Реферaт тaкырыбы



жүктеу 18,25 Kb.
бет2/3
Дата01.11.2023
өлшемі18,25 Kb.
#44101
1   2   3
Түркі мадениеті реферат (1) 3

Негiзгi бөлiм
Қазақ тіліндегі диалектикалық тіл ерекшеліктеріне мән беріп , тілдік өзгешеліктердің өзіндік себептері болатындығын және ондай кірме сөздердің ана тілімізді байытуға зор үлес қосатыны жөнінде алғаш рет аңғарып, мақала жазған жазушы – Жүсіпбек Аймауытов болды. Мақала 1926 жылы «Еңбекші Қазақ» газетінде «Тіл туралы» деген тақырыпта жарияланған.
Автор қандай тіл болсын таза тілдің болмайтындығын, оның басқа тілдермен қарым-қатынас жасау нәтижесінде көптеген сөздердің күнделікті қолданысқа еніп, сіңіп кететінін және қазақ тілі де осындай сөздермен толығып отырғандығы туралы айтады. Қазақтың қай өңірінің тілі нағыз таза тіл екенін айту қиын. Мысалы, бөкейліктерде татар, араб, парсы, орыстың, Жетісу мен Сырдарияда өзбектің, Қостанайда орыс пен ноғайдың, Семей мен Ақмолада араб пен орыс тілдерінің әсері мол екенін, сол себепті қазақтың қоспасыз таза тілін табу оңай болмайтындығын айтқан. Тілімізге әлдеқашан сіңіп кеткен: әлем, рас, дос, пара, мезгіл, уақыт, дүние, пенде, мейман, өнер, қымбат, дәулет, хат, кітап, қалам т.б араб, парсы тілінен енген сөздерді күнделікті тұрмыста жиі қолданамыз. Бұл тілдерден енген сөздер қазіргі қазақ тілінің активті лексикасының шамамен 15% -ын, пассивті лексикасының 7% -ын құрайтыны дәлелденген.
Басқа тілден сөздердің енуі, кейде оларды кейбір жолмен аударып алу арқылы қабылдаушы тілдің сөздік құрамын толықтырып байытады. Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің, лексикасы орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздермен толығып, оның аумағы кеңіді. Белгілі бір тілдің сөздік тілдің ішкі мүмкіндіктерінің есесінен, бұрыннан бар сөздерден туынды сөздер жасаудың есесінен дамып байыса, сонымен қатар басқа тілдерден жаңа сөздердің енуі арқылы да толығып отырады.
Тілдің морфологиялық құрылымымен салыстырғанда, фонетикалық жүйесі өзгеріске жиі ұшырайды. Бұл жайында М.Томанов «Қазақ тілінің фонетикалық жүйесінің ерекшеліктері әртүрлі дәуірде басқа мәдениеттермен, тілдермен байланыста болудың нәтижесінде қалыптасқан» дей келе, қазақ тіліне араб-парсы және орыс мәдениетінің ықпалы мол болғандығын айтады.
Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай. Әлемдегі басқа тілдер секілді қазақ тілінің сөздік құрамы да төл сөздер және шет тілдерінен енген кірме сөздер деп екі бөліктен тұрады. Сонымен қатар, кірме сөздерді қабылдауда өмір қажеттілігіне байланысты жұмсалатын сөздер және саналы таңдау, актив сөз қорына жататын кірме сөздер деп екі түрлі бағыт байқалады. Алдыңғысына фонетикалық дыбысталуы өзгерген сөздер жатады, соңғысына қалаулы терминдер немесе олардың эквивалент баламалары жатады.
Кірме сөздер дегеніміз – өзге тілдерден әр түрлі себептер нәтижесінде қабылдаушы тілге енгізілген сөздер, бұл кез-келген тілдің лексикасында кездеседі. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Олар қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық орамдар. Тіл – үнемі өзгеріп, тоқтаусыз дамып отыратын тарихи категория, қарым-қатынас құралы, әрі мәдениеті болғандықтан, ол өзінің даму тарихында әртүрлі кезеңдерді өткізеді. Әлемде сан алуан тілде сөйлейтін халықтар өзара бір -бірімен түрлі байланыс жасайтындықтан, кейбір сөздер бір тілден екінші тілге ауысып еніп отырады.
Ғалымдар қазіргі шет тіл сөздерді игерудің үш моделін көрсетіп отыр. Олар: әріп модель, тіркес модель және қосымша модель. 
• әріп модель: ц, щ, ю, я, э, ё, ь, ъ тәрізді әріптердің латын графикасы бойынша игерілуі. Мәселен, жаңа емледе Ё әрпі О́ әрпімен таңбаланады: manо́vr, derıjór, т.б. Э әрпі Е әрпімен жазылады: element, elevator, т.б. Ал жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады да, жіңішкелік белгі (ь) ескерілмейді: gаstról, parо́l, т.б. 
• тіркес модель: ст, нт, нг, нд, нт, мб, мп, ск, ндр, рд, дж, нх, рх, мф, пт, фр, стр, тч, рц, лс, лк, нк, ст, рк, гс, рг сияқты тір­кес­тердің жаңа орфография бо­­йынша игерілуі. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорында осындай тіркеспен аяқталын шет тіл сөздер өте көп. Мәселен, паркинг, боулинг, бланк, холдинг, роуминг, скотч, билборд, допинг, патент, девидент, бифштекс, ботекс, очерк, люкс, т.б. Дегенмен жаңа емледе мұндай тіркесті мо­дель­дермен аяқталатын сөздердің барлығы игеріліп жазылмайды, бірақ қосымшалар үндесім заңдылығына сәйкес жалғанады. Мәселен, очерк, люкс, т.б. Ал тч, нг, ст, сть, зд дыбыс тіркестерімен аяқталатын шет тіл сөздерді игерудің жаңа емледе келесідей механизмдері көрсетілген: ТЧ дыбыстар тір­ке­сімен аяқталатын сөздердегі Т әрпі түсіріліп жазылады: skoch, skech, mach. Сөз соңындағы -НГ әріп тіркесі Ń әрпімен жазылады: parkıń, boýlıń. Сөз аяғындағы -CТ, -СТЬ, -ЗД әріп тіркесінің соңғылары түсіріліп жазылады: ensıklopedıs, poves. 
• қосымша модель: -ия, -изм, -ция, -тор, -ий, -ка сияқты қосым­шалардың жаңа орфография бо­йынша игерілуі. Мұндай қатар­да­ғы сөздер тілімізде бұрыннан орнығып қалыптасқан. Мысалы, модернизация, революция, калий, магний, т.б. Осындағы ий мен ка сияқты қосымшаларға қатысты ереже жаңа емледе былайша көрініс табады: ИЙ-мен аяқталған сөздердің соңында бір ғана I әрпі жазылады: kalı, alúmını, natrı, kafeterı, komentarı, realı. Шет тіл сөздердің соңындағы А әрпі сөз мағынасына әсер етпе­ген жағдайда түсіріліп жазы­лады: gazet, mınýt, kapsýl, kardıogram.
Кірме сөздерді оқушыларға меңгертуде барынша сақ болуға тиістіміз. Себебі, оқушы ең алдымен бұл сөздің мағынасын біліп барып, ол сөзді меңгеруі дұрыс. Ал, мән-мағынасын білмей меңгертілсе, уақыт өте келе тілдік маңызы да жойылады.
III.Қорытынды бөлiм
Бөтен тілден енген сөздердің басым көпшілігі өздерінің әу бастағы магынасын сактайды, кабылдаушы тілде семантикалык түртыдан өзгеріске көп түсе коймайды. Әйтсе де кірме создердін о бастагы магынасын күбылтып, озгертетіндері сирек те болса кездеседі. Мысалы, француз тілінде »соз»деген магынаны білдіретін «рагоіе» сөзі орыс тілінде пароль «жасырын шартты белгі», «жасырын сөз» деген магынада колданылады, ал казак тіліне пароль сөзі орыс тілі аркылы енгендіктен, оның әу бастагы француз тіліндегі магынасы емес, орыс тіліндегі магынасы сакталган.
Корыта айтканда, сөздік кұрам, ен алдымен, сөз тудырудың сан алуан тэсілдері аркылы сол тілдіц ішкі мүмкіншіліктері негізінде, тілде бүрыннан бар сөздердің мүмкіндіктерін пайдалану аркылы жэне өзге тілдің атауларын өзгеріссіз кабылдау аркылы жүзеге асырылады.


жүктеу 18,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау