Реферат Тақырыбы: М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері Орындаған :Әділханова Е.Ә. Оқу тобы: КяЛ-21-1



жүктеу 48,83 Kb.
бет3/4
Дата28.11.2023
өлшемі48,83 Kb.
#44501
түріРеферат
1   2   3   4
Махамбет реферат

3.Махамбеттің патриоттық өлеңдері.
Махамбет өлеңдерінің жалпы саны онша көп емес, шығармаларының толық жинағына ("Жыр семсер", "Жазушы", Алматы, 1979 ж.) 70 туындысы енген. Соның барлығы дерлік 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты болып келеді. Ал уақыт жағынан: 1) көтеріліске дейін, 2) көтеріліс кезінде және 3) көтеріліс жеңілгеннен кейін шығарылған өлең-толғаулар деп бөлуге болады. Олардың идеялық-тақырыптық мазмұнын, негізінен, жастық дәурен, азаматтық қадір-қасиет, достық-қастық, өткінші өмір жайындағы тебіреністері; ел мен жер, ерлік пен азаматтық парыз, көтеріліс көсемдері Исатай мен Махамбеттің өз бейнелері; жеңіліс күйініші мен сынбаған рух қайсарлығы құрайды.
Жерсіз елдің күні жоқ, елсіз жердің құны жоқ. Елсіз жер-жетім, жерсіз ел-жетім. Шынтуайтына келгенде, Исатай мен Махамбет батырлар бастаған 1836-1837 1 жылдардағы Ішкі ордадағы көтеріліс отаршылдар мен хан, Төрелер тартып алған ата қоныс жер үшін, жерінен айырылып, әрі жетімдік күйге түсіп, күйзелген ел үшін, елдің "дұшпанға кеткен кегі" үшін болғаны мәлім. Өздері ер болмаса, елін, жерін ерекше сүймесе, екі батыр күші сан есе басым, сұсты жауға қарсы аттанбас еді. Сондықтан Махамбеттің өлеңдерінде туған ел, ата қоныс тақырыбы бастан аяқ желі болып тартылып жатуы табиғи.
Қуғында жүргенде аңсай сағынып, перзенттік ыстық сезіммен еске алатын туған жері—Нарынға арналған өлеңін тебіренбей оқу мүмкін емес.
Біздің анау Нарында
Бір төбелер бар еді.
Айналасы ат шаптырса жеткісіз,
Қиқулай ұшқан қырғауыл,
Күніне құлан да басып өткісіз,
Күндіз келген қонағы
Кешке үйіне кеткісіз.
Қойды мыңға толтырған
Сол Нарынның құмдары,
Түйені жүзге толтырған
Көкпекті шайыр шымдары.
Жатып қалған тайлағы
Жардай атан болған жер.
Жабағылы тоқтысы
Қой болып, қора толған жер. 
Аш-арығым тойған жер,
Жылаған бала қойған жер.
Шортаны қара бақандай,
Бақасы сары атандай,
Балдырғаны білектей,
Баттауығы жүректей,
Қымыздығы күректей,
Сонасы қоңыр үйректей.
Ондай қоныс маған жоқ,
Құдайым қылды — амал жоқ.
"Па, шіркін!" демеске амалың жоқ. Әлденеден көңілің көтеріліл, қуанып каласың. "Осынау ғажап жерұйығын бір көрер ме еді?!" деп ынтығасың. Бәрімізді осынша сүйіндірген, таңырқатқан керемет не сонда? Ол керемет-Махамбет ақының құдіретті таланты, туған жерге деген махаббаты. Ал осы өлеңнің соңғы:
Ондай қоныс маған жоқ,
Құдайым қылды-амал жоқ,- деген жолдарын оқып, үнсіз күрсінеміз, жаңа ғана жарқырап тұрған күн, жайнап тұрған дүние бұлт басқандай күңгірт тартып кете барады. Біз Нарындай жер-суынан айырылып, күйзелген соң бір заманғы қазақ елінің шерлі жанын түсінгендей боламыз.
Ел шырқы бұзылды, өз жерінен өзі қуылып, өгейдің кебіне түсіп барады. Жаны алқымына тақалғанда қой екеш кой да тұяқ серпімей ме?. Ал біз кеше ғана еркін, азат, есесін ешкімге жібермеген намысқой ел емес пе едік. Міне, Исатай, Махамбет сияқты ел серкелері мен олардың бостандық туының астына жиналған басқа да өжет ерлердің мақсаты да сол елдің қолдарынан тартып алынған жер-суын өзіне, адал иесіне қайтару.
Еділ үшін егестік,
Жайық үшін жайғастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Тептер үшін тебістік, -
Теңдікті малды бермедік,
Теңсіздік малға көнбедік.
Көріп отырғанымыздай, көтерілісшілер аты-заты бар ата қоныс үшін жан беріп, жан алып шайқасыпты. Ақынның жеңілістен бұрын да, кейін де шығарған өлендерінде, әйтеуір, туған жердің бір белгісі, туған елдің бір сипаты айтылмайтыны некен-саяқ.
Әйтсе де: "Айналайын Ақ Жайық, ат салмай өтер күн қайда?" деп жүректі шым еткізетін ("Ұлы арман" деген өлеңдегі) ата қонысында өзіне-өзі би, қожа кездегі қазақ елі өмірінің сәні мен салтанаты қандай келісті."Ұлы арман" десе, ұлы арман. Тіпті бұл өлеңнен үзіп мысал келтірудің өзі қиын.
Кербұғыдай билерден
Ақыл сұрар күн қайда?
Бізді тапқан ананың,
Асыраған атаның,
Ризалықпен жайғасып,
Қолын алар күн қайда?- деп бір тыныс алса, әрі қарай былай дейді:
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орнық ты қараса бадан,
Бозбаламен күліп-ойнап
Қымыз ішер күн қайда?
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген
Арғымақ туран асылды
Барыстай жал-құйрығын таратыды,
Бауырынан жаратып,
Тұяқтан ұшқан тозаңын
Арқадан жауған қардай боратып,
Басын көкке қаратып,
Құлағын істей қадалтып,
Баптап мінер күн қайда?...
Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дәм татып,
Түлкідейін түн қатып,
Бәрідейін жол жатып,
Жауырынына мүз қатып,
Жау тоқтатар күн қайда?
Махамбеттер кезіне дейін осы айтылғандай заман болған ғой қазақта. Оған Махамбеттен көп бұрын дүниеден өткен Ақтамберді жырау да өлең-куәлік қалдырғаны белгілі. Өлеңде қылаудай бір шетін сөз, сөз түгіл, бір дыбыс болсайшы. Бәрі құлпыра кұйылысып, өлеңнің романтикалық шалқыған ырғақ сазына айналады. Қайда және қандай күйде жүрсе де, ақын туған халқын есінен шығармайды. "Елім үшін жан пида!" деген сертінен айнымайды. Онын өлеңі де, өмірі де соған айғақ.
Баданамды баса бектеріп,
Қасыма жаттан жолдас ертіп,
Күн-түн қатып жүргенім —
Анау Нарында жатқан жас баланың қамы үшін,-дейді батыр. Бұған зәредей де шек келтіру күнә болар еді. Ол өзінің андысқан ата жауы, билеуші сұлтан Баймағамбеттің алдына еріксіз барған көзінің өзінде :
Еділдің бойы ен тоғай -
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім, деп, алдына қойған мақсатын, қазірдің өзінде де бұл ниетінен Кайтпағанын жасырмайды.
Жеңілістен кейінгі ауыр күндерде майысса да, сынбаған, бойың қайта тіктеп алған қайсар ақын:
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайрылмай кеткен жігіттің
Өзін-кәпір, алғанын-
Талақ деп айтсақ болар ма?- дейді шамырқана. Қарындастың қамын ойламаған азамат-азамат емес, жігіт-жігіт емес. Ақын осылай дейді. Оның ойында, жүрегінде қашан да халық тұрады. Досты да, қасты да сол халыққа, туған жер мен елге қатынасымен өлшейді. (Ол заманда, бертіндегі Абай тұсында да қарындас сөзі ағайын жүрт, туған халық ұғымында қолданылған.) Сол үшін де "ханнан туған қырықтан" "халықтың кегін қуатын қарадан туған біреуді" артық санайды. Алдағы арманды туған жерімен, онда орнатсам деген өмір салтанатымен, ата қоныс — Жайығымен байланыстырады.
Жайықтың бойы көк шалғын
Күздерміз де жайлармыз.
Күлісті сынды күренді,
Күдірейтіп күнде байлармыз, - дейді. Осындай ғажайып көркем де көңілді шумақты жалғыздық тауқыметін, жеңіліс қасіретін бастан өткеріп жүрген ақынның жүрегінен балқытып шығарған да туған жер құдіреті, туған елге, атамекенге деген ұлы сүйіспеншілік емес пе!
Тастөбедегі шайқастан кейін соңынан тіміскілеп жау түсіп, алда Жайықтың екі жағына күзет қойылып, ол аз болғандай, аяздатып қар бораған сол бір сұрқай күндерде шығыс жағаға өтіп келгендегі айтқаны:
Абайламай айрылдым,
Ар жақтағы елімнен,
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін,
Кем болмады өлімнен,—деген кісінің сай-сүйегін сырқырататын сөздер болды. Халық үшін жан пида, "өзекті жанға бір өлім" деп, қол бастап, қалың жауға қарсы аттанған батырды бұлай дегізген, "Нарын деген жеріне" деген перзенттік ұлы сүйіспеншілік қой. Тегінде туған елді, туған жерді осылай сүймесе, анау патша деген алып аждаһаға, оған арқа сүйеген хан, сүлтан, төре, төлеңгіттерге қарсы азаттық, еркіндік туын көтеріп шығар ма еді?
Туып-өскен жері Нарыны-ақын үшін елінің, Отанының символы. Жерім десе-елі, елім десе — жері көз алдына келеді, екеуі бір бүтін, бірдей қасиетті, қастерлі. Мына шумақты оқып көрелікші. Сол Нарында:
Ата менен ана бар,
Іні менен аға бар,
Қатын менен бала бар.
Қарындас халқым жана бар.
Жалғыз ұлым Махмұт
Бекетай құмның ішінде
Жалғыз бір қалған о да бар.
Демек, бар аяулы, бар жақыны сонда екен. Онсыз өмірдің қызығы ғана емес, мәні де жоқ. Тегі соларсыз өмірге келудің қажеті бар ма? Жалаң қылыш қолға алып, найзасын көлденең өңгеріп, арқасына мұз тоңып, қабағына қар қонып жүрген шақтың өзінде батыр жүрек елжіреп осылай дейді. Көтерілісшілер жеңіліп, Исатай оққа ұшқан, енді елдің басын біріктіріп, күресті қайта жалғастыру үмітсіз дүниеге айналып бара жатқан кездің өзінде:
Он екі ата Байұлы ...
Тізгінін берсе қолыма,
Заулар едім бір көшке,- деп күш те, құдірет те халықта, ол барда үміт бар дегенді аңғартады.
Әйгілі "Қызғыш құс" та, түптеп келгенде, туған жер туралы ғой.
Жапан далада тізгінін бос тастап, бір салт атты кісі келеді. Бойында асынған қару-жарағы бар, қабағы салыңқы. Реңі жабырқау. Бұл өзі кешелері қол бастап, жалаң қылышпен жай отындай жарқылдап, хан жасағын, патша әскерлерін жапыра, ат ойнатқан кісі еді.
"Тәңірім салса, не амал бар!" Ағалап алдында ұстаған, бүкіл ел ардақтысы, көтеріліс басшысы батыр Исатай о Дүниелік болған. "Қаумалаған қарындас" енді қасында жоқ, жападан-жалғыз, жапан түзде арыған атының тізгінін бос салып, аяңдап келеді. Аты тоқтап, әудем жердегі жар-Қыраған суға тігіле карап қалыпты. Кел үстінде құс біткеннің зәресін қашырып, бір қарайған жүйткиді. Тәжірибелі жолаушы оның лашын екенін білді. Ол ойын жиды, оу, бұл таныс көлдің тұрақты күзетшісі — бір қызғыш бар еді ғой! Ол қайда? Сөйткенше болған жоқ, салт аттының көзі төбесіңде шырылдаған қызғыш құсқа түсті. Бейшара-ай, ә! Ал мұның өзінің, батыр Махамбеттің, ақын-жырау Махамбеттің, халі қалай бұ күнде?! Мұның "көлі" - елі қайда, бұл неғып айдалада арыған атымен жалғыз келе жатыр? О, тәубе, көл қорыған қызғыштың да, ел қорыған ер Махамбеттің де тағдырталайы бірдей екен-ау! Осыған ұқсас бірдеңе бұрын да болған сияқты еді ғой... Жоқ! Ақын өзінің бір толғауын еске түсірді. Көшер еді-ау біздің ел,
Сонау Еділден бергі жатқан жердейін.
Қонар еді-ау біздің ел,
Арқада қоныс төлдейін.
Нұралыдан қалған көп тентек
Бүлдірмегей еді елімді
Лашын құс, бүркіт шайқаған көлдейін,—деген болатын. Нақ соның кебі келіп тұр ғой. "Ереуіл атқа ер салмайдағы" айтқандары да айнымай алдынан шыққан. Ақындық болжам сөздің өститіні бар... Ақынның ерні жыбырлап, көзі тағы да төбедегі шырылдаған титімдей кұсқа түсті.
Ау, қызғыш құс, қызғыш кұс,
Қанатың қатты, мойның бос,
Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен;
Көл қорыған сен едін,
Сен де айырылдың көліңнен.
Аспанда ұшкан қызғыш құс! -
Сені көлден айырған-
Лашын құстың текпіні;
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып-айтпай немене ?!
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!!!
Иә, бәрі айна қатесі жоқ, тап осындай. Осылайша тек қазақ поэзиясындағы ғана емес, әлемдік поэзиядағы да, бір элегиялық ғажайып көркем өлең дүниеге келді.

жүктеу 48,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау