Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы «22» желтоқсандағы
№ 375/8 қаулысына
4 - қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы «24» сәуірдегі
№ 112/4 қаулысымен
бекітілді
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
Жалпы ережелер
1. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1 - қосымшасына сәйкес облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб - порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы (бұдан әрі – рұқсат) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығымен бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9 - 1 - тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету
нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді және басып шығарылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс - қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 - тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды тапсырады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаған кезден бастап көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттармен өтінішті тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі қойылған өтініштің көшірмесін береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына өтінішті, құжаттарды қарау үшін береді – 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут ішінде;
3) жауапты орындаушы өтінішті қарастырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, рұқсат беру жобасын немесе стандарттың 9 - 1 - тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру – 8 (сегіз) күнтізбелік күн ішінде.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тартады - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа немесе дәлелді бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне береді – 30 (отыз) минут ішінде;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шығыс хат - хабарлар журналына рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут ішінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс - қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін
қызметті берушінің (қызметкерлер) құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
жауапты орындаушы.
7. Рұқсатты беруге әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс - қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2 - қосымшасында (кесте) келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс - қимыл
тәртібін, сондай - ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Көрсетілетін қызметті алушы қызмет алу үшін стандарттың 9 - тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорациясының қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын 15 минут ішінде тексереді және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 - тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, стандарттың 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері Мемлекеттік корпорациясының курьерінен құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарымен бірге өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін өтінішті, құжаттарды береді – 15 (он бес) минут ішінде.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттармен
бірге өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут ішінде;
4) жауапты орындаушы өтінішті қарастырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, рұқсат беру жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда
көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан
жазбаша түрде дәлелді бас тартады - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа немесе дәлелді бас
тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне береді – 30 (отыз) минут ішінде;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шығыс хат - хабарлар журналына рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды тіркеуді жүзеге асырады, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды беру тізбесін құрайды және рұқсатты жолдайды – 15 (он бес) минут ішінде.
10. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары және шешімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес - сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай - ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда мемлекеттік қызметті алуы үшін ЖСН/БСН - ді және парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1 - шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
4) 2 - процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (мәліметтерді енгізуі) үшін, стандарттың 9 - тармағында көрсетілген қажетті құжаттар көшірмесін электронды түрде сұрау нысанына бекіту, сонымен қатар сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2 - шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) тексеру;
7) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының
расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы
хабарламаны қалыптастыру;
8) 5 - процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұрауды өңдеуі үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) «электрондық үкімет» өңірлік шлюзы автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкімет» шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жіберу;
9) 3 - шарт – көрсетілетін қызметті берушінің стандартта көрсетілген қызметті алушының ұсынған құжаттарына сәйкестігін тексеру және қызметті көрсету негіздері;
10) 6 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 7 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанында хабарламаны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ - сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс - қимылы осы регламенттің 3 - қосымшасындағы диаграммада келтірілген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде, көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс - қимылдарының, рәсімдердің (іс - қимылдардың) реттілігін толық сипаттау, сондай - ақ көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс - қимыл тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдау тәртібін сипаттау осы регламенттің 4 - қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Р/с №
|
Атауы
|
Мекенжайы
|
Байланыс
нөмірі
|
Электрондық
мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Павлодар облысының әкімдігі
|
Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 49 - үй
|
8-718-2
32-08-18
|
kense1.ao@pavlodar.gov.kz
|
2
|
Ақтоғай ауданының әкімдігі
|
Ақтоғай ауданы,
Ақтоғай ауылы,
Абай көшесі, 75 - үй
|
8-718-41
2-14-50
|
kense.aakr@pavlodar.gov.kz
|
3
|
Баянауыл ауданының әкімдігі
|
Баянауыл ауданы,
Баянауыл ауылы,
Сәтбаев көшесі, 45 - үй
|
8-718-40
9-12-03
|
kense.abr@pavlodar.gov.kz
|
4
|
Железин ауданының әкімдігі
|
Железин ауданы,
Железин ауылы,
Әуезов көшесі, 19 - үй
|
8-718-31
2-21-40
|
kense.azhr@pavlodar.gov.kz
|
5
|
Ертіс ауданының әкімдігі
|
Ертіс ауданы,
Ертіс ауылы,
Қажымұқан көшесі, 118 - үй
|
8-718-32
2-10-68
|
kense.aer@pavlodar.gov.kz
|
6
|
Качир ауданының әкімдігі
|
Качир ауданы,
Тереңкөл ауылы,
Елгин көшесі, 172 - үй
|
8-718-33
2-15-70
|
kense.akr@pavlodar.gov.kz
|
7
|
Лебяжі ауданының әкімдігі
|
Лебяжі ауданы,
Аққу ауылы,
Всеволод Иванов көшесі, 92 –үй
|
8-718-39
2-10-32
|
kense.alr@pavlodar.gov.kz
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
8
|
Май ауданының әкімдігі
|
Май ауданы,
Көктөбе ауылы,
Абылайхан көшесі, 34 - үй
|
8-718-38
9-11-70
|
kense.amr@pavlodar.gov.kz
|
9
|
Павлодар ауданының әкімдігі
|
Павлодар ауданы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй
|
8-718-2
32-20-89
|
kense.aрr@pavlodar.gov.kz
|
10
|
Успен ауданының әкімдігі
|
Успен ауданы,
Успен ауылы, Ленин көшесі, 71-үй
|
8-718-34
9-19-37
|
kense.aur@pavlodar.gov.kz
|
11
|
Шарбақты ауданының әкімдігі
|
Шарбақты ауда-ны, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51 - үй
|
8-718-36
2-19-91
|
kense.ashr@pavlodar.gov.kz
|
12
|
Ақсу қаласының әкімдігі
|
Ақсу қаласы,
Астана көшесі, 52- үй
|
8-718-37
5-01-63
|
kense.aa@pavlodar.gov.kz
|
13
|
Екібастұз қаласының әкімдігі
|
Екібастұз қаласы,
Мәшхүр Жүсіп көшесі, 45- үй
|
8-718-77
4-09-45
|
kense.ae@pavlodar.gov.kz
|
14
|
Павлодар қаласының әкімдігі
|
Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32- үй
|
8-718-2
32-01-80
|
kense.ap@pavlodar.gov.kz
|
Іздестіру жұмыстарын
жүргізу үшін жер учаскелерін
пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 - қосымша
2-кесте. Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер)
арасындағы рәсімдердің (іс - қимылдың) реттілігін сипаттау
№
|
Негізгі процестің (жұмыс барысының) іс - қимылы
|
Іс - қимылдың (жұмыс барысының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Атауы
|
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
Жауапты орындаушы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері
|
2
|
Іс - қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
|
Өтініштерді, құжаттарды қабылдау және тіркеу
|
Өтініштерді, құжаттарды қарау
|
Өтінішті қарау,
ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру
|
Рұқсатқа немесе дәлелді бас тартуға қол қою
|
Шығыс хат - хабарлар журналында тіркеу
|
№
|
Негізгі процестің (жұмыс барысының) іс - қимылы
|
Іс - қимылдың (жұмыс барысының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
3
|
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру -өкімді шешім)
|
Тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін, өтінішті және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру
|
Жауапты орындаушыны анықтау
|
Рұқсат жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды, немесе ұсынылған құжаттардың толық болмау фактілері анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тартуды дайындау – 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжатты алған күннен бастап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру
|
Рұқсат немесе дәлелді бас тарту
|
Рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды беру, Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жолдау
|
4
|
Орындалу мерзімдері
|
15 (он бес) минут ішінде
|
30 (отыз) минут ішінде
|
8 (сегіз) жұмыс күні ішінде
|
30 (отыз) минут ішінде
|
15 (он бес) минут ішінде
|
5
|
Жалпы орындалу мерзімі
|
10 (он) жұмыс күні ішінде
|
Іздестіру жұмыстарын
жүргізу үшін жер учаскелерін
пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3 - қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
функционалдық өзара іс - қимыл диаграммасы
Портал АЖ
Портал
ЭҮШ
ЭҮӨШАЖО
1-процесс
3- процесс
5-процесс
7- процесс
1-шарт 2 -шарт 3-шарт
Портал
2 - процесс
4- процесс
6- процесс
Достарыңызбен бөлісу: |