ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ: 1) В.М. Козубовский ОБЩАЯ ПСИХОЛОГИЯ: познавательные процессы 3-е издание
2) С.Л.Рубинштейн ОСНОВЫ ОБЩЕЙ ПСИХОЛОГИИ
Есте сақтау мерзiмi және материалды ұмыту динамикасы.
Естің негізгі процестері есте сақтау, қалдыру, устау, тану жəне қайта жаңғырту болып табылады.
Есте сақтау — алынған əсерлерді есте ұстауға бағытталған, есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс.
Есте сақтау мерзіміне қатысты:
қысқа мерзімді,
ұзақ мерзімді (түпкілікті ес) және
оперативті ес деп бөлінеді.
Әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштердің немесе мәліметтердің бейнесі адамда алдыменен тұрақсыз, құбылмалы болып тұрады (көз алдында тұрғандай, құлағыңда өлі естіліп түрғандай, оқиға бітсе де ойымызда жалғасып жататындай).
Еске қалдыру үшін ең алдыменен бұл мағлұматтар жинақталынып алынуы керек. Оған біршама уақыт кетеді. Есте сақтаудың ерекше бұл түрін қысқа мерзімді ес дейді Өмірде уақытша ғана есте сақталатын әсерлерді ‘'алғашқы ес" немесе "шапшаң қөрініс" деп те айтады. Көбінесе, бір әрекетке ғана керекті болатын мағлұматты қысқа мерзімде сақталуды оперативті ес деп айтады, Мысалы, есеп шығарғанда ойда бір сандарды үстау. Бұл сақталған нәрсе керекті болып саналатын болса, онда ұзақ мерзІмге есте қалады немесе мүлде үмытылады. Оперативті естің көлемі 7», + 2 белгі болады.
Ал қабылданған бейнелерді, құбылыстарды, тиісті мағлұматтарды еріксіз немесе арнайы амалдар арқылы ұзақ уақыт бойы есте сақтауды ұзақ мерзімді немесе түпкілікті ес дейді. Бұл ес түрінде адамның ең маңызды деп бағаланған (өзінің өміріне, кәсібіне қатысты) нөрселері сақталынады. Мысалы, "өзінің аты-жөні, "мектеп аяқтау күні”, "жақыңдарының туған күндері”. Бірақ ұзақ мерзімді есте саналы түрінде жаңғыртылатын, маңыздылығын жоғалтқан, қосымша жөне керекті мәліметтердің де бір пайызы ұмытылып отырады.
Қысқа мерзімдік ес адамда материалды аз уақыттан соң еске түсіруді мақсат тұтып, одан кейін сақтаудың қажеті жоқ деген жағдайда көрініс береді. Кей жағдайларда əрекет сипатымен байланысты, қысқа мерзімдік ес қана қажет болады. Естің бұл түрін басқа сөзбен, оперативтік ес деп атайды. Есті қысқа мерзімдік жəне ұзақ мерзімдік деп бөлудің дұрыстығы күнделікті өмірден де байқалады. Қысқа мерзімдік ес ұзақ мерзімдікке ауысуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |