Көшпелілер тұрмысы – көш
Алты құрлықтың алыбы Еуразия даласында жыл құсындай жосыла көшкен көшпенділер туралы пікір көп. Ғалымдардың бір тобы көшпенділік мәнін ұлы даламен байланыстырса, Еуропалық әдебиеттің басым бөлігі «жабайы варваларға» теңеді. Ал көшпенді халықтың жасаған жорықтары тек «жабайы варварлардың басқынышылығы» деп бағаланды. Ал көш туралы әлі де болсын көңіл көтеретін еш пікір айтылмады. Бар болғаны қазіргі Африка халықтарынң сәл ертеректеу жасаған миграциясы болып шықты. Шын мәнінде осылай ма? Алып Еуразияның кіндігінде көшпенді бабаларымыз бағытсыз, мақсатсыз көшіп-қонып жүре берген бе? Бірнеше тәулікке созылған көштің бар болғаны миграциялаудың «сыпайы» түрі болып шыққаны ғой? Тым болмаса көшпенділер тұрмысы әлемдік өркениетке тамшыдай болсын үлесін тигізді ме? Осы сұрақтарға көшпенділердің заңды жалғасы ретінде жауап беріп көрейікші.
Не үшін көшті?
Осы жерде керемет бір парадокс бар. Отырықшы ел - өз-өзін аман сақтау үшін егістігін кеңейтіп, тамақ таму үшін тұрғылықты жерінде тұрақтап қалу керек. Ал көшпенді халыққа керісінше, тамақ табу үшін көшу қажеттілігі туды. Бірақ бұлай десек, көшпенділерді нағыз қанағатсыз, ал көштің – «қарын тойдыру» мақсатында жасалған әрекет деген ойға қаламыз. Алайда ең бірінші көштің көшпелі тұрмыстың қиындығынан туғаны сөзсіз. Әрине әртүрлі географилық ортаның әсері мен климаттың өзгеруін жоққа шығара алмаймыз, ол анық. Бірақ көшудің негізгі факторларының бірі – табиғи ресурстарды сақтау десек қалай қарайсыз? Ал көшпенділер нағыз табиғи, экологиялық жүйенің қорғаушылары дегенге сенер ме едіңіз?Сену қиын, алайда отырықшы халыққа қарағанда, көшпенділер көбірек экологияны сақтап қалды. Ал көш сол жүйені іске асыратын алтын көпір болды. Мысалы отырықшы халық бір аумақта, атамекенім деп 30-40 жыл, не одан да көп жылдар бойы тұра беруі мүкін. Егін егін егіп, бау-бақша салу үшін жердің шүйгінін, топырақтың құнарын таңдайды. Бірақ бірнеше ғасырдан кейін сол құнарлы топырақ эрозиясының қайта түзілуі үшін тағы бірнеше ғасыр күту керектігін білетін шығарсыз? Ал көш тұрмысындағы көшпелілер топыраққа да, жерге де, ғасырларға созылатын зиян келтірмеді. Керісінше қол жануарлары өсімдік тұқымының жаңаланып отыруына себепші болды. Арғы бабаларымыздың «жер-ана» деп қастерлеп, жер асты байлығы мен ресурстарына қол созбаудың мәні осында болса керек. Сол себепті көшпенділерге «атамекеннен» гөрі, «ата қоныс» деген ұғым жақын болды.
Көш - мигрияцияланумен үш қайнаса сорпасы қосылмайды
Бұл түсінікке нақты көз жеткізу үшін көшпенділер тұрмысына, яғни көшу процесіне назар аударуымыз керек. Біздің көз алдымызда көш десе қаз-қаз тізілген түйелер, жүк көтерген жылқылар, бағыты белгісіз өң-түсі жоқ көңілсіз жандар елестейді. Шын мәнінде олай емес. Біле білсеңіз, көшу - бұл ең бірінші үлкен математика. Ал ол математиканы тудырған – табиғат. Яғни әртүрлі табиғи-климаттық жағдайларға байланысты көші-қон да әртүрлі бағытта қозғалған. Мысалы таулы аймақтардан қозғалса вертикалды , ал далалық аймақтардан қозғалса горизонтальды бағытта көшкен. Өздеріңіз білетіндей даламыздың көп бөлігі таулы, қыратты аймақтардан тұратындықтан, көш көбіне вертикал бойымен көтерілді. Бірақ көшпес бұрын жасайтын тағы бір маңызды әрекет бар. Ол кез-келген бағытты айнытпай табатын, жаңа экологиялық аймақтардан жаңылыспайтын, жануарлар биологиясынан жан-жақты хабардар көш бастайтын адам, яки көшбасшы тағайындау. Бұдан кейін әртүрлі салт-жоралғылар орындалады. Көшуге қолайлы күнді қазақы күнтізбе негізінде анықтап,белгілейді. Көшу процесі біз ойлағандай сүреңсіз, іш пыстырарлық болмаған. Керісінше көшубарынша сәнді және көңілді болған, ал қатар қоныстанған екі қоныс бір-бірімен әуендете жарыса көшкен. Көшпенді халық көштің ең озық үлгісін көрсетті деуге толықтай негіз бар. Тіпті жүк тиелген жануарлардың өзіндік атқаратын рөлдері де ерекше болған. Мысалы әшекеймен әрленген арулар жеңіл жүк тиелген атан түйеге мінуге құқылы. Ал көштің соңында жүретін ,ауыр жабдықтарды арқалаған ошақтүйеге ешкім отырмаған. Басқа жас жігіттер мен бойжеткен қыздар жылқыға не тайға мініп, айтысып не аударысып қозғалған. Осындай керемет «жылжымалы корновалмен» көшкен жұрт ақыры межелі жеріне сәтті жеткен. Негізі әрбір көштің өз ерекшелігі болады. Мәселен көктеуден жайлауға көшер болса көш «Қозыкөш» деп аталады. Бұл көштің шақырымына байланысты берілген атау. Яғни жаңа төлдеген жас малдарды демалдырып, көшіп отырған. Ал күзеуден қыстауға көшетін болса күніне 25-30 шақырымды артқа қалдырып отырған. Бұл құдды бір керемет философиялық жүйеге ұқсайды. Солай емес пе? Бірақ бұл жүйені бұзатын да факторлар аз болмады. Соның бірі жеті ағайынды - жұт. Жұт - көбіне қыс мезгілінде, азықсыз қалған қорадағы малдарға зиян келтірген. Бұдан амандық сұраса «мал-жаннан» бастайтын көшпелілер үшін қаншалықты қиын екені айтпаса да түсінікті. Жұтқа жеңіліп, бар малынан айырылған жандар көшуге жағдайы келмей, сол жерде «жатақ» болып қалады. Не бір байға жалдамалы жұмысшы ретінде күнін көреді. Бірақ бұл дегеніміз байларға ештеңе де болмайды деген сөз емес. Қатты жұттан мыңғырған малынан айырылған ауқаттылар да бар. Міне сондықтан көшке қиындықтан аман шыққан, түрлі сынаққа төзе білген жандар ғана қатысуға мүкіндігі болған. Осыдан кейін-ақ миграциялану мен көшудің ара-жігі жер мен көктей кенін байқау да қиын емес.Көшпенділер көшпегенде...
Адамзат өркениетіндегі ең үлкен жаңалықтардың шығу тарихы – тұрмыстық жағдайлармен байланысты. Жаңа жасалып жатқан технологиялардың барлығы жаңғақ милы жандардың қажеттілігі һәм мұқтаждығынан туды емес пе? Ал ол дәуірдегі, дәлірек айтқанда көшпенділердің қажеттілігі не еді? Әрине – транспорт. Осы мұқтаждықтың әсерінен адамзат әлеміндегі ең алғашқы үлкен жаңалықтардың бірі – жылқыны қолға үйретті. Қолға үйретілген жылқы жануары кейіннен жүк тасымалдайтын транспорт қана емес, сол заманның танкісіне айналды. Ал игілігін тек көшпелілер ғана емес, күллі әлем көріп, өз көздеріне өздері сенбеді. Үдере көш түзеген көшпелі жауынгерлерді алғаш көрген жат халықтар «кентаврлар» деп тамсанып, аңыз етті. Ақырында оның аңыз да, әпсана да емес, таза ақиқат екенін әлем халқы мойындап, көштен туған мобильділікті ғасырлар бойы қолданды. Тек бұл ғана емес, бұдан кейін қазіргі сіз бен біз киіп жүрген шалбарды ойлап тапты.
Ат үстінде ыңғайлы отырайын деп биік өкшелі аяқ киім жасап шығарды. Енді ойлансаңыз, адамзат өркениетіне үлкен жаңалық енгізуде көшпелілер тұрмысының тамшыдай емес, теңіздей үлесі бар. Сонымен қатар көшу барысында өздерін қорғау үшін, 700 метрге дейін жебесі ұшатын садақтың жиналмалы түрін жасап шығарды. Бұл аз десеңіз қазірге қозғалмалы үй іспеттес көліктің түп төркіні - көште қолданылатын, арба үстіндегі жиналмалы киіз үйден бастау алған. Ең қызығы Батыс мәдениетін зерттеуші Леви-Стросстың пікірінше 20 000 жыл бұрын Беринг бұғазы арқылы Америкаға өткен көшпенділердің бірнеше тобы, әлемдік тарихқа қайталанбас әрекет жасаған. Дәлірек айтқанда, солтүстік пен оңтүстік арасындағы табиғи ресурстарды зерттеп, жабайы жануарлар мен өсімдіктерді үй жағдайына үйретіп қана қоймай, оларды тамаққа, дәрі-дәрмек түрінде де пайдаланған. Дәл осындай тарихшылардың бір тобы «көшпенділер көші – жаңа өркениет қалыптастыратын катализатор қызметін атқарды» деген анықтаманы алға тартады.
Көшпелілердің бүкіл өмірін қозғалыста өткізіп, жаңа мезгілімен үнемі санасып отыруына тура келді. Негізгі баспанасы қыстау басында орналасты. Ол бұл жерден бүкіл үй-ішімен, руымен, тайпасымен алдымен көктеуге, содан соң жайлауға көшті. Жылдың жылы мезгілін көктеу мен жайлауда өткізіп, күн суыта кузеуге оралды. Күздік жайылымдықтың бір бөлігіне көктемде еккен егінін орып алып,қыстауға қайтқан. Жыл бойы осылайша көшіп-қонып жүру үшін оларға тігуі, жинап алуы жеңіл, әмбебап баспана қажет болды. Осындай баспананың озық үлгісі-тарихы 3мың жыл әріге кететін киіз үй еді.[1]
Мал адамды тамақтандырумен қатар әртүрлі үй шаруашылығы мен кәсібіне қажетті шикізат та берді.
Көшпелілер тон мен тұлыптарын,бас киімдерін, шалбарлары мен камзолдарын қолымен тігіп, теріден етік пен кебіс-мәсі жасады. Бірақ малдан алынатын басты шикізат жүн еді.Олар жүннен мата, кілем тоқып, киіз басты. Киіз үйдің туырлық, түндігі мен үй ішіндегі төсеніш бұйымдар киізден жасалды. Оның “киіз үй” аталуы,сондықтан.
Киіз үйдің киіз жабылатын сүйегі ағаштан жасалды. Киіз үй көшпелі тұрмысқа өте қолайлы баспана. Сонау өткен уақыттарда-ақ саяхатшылар мен әскери адамдар мұны бірден аңғарған. Әскери құрылысшы, капитан И.Г.Андреев ХVIII ғасырдың II жартысында қазақ қол өнеріндегі ең бірінші де басты кәсіп – киіз үй құру екенін жазған. Ресей мен Рим Ғылым академияларының, Англияның Корольдік Ғылыми жиналысының мүшесі П.С. Паллас далаға саяхат жасап, 1766-1769 жж Батыс Қазақстанда болған. “Жайықтың шығыс жағында көшіп жүрген қазақтарға” барған ол “қазақтардың біреуінің ішіне жиырма санмен -дан көп адам сиятын киіз үйлерде тұратынын”атап көрсеткен.
Көптеген авторлар киіз үй хақында хабардар; зерттеулер жазып, оның құрылымына қайран қалған. Ресейде өкінішке орай аяқталмай қалған тұңғыш энциклопедиялық сөздік жасау тәжірибесінің өзінде (1745) қазақтың киіз үйі туралы мақалаға орын табылған. Киіз үйді бірінші көрген кісі оның құрылымының көнелігі мен тетіктерінің тым жеңілдігін теріс түсінуі мүмкін. Киіз үй бізге ғасырлар белестерінен асып жетіп, сан ғасырлар бойы оның құрылымына көптеген өзгерістер енгізіліп, жетілдіріле түсті.[1]
Тіпті қазіргі индустриялдық дәуірдің өзінде киіз үй көп жағдайларда пайдалы болып отыр: қашық жайлаулардағы шопандар ауа райы тым ыстық аймақтарда тұратын отбасылары үшін ең қолайлы баспана. Сондықтан оның тетіктерінің жеңілдігі мен тым қарапайымдығы туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ. Ғасырдан ғасыр өткен сайын оны әзірлейтін құрал-саймандар, ағаш пен жүнді өңдеудің әдістері жетілдіріле түсті. Киіз үй сүйегінің шаңырақ, уық, кереге, есігін иіп ізін басатын шеберлер өз өнерлерін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырды. Киіз үйдің сүйегін, оның ағаш қаңқасын арнайы шеберлер жасады. Әрбір көшпелі қауымда өз үйшілері болды. Қазақта үй сүйегін жасап, сатумен де айналысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |