|
Реферат тақырыбы: Азаматтық қорғанысты хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібіЖеке қорғаныс құралдарының топталуы
|
бет | 2/3 | Дата | 31.08.2023 | өлшемі | 24,13 Kb. | | #43216 | түрі | Реферат |
| Азаматтық қорғанысЖеке қорғаныс құралдарының топталуы. Теріні қорғайтын құралдар. Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді.Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.
Медициналық қорғаныс құралдары. Медициналық қорғаныс құралдары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарды айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жекеаптечкалары жатады.
Жеке аптечка.Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар. Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады:1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақаталғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолы сен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағына лып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қолтигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егугеболады.
2-ші ұяда - фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық кауіп» белгісіберілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін болады.
3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды.
4-ші ұяда – алқызыл түсті, сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7 радиоактивті уланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны сәуле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде 6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды.
5-ші ұяда – түссіз төртқырлы 2 пеналда, әрқайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклингидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және күйіп калғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішу мен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды.
6-ші ұяда – ақтүсті төртқырлы пеналда N2 радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді.
7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|