|
Реферат Тақырыбы : Нышандағыш, айқындағыш, триггерлер, тіркеуіштер мен санауыштар. Орындаған: Жумагалиев. Д. М
|
бет | 1/4 | Дата | 19.01.2022 | өлшемі | 25,23 Kb. | | #33623 | түрі | Реферат |
| 14 жұма - Мех. Негіздері - Жумагалиев
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министірлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Индустриалды-техникалық институт
Реферат
Тақырыбы: Нышандағыш, айқындағыш, триггерлер, тіркеуіштер мен санауыштар.
Орындаған: Жумагалиев.Д.М
Тексерген: Турешева А.Е
Орал 2020
Жоспары:
1. Нышандағыш пен айқындағыштың жұмыс жасау принциптері, қолдану облысы, сипаттамаларын зерттеу.
2. Триггерлер, тіркеуіштер мен санауыштардың жұмыс жасау принциптері, қолдану облысы, сипаттамаларын зерттеу.
3.Пайдалынылған әдебиеттер.
Нышандағыш пен айқындағыштың жұмыс жасау принциптері, қолдану облысы, сипаттамаларын зерттеу.
Нышандагыш дегеніміз - белгілі бір сан жүйесіндегі сан мәнін екілік жүйесіне (нышанына - кодына) ауыстырып беріп отыратын құрылғы. Көбінесе мұндай түрлендіруді ондық сандарға қатысты жүргізуге тура келеді. Нышандағыштың жұмыс атқару жүйесін 15.1 суретте қарапайым немесе элементтерінен құрылған нышандағыш тәсімімен түсіндіруге болады.
Жоғарыдағы он жолға 0-9 аралығындағы кіріс сандар мәні берілді делік. Бұл сандар келіп түсетін НЕМЕСЕ тәсімінің қосылуы суреттегідей деп алсақ, оларлың төменгі шығыстарында белгілі бір екілік сандар жүйесі шықпақшы Мәселен, «0» саны келіп түскенде НЕМЕСЕ элементтерінің бірде-бірінің, кірісіне сигнал берілмейті болғандықтан, олардың шығыстарында да «0» саны шығады, яғни біз НЕМЕСЕ элементтерінің төменгі шығыстарынан 0000 жиынтығын аламыз; «1» саны келіп түскенде, ол тек бірінші, ең төменгі разрядты НЕМЕСЕ элементіне әсер етіп, тек соның шығысында «1» пайда болады, яғни төрт шығысты қатар алғанда 0001 (оңнан солға қарай оқығанда) пайда болады; «2» саны түскенде - 0010 аламыз т.с.с. Сонымен берілген тәсім бойынша ондық және екілік сандар сәйкестігі төмендегідей болып шығады: Тәсім шығыстарын екілік сандар разрядтары бойынша былай белгілеуге болады: 20 , 21 , 22 , 23 (ондык жүйесіндегі 100 - бірлік, І01 - ондық, 103 - мыңдық сияқты). Мәселен, 7 = 0+22+21+20 = 0111, яғни бірінші (20 ), екінші (21 ) және үшінші (22 ) НЕМЕСЕ элементтерінің шығыстары 1-ге тең де, тек төртінші 1 элементтің шығысы (23 ) 0-ге тең. Сонымен кез келген ондық санға сәйкес оның екілік парапарлық нышанын аламыз.
Айқындагыш (дешифратор) дегеніміз - келіп түскен әртүрлі нышандағы сигналдар тобын (комбинациясын) түсінетін, оны айқындап оқып бере алатын құрылғы. Көбінесе екілік нышандағы келіп түскен акпарат жиынтығын ондық санға қайтадан түрлендіріп беруге арналады. Мысал ретінде өндірісте бұрын көп тараған 155 (жене 176) интегралдық тәсімдер тобындағы К155ИД1 (ИДайқындағыш белгісі) айқындағышының жұмыс істеу принципін қарастырып көрелік (15.3 сурет). Айқындағыш кірістері Х1 - Х4-пен белгіленген де, алар қосымша терістеліп, терістелген тағы да төрт − − − − Х1− Х 4 кірістерін құрады. Бірак, осы 8 түрлі сигналдар тобы айқындағыш құрылымының шығыс жағында орналасқан ЖӘНЕ тәсімдерінің кірістеріне бар болғаны төрт-төрттен ғана сигнал қиысуларын әкеледі. Бірақ олар шығыс сигнал мәндерін толығымен айғақтап, анықтап береді. Егер де алатын ондық сандарымыз 0-9 аралығында болса (15.3 суреттегі тәсімнің шығыс жағын қараңыз), онда келіп түскен екілік нышандарға байланысты аталған ондық сандардың тек біреуі ғана жануы керек.
