндеттемелер; деликтерден алынған міндеттемелер; мұра түсінігі және түрлері; заң бойынша мұрагерлік бойынша мұра; фидеокомиссиялар және тәсілдері; легаттар түрлері; әмбебеап фидеокоммиссиялар; мұрагерлікті ашу және қабылдау; мұрагелік туралы арыздар.
Күтілетін нәтижелер: императорлар конституциялары, магистрлар эдиктісі, басты дефенициялардың түсініктері, дәрежелері, болашақ заң мамандарының білім базасын қалыптастыру, рим жеке құқығының қалыптасу бастамасы, ол арқылы азаматтық құқық, азаматтық процесс, отбасы құқығы және басқаларын оқудағы көмегі, мәдени-тарихи құндылықтарды, қоғамның даму заңдылықтарын білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Хауия С.
«Мұсылман құқығы», 2кредит
Пререквизит: «Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы», «Шетелдердің мемлекет және құқықтың тарихы»
Постреквизиттер: «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР отбасы құқығы», «Салыстырмалы құқықтану»
Мақсаты: цивильдік құқықтың пәндерін оқыту үшін қажетті негізін қалыптастыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Мұсылман құқығының қолдану аясы. Мұсылман құқығының қайнар көздері: құран, сүннет, иджма, әл қиас. Мұсылман құқығындағы тұлғалар, мұсылман құқықтарын шектеу. Жеке құқық және кейбір заттық құқықтар. Жеке құқық және мұсылмандардың деңгейі. Жер қатынастары. «Мал», «харам» әр түрлі «мүлік» және «йад» жеке құқық обьектілері туралы шариат. «Акд»-шарт, «фикх»-екі немесе көпжақты келісім туралы міндетті шарт. Шарттар түрлері мен нысандары. Деликтік міндеттемелер. Келтірілген зардаптар үшін төлемақылар теориясы. Мұрагерлік қатынастар, шеиттер мен сунниттердегі мұрагерлердің мұра құқығы.
Күтілетін нәтижелер: императорлар конституциялары, магистрлар эдиктісі, басты дефенициялардың түсініктері, дәрежелері болашақ заң мамандарының білім базасын қалыптастыру, рим жеке құқығының қалыптасу бастамасы, ол арқылы азаматтық құқық, азаматтық процесс, отбасы құқығы және басқаларын оқудағы көмегі, мәдени-тарихи құндылықтарды, қоғамның даму заңдылықтарын білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: .: аға оқытушы Хауия С.
ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР
Пән циклі
|
Пән коды
|
Пәннің атауы
|
Кред саны
|
Семестр
|
2 курс
|
БД
|
| Таңдау бойынша курс 1 |
|
|
|
Men 2209
| Менеджмент |
2
|
3
|
| EB 2209 |
Экономикалық қауіпсіздік
|
2
|
3
| |
| Таңдау бойынша курс 2 |
|
| | APRK 2215 |
ҚР Әкімшілік құқығы
|
3
|
3
| | AOEP 2215 |
Экономикалық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік
|
3
|
3
|
|
| Таңдау бойынша курс 3 |
|
|
| TPRK 2218 |
ҚР Еңбек құқығы
|
3
|
3
|
| PSO 2218 |
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
|
3
|
3
|
| |
Таңдау бойынша курс 4
|
|
|
|
GSU RK 2219
| Мемлекеттік қызмет және басқару |
3
|
4
|
| KKDO 2219 |
Коммуникативтік мәдениет және іскерлік қатынас
|
3
|
4
|
| |
Таңдау бойынша курс 5
|
|
|
| EP RK 2216 |
ҚР Экологиялық құқығы
|
3
|
4
|
| ZP RK 2216 |
ҚР Жер құқығы
|
3
|
4
|
| |
Таңдау бойынша курс 6
|
|
|
ПД
|
BUSBEA 2303
|
Бухгалтерлік есеп, сот– бухгалтерлік сараптама
|
2
|
4
|
|
Aud2303
|
Аудит
|
2
|
4
|
|
|
Таңдау бойынша курс 7
|
|
|
|
PIS 2305
| Интеллектуалдық меншік құқығы |
2
|
4
|
|
PROD 2305
| Бағалау қызметін құқықтық реттеу |
2
|
4
|
«Менеджмент» 2 кредит
Пререквизит: «Экономикалық теория негіздері»
Постреквизит: «ҚР еңбек құқығы», «ҚР Кәсіпкерлік құқығы», «ҚР мемлекеттік қызмет және басқару», «Кәсіпорын экономикасы»
Мақсаты: басқару туралы білімдер кешенін қалыптастыру, басқару қызметінің алуан түрлерінің нақты тәжірибелер жүзеге асыру, басқару және оларды жобалау жүйелеріне талдау жасау.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Менеджменттің теориялық және әдістемемлік негіздері. Басқаруды ұйымдастыру. Менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету. Менеджменттегі коммуникациялар. Менеджменттегі басқару шешімдері. Нарықтық экономикадағы басқару әдістерінің жүйесі. Ұйымдастыру менеджмент қызметі ретінде. Менеджменттегі жоспарлау. Менеджменттегі мотивация. Менеджмент жүйесіндегі бақылау. Адам қызметін басқару мен топтарды басқару. Басшылық пен лидерлік. Қақтығыстар, жан күйзелістер мен өзгерістерді басқару.
Күтілетін нәтижелер: заңгерлердің өндіріс, кәсіпорын басқаруда кәсіби міндеттерін орындау үшін экономикалық категория білімдерін меңгеру, ұлттық және халықаралық экономиканың негізгі тенденцияларына сүйене білу. Республика экономикасының тұрақтандыру мәселесі бойынша сұрақтарды қарастыруда белгілі бір білімдер мен дағдыларын меңгеру, отандық өндірісті дамыту, меншікті жекешелендіру; кәсіпорынның инвестциялық қызметін басқарудың жаңа инвестициялық идеологиясымен нарықтық экономикаға бейімделген қазіргі заманғы білімдерін игеру.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: доктор РһД Орынбасарова Е.Д.
«Экономикалық қауіпсіздік» , 2 кредит
Пререквизиттер: «Экономикалық теория негіздері»
Постреквизиттер: «ҚР қылмыстық құқығы», «ҚР Кәсіпкерлік құқығы», «Заңсыз кірістерге қарсы іс-қимыл».
Мақсаты: Студенттерге мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мақсаттары, міндеттері мен ролін толық түсіну үшін қажетті білімдер беру, студенттерде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі туралы кешенді көзқарас қалыптастыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономикалық қауіпсіздіктің мәні мен мазмұны. Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздікті құқықтық реттеу. Көлеңкелі экономика. Жемқорлық. Әлеуметтік қауіпсіздік. Азық-түлік қауіпсіздігі. Энергетикалық қауіпсіздік. Экономилық қауіпсіздікті қаржы-валюталық реттеу. Көлікті дамыту экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдісі ретінде. Диверсификация Экономиканы әртараптандыру экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдісі ретінде.
Күтілетін нәтижелер: экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық ұйымдастырушылық негіздерімен танысу; - экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәні мен мазмұнын меңгеру;
қазіргі экономикалық қатынастарда экономикалық қауіпсіздіктің ролін түсіну.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: э.ғ.к., доцент Мухамбетова З.С.
«ҚР Әкімшілік құқығы», 3 кредит
Пререквизиттер: «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы», «Мемлекет және құқық теориясы»
Постреквизиттер: «Мемлекеттік қызмет пен басқару», «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «ҚР Прокурорлық қадағалау», «ҚР қаржы құқығы», «ҚР салық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы»
Мақсаты: Әкімшілік құқықтың мақсаттары мен әдістерін, пәнге байланысты білім деңгейін қалыптастыру; ҚР атқарушы органдарының жүйесімен танысу; әкімшілік құқық субектілерінің құқықтық статусын талдау, атқарушы билікті жүзеге асырудың әдістері мен түрлерін, мемлекеттік қызметтегі заңдылықты және тәртіптілікті қамтамасыз ету әдістері. оқып үйрену.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері, азаматтың әкімшілік құқықтық статусы, атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық статусы, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтық статусы, өнеркәсіп, мекеме және ұйымдардың әкімшілік құқықтық статусы,атқарушы билікті жұзеге асыру түрлерінің әкімшілік құқықтық статусы, атқарушы билікті жүзеге асыру әдістерінің әкімшілік құқықтық статусы, әкімшілік мәжбүрлеу,әкімшілік жауапкершілік, әкімшілік-атқару қызметі, мемлекеттік басқару аясындағызаңдылықты қадағалау және бақылау, әкімшілік-құқықтық режимдер, экономика саласын әкімшілік құқықтық реттеу, әлеуметтік-мәдени саласын әкімшілік-құқықтық реттеу, әкімшілік-саяси саласын әкімшілік құқықтық реттеу.
Күтілетін нәтижелер: - ҚР Әкімшілік құқық пәнінің аумағындағы негізгі құқықтық түсініктерді білу. - әкімшілік заңнамаларды талқылап және оларды тәжірибеде қолдана білу.
- құқықтық терминдердің мағаналарын тұсіну.
- ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларына құқықтық талдамалар жасай білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: магистр Искакова И.Е.
«Экономикалық құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік», 3 кредит
Пререквизиттер: «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы», «Мемлекет және құқық теориясы»
Постреквизиттер: «Мемлекеттік қызмет пен басқару», «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «ҚР Прокурорлық қадағалау», «ҚР қаржы құқығы», «ҚР салық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы»
Мақсаты: әкімшілік құқықтық негіздерді сипаттайтын,құқықтық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің түрлері және экономика саласындағы құқықтық қатынастарды реттеуге байланысты білім негізін қалыптастыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Әкімшілік жауапкершіліктің ерекшеліктері мен принциптерінің түсінігі.кономика саласындағы әкімшілік құқықбұзушылыққа тағайындалатын жауапкершіліктер туралы заңнамалар.Әкімшілік өндірулер:тағайындау және орындау реті. Әкімшілік іс жүргізу және әкімшілік өндіріс.Өндірістік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық. Салық салу саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық. Кеден саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық.ауда саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық.Қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық.
Күтілетін нәтижелер: - Әкімшілік құқық саласындағы барлық әкімшілік заңнамаларды және терминдерді білу және оларды тәжірибеде қолдану, экономикалық құқық бұзушылықтардың нақты құрамының субектілері мен объектілерінің сыйпаттамаларын білу.
- заңдарды дұрыс қолдана білу, тәжірибеде кездесетін экономика саласындағы құқық бұзушылық туралы жағдайларды өз бетімен шешу.
- тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы іс жүргізу құжаттарын құрастыра білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: магистр Искакова И.Е.
«ҚР Еңбек құқығы», 3 кредит
Пререквезиттер: «Мемлекет және құқық тоериясы», «Конституциялық құқық», «Әкімшілік құқық»
Постреквизиттер: «ҚР Кәсіпкерлік құқығы», «Мемлекеттік қызмет және басқару», «ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы»
Мақсаты: студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алу, еңбекті реттеу және халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдылығын реттеу.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдісі. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар. Еңбек құқығының субьектілері. Еңбекпен қамтуды құқықтық реттеу және жұмысқа орналасу. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.Еңбек шарты.Еңбекақы. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу.Еңбек уақыты және демалыс уақыты.Жұмыскерлердің жеке санатындағы еңбек құқық қатынастарын құқықтық реттеу. Еңбекті қорғау. Еңбек шарты тараптарының материалдық және тәртіптік жауапкершілігі.Еңбек даулары.Халықаралық еңбек құқығы.Әлеуметтік қамтамасыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынанайырмашылығы. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша шараларды қаржыландыру. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек стажы, оның түрлері, есептеу, бекіту тәртібі. Шетелдердің әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.Әлеуметтік қамсыздандырудың халақаралық – құқықтық реттеу.Еңбекке жарамсыз тұлғаларды зейнетақы қорларынан қамтамасыз ету. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек. Жәрдемақы еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамтамасыз етудің бір түрі ретінде. Еңбекке жарамсыз тұлғаларды орталықтан зейнетақымен қамтамасыз ету
Күтілетін нәтижелер: - құқықтық қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқу керек, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің астарлы білімін меңгеру қажет;
- еңбек құқығы пәнін оқу барысында игерген білімді тәжірибеде қолдану. Еңбек заңдылығын талқылау және оларды еңбек келіспеушіліктерін шешу барысында қолдану;
- еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру;
- ҚР еңбек құқығын оқудың тек теориялық ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне көңіл бөлу. Еңбек шартының, ұжымдық шартының жобаларын, жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару бойынша бұйрық жобаларын құрастыру;
- азаматтарға еңбек және зейнетақы заңдылығы аясында білікті кеңестер беру.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к., аға оқытушы Саулебек Н.А.
«Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы», 3 кредит
Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық тоериясы», «Конституциялық құқық», «Әкімшілік құқық»
Постреквизиттер: «ҚР Кәсіпкерлік құқығы», «Мемлекеттік қызмет және басқару», «ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы»
Курстың мақсаты: студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алу, еңбекті реттеу және халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдылығын реттеу, заңдылықпен жұмыс істеу қабілетін иемдену, практикада туындайтын күрделі мәселелерде бейімделуге, алған білімдерін қолдану қабілетін пайымдау.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілерінің құқықтық мәртебесі мен олардың жіктелінуі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастар. Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің жалпы сипаттамасы. салықтар төлеудің тәртібі, әлеуметтік салықтар ставкалары жіктеу, салықтың сол түрлерін төлеу бойынша ұсынылатын жеңілдіктер.
Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық – оның орны мен қаржыландыру қайнар көздерінің жүйесіндегі ролі. Дербес зейнетақы салымдарын қалыптастыру. Жалпы жұмыс өтілін есептеудің тәртібі. еңбек сіңірген жылдары бойынша есептеу ерекшеліктері. жалпы еңбек өтілін есептеудің жеңілдікті тәртібі.
Еңбекке жарамсыз азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру түсінігі. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудың жағдайлары. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы: түсінігі, зейнетақымен қамсыздандырудың басқа түрлерінен ерекшелігі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін құқықтық реттеу. Міндетті зейнетақы жарналарын салымшылар мен зейнетақы төлемдерін алушылардың құқықтары мен міндеттері. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеудің тәртібі, жағдайлары, есептеу мен төлеу.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек: түсінігі, тағайындау тәртібі, қаржыландыру көздері. Жәрдемақының түсінігі мен еңбекке жарамсыз азаматтарды материалдық қамсыздандырудың өзге де түрлерінен ерекшеліктері. Жәрдемақылар түрлері.
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мазмұны, тағайындаудың тәртібі мен жағдайлары. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар. Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар. Жұмыс берушінің есебінен берілетін әлеуметтік жәрдемақылар. Бала туылуына берілетін біржолғы жәрдемақылар. Тұрғын үй жәрдемақылары.
Әлеуметтік қамсыздандыру түсінігі мен оның түрлері. Еңбекке жарамсыз тұрғындарды протездік-ортопедиялық қамсыздандыру мен оны құқықтық рәсімдеу. Еңбекке жарамсыз тұрғындарды олардың өмір сүруі үшін әлеуметтік мекемелерге орналастырудың ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері. Еңбекке жарамсыз тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де түрлері: еңбекке жарамсыз азаматтарды протездеу, оларды автомотоқұралдармен, қозғалыс құралдарымен, патронаж көмегін қамтамасыз ету.
Шет елдердің әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.
Күтілетін нәтижелер:
- әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі;
- әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі түрлері мен оларды берудің тәртібін зерттеу;
- болашақ қызметінде тәжірибелік істерді шешу барысында дағдыларды қолдану;
- зейнетақы заңнамасы саласында әлеуметтік-қамсыздандыру құқықтық қатынастарын қолдану саласында азаматтарға сауатты кеңестер беру
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Хауия С.
«Мемлекеттік қызмет және басқару», 3 кредит
Пререквизит: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Конституциялық құқығы», «ҚР Әкімшілік құқық».
Постреквизиттер: «Заңсыз кірістерге қарсы іс-қимыл», «Экономиканы мемлекеттік реттеу»
Мақсаты: жаңа кезеңдегі мемдекеттік қызмет заңдылықтары білімдерін еркін меңгерген және оны тәжірбиеде қолданатын жоғарғы кәсіптік мамандарды дайындау.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттік қызмет түсінігі, қағидалары, мемлекеттік қызмет ғылымының әдістемесі. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы. Мемлекеттік қызметке кіру құқығы, лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің орнына келу тәртібі мен тәсілі. Мемлекеттік қызметті өту: мемлекеттік қызметкерлер өкілеттігі, біліктілігін көтеру және қызметтік карьера, мемлекеттік қызметкерлерді құқықтық дайындалу және аттестациясы, жақсы еңбегі үшін марапатталуы және мемлекеттік қызметтік жауапкершілігі. Мемлекеттік қызметтің тоқталылуы: мемлекеттік қызметтің тоқтатылу классификациясы және тәртібі; заңсыз жұмыстан шығарылудың сотпен қорғалуы. Мемлекеттік басқарудың әдістемесілік негіздері: мәні және ерекшелігі, мемлекеттік басқару органдарының компетенциясы және тәсілі; азамат мемлекеттік басқару жүйесінде; мемлекеттік басқару механизмі. Мемлекеттік басқарудың тиімдіоігін қамтамасыздандыру: мемлекеттік басқаруды реформалайдың теоретиклық-әдістемелік негіздері. Мемлекеттік басқаруда мемлекеттік тәртіпті және заңдылықты қамтамасыздандыру.
Күтілетін нәтижелер: мемлекеттік органдар жүйесін, құрылымын түсіне білу, мемлекеттік қызмет және басқарудың тиімді жұмысы үшін заңдық түсініктер мен санаттарға еркін сүйене білу; нормативтік – құқықтық база білімдері негізінде қызмет аясы бойынша әкімшілік – территориалдық бірлік үшін жоғары маңызы бар мәселелерді шешудің тиімді жолдарын табуды білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: РһД докторы Каржасова Г.Б.
«Коммуниктивтік байланыс және іскерлік мәдениет», 3 кредит
Пререквезиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Конституциялық құқығы»
Постреквизиттер: «Әлеуметтік коммуникациялар», «ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы», «Адвокатура», «Азаматтық құқықтарды соттан тыс қорғау тәсілдері»
Мақсаты: тұлға аралық қатынас пен іскерлік салада коммуникативтік тәжірибенің дағдыларын қалыптастыру және теориялық білімдерін меңгеру
Курстың қысқаша сипаттамасы: Тіл мәдениетінің негізі. Тілдің функционалдық жүйесіндегі іскерлік стиль. Ресми-іскерлік стильдің түрлері мен жанрлары. Іскерлік қатынас мәдениеті. Іскерлік қарым-қатынастың нысандары мен типтері. Ауызша ресми-іскерлік қатынастың ерекшеліктері. Іскерлік жазбаша қарым-қатынас. Іскерлік жазбаша қарым-қатынас. Құқықтық құжаттама. Құқықтық құжаттарды тілдік рәсімдеу.
Күтілетін нәтижелер: түрлі салада үздік қарым-қатынаста болу үшін студенттерде мынадай негізгі дағдыларды қалыптастыру керек: тұрмыстық, құқықтық-заңи, ғылыми-оқулық, саяси, әлеуметтік-мемлекеттік;
• қарым-қатынастың диалогтық және полилогтық ситуацияларына қатысу;
• тілдік байланысты орнату, тілдік ұжымның басқа мүшелерімен ақпарат алмасу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Билял Б.К.
«ҚР Экологиялық құқығы», 3 кредит
Пререквезиттер: «Азаматтық құқық», «Әкімшілік құқық», «Қылмыстық құқық»
Постреквизиттер: «Халықаралық жария құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы (ерекше бөлім), «Кәспкерлік құқық».
Мақсаты: Студенттер ҚР Экологиялық құқығының негізгі институттары туралы теоретикалық жағдайларды; өкілді органдар туралы, заңдық актілерді; әрекеттегі заңдылықты және қолдану тәжірибесін; Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешуді; Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау, халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысудағы ролін білу қажет.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттің экологиялық функциясы, экологиялық құқық түсінігі,экологиялық құқық объектілері және субъектілері,қоршаған ортаны қорғаудың қағидалары, экологиялық құқықтың жүйесі, әдістері, басқа да құқық салаларымен ара қатынасы, Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы республикалық заңдылықтардың негізгі даму кезеңдері,экологиялық құқықтың қайнар көздері түсінігі, ерекшеліктері және классификациясы, ҚР-ның экологиялық заңдылығының ерекшеліктері, ҚР-ның экологиялық-құқықтық актілерінің түрлері Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды мемлекеттік басқару түсінігі,табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар, экологиялық мониторинг пен экологиялық сараптама, табиғатты пайдаланудың экономикалық тетігі және құрамдас элементтері, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру, табиғатты пайдалану үшін салықтар мен төлемдер, экологиялық аудиттің құқықтық жағдайы, экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы,экологиялық құқық бұзушылықтың белгілері, түрлері, жануарлар дүниесін қорғаудың және пайдаланудың құқықтық режимі, ормандардың құқықтық режимі және оларды қорғау, атмосфералық ауаны құқықтық қорғау, ерекше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтық режимі, қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғау туралы қарау.
Күтілетін нәтижелер: - Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы республикалық заңдылықтардың негізгі даму кезеңдерін білуі қажет;
- Табиғи объектілерге меншік құқығына қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолдана білуі тиіс;
- ҚР Экологиялық және өзге нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру;
- студенттер тәжірибелік дағдыларға ие болып, іс жүргізу құжаттарын сауатты құрастыра білуі тиіс.
- Экологиялық құқығы саласындағы құқықтық институт жүйесінде жер заңдылығын бұзған үшін құқықтық жауаптылық сұрақтары бойынша кеңес беру;
- экологиялық құқық теориясы бойынша негізгі ғылыми көзқарастар мен ережелер туралы түсінік білуі тиіс.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к. Сопыханова А.Б.
«ҚР Жер құқығы», 3 кредит
Пререквезиттер: «Азаматтық құқық», «Әкімшілік құқық», «Қылмыстық құқық»
Постреквизиттер: «Азаматтық іс жүргізу құқығы», «Бағалау қызметін құқықтық реттеу»
Мақсаты: Студенттер жердің көпқырлы қызметті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қатынастарды, сонымен бірге жер шаруашылық қатынастарды біріккен және өзара тығыз байланысты құқық реттеу қажеттілігі туындап отырғандықтан құқық нормаларының маңызын, сонымен қатар жер қатынастары аясында заңдық казустарды шешу үшін теориялық білім құқық нормаларының практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсінуі, бұл саланың заңдылықтарының маңызы мен ролі туралы терең және толық мағлұматты қалыптастыру болып табылады.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі. ҚР жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері мен қағидалары, жер құқығының қайнар көздері, жер құқық қатынастары, Қазақстан Республикасындағы жерге меншік және өзге де құқықтар, жер пайдалану құқығы, жерге ақы төлеу, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік реттеу, жерді тиімді пайдалану мен қорғауды мемлекетік бақылау, жерге орналастыру, жер мониторингі мен кадастрі, жер іс жүргізуінің түсінігі, жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік, жер дауларын шешу, ауыл шаруашылық үшін тағайындалған жерлердің құқықтық режимі, елді – мекен жерлерінің құқықтық режимі, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы үшін қажет емес жерлердің құқықтық режимі, ерекше қорғалатын табиғи территориялар, сауықтыру, рекреациялық және табиғи мәдени маңызды жерлердің құқықтық режимі, орман қоры жерлерінің құқықтық режимі, су қоры жерлерінің құқықтық режимі, босалқы жерлер туралы қарау.
Күтілетін нәтижелер: - жерді пайдалану және қорғау аясында, жеке және заңды тұлғалардың жерге байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысындағы нақты оқиғаларды шешудің тәжірибелерін иелену, қазіргі және келешек ұрпақтың мүддесі үшін жерді сақтауға мүмкіндік жасайтын құқықтық мәдениетті қалыптастыру; жер қатынастарын құқықтық реттеу, жермен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру тәртібін білуі қажет;
- ҚР жер құқығын оқу, заңгерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге, олардың болашақ мамандығы үшін қажет білімді игеруге, сондай-ақ ауылшаруашылық жерлерін шаруашылық пайдалану тәртібін орнатқызуға қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолдана білуі тиіс;
- ҚР Жер және өзге нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру;
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к. Сопыханова А.Б.
«Бухесеп, сот-бухгалтерлік экспертиза», 2 кредит
Пререквизит: «Экономикалық теория негіздері», «ҚР еңбек құқығы», «ҚР азаматтық құқығы»
Постреквизит: «Сот экспертологиясы», «ҚР кәсіпкерлік құқығы», «Кәсіпорын экономикасы»
Мақсаты: материалдық құндылықтарға есеп жүргізумен, есеп құжаттарын ресімдеу тәртібімен танысу.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Шаруашылық есеп туралы жалпы сипаттама. Бухгалтерлік есеп және сот бухгалтерлік сараптамасының пәні мен әдісі. Сараптаманың заңды жауапкершілігі. Бухгалтерлік есеп түрлері мен есеп регистрлері. Бухгалтерлік баланстың маңызы мен сақсаты. Бухгалтерлік шоттар туралы ұғым. Екі рет жазу жүйесі. Синтетикалық және аналитикалық шоттар. Айналым туралы ведомосі. Есепке алу жазбаларын бұрмалау және бухгалтерлік құжаттарды зерттеу тәслдері. Бухгалтерлік құжаттар жасырылған ұрлықтарды анықтау мақсатындағы зерттеу құралы. Бухгалтерлік құжаттармен есепке алу тізімдерін зерттеудің жалпы және жеке әдістері. Шаруашылық операцияларын дәлелді түрде тексеру әдістері. Жалпы салаларда бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібі.
Күтілетін нәтижелер: Экономикалық талдау, салық заңнамасы, банк және сақтандыру ісі салаларында бақылауды қамтамасыз ету үшін есеп құжаттарының түп нұсқалығымен шынайылығын алудың арнайы әдіс тәсілдерін пайдалана білу; алынған нәтижелерге талдау жасап мән жайларды құқықтық тұрғыдан дұрыс саралау.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Мусипова Л.К.
«Аудит», 2 кредит
Пререквизит: «Экономикалық теория негіздері»
Постреквизит: «Сот экспертологиясы», «ҚР кәсіпкерлік құқығы»
Мақсаты: қаржылық бақылу және аудиттың экономикалық мәнін анықтау.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Аудит мәні, мақсаттары мен түрлері. Аудиторлық қызмет және оны нормативтік-құқықтық реттелуі. Аудиттегі тараптардың құқықтары мен міндеттері. (МСА 200) аудит тұжырымдамасындағы қағидалар, құрылымдар. Постулаттар, стандарттар мен аудит нормалары. (МСА 240, 320) оны бағалаудағы қателер мен көрінеу қателіктер. Аудиторлық тәуекел (МСА 400). Аудиторлық дәлелдемелер (МСА 500, 501). Құжаттандыру мен аудит сапасына бақылау жасау (МСА 230). Ішкі бақылау жүйесі (МСА 400). Аудиттағы таңдау (МСА 530). Аудиторлық тексеріс көлемі, жоспарлау мен ұйымдастыру (210, 220). Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті. Аудиторлық есеп: (МСА 700) құрастыру және ұсыну тәртібі. Аудиторская проверка и методы проверки финансовой отчетности (МСА 200, 250) аудиторлық тексеріс және қаржылық есептілігін тексеру әдістері..
Күтілетін нәтижелер: Студент «Аудит» пәнін оқи отырып субъектілердің қаржылық есептілігінің шынайылылығын бекіту; шешім қабылдау үшін логикалық негізделген базаны құру үшін құзыретті мәліметтерге жеткілікті бағалар беру; кәсіпорын экономикасын немесе оның қызметінің белгілі бір түріне (инвестициялық, маркетингтік және т.б.) жүйелі және жан-жақты талдау жасау; кәсіпорын қызметінің оның жарғысына сәйкестігін, кәсіпорын жасаған бизнес жоспарының негізділігін тексеру дағдысына ие болу; кәсіпорынның шаруашылық қызметін реттейтін заңнамаларға бақылау жасау, бухгалтердік есеп жүргізу, қаржылық есептілікті құрастыруға бақылау жасау.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Абдрасимова Ж.Қ
«Интеллектуалдық меншік құқығы», 2 кредит
Пререквизит: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР азаматтық құқығы»
Постреквизит: «ҚР кәсіпкерлік құқығы», «Халықаралық жеке құқық»
мақсаты: интеллектуальдық меншік объектілерінің құқықтық табиғатын, олардың авторларын және патент иелерін зерттеу, сол сияқты интеллектуальдық меншік құқығын қорғау және жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құжаттарды зерттеу.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Интеллектуалды меншік құқығының ұғымы, интеллектуалдық меншік құқығының объектілері, олардың жіктелуі. Интеллектуалды меншік құқығының субъектілері. Интеллектуалды меншік объектілеріне жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Басқа тұлғалары құқық иеленушілерімен мүліктік құқықтарды беру. Авторлық құқық. Аралас құқық. Кәсіпорын меншігіндегі объектілеріне құқығы. Селекциялық жетістіктерге құқығы. Интегралды микросхема топологиясына құқығы. Азаматтық айналымдағы қатысушылардың тауар, қызмет, көмектеріне жекешелендіру қаржылары. Құқыққорғаушы құжаттар. Қорғаушы құжаттарды иеленушінің құқығын қорғау.
Күтілетін нәтижелер: интеллектуалдық меншік құқығының әр түрлі объектілерінің құқықтық табиғаты жөнінен білімді болу, олардың авторлары , құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпаратты игеру; түрлі құқықтық құжаттар жасай білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Шошаева Л.С.
«Бағалау қызметін құқықтық реттеу» 2 кредит
Пререквизиттер: «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР жер құқығы»
Постреквизит: «ҚР кәсіпкерлік құқығы»
Мақсаты: «Бағалау қызметін құқықтық реттеу» пәннің үш негізгі мақсаттары бар: жалпыбілімдік, құқықтанушылық және тәжірибелік. Пәннің жалпы білімдік ма
ңызы болашақ бағалаушылардың – студенттердің жалпы мәдениетін көтерумен байланысты. Құқықтанушылық мақсаты - ҚР-да бағалау қызметінің құқықтық реттеу үлгісі туралы теориятық білімді тереңдету. Курстың практикалық маңызы бағалау әдістерінің позитивті немесе негативті жақтарын анықтаумен байланысты.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Бағалау қызметінің пәні, қайнар көздері және жүйесі.Бағалаудың субъектілері, объектілері және бағалауды жүргізу негіздері.Бағалау қызметін жүргізу туралы шарт. Бағалаушы мен тапсырыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері. Мүлікті бағалау қызметін лицензиялау. Мүлікті бағалауды мемлекеттік қадағалау. Бағалау қызметінде ұстанатын қағидалар мен жұмыстардың сапалығына талаптар. Бағалау туралы есептің мазмұны мен үлгісіне талаптар. Жылжымайтын мүлікті бағалау әдістеріне талаптар (мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындардан басқа). Жылжыйтын мүлікті бағалау әдістеріне талаптар (нттеллектуалдық меншік объектілерінен басқа). Мүліктік кешен ретіндегі жылжымайтын мүлікті бағалау әдістеріне талаптар. Қазақстан Республикасында интеллектуалдық меншік туралы жалпы ережелер. Инттеллектуалдық меншік объектілерін бағалау әдістеріне талаптар. Қазақстан Республикасы заннаманы бойынша мүліктің түсінігі мен классификациясы.ҚР-дағы мүлікті бағалау жүйесі. Бағалау қағидалары.
Күтілетін нәтижелер: бағалау қызметінің әр түрлі объектілерінің құқықтық табиғаты жөнінен білімді болу, олардың құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпаратты игеру; түрлі құқықтық құжаттар жасай білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Есенов Д.Қ.
ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР
Пәндер цикл
|
Пәндер коды
|
Пәндер атаулары
|
Кред. саны
|
Семестр
|
3 курс
|
БД 2
|
|
Таңдау бойынша курс 1
|
|
|
|
FPRK 3220
|
ҚР қаржы құқығы
|
3
|
5
|
|
NN 3220
|
Салық және салық салу
|
3
|
5
|
|
|
Таңдау бойынша курс 2
|
|
|
|
Kri 3217
|
Криминология
|
3
|
5
|
|
UIPRK 3217
|
Қылмыстық атқару құқығы
|
3
|
5
|
|
|
Таңдау бойынша курс 3
|
|
|
|
BPRK 3221
|
ҚР банк құқығы
|
3
|
6
|
|
RZB 3221
|
Бағалы қағаздар нарығы
|
3
|
6
|
|
|
Таңдау бойынша курс 4
|
|
|
| MPP 3223 | Халықаралық жария құқығы |
3
|
6
|
| MEP 3223 | |
3
|
6
|
|
| Таңдау бойынша курс 5 |
|
|
|
SP 3211
| Салыстырмалы құқықтану |
3
|
6
|
|
PTGP 3211
| Мемлекет және құқық теориясы мәселелері |
3
|
6
|
ПД 3
|
| Таңдау бойынша курс 6 |
|
|
|
ZhPRK 3306
| ҚР тұрғын үй құқығы |
2
|
5
|
|
SPRK 3306
| ҚР отбасы құқығы |
2
|
5
|
|
| Таңдау бойынша курс 7 |
|
|
| PKEP 3308 |
Экономикалық қылмыстарды саралау мәселелері
|
2
|
5
|
|
PKPEA 3308
|
Коррупцияға қарсы қимыл: құқықтық-экономикалық аспектілері
|
2
|
5
|
|
| Таңдау бойынша курс 8 |
|
|
| StrPRK 3307 | Сақтандыру құқығы |
2
|
5
|
|
Str 3307
| Сақтандыру |
2
|
5
|
|
| Таңдау бойынша курс 9 |
|
|
|
EP 3304
| Кәсіпорын экономикасы |
2
|
6
|
|
GRE 3304
| Экономиканы мемлекеттік реттеу |
2
|
6
|
|
| Таңдау бойынша курс 10 |
|
|
|
DP 3313
| ҚР шарт құқығы |
2
|
6
|
|
МТP 3313
| Халықаралық сауда құқығы |
2
|
6
|
|
| Таңдау бойынша курс 11 |
|
|
|
PSGPD 3310
| Азаматтық-құқықтық құжаттарды құрастыру бойынша практикум |
3
|
6
|
|
DSKO 3310
| |
3
|
6
|
«ҚР Қаржы құқығы», 3 кредит
Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Азаматтық құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы».
Постреквизиттер: «Кәсіпкерлік құқығы», «ҚР банк құқығы»
Мақсаты: Студенттердің ҚР қаржы құқығының теориялық материалдарын толық меңгеріп, қаржылық заңдарды практикада қолдана білуін үйрету, кез келген жағдайда заңгер-маман ретінде мемлекеттің қаржылық қызметінің қатынастарында білімдерін пайдалануға дағдыландыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Қаржы және мемлекеттің қаржылық қызметі. Қаржылық құқық ұғымы, пәні, жүйесі, қағидалары. Қаржылық-құқықтық нормалар. Қаржылық-құқықтық қатынастар. Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері. Валюталық реттеудің құқықтық негіздері. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері. Бюджеттік құқық. Бюджеттік құрылым. Мемлекеттік кірістердің құқықтық негіздері. Мемлекеттік шығыстардың құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасындағы банк әрекеттерінің құқықтық негіздері. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың құқықтық негіздері.
Күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының кезеңдердегі қаржылық-құқықтық дамуын, мемлекеттік қаржы қызметі туралы заңнамаларды, Бюджет кодексін, бағдарламаларды, елбасының Жолдауын, мемлекеттік қаржы, қаржылық құқықтық қатынастарын және қаржы жүйесінің қызмет етуінің ерекшеліктерін түсіну, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық жағдай негіздерінің мазмұны және қағидаларын, мемлекеттік қаржылық органдарының ұйымдастырылу және қызметінің қағидаларын, құрылымын, құқықтық мәртебесін білуі қажет.
пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдана білуі қажет. ҚР қаржы құқығын оқу заңгерлердің кәсіби біліктілігін көтере отырып, заңдылық тәртіп орнатқызуға жәрдемдесе біліуі тиіс.
қаржы-құқықтық қатынастарға қатысты жаңадан қабылданған және өзгерістер енгізілген ҚР заңдарын үнемі қарай алу.
ҚР қаржы құқығын оқу дағдылық және өзіндік жұмысы негізінде қаржы құқығын оқу барысында студенттер қаржылық құқықбұзушылықтарды шешу жолдарын қарастыру қажет.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Амантай А.А.
«Салық пен салық салу», 3 кредит
Пререквизиттер: «Экономикалық теория негіздері», «Кәсіпорын экономикасы»
Постреквизиттер: «Кәсіпкерлік құқығы»
Мақсаты: студенттерде салықтық жүйе туралы толық көзқарастар қалыптастыру, салық салу аясындағы білімін жүйелендіру, жекелеген салықтарды есептеудің әдістемесіне оқыту, туралы, микро- және макро-деңгейлердегі салық салуды реттеуге үйрету. Салықтың қажеттілігі мен пайда болу сұрақтарын қарастырады.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Салықтардың экономикалық мәні мен табиғаты. Қазақстан республикасындағы салық мәні мен табиғаты: қалыптасу кезеңдері, қазіргі салық салу саясатының сипаттамасы. Салықтық механизм. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық. Әлеуметтік салық. Жер салығы. Мүлікке салынатын салық. Көлік құралдарына салынатын салық.Акциздер. Шаруа фермер шаруашылығы үшін арнайы салықтық режим. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салықтық режимдер.
Күтілетін нәтижелер: салық салудың теориясының дамуының тарихи кезеңдерін түіну және білу. Салықтар, салық салу элементтерінің мәнін ұғыну, Салық салу объектілері мен салықөтық базалар объектілерін анықтай білу, тиісті бюджетке төленетін салық сомалары есептеудің негіздерін білу;
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Игликова Д.Д.
«Криминология», 3 кредит
Пререквизиттер: «Әлеуметтану», «ҚР Қылмыстық құқығы»
Постреквизиттер: «Криминалистика», «Сот сараптамасы», «Заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы тұру»
Мақсаты: студенттер криминологияны жан-жақты және терең зерттеу, қылмыстылықпен күресте зерттеу пәнін нақты көрсете алу
Курстың қысқаша сипаттамасы: Криминологияның түсінігі, пәні мен әдісчтері. Қылмыстылық пен оның әлеуметтік-құқықтық мәні; Қылмыстылықитың жалпы себептері туралы ілім; Қылмыскердің жеке басы; Қылмыстылықты алдын алу; Жекелеген қылмыстарды алдын алу; Криминологиялық виктимология.
Күтілетін нәтижелер: - криминологияның мазмұны мен оның міндеттері туралы нақты көзқарастарға ие болу, қазіргі жағдайдағы ҚР және шетелдерде оның даму жай-күйін білу
- криминологияның маңызды институттарын, қазіргі жағдайдағы қылмыстылықтың мәнін ашуды меңгеру
жекелеген қылмыстар бойынша алдын алуға қатысты криминологиялық ұсыныстар енгізу
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к. Сыздық Б.К.
«Қылмыстық атқару құқығы», 3 кредит
Пререквезиттер: «Конституциялық құқық», «ҚР Қылмыстық құқығы», «Қылмыстық іс жүргізу құқығы»
Постреквизиттер: «Криминалистика», «Сот сараптамасы», «Заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы тұру»
Мақсаты: ҚР Қылмыстық атқару құқығының даму тенденциясының негізінде әлеуметтік белгілердің нормативтік мазмұны туралы студенттердің ғылыми білімдерін қалыптастыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Қылмыстық – атқару құқығының жалпы түсінігі; Түзеу әрекеттерін қолдану және жаза атқару; Жаза атқарушы тұлғалардың құқықтық жағдайы және сипаттамасы; Жаза атқарушы мекемелер мен органдардың және олардың персоналдарының жүйесі; Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты жаза атқару; Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару; Әртүрлі түрдегі түзеу мекемелерінің жаза қолдану ерекшеліктері; сотталған әскери қызметкерлерге қатысты, тәртіптік әскери бөлімшелерде ұсталған және қамалғандарға әскери қызметті шектеу түрі бойынша жаза қолдану; өмірбойы бас бостандығынан айыруды орындау. өлім жазасы түрінде жаза қолдану; жаза өтеуден босату; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әкімшілік қадағалау. шартты түрде босатылған тұлғаларға бақылау. жәбірленушілерді және сезіктілерді тергеу изоляторында ұстау.
Күтілетін нәтижелер: Жазаны атқару аумағында мемлекеттік саясаттың негіздерін білу, тәжірибелік қызметте өздерінің теориялық білімдерін қолдануды үйрену.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к. Байкенжина К.А., з.ғ.к. Косжанов А.С.
«ҚР Банк құқығы», 3 кредит
Пререквизит: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Азаматтық құқық», «ҚР қаржы құқығы»
Постреквизит:,»ҚР кәсіпкерлік құқығы», «Заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы тұру»
Мақсаты: ҚР Банк жүйесі және оның қызметі туралы білімдерді қалыптастыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы:Коммерциялық ұйымдар ретінде Қазақстан Республикасындағы банктер, банк қызметінің негізгі бағыттары, несие-есеп айрысу операциялары, эмиссиялық іс, банк қызметінің мақсаттары мен қағидалары. Құқықтық институт кешені болатын банк жүйесінің құқықтарымен оны құқықтық реттеу тәсілдері, түсінігі; ҚР Банк жүйесі, ҚР Ұлттық банкінің құқықтық жағдайы; коммерциялық банктердің құқықтық жағдайы, мемлекеттің несие жүйесі; Есептесу қатынастарын құқықтық реттеу. Несие қатынастарының құқықтық реттеу; Бағалы қағаздармен өткізілетен операцияларды құқықтық реттеу; валюталық қатынастарды құқықтық реттеу; форфейтинг және факторинг қатынастарын реттеу.
Күтілетін нәтижелер: банк аясына қатысты заңдық санаттармен бағдарлай білу, әртүрлі тектегі банк шарттарын құрастыру қабілеті, жалпы банк заңдылығы және банктік тәжірибе бойынша ақпараттану мақсатытнда мемлекеттің ақша-несие саясатының білімдерінің негізінн білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Хауия С.
«Құнды қағаздар нарығы», 3 кредит
Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Азаматтық құқық», «Экономикалық теория негіздері»
Постреквизит: «Халықаралық сауда құқығы», «ҚР Кәсіпкерлік құқығы», «Заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы тұру»
Мақсаты: бағалы қағаздар нарығының мәні, қор биржаларының қызмет негіздерінің теориялары мен ұйымдастыру негіздері туралы білімін қалыптастыру олардың экономикадағы мәні мен әрекет ету механизмін тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырудың ғылыми негіздері. Бағалы қағаздар түсінігі мен жіктелуі. Қазақстанда қаржы нарығын қалыптастырудың заңдылықтары. Корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздардың қызмет етуінің ерекшеліктері. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын лицензиялаудың әдістері. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар. Биржалық қордың қызметі. Бағалы қағаздар коньюнктурасы. Қор биржасы қызметінің негіздері. Биржалық сауда қатысушылары. Биржалық сауда механизмі. нарығының субъектілерін қызметтік бақылау.
Күтілетін нәтижелер: Студент бағалы қағзадр нарығындағы қаржылық құралдардың теориялық аспектілерін, халықаралық несиелік-есеп айырысу және валюталық қатынастарды білуге тиіс; бағалы қағаздар нарығының мәні мен мазмұынын сипаттайтын анықтамалық-терминолгиялық аппаратты; барлық түсініктер мен олардың ішкі логикасының өзара байланысы.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: э.ғ.к. Курманалина А.Қ.
«Халықаралық жария құқығы», 3 кредит
Пререквезиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Конституциялық құқығы»
Постреквизиты: «Халықаралық жеке құқығы», «СЭҚ құқықтық реттеу»
Мақсаты: халықаралық құқықтың тұжырымдамалық мәселелері мен танысу, маңызды халықаралық келісімдер мен конвенциялар және шарттарды оқып меңгеру халықаралық құқық нормаларын қолдану, халықаралық құқық теорияларын меңгеруге бағытталады.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.Халықаралық – құқықтық ғылым және халықаралық құқықтың тарихы;Қазақстан тарихындағы халықаралық – құқықтық институттардың пайда болуы және дамуы.Халықаралық құқықтың қайнар көздері.Халықаралық құқықтың қағидалары;Халықаралық құқықтың субъектілері,тану және мемлекеттің құқық қабылдаушылық. Халықаралық шарттар құқығы;Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)- әмбебап халықаралық ұйым ретінде;Халықаралық және мемлекетшілік құқықтың бір-бірімен өзара байланысы және қатынасы.Халықаралық құқықтағы жауапкершілік; Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау;Халықаралық экономикалық құқық;Дипломатиялық құқық.Консулдық құқық; Халықаралық қауіпсіздік құқығы Қылмыспен күрестегімемлекеттердің ынтымақтастығы;Аумақ және шекара. Халықаралық теңіз және өзен құқығы;Халықаралық әуе құқығы.Халықаралық құқық әуе кеңістігін игеру;Халықаралық экологиялық құқық.Халықаралық гуманитарлық құқық;Халықаралық құқық және әлемдік діндер.Халықаралық дауларды шешудің халықаралық құқықтық құралдары;Мұнай, ауылшаруашылық және туризм аясында мемлекеттердің ынтымақтастығының халықаралық құықықтық нысындары.
Күтілетін нәтижелер: -халықаралық – құқықтық қатынастардың түсінігі оның қағидалары, құрылымы мен міндеттері; халықаралық - құқықтық қатынастарды дамыту диалектикасын және оның тарихын сонымен қатар оны жетілдірудің болашағы туралы үғымды оқитын болады
-халықаралық шарттардың бекітудің ерекшеліктерін, халықаралық құқықтың нормаларын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлерін;халықаралық-құқықтық прктикалық аспектілерде халықаралық құқық білімін және халақаралық құқықтың нормаларын болашақта заңды қызметтерге қолдана білуі тиіс.
-игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдану, заңгерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге, олардың халықаралық-құқықтық дәрежелермен ойлануға, халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесін білуге, халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау тәжірибесін қолданана білуді
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Есенов Д.К.
«Халықаралық экономикалык құқығы», 3 кредит
Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Конституциялық құқығы»
Постреквизиттер: «Халықаралық жеке құқығы», «СЭҚ құқықтық реттеу»
Мақсаты: Студенттерді Халықаралық сауда құқығының теориялық материалдарын толық меңгеріп, оны практикада қолдана білуге үйрету, халықаралық сауда қатынасы саласындағы құқықтық құжаттарды дұрыс қолдануға дағдыландыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда. Халықаралық сауда құқығының ұғымымен қайнар көздері. Халықаралық сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу. Аймақтық интеграциялық құрылымдардың сауда-экономикалық қатынастарының ерекшеліктері. Халықаралық сауда құқығының Субъектілері мен объектілері. Дүниежүзілік сауда ұйымы. ДСҰ жүйесіндегі халықаралық сауданың құқықтық негіздері. Халықаралық сауда мәмілелерінің жалпы сипаттамасы. Халықаралық сауда делдалдығы. Халықаралық сауда өкілдігі. Халықаралық есеп айырысу. Халықаралық несиелік аударымдар және аккредитив. Инкассо және банктік кепілдіктер. Халықаралық факторинг. Халықаралық қаржылық лизинг. Тауарларды халықаралық тасымалдау. Халықаралық коммерциялық мәмілелер жасасудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері. Халықаралық саудадағы франчайзинг
Күтілетін нәтижелер: - халықаралық сауда саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың маңызын, халықаралық құқықта басшылыққа алынатын құқықтық ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру керек және конвенциялық құқық нормаларын қолдану тәртібін білуі қажет.
- Нормативті актілерге сүйене отырып халықаралық сауда қатынастарына сипаттама (мінездеме) беру, терең түсінік ала отырып, білімін практикада қолдана білу. Халықаралық сауда құқығы пәнін оқу барысында игерген білімді студент тәжірибеде шығармашылық түрде қолдана білуі. Сот, құқық қорғау органдарында, шаруашылық қатынастарда тәжірибе өту барысында алған дағдыларын қолдана білуі тиіс.
- Халықаралық сауда қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру.
- Студенттердің өзіндік жұмысының нысаны ретінде халықаралық сауда құқығы тәжірибесін жалпылайтын рефераттар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады. Студенттер сауда саттық саласында тәжірибелік дағдыларға ие болып, сауда құжаттарын (халықаралық құқықтық шарттар,талап арызды, шешімді, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра білуі тиіс.
Тұрақты түрде кәсіби тұрғыдан өсіп отыру
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Есенов Д.К.
«Салыстырмалы құқықтану», 3 кредит
Пререквизиттер: «Рим құқығы», «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы», «Мемлекет және құқық теориясы»
Постреквизиттер: «Халықаралық жеке құқығы»
Мақсаты: қазіргі кезеңдегі негізгі құқықтық жүйелер туралы, қазіргі уақыттағы құқықтың жағдайы мен дамуы туралы білімдер қалыптастыру
Курстың қысқаша сипаттамасы: Салыстырмалы құқықтану: тәсіл, ғылым, оқу пәні. Салыстырмалы құқықтану тарихы. Ұлттық құқықтық отбасыларын саралау мәселелері. Европа құқығы және салыстырмалы құқықтану. Романо-германдық құқықтық жүйесінің жалпы сипаттамасы. Скандинавия елдерінің құқықтық жүйелері. Латын Америкасы елдерінің құқықтық жүйелері. Жапонның құқықтық жүйесі. Англо-саксондық құқықтық отбасы. Жалпы құқық отбасы. Гомано-германдық және англо-саксондық құқықтың конвергенциясы. Мұсылмандық құқық. Социалистік және постсоциалистік елдердің құқықтық жұйелері. Иудей құқығы. Африкандық құқықтық отбасы. Қазіргі замандағы құқық: жаһандану мәселелері.
Күтілетін нәтижелер: әлемдегі құқықтық жүйелердің қайнар көздерін білу;
білім алу барысында үйренген әдістерді қолдана отырып шетелдік заңдық актілерге жеке мониторинг жүргізе білу, теориялық білімдерін заңдық казустарды шешу кезінде қолдана білу;
салалық заңдық пәндер шегінде жүргізілетін зерттеулердің әдістемесін игеру; шетелдік мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің нормативтік негіздерін бағалау және салыстыру қабілеттерін игеру.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Әділбекова Қ.Қ.
«Мемлекет және құқық теориясы мәселелері», 3 кредит
Пререквизиттер: «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы», «Мемлекет және құқық теориясы»
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды тәжірибе
Мақсаты: қазіргі кезеңдегі негізгі құқықтық жүйелер туралы, қазіргі уақыттағы құқықтың жағдайы мен дамуы туралы білімдер қалыптастыру
Курстың қысқаша сипаттамасы: Мемлекет және құқықтың мәселелері: Мемлекеттің мәні, түсінігі және әлеуметтік мәні мәселелері. Мемлекеттік билік. Басқару нысаны және мемлекеттік құрылым нысаны. Мемлекеттік-саяси режимдер. Мемлекет, оның жаһандану жағдайындағы механизмі мен қызметтері. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның Қазақстанда қалыптасу мәселелері. Құқықтүсінушілік мәселелері. Құқық мәні мен тағайындалуы. Құқықшығармашылық мәселелері. Құқық жүйесі және заңдар жүйесі. Жаңа құқық салаларының қалыптасу мәселелері. Құқықты жүзеге асыру мәселелері. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Оларды қазіргі кезеңдегі Қазақстанда көтерудің мәселелері. Құқықтық нигилизм, олардың алдын алу жолдары. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік. Заң ғылымында олардың анықтамасына негізгі көзқарастар.
Күтілетін нәтижелер: әлемдегі құқықтық жүйелердің қайнар көздерін білу;
білім алу барысында үйренген әдістерді қолдана отырып шетелдік заңдық актілерге жеке мониторинг жүргізе білу, теориялық білімдерін заңдық казустарды шешу кезінде қолдана білу;
салалық заңдық пәндер шегінде жүргізілетін зерттеулердің әдістемесін игеру; мемлекет және құқық теориясы мәселелерін салыстыру қабілеттерін игеру.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Әділбекова Қ.Қ.
«ҚР Тұрғын үй құқығы», 2 кредит
Пререквизит: «ҚР Азаматтық құқығы»,«Мемлекет және құқық теориясы»
Постреквизиттер: «ҚР Адвокатурасы», «ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы»
Мақсаты: ҚР Тұрғын үй заңнамасы ілімдерін қалыптастыру
Курстың қысқаша сипаттамасы: Тұрғын үй құқығының түсінігі; ҚР тұрғын үй заңнамасы; тұрғын үй қорлары, тұрғын үй қорларының жіктелінуі; тұрғын үй жайларды беру; тұрғын үйге (пәтерге) меншік құқығы; тұрғын үй жайларын жалға беру; тұрғын үй жайларын жалдау шарты; тұрғын үй жайларын ауыстыру; қосалқы жалға беру (субаренда); тұрғын үй құрылыс кооперативтеріндегі тұрғын үй жайларды пайдалану; қызметтік тұрғын үй жайлар мен жатақханаларды пайдалану.
Күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй заңнамасын меңгеру; ағымдағы жағдайларды саралай білу мен оны шешудің басым бағыттарын көру, қандай да бір тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруға теориялық білімін қолдану мен мүмкін болатын салдарларын алдын ала көре білу, пайда болған өзгерістерге бейімделу қабілетінің болуы; құқықтық сипатттағы құжаттар құрастыра білу, заңдық сипаттағы құжаттарға құқықтық сараптама жасауды жүзеге асыру мен заңнамаға сәйкес білікті заң қорытындысын қабылдау.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Есенов Д.Қ.
«ҚР Отбасы құқығы», 2 кредит
Пререквизиттері: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Азаматтық құқығы», «Мұсылман құқығы»
Постреквизиттер: «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы», «Ювеналдық құқық», «Азаматтық құқықтық құжаттарды құрастыру бойынша практикум», «Азаматтық құқықтарды соттан тыс қорғау тәсілдері»
Мақсаты: Студенттер азаматтар арасындағы некеден, туысқандық жағдайдан, бала асырап алудан туындайтын ерлі-зайыптылардың, ата-аналары мен балаларының, басқа да туысқандардың арасында қалыптасатын жеке және оған байланысты мүліктік қатынастарды реттейтін негізгі теориялық негіздерді меңгереді.
Күтілетін нәтижелер: неке мен отбасының, отбасы құқығының теориялық-құқықтық негіздерін білу: сонымен бірге отбасылық некелік қатынастар субъектілерінің (ата-аналар, қамқоршы, қорғаншы, бала, ерлі-зайыптылар) құқықтары мен міндеттерін, отбасылық дауларды реттеу тәсілдерін түсіну, оларды заңға талаптарына сәйкес шеше білу;
теориялық білімдерін практикада қолдана білу, шет мемлекеттердің және отандық заңнамалар нормаларын қолдану және түсіндіру;
теориялық білім мен әрекет етуші отбасылық заңнаманың нормаларының негізінде практикалық есептерді шешу;
отбасылық – құқықтық дауларды соттан тыс шешу саласындағы қажетті ақпараттарды талдау мен жинақтау қабілеті;
кәсіби және жеке дамудағы қажетілік.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасының отбасы құқығының ұғымы және оның негізгі қағидалары. Қазақстан Республикасының отбасылық заңнамалары. Отбасылық құқықтық қатынастар. Некені құқықтық реттеу. Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар. Отбасының басқа мүшелерінің арасындағы құқықтық қатынастар. Алименттік міндеттемелерді төлеу және өндіріп алу тәртібі. Бала асырап алуды құқықтық реттеу. Қамқоршылық пен қорғаншылықты құқықтық реттеу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Шошаева Л.С.
«Экономикалық қылмыстарды саралау мәселесі», 2 кредит
Пререквизит: «ҚР қылмыстық құқығы», «ҚР қаржы құқығы»
Постреквизит: «Криминалистика», «ҚР Прокурорлық қадағалау», «Сот сараптамасы»
Мақсаты: экономика саласындағы қылмыстардың жекелеген түрлерінің проблемалық тұстарымен олардың саралануын зерттеу.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономика саласындағы қылмыстардың ұғымы мен түрлері. Кәсіперлік және басқада экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар. Ақша несие саласындағы қылмыстар. Қаржы саласындағы қылмыстар. Сауда және қызмет көрсету саласындағы қылмыстар.Экономикалық қылмыстарды саралау мәселелері.
Салықтық қылмыстарды саралау мәселелері. Баптарды саралау: заңсыз кәсіпкерлік және азаматтардың көрінеу салық төлеуден жалтаруы. заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттармен басқада мүліктерді заңдастыруды саралаудың мәселелері.
Күтілетін нәтижелер: құқықтық нормалар мен теорияларды нақты практикалық ситуацияда қолдану және қажетті құқықтық ақпарат алудың тиімді жолын таба білу; экономикалық қылмыстарды белгілі бір саралау бойынша құқықтық қорытынды беруде деректермен мән жайларды заңдық дұрыс саралау; заңға сәйкес құқықтық шешімдер қабылдап, іс әрекеттер жасау; құқық бұзушылық фактілерін анықтап, ашу. жауапкершілік шараларын анықтау; бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге қажетті шаралар қолдану.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к. Байкенжина К.А.
«Коррупцияға қарсы қимыл: құқықтық-экономикалық аспектілері», 2 кредит
Пререквизит: «ҚР қылмыстық құқығы», «Мемлекеттік қызмет пен басқару»
Постреквизит: «Криминалистика», «ҚР Прокурорлық қадағалау», «Сот сараптамасы»
Мақсаты: коррупцияға қарсы қимыл саласындағы теориялық ережелерді игеру, заңнамамен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру, коррупциялық қылмыстардың түрлері жайлы түсініктерін қалыптастыру
Курстың қысқаша сипаттамасы: Коррупцияның түсінігі мен мазмұны. Коррупциялық қылмыстардың түрлері. ҚР коррупциямен күрестің құқықтық негіздері.
Жалған кәсіпкерлік. Қаржы пирамидасын құру және жетекшілік ету мәселелері. Экономикалық контрабанда мәселелері. Рейдерлікті саралау мәселелері және құмар ойындарды ұйымдастыру. Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану мәселелері.
Билікті асыра пайдалануды саралау мәселелері.
Күтілетін нәтижелер:
Коррупцияның қазіргі таңдағы түсінігі мен мазмұнын айқындау:
ҚР, таяу және алыс шетелдегі коррупцияның дамуы мен негізгі кезеңдерін талдау;
Коррупцияның көрініс табу механизмдері мен онымен күресу құралдары туралы білімдерін қалыптастыру
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: магистр Орынбеков А.С.
«ҚР Сақтандыру құқығы» 2 кредит
Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Азаматтық құқығы», «ҚР Қаржылық құқығы»
Постреквизиттер: «ҚР кәсіпкерлік құқығы», «ҚР банк құқығы»
Курстың мақсаты: Студенттердің ҚР сақтандыру құқығының теориялық материалдарын толық меңгеріп, оны практикада қолдана білуін үйрету, оның ішінде кез келген жағдайда сақтандыру қатынастарының субъектілерінің арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарда заңдарды пайдалануға дағдыландыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Сақтандырудың ұғымы. Сақтандыру құқығы құқықтық институт ретінде. Сақтандыру құқығының ұғымы мен пәні. Сақтандырудың нормалары мен сақтандырудың құқықтық қатынастары. Сақтандырудың түрлері, нысаны және салалары. Сақтандыру қатынастарының қатысушылары. Сақтандырудың күрделі нысандары. Сақтандыру шарты ұғымы және оның мазмұны. Сақтандыру шартындағы жақтардың міндеттері. Сақтандыру шартының орындалу кезіндегі есептер. Сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың салдары және тоқтатылуы. Міндетті сақтандырудың құқықтық реттелуі. Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің жағдайлары. Сақтандыру қызметіне қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның құқықтық статусы. Сақтандыру қызметін лицензиялау. Сақтандыру туралы заңды бұзған үшін жауаптылығы.
Күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының кезеңдердегі сақтандыру-құқықтық дамуын, сақтандыру қызметі туралы заңнаманы, мемлекеттік сақтандыру, міндетті, ерікті сақтандыру қатынастарын және сақтандыру жүйесінің қызмет етуінің ерекшеліктерін түсіну, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық жағдай негіздерінің мазмұны және қағидаларын, сақтандыру органдарының ұйымдастырылу және қызметінің қағидаларын, құрылымын, құқықтық мәртебесін білуі қажет.
пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдану. ҚР сақтандыру құқығын оқу заңгерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге, олардың сақтандыру -құқықтық дәрежелермен ойлануға, мемлекеттік сақтандыру, заңды тұлғалар, сақтандыру ұйымдары қызметінде және азаматтардың сақтандыру заңдылық тәртібін орнатқызуға жәрдемдесуді игере алады.
сақтандыру қызметі туралы және өзге нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру.
ҚР сақтандыру құқығын оқу тәжірибелік, өздік жұмыстарының негізі ретінде студенттер өмірде кездесетін сақтандыру қатынастарына қатысты оқиғалар желісін тәжірибелік есептерді заңдарды пайдалана отырып шешу, сақтандыру ұйымдарының құқықтық-ұйымдастырушылық нысанымен танысу арқылы тәжірибелерін арттыру қажет.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Амантай А.А.
«Сақтандыру», 2 кредит
Пререквизиттер: «Экономикалық теория негіздері», «Менеджмент»
Постреквизиттер: «ҚР кәсіпкерлік құқығы»
Курстың мақсаты: Студенттердің сақтандыру саласында терең теориялық білімдер меңгеру, негізгі практикалық тәсілдер, сақтандыру ісін жүргізудің әдістерін меңгеру. «Сақтандыру» пәнінің оқу материалының мазмұны сақтандыру саласындағы жоғары білікті мамандарға ұсынылатын қажеті білім көлемін алуға мүмкіндік береді.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Сақтандырудың экономикалық мәні. Тәуекел түсінігі мен оның экономикалық салдары. Сақтандыру сұрақтарын заңнамалық рәсімдеу. Сақтандыру нарығы. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру. Сақтандыру маркетингі. Актуарлық қызмет.Жеке сақтандыру. Мүліктік сақтандыру. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікі сақтандыру. Сақтандыру компанияларының қаржылары. Сақтандыру компанияларының қызметіне қаржылық талдау. Сақтандыру компанияларының қызметіне қаржылық тұрақтылығы. Сақтандыру компанияларының төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету. Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі.
Күтілетін нәтижелер: -сақтандырудың концептулдқы теориялырының ережелерін, экономикалық мазмұнын білу;
-Алған теориялық білімін сақтандыру компаниялардың қаржылық жай-күйін бағалау үшін қолдану;
- сақтандыру нарығының қатысушыларының қаржылық жай-күйінің дұрыс көзқарасын құрастыру үшін синтетикалық-талдау қызметін жүзеге асыру;
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: магистр Игликова Д.Д.
«Кәсіпорын экономикасы»,2 кредит
Пререквизит: «Экономикалық теория», «Менеджмент»
Постреквизит: «Экономикалық қылмыстарды саралаудың мәселелері», «Кәсіпкерлік құқығы»
Мақсаты: кәсіпорын экономикасының экономикалық мәнін, оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі, қызметтерін түсіндіру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын шаруашылық жүргізудің объектісі ретінде, өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі. Негізгі және айналымдағы капитал. Шикізаттық, материалдық және еңбек ресурстары. Еңбекке ақы төлеу. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы. Кәсіпорынның пайдасы, өнімділігі және қаржысы.
Күтілетін нәтижелер: өндіріс, кәсіпорынды басқарудың кәсіби міндеттерін орындау үшін экономикалық санаттар мен түсініктерді меңгеру; ұжымда жұмыс істей білу, дербес және тиімді уақытты ұйымдастыра білу; өз жұмыстарының нәтижелерін басқара отырып басқару негіздері туралы көзқарастарға ие болу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: доктор РһД Байбосынов С.Б.
«Экономиканы мемлекеттік реттеу», 2 кредит
Пререквизиттер: «Экономикалық теория негіздері», «Менеджмент»
Постреквизиттер: «Экономикалық қылмыстарды саралаудың мәселелері», «ҚР Кәсіпкерлік құқығы»
Мақсаты: Студенттерге инвестициялық процестегі мемлекеттің ролі туралы кешенді көзқарастар қалыптастыру, мемлекеттің инвестициялық стратегиясының мақсаттарын, міндеттері мен қызметтерін толық түсіну үшін білім беру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттің инвестициялық стратегиялары. Мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет инвестициялық процестің басты субъектісі ретіндегі мемлекет қызметінің құқықтық негіздері. Шағын бизнесті дамытудың стратегиясы. Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы. Даму институттары. Мемлекет меншік иесі және инвестор ретінде. Инвестициялық қызметті салықтық-бюджеттік және ақшалай-несиелік реттеу. Шетел инвестициялары. Инвестициялық стратегияның әлеуметтік-экономикалық ролі.
Күтілетін нәтижелер: инвестициялық процесті реттеудің кең механизмдерін стратегиялық жоспарлау мен кең таңдау әдістері негізінде мемлекет пен аумақтарда мемлекеттің инвестициялық стратегиясын қалыптастыру мен жүзеге асыратын білімді игеру;
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә. доктор РһД Байбосынов С.Б.
«Шарттық құқық», 2 кредит
Пререквизит: «Рим құқығы», «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР азаматтық құқығы»
Постреквизит: «ҚР кәсіпкерлік құқығы», «Азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс тәсілдері»
Мақсаты: Шарттарды ресімдеу дағдысын қалыптастырып дамыту.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Шарттың санаты, постсоветтік құқықтағы орны мен маңызы. Шарт санаты мәселесі барлық салалар үшін жалпы түсінік ретінде. Қазіргі заманғы азаматтық-құқықтық шарт. Шарт еркіндігі: шектелу жағдайы. ҚР-сы Азаматтық Кодксіндегі жаңа шарт түрлері: кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты және табиғи монополия субъектілерінің оны қолдануы; рента шарты; рента шартыны үштүрлілігі. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты. Энергиямен қамтамасыз ету жағдайындағы шарттық қатынастар мәселелері: энергиямен қамтамасыз ету ойынша қатынастарының спецификалық ерекшеліктері. Неке шарты. Шарттық қатынастардағы жауапкершілік мәселелері.
Күтілетін нәтижелер: түрлі азаматтық құқықтық шарттар жасау, құқықтық құжаттар ресімдеуде заңдық ұғымдармен категорияларға сүйену және лингвистикалық білімін жетілдіру. Дауларды шешудің және заңдық техниканың балама тәсілдерін қолдану жолдарын іздестіру; заңдарға енгізілген жаңалықтарды біліп, дұрыс қортындылай білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Ахтышхан Е.А.
«Халықаралық сауда құқығы», 2 кредит
Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «Халықаралық жария құқығы»,
Постреквизиттер: «Кәсіпкерлік құқығы», «Халықаралық жеке құқығы»
Мақсаты: студенттерді Халықаралық сауда құқығының теориялық материалдарын толық меңгеріп, оны практикада қолдана білуге үйрету, халықаралық сауда қатынасы саласындағы құқықтық құжаттарды дұрыс қолдануға дағдыландыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда. Халықаралық сауда құқығының ұғымымен қайнар көздері. Халықаралық сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу. Аймақтық интеграциялық құрылымдардың сауда-экономикалық қатынастарының ерекшеліктері. Халықаралық сауда құқығының Субъектілері мен объектілері. Дүниежүзілік сауда ұйымы. ДСҰ жүйесіндегі халықаралық сауданың құқықтық негіздері. Халықаралық сауда мәмілелерінің жалпы сипаттамасы. Халықаралық сауда делдалдығы. Халықаралық сауда өкілдігі. Халықаралық есеп айырысу. Халықаралық несиелік аударымдар және аккредитив. Инкассо және банктік кепілдіктер. Халықаралық факторинг. Халықаралық қаржылық лизинг. Тауарларды халықаралық тасымалдау. Халықаралық коммерциялық мәмілелер жасасудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері. Халықаралық саудадағы франчайзинг.
Күтілетін нәтижелер: маңызын, халықаралық құқықта басшылыққа алынатын құқықтық ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру керек және конвенциялық құқық нормаларын қолдану тәртібін білуі қажет. Студенттер сауда саттық саласында тәжірибелік дағдыларға ие болып, сауда құжаттарын (халықаралық құқықтық шарттар,талап арызды, шешімді, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра білуі тиіс.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Ахтышхан Е.А.
«Азаматтық-құқықтық құжаттарды толтыру бойынша практикум», 3 кредит
Пререквизиттер: «Азаматтық құқық», «Азаматтық іс жүргізу құқығы».
Постреквизиттер: «Шарттық құқық», «Кәсіпкерлік құқық», «Азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс тәсілдері»
Мақсаты: Азаматтық-құқықтық құжаттарды толтыру бойынша практикум курсын оқытудың мақсаты болып студенттерге субъективтік құқықтарды нотариат арқылы қорғау нысанын реттейтін құқық нормаларының маңызын, азаматтық, шаруашылық және басқа қатынастарда заңдылықты нығайтудағы нотариаттың ролін, нотариаттық іс-әрекеттері жасау тәртібін, құқық нормалары мен оларды нотариат органдарының тәжірибеде қолдануының арасындағы тығыз байланысты түсіндіру болып табылады.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық, отбасылық, шаруашылық, еңбек, конституциялық құқықтарын қорғау үшін талап арыздарын құрастыру.онных, Сот отырыстарының хаттамаларын, нақты құқықтық жағдайлар бойынша сот шешімдерін, бірінші инстанция сотының қаулыларын құрастыру. Нақты құқықтық жағдайлар бойынша сот шешімдерін, екінші инстанция сотының қаулыларын, аппеляциялық шағымдары мен наразылықтарын құрастыру. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өндіріс тәртібімен нақты құқықтық жағдайлар бойынша қадағалау шағымдары мен наразылықтарын құрастыру. Нотариат туралы заңнама тарихы. Мемлекеттік нотариаттың жеке нотариалдық конторлардың түсінігі мен міндеттері. Нотариалдық қызмет және оның кепілдіктері. Нотариат органдарының қызметін ұйымдастыру. Нотариустардың құқықтық жағдайлары. Мемлекеттік нотариаттың жеке нотариалдық конторлардың құзыреттері. Нотариальдық палата. Мәмілелерді куәландыру. Мұрагерлікке құқыққа куәлік беру. Қорғаушы нотариалдық әрекеттер. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер: Бұл арнайы курсты меңгеру азаматтық, жан-ұя құқығы, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік құқығы тәрізді пәндермен алынған білімдерге негізделеді, өйткені аталған пәндердің шегінде мемлекеттік органдардың жүйесі, субъективтік құқықтарды қорғау нысандары, сәйкес құқықтық қатынастардың мазмұны мен олардың субъектілері, құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылуы не оларды жарамсыз деп тану негіздемелері туралы мәселелер оқылады. Сотқа қарағанда нотариат азаматтық құқықтардың заңды бекітілуіне және олардың болашақта бұзылу мүмкіндігінің алдын-алуға бағытталған функцияны орындайды, яғни нотариаттың қызметі ескертуші сипатқа ие. Ендеше, нотариаттық қызметтің пәні – азаматтық құқық туралы дау болмайтын істер. Егер нотариаттық іс-әрекет жасау барысында мұндай дау туындаса, онда ол сотта қарастырылуы тиіс.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Шошаева Л.С.
«Корпоративтік қатынастарды құжаттық қамтамасыз ету», 3 кредит
Пререквизиттер: «Азаматтық құқық», «Азаматтық іс жүргізу құқығы»
Постреквизиттер: Шарттық құқық», «Кәсіпкерлік құқық», «Азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс тәсілдері»
Мақсаты: Корпоративтік қатынастарды жүзеге асыру барысында құқықтық сипаттағы құжаттарды рәсімдеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Студенттерді тәжірибелік қызметтерге дайындау.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Заңды тұлғаның қызметін негіздейтін құжаттар; Заңды тұлғаның құнды қағаздарын құжаттамалық қамсыздандыру; Заңды тұлғаның есеп айырысу шотын енгізумен байланысты құжаттар, заңды тұлғалардың локальдық актілері; еңбек ұжымының қатынастарын құжаттамалық рәсімдеу; Шаруашылық шарттар; Заңды тұлғаларды құқықтық қызмет көрсету; Заңды тұлғалар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; Сот актілерін қайт ақарау бойынша құжаттар
Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу барысында студент заңды тұлғаларды құру, қызметі мен жауапкершілігін реттейтін заңнаманың ерекшеліктері туралы білімін алу;
корпоративтік қатынастар түрлерін анықтаудың дағдыларына және тәжірибелік жағдайларды шешуде дағдыларға үйрену;
корпоативтік қызметті жүзеге асыру саласында қажетті ақпаратты талдау және таңдау қабілетін қалыптастыру, корпоративтік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу;
ақпараттарды презентацияар, локальды құжаттар түрінде ұсыну;
кәсіби өсуі мен кәсіби білімін үнемі жаңартудың қажеттілігін түсіндіру.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Шошаева Л.С.
ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР
Пәндер циклі
|
Пәндер коды
|
Пәндер атаулары
|
Кред. саны
|
Семестр
|
4 курс
|
БД 2
|
|
Таңдау бойынша курс 1
|
|
|
| MChP4222 |
Халықаралық жеке құқығы
|
3
|
7
|
| PRWED
4222
|
СЭҚ құқықтық реттеу
|
3
|
7
|
| |
Таңдау бойынша курс 2
|
|
|
|
Kri. SE 4223
|
Криминалистика. Сот сараптамасы
|
3
|
7
|
|
KARREP 4223
|
Экономикалық қылмыстарды тергеу мен ашудың криминалистикалық аспектілері
|
3
|
7
|
| |
Таңдау бойынша курс 3
|
|
|
| PNRK
4224
|
ҚР прокурорлық қадағалау
|
2
|
7
|
| Krim4224 |
Криминология
|
2
|
7
|
| |
Таңдау бойынша курс 4
|
|
|
|
IP4225
| Ақпараттық құқық |
2
|
7
|
|
МТ 4225
| Халықаралық терроризм |
2
|
7
|
|
| Таңдау бойынша курс 5 |
|
|
| YuPRK 4226 | ҚР Ювеналдық құқығы |
2
|
7
|
|
ZIPUS 4226
|
Қылмыстық сот ісінде мүліктік құқықтарды қорғау
|
2
|
7
|
ПД 3
|
|
Таңдау бойынша курс 6
|
|
|
|
NSZGP 4311
| Азаматтық-құқықтық дауларды шешудің соттан тыс әдістері |
3
|
7
|
|
Adw4311
| Адвокатура |
3
|
7
|
|
|
Таңдау бойынша курс 7
|
|
|
| PLND 4312 | Заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы тұру |
2
|
7
|
|
ISG 4312
| Мемлекеттердің инвестициялық стратегиясы |
2
|
7
|
|
|
Таңдау бойынша курс 8
|
|
|
|
PPRK
4314
| ҚР кәсіпкерлік құқығы |
3
|
7
|
|
PRSKP RK 4314
| ҚР бәсекелік саясатты құқықтық реттеу |
3
|
7
|
«Халықаралық жеке құқық», 3 кредит
Пререквезиттер: “Мемлекет және құқық теориясы”, “Қазақстан республикасының азаматтық құқығы ”, “Халықаралық жария құқығы ”,“Отбасы құқығы”, “Еңбек құқығы”
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды тәжірибе
Мақсаты: Студенттер халықаралық жеке құқығы туралы көрініс, халықаралық сипаттаға жеке құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан заңнамасының және оған сәйкес халықаралық шарттарының негізгі нормаларының мазмұны жөнінде, қайшылық қағидалардың негізгі типтері жөнінде білімдер беру, қазақстандық заңнаманың және шетел мемлекеттердің заңдары қайшылық нормаларын түсіну мен қолдану жөнінде теориялық білімдерді меңгереді.
Курстың қысқаша сипаттамасы:: Халықаралық жеке құқығының түсінігі. Халықаралық жеке құқығының қайнар көздері.
Коллизиялық нормалар. Халықаралық жеке құқық нормаларын қолдану: негізгі құқықтық мәселелер. Халықаралық жеке құқықтың субъектілері. Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтар. Сыртқыэкономикалық мәмілелер. Жүкті және жолаушыларды халықаралық тасымалдау. Халықаралық несие және есеп қатынастары. Халықаралық жеке құқықтағы интеллектуалдық меншік құқығы. Халықаралық еңбек құқығы. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы – неке қатынастары. Халықаралық азаматтық процесс.
Күтілетін нәтижелер: - Халықаралық сауда – экономикалық, ғылыми – техникалық және мәдени қызметтестікті кеңейту мақсатында осы қызметтестікті құқықтық реттеудің маңыздылығын білу
Нормативті актілерге сүйене отырып халықаралық жеке құқық институттарына сипаттама (мінездеме) беру, жалпы түсінік ала отырып, білімін практикада қолдана білу
халықаралық жеке құқық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру.
Студенттердің өзіндік жұмысының нысаны ретінде ҚР халықаралық жеке құқық тәжірибесін жалпылайтын рефераттар, баяндамалар, азаматтық құқықтық құжаттарды (азаматтық құқықтық шарттар,талап арызды, шешімді, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра білуі тиіс.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Шошаева Л.С.
«СЭҚ құқықтық реттеу», 3 кредит
Пререквезиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Азаматтық құқығы», «Конституциялық құқық»
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды тәжірибе
Мақсаты: Студенттер сыртқы экономикалық қатынастарды реттейтін Қазақстан заңнамасының және оған сәйкес халықаралық шарттарының негізгі нормаларының мазмұны жөнінде, сыртқы экономикалық қатынастарды құқықтық реттеудің теориялық мәселелерін меңгереді.
Курстың қысқаша сипаттамасы:: СЭҚ құрылымы, қағидалары, мәні, түсінігі. СЭҚ құқығының субъектілері. Сыртқыэкономикалық шарт. ҚР валюталық реттеу. Экспорттық-импорттық операцияларды қаржыландыру. Сыртқыэкономикалық қызметтердегі несиелік қатынастар. Сыртқыэкономикалық қатынастарды кедендік реттеу.
Күтілетін нәтижелер: - СЭҚ құқықтық реттеу ерекшеліктері мен дамуын сипаттайтын материалдарды жүйелеу және жалпылау;
сыртқы сауда – экономикалық, ғылыми – техникалық және мәдени қызметтестікті кеңейту мақсатында, шетел инвестицияларын тарту, осы қызметтестікті құқықтық реттеудің маңыздылығын білу
- Нормативті актілерге сүйене отырып сыртқы экономикалық қызмет институттарына сипаттама (мінездеме) беру, жалпы түсінік ала отырып, білімін практикада қолдана білу;
- СЭҚ құқықтық реттеу қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру;
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Шошаева Л.С.
«Криминалистика. Сот сараптамасы», 3 кредит
Пререквизиттер: «Қылмыстық құқық» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы»
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: қылмыстарды тергеу және ашудың тәжірибелік қызметінде криминалистикалық ғылыми ұсынамдар мен әдіс-құралдарды пайдалану білігін және тұрақты шеберлігін дағдыландыру
Курстың қысқаша сипаттамасы: Криминалистик заты, жүйесі және әдістері. Криминалистикалық идентификация және диагностика теориясы және оның қолданбалы мағынасы. Криминалистикалық техниканың жалпы негіздері. Криминалистикалық фотография және бейне таспаға жазу. Іздер туралы криминалистикалық ілім (трасология). Құжаттардың криминалистикалық зерттеуі. Адам сырт келбеті туралы криминалистикалық ілім (габитоскопия). Криминалистикалық тіркеулере. Тергеулік қарау және куәләндіру тактикасы. Жауап алу және беттестіру тактикасы. Тану үшін ұсыну тактикасы. Экономика саласындағы қылмыстарды тергеу. Салықтық қылмыстарды тергеу. Парақорлықты тергеу. Ұйымдасқан қылмыстық қызметті тергеу ерекшеліктері. Сот өндірісінде арнайы ғылыми білімдерді қолдану нысанындағы сот сараптамасы. Алдын – ала тергеуде сараптамаларды тағайындап-жүргізудің процессуалдық сұрақтары. Сот сараптамаларының жіктелуі. Қазақстан Республикасындағы сараптамалық мекемелер. Сот сараптамасын тағайындаудың ұйымдастырушылық мәселелері. Сот сараптамасы және іске қатысушылардың процессуалдық мәртебесі. Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негіздері. Сот сарапшысының қорытындысын дайындау және баға беру. Криминалистикалық сараптамалар класы. Криминалистикалық емес сараптамалар класы.
Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мыналарды білу керек:
- қылмыстарды тергеу және ашу барысында дәлелдемелік ақпаратты жинау әдіс-тәсілдері мен техникалық құралдарын, сондай-ақ тергеуді жоспарлауды және бөлек қылмыс түрлерін тергеу әдістемесін
- нені істей білу керек: негізгі техникалық-криминалистикалық құралдарды дұрыс тандап, қолдана білу.
- криминалистиканың өзекті мәселелеріне қатысты ғалымдар ой-пікірлерін талдап, соның негізінде өз көзқарастарын құру.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: х.ғ.к., доцент Сарсембаев Б.Ш.
«Экономикалық қылмыстарды тергеу мен ашудың криминалистикалық аспектілері», 3 кредит
Пререквизиттер: «Конституциялық құқық», «Қылмыстық құқық» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы»
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: экономика саласындағы қылмыстарды тергеу және ашудың тәжірибелік қызметінде криминалистикалық ғылыми ұсынамдар мен әдіс-құралдарды пайдалану білігін және тұрақты шеберлігін дағдыландыру
Курстың қысқаша сипаттамасы: Криминалистик заты, жүйесі және әдістері. Криминалистикалық идентификация және диагностика теориясы және оның қолданбалы мағынасы. Криминалистикалық техниканың жалпы негіздері. Криминалистикалық фотография және бейне таспаға жазу. Іздер туралы криминалистикалық ілім (трасология). Құжаттардың криминалистикалық зерттеуі. Адам сырт келбеті туралы криминалистикалық ілім (габитоскопия). Криминалистикалық тіркеулере. Тергеулік қарау және куәләндіру тактикасы. Жауап алу және беттестіру тактикасы. Тану үшін ұсыну тактикасы. Экономика саласындағы қылмыстарды тергеу. Салықтық қылмыстарды тергеу. Парақорлықты тергеу. Ұйымдасқан қылмыстық қызметті тергеу ерекшеліктері.
Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мыналарды білу керек:
- қылмыстарды тергеу және ашу барысында дәлелдемелік ақпаратты жинау әдіс-тәсілдері мен техникалық құралдарын, сондай-ақ тергеуді жоспарлауды және бөлек қылмыс түрлерін тергеу әдістемесін
- нені істей білу керек: негізгі техникалық-криминалистикалық құралдарды дұрыс тандап, қолдана білу.
- криминалистиканың өзекті мәселелеріне қатысты ғалымдар ой-пікірлерін талдап, соның негізінде өз көзқарастарын құру.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: х.ғ.к., доцент Сарсембаев Б.Ш.
«ҚРда прокурорлық қадағалау», 2 кредит
Пререквизиттер: «Конституциялық құқық», «ҚР Қылмыстық құқығы»
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: ҚР прокурорлық қадағалау ұғымына анықтама беру, прокурорлық қадағалаудың бағыттары мен салаларына тоқтала отырып, прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың мақсаты мен қылмыспен күресті ұйымдастырудағы прокурорлық қадағалаудың маңызына тоқталу, қадағалауды жүзеге асыру бойынша ғылыми ұсынамдар мен әдіс-құралдарды пайдалану біліктілігін және тұрақты шеберлігін дағдыландыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың пәні, міндеттері, жүйесі және мазмұны, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметінің ұйымдастырылуының құқықтық негіздері, принциптері, мазмұны, негізгі бағыттары және қадағалаудың құқықтық актілері, Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы, кадрларды сұрыптау және олардың біліктілігін арттыру және олардың ұйымдастырылуы,Мемлекеттік басқару органдарымен, мекемелермен, кәсіпорындармен, лауазымдық тұлғалармен және азаматтармен заң қолдануын қадағалау, Қылмыс және басқа да құқық бұзушылықтармен күресу жөнінде құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру, Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың заңдарды қолдануына прокурорлық қадағалау, Алдын ала тергеу мен анықтау жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау, Прокурордың сотта мемлекеттің мүддесін білдіруі, Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау, Қылмыстық-атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау, Қылмыстық қудалау, Құқықтық статистиканың тарихы, құқықтық статистиканы қалыптастыру мен арнайы есеп жүргізудегі прокуратура органдарының мақсаты.
Күтілетін нәтижелер: -прокурорлық қадағалаудың салалары мен бағыттарын, прокурорлық қадағалаудың міндеттері мен маңызын, құқық бұзушылықпен күрес ұйымдастырудағы прокурордың үйлестірушілік ролі туралы;
-нені істей білу керек: ҚР Прокуратурасы туралы заңнамасына сүйене отырып, қадағалауды және мемлекеттің мүддесін қорғауды заңнамаға сай жүзеге асыра білуді.
-прокурорлық қадағалаудың өзекті мәселелеріне қатысты ғалымдар ой-пікірлерін талдап, соның негізінде өз көзқарастарын құру.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к. Байкенжина К.А.
«Криминология», 2 кредит
Пререквизиттер: «Әлеуметтану», «ҚР Қылмыстық құқығы»
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: студенттер криминологияны жан-жақты және терең зерттеу, қылмыстылықпен күресте зерттеу пәнін нақты көрсете алу
Курстың қысқаша сипаттамасы: Криминологияның түсінігі, пәні мен әдісчтері. Қылмыстылық пен оның әлеуметтік-құқықтық мәні; Қылмыстылықитың жалпы себептері туралы ілім; Қылмыскердің жеке басы; Қылмыстылықты алдын алу; Жекелеген қылмыстарды алдын алу; Криминологиялық виктимология.
Күтілетін нәтижелер: - криминологияның мазмұны мен оның міндеттері туралы нақты көзқарастарға ие болу, қазіргі жағдайдағы ҚР және шетелдерде оның даму жай-күйін білу
- криминологияның маңызды институттарын, қазіргі жағдайдағы қылмыстылықтың мәнін ашуды меңгеру
жекелеген қылмыстар бойынша алдын алуға қатысты криминологиялық ұсыныстар енгізу
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к. Сыздық Б.К.
«Ақпараттық құқық», 2 кредит
Пререквизиттер: «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «Салық құқығы», «ҚР қылмыстық құқық».
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды тәжірибе.
Мақсаты: студенттерде ақпараттық құқық жүйесін ғылым және оқу пәні ретінде қалыптастыру, Интернет және ақпараттық технологиялар саласында ҚР заңнамасы саласында студенттердің білімін жетілдіру.
Курстың қысқаша сипаттатамасы: Ақпараттық технологиялар, ақпараттық құқық, ақпараттық қауіпсіздік. Ақпараттық технология тарихы. Апараттық саланың негізгі объектісі ретінде ақпарат. Ақпараттық құқық жүйесі. Ақпараттық-құқық нормалар жүйесі. Технологиялар интернеті. Оның тарихы. Компьютерлік және интернет қылмыстылық. Оларға шаралар қолдану.
Күтілетін нәтижелер: юриспруденция мәселелерін шешуде бағдарламалық қамтамасыз етуде дағдыларды қалыптастыру, Интернет желінде жұмыс дағдысын қалыптастыру, меншікті бағдарламалық өнімдерді шығара білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к. профессор Косжанов А.С.
«Халықаралық терроризм», 2 кредит
Пререквизиттер: «Халықаралық жария құқығы», «Халықаралық экономикалық құқық»
Постреквизиттер: өндірістік және практика алды тәжірибе
Мақсат: халықалық терроризммен күресудегі мемлекеттік саясат туралы көзқарастарды құрастыру.
Курстың қысқаша сипатамасы: : Терроризм түсінігі; Терроризм тарихы; Терроризмнің қазіргі жағдайы. Халықаралық терроризм; ҚР терроризммен күрес туралы заңнамалары; Қазіргі таңдаға терроризммен күрестің өзекті мәселелері Терроризммен күресудегі мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өзара әрекеті. БҰҰ терроризммен күрестің құқықтық негіздері. Халықаралық терроризммен күрестегі ҚР қызметі.
Күтілетін нәтижелер: халықаралық терроризммен күресуде мемлекеттік бағдарламаларды білу және құқықтық, ұйымдастыру, техникалық, аппараттық, бағдаламалық қорғау құралдарын пайдалана білу, ақпаратты қорғау объектісін өз бетінше құра білу.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: к.ф.н. доцент Егизбаев С.К., ағылшын тілінде магистр Байгожина Г.М.
«ҚР Ювеналдық құқығы», 2 кредит
Пререквизиттер: «Конституциялық құқық», «Қылмыстық құқық» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы», «ҚР отбасы құқығы»
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: өзінің тәжірибелік жұмысында халықаралық және ұлттық заңдардарға сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандардың материалдық және іс жүргізушілік қатынастарын реттеуге көмектесе алатын жоғары дәрежелі мамандарды дайындау, сондай-ақ студенттерді Қазақстан Республикасындағы Ювеналдық юстицияның теориялық сұрақтары мен іс тәжірибесімен және оның қазіргі мәселелерімен таныстыру болып табылады.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Ювеналдық құқықтың құрылуының алғы шарттары, оның негізгі түсінігі және қайнар көздері. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайын халықаралық және конституциялық құқықтық реттеу. Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық-процессуалдық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкімшілік-құқықтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық-құқықтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі және оларды жазалау. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық-атқарушылық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық іс жүргізу саласындағы құқықтық жағдайлары. Қылмыстық істер бойынша сотта кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасауына қарсы әрекет етудің криминологиялық және виктимологиялық мәселелері.
Күтілетін нәтижелер: пәнді игеру нәтижесінде студент:
- кәмелеттік жасқа толмағандарды құқықтық оқыту және тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін;
- кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты құқықтық реттеудің негізгі нормативтік-құқықтық актілерін, олардың тарапынан болатын құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты әділ сот, (ювеналдық сот), кәмелеттік жасқа толмағандардың заңдық жауапкершілігі;
- кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы құқық бұзушылыққа профилактика жүргізуші органдардың негізгі бағдарламасын, олардың тарапынан болатын құқықбұзушылықтар – қаңғыбастық пен қайыр сұраудың алдын алу;
- нақты ситуацияларды шешу үшін, мемлекеттік және жергілікті органдардың ювеналдық қызыметін реттейтін азаматтық, әкімшілік және де басқа да құқықтың аралас салаларының нормаларын дұрыс қолдана білу керек.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: х.ғ.к., доцент Сарсембаев Б.Ш.
«Қылмыстық сот ісіндегі мүліктік құқықтарды қорғау», 2 кредит
Пререквизиттер: «Конституциялық құқық», «Қылмыстық құқық» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы», «ҚР азаматтық құқығы»
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: қылмыстық сот өндірісі аясына тартылған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде бағытталған құқықтық білімдері бар жоғары білікті мамандарды даярлау.
Курстың қысқаша сипаттамасы: қылмыстық іс жүргізуде туындайтын мүліктік құқық қатынастарының түсінігі; Мүліктік құқыққатынастарының қатысушылары, олардың іс жүргізу жағдайы; қылмыстық істі жүргізуші органдардың заңсыз әрекетімен келтірілген зиянның орнын толтыру және ақтау; қауіпсіздік шараларын қолдану кезінде тұлғалардың мүліктік құқықтарын қорғау,қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талаптың орнын толтыруға құқықты жүзеге асыру; өндіріс кезінде іс бойынша келтірілген шығындардың мазмұны және оларды тәркілеу тәртібі; дәлелдемелер қызметін жүзеге асыру кезінде мүліктік құқықтарды қорғау; мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде тұлғалардың мүдделері мен мүліктік құқықтарына шектеу қою,сотқа дейінгі өндірісте мүліктік құқыққатынастарының мазмұны; Басты сот талқылауы – тұлғалардың мүліктік мүдделерін қамтамасыз ету кепілі; Сот алқаларының қатысуымен соттағы мүліктік қатынастар; Соттың үкімдері мен қаулыларын қайта қарау кезінде мүліктік дауларға жол беру; Қылмыстық іс жүргізуде кәмелетке толмағандардың мүліктік құқықтарының қаралуы; Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы өндірістік істегі мүліктік қатынастар.
Күтілетін нәтижелер: қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтыру бойынша соттың және қылмыстық ізге түсу органдар қызметін заңдық білімі; азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына байланысты заңды қолдануды үйрену; негізделген іс жүргізу шешімдерін қолдану мен заңды және нақты бағалау дағдыларын ұсыну.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: магистр Искакова И.Е.
«Азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс әдістері», 3 кредит
Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «Конституциялық құқығы», «Әкімшілік құқығы», «Азаматтық құқығы», «Азаматтық іс жүргізу құқығы».
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: Бұл оқу курсын оқытудың мақсаты студенттердің құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысандарының институттары туралы білімдерін иелену; - арнайы органдардың – третейлік және төрелік соттарының, нотариаттың қызметін реттеудің қағидаларын зерттеу; - тәжірибемен, осы қызметті реттейтін құжаттар, нормативтік қайнар көздермен танысу; - азаматтық-құқықтық даулар мен оқиғаларды шешу барысында тәжірибеде пайда болатын мәселелерді зерттеу; - азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғаудың даму қарқынын ашу.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі мен нысандары. Нотариат юрисдикциялық орган ретінде түсінігі. Нотариатты ұйымдастыру мен басқару. Нотариалдық іс жүргізу. Нотариалдық әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері. Мәмілелерді куәландыру. Қорғаушы нотариалдық әрекеттер. Төрелік процесі мен оның қатысушылары. Третейлік соттар. Арбитраждық және төрелік соттарының қаулыларын орындау. Медиация құқықтық дауларды шешудің балама әдісі ретінде. Медиация рәсімдері. Құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысандарының даму болашағы.
Күтілетін нәтижелер: Курсты оқудың нәтижесінде студент білуге тиіс: - құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысанын реттейтін құқық қайнар көздерін білуге; - даулы құқықтық қатынастың әрбір субъектісінің (третейлік судьяның, төрешінің, нотариустың, медиатордың) құқықтық жағдайы мен ролі туралы нақты көзқарасқа ие болу; қолданыстағы заңнама нормаларын талдау сонымен қатар теориялық білімдер негізінде тәжірибелік міндеттерді шешу;- азаматтық құқықтық дауларды соттан тыс тәртіппен шешу аясында қажетті ақпаратты жинау мен талдау қабілеті; - тұлғалық және кәсіби дамуындағы қажеттілік.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Төлеубеков А.Т.
«Адвокатура», 3 кредит
Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «Конституциялық құқығы», «Әкімшілік құқығы», «Азаматтық құқығы», «Азаматтық іс жүргізу құқығы».
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: Курстың бағдарламасы студентерді болашақ кәсіби қызметке бейімдеуге, оларға адвокат, адвокаттар алқасы қызметінің негізгі бағыттары және азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін заң көмегі туралы жалпы түсінік беруге, ҚР-ғы адвокатураның мәні, қызметі мен қалыптасу тәртібі, адвокаттардың құқықтық жағдайы туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері. Адвокатураның пайда болу және даму тарихы.Адвокатураның және адвокаттық қызметтің түсінігі, мәні және мақсаттары. Адвокатура ұйымының және қызметінің қағидалары және нысандары. Қазақстан Республикасында адвокатура қызметінің құқықтық негізі. Адвокаттардың құқықтық жағдайы. Адвокаттық қызметті лицензиялау тәртібі. Адвокаттар алқасының ұйымдастырушылық- құқықтық мәртебесі, оның органдары. Заң консультациясы, адвокаттық контора: адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандары. Заңды және жеке тұлғаларға адвокаттардың құқықтық көмегі. Адвокаттың кәсіби этикасы. Адвокаттың ораторлық өнерінің негіздері. Адвокаттың соттық сөйлеуі. Қылмыстық сот өңдірісіндегі адвокаттың қатысуы. Адвокаттың азаматтық сот өңдірісіне қатысуы. Басқа да юрисдикциялық өңдірістерге адвокаттың қатысуы. Адвокаттық қызметтің психологиясы. Адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілері. Шетелдердегі адвокатура.
Күтілетін нәтижелер: ҚР-ғы адвокаттық қызметті реттейтін қолданыстағы заңнаманы зерттеп, тиісті білім алу; азаматтар мен ұйымдарға әртүрлі заң көмегінің түрлерін көрсететін адвокаттардың тәжірибелік қызметінде теориялық білімді қолдану дағдысын қалыптастыру; адвокатура қызметін реттейтін заңнаманы талдау арқылы, өзін өзі жетілдіруге бағыттылған ұмтылыс қабілеттерін қалыптастыру, студентердің санасында қатаң түрде заңдарды сақтау, ҚР-ның алдында, қоғам мен азаматтардың алдында тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында жауапкершілік сезімін тудыру.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Жақсыбаева Г.М.
«Заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы тұру» 2 кредит
Пререквизиттер: «ҚР Қаржы құқығы», «ҚР Банк құқығы», «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы « Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: жоғарғы оқу орындарында студенттер заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы тұрудың негіздерін білу
Курстың қысқаша сипаттамасы: Заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы тұру туралы жалпы ережелер. «Арам ақшаларды заңдастыру» әдістері. Заңсыз кірістерді заңдастыруға қатысатын банктік мекемелер. Заңсыз кірістерді заңдастыруға қатысатын банктік емес мекемелер. Заңсыз кірістерді заңдастыру үшін «Гавани».Қаржылық тінту қызметі. Қаржылық қылмыстарды тергеу органдары. Қаржылық құжаттамалар. Заңсыз кірістерді заңдастырумен байланысты қылмыстарға тергеу әрекеттерін жүргізетін органдар. Заңсыз кірістерді заңдастырумен байланысты істерді сотта қарау. Шетелдік тәжірибе мен оның бейімделуі.
Күтілетін нәтижелер: заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы қолданылатын негізгі түсініктерді білу
Заңсыз кірістерді ашу барысында қаржы, салық, банктік қылмыстық заңнамаларды қолданатын нормаларын қолдана білу;
«арам ақшаны заңдастырумен» байланысты істерді тергеу барысында қаржылық құжаттарының жұмыс ерекшеліктерімен танысу
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к., аға оқытушы Саулебек Н.А.
«Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы» 2 кредит
Пререквизиттер: «Экономикалық теория негіздері», «Менеджмент»
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: Студенттерге мемлекеттің инвестициялық стратегиясының мақсатары, міндеттері мен қызметтерін толық түсіну үшін қажетті білімдер беру
Курстың қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттің инвестициялық стратегиясының түсінігі. Мемлекеттің инвестициялық қызметінің басым бағыттары. Мемлекет инвестициялық процестің басты субъектісі ретіндегі мемлекет қызметінің құқықтық негіздері. Шағын бизнесті дамытудың стратегиясы. Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы. Даму институттары. Мемлекет меншік иесі және инвестор ретінде. Инвестициялық қызметті салықтық-бюджеттік және ақшалай-несиелік реттеу. Шетел инвестициялары. Инвестициялық стратегияның әлеуметтік-экономикалық ролі.
Күтілетін нәтижелер: инвестициялық процесті реттеудің кең механизмдерін стратегиялық жоспарлау мен кең таңдау әдістері негізінде мемлекет пен аумақтарда мемлекеттің инвестициялық стратегиясын қалыптастыру мен жүзеге асыратын білімді игеру;
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Аркенова Ж.Р.
«ҚР кәсіпкерлік құқығы», 3 кредит
Пререквизиттер: «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР банк құқығы»
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: ҚР кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын зерттеу.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі, пәні және әдістері. Кәсіпкерлік құқық ғылымы. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері. Дара кәсіпкерлік: өзіндік және бірліскен кәсіпкерлік. Заңды тұлғалдардың кәсіпкерлігі. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау. Стандартизацияның құқықтың негіздері. Сертификацияның құқықтық негіздері. Моногамияны мемлекеттік реттеу. Жосықсыз бәсекенің түсінігі және формалары. Жосықсыз бәсеке үшін жауапкершілік. Шетел инвестицияларының түсінігі және түрлері. Сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері және түінігі.
Күтілетін нәтижелер: Құқықтық нормаларды нақты ситуацияда қолдана білу, кәсіпкерлік құқық саласында құқықтық ұғымдар мен категорияларға сүйене білу, теория және практиканың құқықтық мәселелерін талдап, шеше білу, сабақтас құқық саласының білімдерін құқықтық мәселелерді шешуде қолдану, құқықтық істердің мән жайларын зерттеп, негізді шешім қабылдай білу;
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Амантай А.А., аға оқытушы Хауия С.
«ҚР бәсекелестік саясатты құқықтық реттеу және қорғау», 3 кредит
Пререквизиттер: «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР банк құқығы», «Кәсіпорын экономикасы»
Постреквизит: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: Студенттердің бәсекелестік құқық бойынша теориялық материалдарды меңгеріп, оны практикада қолдана білуге үйрету, сол арқылы нарықтық қатынастарда заңгер-маман ретінде біліктілік, дағдыларын, істей білу қабілетін қолдана білуге оқыту және заңдарды талқылауға үйрету.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Нарықтық экономиканы және оның себептерін құқықтық реттеудің қажеттілігі. Нарықтық экономиканы құқықтық реттеудің негіздері мен әдістерінің қалыптасуы. (мемлекеттік кәсіпкерліктегі экономиканы нарықтық әдістермен реттеу) . Жекешелендірудің нысандары, ерекшелігі және себептері, нарықтық экономикамен дамушы елдердегі бағалық саясатты құқықтық реттеу, ТМД елдерінің антимонополиялық заңдары.
Күтілетін нәтижелер: құқықтық ақпараттарды өңдеудің құралдары мен әдістерін, кәсіпкерлік және антимонополиялық реттеу төңірегіндегі нормативтік құқықтық актілердің ережелерін білуі тиіс; құқықтық ақпараттарды өңдеу мен іздеуде, заң құжаттарын рәсімдеу және ақпараттарды статистикалық талдауда қазіргі ақпараттық технологияларды қолдануды игеру, заңдық түсініктер мен санаттарды анықтауды игеру, құқықтық қатынастар тудыратын заңдық фактілерді талдауды игере алу; Бәсекелестікке қатысты құқықтық норамалардың жүзеге асыру үшін маңызы бар ақпараттармен жұмыс істеуге дағдылану, антимонополиялық заңнамалармен жұмыс істеуге дағдылану.
Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Амантай А.А.
Достарыңызбен бөлісу: |