3. Игіліктің пайдалылығы және оның түрлері. Кардиналистік көзқарас. Шекті пайдалықтың төмендеу заңы. Госсен заңдары.
Игіліктер пайдалылығы (utility of good) - бұл адамның бір немесе бірнеше қажеттіліктерін қанағаттандыратын экономикалық игіліктердің қабілеттілігі. Ол жеке тұлғалық, субъективті сипатта болады. Тұтынушы сатып алынған тауарлар және көрсетілетін қызметтерден қанағаттану үшін қандай да бір түрде пайдалылықты салыстыруы тиіс. XIX ғасырдағы экономистер жүргізген зерттеулер нәтижесінде микроэкономикалық теорияда игіліктер пайдалылығын бағалау кезінде екі амал түзілді: сандық (кардиналистік) амал және реттік (ординалистік) амал. Бұл амалдардағы сұлбалық айырмашылық 1.2-суретте бейнеленген.
1.2сурет- Пайдалылық бағасы
Нарықтық сұраныс көптеген жекелеген тұлғалармен алынатын шешім негізінде қалыптасады. Әр түрлі қажеттіліктердің арасындағы өзіндік құралдарын білу үшін белгілі бір салыстыру негізі болуы қажет. Осындай негіз ретінде экономистер 19 ғ. аяғында пайдалылықты енгізді.
«Пайдалылық» термині ағылшын философы И. Бентаммен енгізілді. Экономистер утилистаристтік доктринасын қабылдап, әртүрлі игіліктерді салыстыру гипотезасына негізделген тұтынушылардың тәртіп теориясын жасауға мүмкіндік алды. Ол бойынша, берілген бағаларда тұтынушы әр түрлі игіліктерді тұтынуда ең үлкен пайда немесе тұтынудан қанағат алуға тырысады.
Бұдан біз пайдалылықтың өзіндік, субьективті мінезде екенін көреміз. Мысалы, шылым шегетін адам, темекінің денсаулыққа зиян келтіретінін біле тұра, оны өте жоғары бағалайды.
Қанағат пен пайдалылықты максимумге жеткізу үшін тұтынушы тауарларды салыстыра алуы мүмкін екендігі мәлім. Бұл мәселені шешудегі екі негізгі бағытты көрсетеді:
1. Мөлшерлік (кардиналистік)
2. Реттік (ординалистік)
19 ғ. соңғы үштігінде Уильям Джевонс, Карл Менгер, Леон Вальрас бір мезетте және бір-бірін танымай мөлшерлік пайдалылық теориясын ұсынды. Оның негізінде әр түрлі игіліктердің пайдалылығын өлшеу мүмкіндік гипотезасы жатты. Бұны Альфред Маршалл да айтты. Бұл теория үлкен сынмен кездесті. Ф. Эджуорт, В. Парето, И. Фишер мөлшерлікке альтернативті пайдалылық теориясын ұсынды.
Мөлшерлік бағыт әр түрлі игіліктерді пайдалылықтың болжамдық бірліктерде-ютилдерде (ағылшын сөзінен utility - пайдалылық) - өлшеу мүмкіндіктерін көрсетуде негізделген.
Мысалы, тұтынушы күнделікті 1 алмадан қанағаты 20 ютил десек, 2 алманы күнделікті тұтыну - 38 ютил, 1 темекі мен 2 алманы тұтыну - 50 ютил, 2 алма, 1 темекі, 1 апельсинді күнделікті тұтыну – 63 ютил т.с.с
Бір тауар немесе тауар жиынтығының пайдалылықтың мөлшерлік бағалануының индивидуалды, субъективті мінез бар екенін айтып кету қажет. Мөлшерлік бағыт тауардың ютилде пайдалылығын объективті өлшеу мүмкіндігін ұйғармайды.
Бір тауар бір тұтынушы үшін үлкен рөл алады, ал екінші тұтынушыға – ешқандай. Жоғарыда айтылған мысалда шылым шегетін адамның 1 алмаға 1 темекі қосуы оның темекіні жақсы көретіндігін білдіреді.
Сонымен, тауар жиынтығының кез келген тұтыну пайдалылығына ютилде тұтынушы мөлшерлік баға бере алады. Бұл мөлшерлік пайдалылық теориясында айтылады. Оны жалпы пайдалылықтың функциясы ретінде жазуға болады.
TU=F (Qa, Qb …, Qz),
Мұндағы, TU – тауар жиынының жалпы пайдалылығы;
Qa, Qb…, Qz – уақыт бірлігінде А, В... тауарларын тұтыну көлемдері.
Мөлшерлік бағытта TU функциясы өспелі және жоғарыға дөңесті. Негізінде бұл функцияда максимум нүктесі (S) бола алады, одан кейін ол кемімелі болады.
Игіліктердің кез келген мөлшерінің жалпы пайдалылығын шекті пайдалылық көрсеткіштерін қосу жолымен табуға болады.
Шекті пайдалылық – бұл берілген тауарды тұтыну көлемін бір бірлікке көбейткен кездегі жалпы пайдалылықтың өсімшесі.
∆TU
MU= ¾
∆Q
Уақыттың салыстырмалы қысқа аралығында өнімнің әрбір келесі бірлігінің шекті пайдалығы кемиді, өйткені тұтынушы осы нақты өнімге қанағаттанады. Бұл шекті пайдалылықтың кемімелі заңы.
Тұтынушының пайдалылығы, егер оның табысы өнімнің әр түрін алуға жұмсалған соңғы доллар бірдей қосымша (шекті) пайдалылық әкелетіндей етіп таратылса мейлінше артады. Алгебра тілінде пайдалықты мейлінше арттыру келесі теңдік орындалған кезде жүзеге асады.
MUa MUb
-------- = --------
Pa Pb
Бұл кезде тұтынушының табысы толықтай жұмсалуы қажет
Достарыңызбен бөлісу: |