Мәселен, келіп түскен нышан «0000» (Х1=X2=X3=X4=0) болса, онда терістейтін кірістермен ( 1 = 2 = 3 = 4 = 1 − − − − − − − − Х Х Х Х ) ғана байланысқан DD1 тәсімі ғана жұмыс істейді де, оның шығысында «0» - пайда болып (нақты жағдайда «0» - пайдалы сигнал), айқындағыш шығысында ондық «0» жанады, Оның кірісіне «9» нышаны «1001» келіп түссе (тәсімнің төменгі тұсын қараңыз), Х1=Х4=1 және 2 = 3 = 1 − − − − Х Х кірістерімен байланысты DD9 тәсімі жұмыс істеп, тек соның шығысынан ғана пайдалы сигнал аламыз, ягни «9» «жанады». Сонымен, қорыта келгенде, айқындағыш ішіндегі логикалық тәсімдер өзара белгілі бір тәртіппен орналасып, екілік нышаны бойынша бізге ондық сандарды тауып беріп отырады. 15.4, а-суретте К155ИД1 айқыңдағышының тәсімдік шартты белгісі, оның "аяқ" нөмірлерінің өзара орналасуы келтірілген. К175ИД1 тәсіміне арнап сызылған бұл нөмірлер жақша ішінде көрсетілген. Шартты белгідегі DС - айқындағыштың халықаралық таңбасы. Аталған айкындағыштардың негізгі пайдалану өрісі газразрядты индикаторларды жағып, олардағы сандар мен әріптер таңбаларын көрсетіп беріп отыру. Алайда, газразрядты индикаторлардың жұмыс істеу кернеулерінің жоғарылығына (200-300 В) және олардың жартылай өткізгіштік және жұмсақ кристалды индикаторлармен ығыстырып шығарылуына байланысты, интегралдық тәсімдер құрамындағы айқындағыштардың басым көпшілігі соңғы аталған индикаторларға арналған. К155ИД1 (К176ИД1) К514ИД1 АЛС324А а) ә) 15.4 сурет – Айқындағыштың шартты белгісі (а) және оның көмегімен 7 сегментті индикаторды басқару (ә) 155-сериялык, ИС құрамындағы К155ИДЗ-тің 4 кіріс және 16 шығыс жолдары бар, сонымен қатар тағы 2 рүқсаттық (строб) кіріс жолы қосылған. Рұқсаттық кіріс жолдарында сигнал болмаса, онда негізгі кіріс жолдары «жіпсіз байланып», тәсімге әсер ете алмайды. Сондықтан кіріс сигналдарының әсерін алу үшін алдымен рұқсаттық жолға сигнал беріп, «жол ашып» алу керек. Ал енді арнайы рұқсаттық кірістің кажеттілігі болмаса, онда оны біржолата ашық күйде ұстау керек. Қарастырылып отырған айқындағыштың рұқсаттық сигналы «0» 3 деңгейімен анықталып, оның қажеттігі болмаған жағдайда, оны тікелей «жермен» қосу керек (сонда ол ылғи ашық күйде болады). Рұқсаттық кіріс жолдары айқындағыштардың пайдалану өрісін кеңейтіп, олардың кіріс-шыгыс жолдарын еселеп өсіруге мүмкіндік береді. Өткен тарауларда қарастырылған жартылай өткізгішті 7 сегментті индикаторлар тобы арнаулы «7» нышанында жұмыс істейтін айқындағыштарды керек етеді. Олар 133, 176 жөне 514-сериялы интегралдық тәсімдер құрамында бар. К514ИД айқындағышының АЛС324 (және АЛС321) индикаторымен қосылуы 15.4, ә-суретте көрсетілген. Ондық санның екілік нышаны айқындағыштың кіріс жолдарына (микросхеманын 7, 1, 2, 6-аяқтары) әсер ете отырып, оның шығыс сигналының көмегімен индикатордың белгілі бір сегменттерін (а, b, с, d, e, f, g) жағуға мүмкіндік береді. Оның 4-аяғы Г (гашение) жоғарыда аталған рұқсаттық жолына ұқсас: осы жолда «0» болса, кіріс сигналдарының әсеріне қарамастан индикатор бетінен ешқандай хабар ала алмайсыз; нидикатор бетінен кіріс нышандарына сәйкес ақпаратты тек Г жолында «1» болғанда ғана аламыз. Қосымша мағлұмат ретінде К5І4ИД1-мен анодтары бөлек шығарылған АЛС324А (АЛС321А), ал К514ИД2-мен катодтары бөлек АЛС324Б (АЛС321Б) біріге жұмыс істейтінін айта кетпекпіз. 176 - сериялық ИС сапында санауыш пен айқындағыш бірге біріктірілген тәсімдер бар. Олар 7 сегментті индикатордың кез келген түрімен жұмыс істей алады. Дегенмен осы сериядағы К176ИД2 және К176ИДЗ тәсімдері негізінен жұмсақ кристалды нсмесе люминесцентті индикаторлар тобымен жұмыс істеуге бейімделген. Оларда 7 сегментті жартылай өткізгіштік индикаторларды басқаруға пайдалану олардың тиімділігін төмендетіп, индикатор бетіндегі сәуленің көмескіленіп көрінуіне әкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|