Регламенті Жалпы ережелер



жүктеу 241,04 Kb.
Дата20.01.2018
өлшемі241,04 Kb.
#7735
түріРегламент



Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы «09» маусымдағы

№ 170/6 қаулысымен

бекітілген





«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет

регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұлғасында жергілікті аткарушы орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;


  1. www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беруді растау (бұдан әрі – растама) немесе берілген тіркеу нөмірін қайта ресімдеу, немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағымен қарастырылған жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.

 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, өтініштің және стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті ұсынуға негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап, қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты, құжатты қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні көрсетілген тіркеу туралы өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді - 30 (отыз) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы кіріс құжаттаманы қарайды, жауапты орындаушыны айқындайды және бұрыштама қояды – 1 (бір) жұмыс күні;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, немесе стандарттың 10-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні:

тіркеу нөмірін беру туралы немесе тіркеу нөмірін беруден бас тарту туралы шешім береді;

тіркеу нөмірін беру туралы облысқа сұраныс жібереді;

4) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын қалалық, аудандық ветеринария бөлімдері – 7 (жеті) күн;

ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын қалалық, аудандық ветеринария бөлімдері өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

Павлодар облысының ветеринария басқармасы құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тіркеу нөмірін беру туралы растау шығарады;

ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын қалалық, аудандық ветеринария бөлімдері расталған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;

жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқтырмайтын өндіріс объектісі атауы және/немесе ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде тіркеу нөмірін қайта ресімдейді және растама береді;

өндіріс объектісі қызметінің түрі өзгерген жағдайда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының белгіленген мерзімдерде тіркеу нөмірін берудің қайталама рәсімінен өтеді;  

сою алаңдары тіркеу нөмірлерін растау үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының белгіленген мерзімдерде тіркеу нөмірін

берудің қайталама рәсімінен өтеді;  

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру – 30 (отыз) минут.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беруді растау (бұдан әрі – растама) немесе берілген тіркеу нөмірін қайта ресімдеу, немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) қатысады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

8. Әрбір рәсімнін (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсете отырып, әрбір рәсімінің (іс-қимылдың) реттілігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл ету тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар филиалы арқылы көрсетілмейді.

10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімі (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы.

1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлік қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль портал арқылы тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түріндегі сұратуын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);

6) 4- процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;

7) 2-шарт – порталмен ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-процесс – қызметті көрсетуге өтініштің толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);

10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан агроөнеркәсіптік кешені салаларын басқарудың бірынғай автоматтандырылған жүйесі «e-Agriculture» (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) порталына түскен өтінішті қайта өңдейді;

11) 3-шарт – рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін және негіздерге сай екенін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);

12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ББАЖ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолданыла оытырп, қалыптастырылады.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері осы регламенттiң 2-қосымшасында келтірілген.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетіне

1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау




Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5



Бірлік атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Жауапты орындаушы



Іс-қимылдың

(процестің, рәсімнің операцияның) атауы және сипаттамасы



Құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады

Жауапты орындаушыны айқындайды


Аудан, қала деңгейінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді,

көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына шешім қабылдау немесе тіркеу нөмірін беруден бас тарту туралы қабылдау үшін енгізеді



Аудан, қала деңгейінде тіркеу нөмірін беру туралы шешім қабылдайды

Тіркеу нөмірін тіркейді



Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты, құжатты қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні көрсетілген тіркеу туралы өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді

Бұрыштама қояды

Тіркеу нөмірін беру немесе тіркеу нөмірін беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін өтінішке қол қоюға басшының қарауына енгізеді

Облыстық деңгейде тіркеу нөмірін беруге растауға қол қояды, көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу нөмірін беру үшін жауапты орындаушыға жолдайды

Көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу нөмірін береді



Орындау мерзімі

30 (отыз) минут

1 (бір) жұмыс күні

2 (екі) жұмыс күн ішінде

3 (үш) жұмыс күні ішінде

1 (бір) жұмыс күні

7 (жеті) жұмыс күні

«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетіне

2-қосымша



Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың 1 диаграммасы


Шартты белгілер:




Бастапқы хабарлама




Соңғы хабарлама




Аралық хабарлама




Қате



Ақпараттық жүйе




Процесс



Шарт



Басқару ағыны




Хабарлама ағыны




Түпкі алушыға ұсынылатын электрондық құжат

«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетіне



3-қосымша

«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

















жоқ




иә





Шартты белгілер





мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы




көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы




келесі рәсімге (іс-қимылға) өту




таңдау нұсқасы

жүктеу 241,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау