Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға – еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; заңсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам сот бар жерде 24 сағат ішінде, сот жоқ жерде бір жетіден қалмай сотқа тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанда – айып, оқығанға жаза болу.
Достарыңызбен бөлісу: |