Қазақ мәдениетіне қазақи ұғымдар да жатады. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ. Шаңырақ сөзін әртүрлі мағынада қолданады. Мысалы: «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі», бұл тіркесте шаңырақ сөзі «отбасы» ұғымын білдіріп тұр. Сонымен қатар, шаңырақ- киіз үйдің тірегі, төбесі.
Тыйым сөздер – деп жасауға болмайтын іс -әрекеттерді айтады . Оларға: "Дастарқан үстінде қатты сөйлеме"; "Қажетсіз сөзді айтпа"; "Нанды баспа"; "Аққуды атпа"; "Үлкен кісіге қарсы сөз айтпа", - деген секілді түрде кездеседі. Қазақ қауымында, тыйым сөздер мен қатар әртүрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын ҚанышСәтбаев, географиядан - ӘлиханБөкейханов, Қазақстан тарихынанпрофессор Санжар Асфендияровқұрастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латынәліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
Қазақ еліне,тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әртүрлі жағдайларға байланысты, тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған. Мысалы: «Қыз ұзату», «Жар-жар», «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Сүндет той». Бұл салт - жоралғылардың өзіндік ерекшелігі мен мән - мағынасы бар. Ежелден келе жатқан бұл дәстүр қазірге дейін сақталып келеді.
Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі - киіз үй. Киіз үй-көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен аталады.
Олишиолы
Тт т.
Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі.) Бүл жерде әңгіме үлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып түр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, үлттық мәдениеттен қол үзе бастады. Сол кездері қазақ мәдениетіне үлес қосқан жандар қатарына:
Қазақ халқының бүкіл мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845--1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол "ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде" деп білді.
Зз
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов - (1835 -1866) демократиялық үлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-галым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғамдық қайраткер Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде суропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жанжақты шығармашылық мүра қалдырды.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып түлғаның бірі - Шәкәрім Құдайбердіүлы.Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мүрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынанпрофессор Санжар Асфендияровқұрастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |