Реферат Орындаған: Кенжибай Тамерлан Қабылдаған:Қуантқан Әден Тақырыбы:Қоғамдық-саяси ойдың бастауы



жүктеу 26,05 Kb.
бет2/2
Дата19.04.2023
өлшемі26,05 Kb.
#42227
түріРеферат
1   2
Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы

Ойшылдың пікірінше, қайырымды қала билеушісінің даналық, азаматтық қасиеті мен ойлау қабілеті жоғары тұруы керек.
Әл-Фараби мемлекет басшысы ақылды, әділ, рухани жағынан жетілген, күнделікті өмірде өзін қарапайым ұстағаны дұрыс дейді. Адамгершілік қасиетін сақтап, өсек-аяңға, заңсыз жолмен байлық жинауға қарсы тұруы, өз басының мүддесін қоғам мүдделеріне бағындыруы туралы айтады.
Әрбір ел басшысы осы қасиеттерге лайықты болса, халық бақытты да бай өмір сүреді. Мұндай қоғамда азаматтар әрдайым мемлекеттің қамқорлығында болады. Әрбір азамат мемлекеттің байлығынан өз үлесін алуы тиіс. Әл-Фарабидің пікірінше, «азаматтар өзара көмегі мен бірлігі арқылы бақытты, ізгі өмірге қол жеткізеді».

Зорлықсыз, бақытты қоғам орнату сол елдің мемлекет басшысының ақылы-білімі мен адамгершілігіне байланысты. Ізгі қала тұрғындары тату-тәтті өмір сүріп, ғылым мен білімді дамытып, бір-біріне көмектесіп тұрады. Ғұлама қайырымды қалалармен бірге надан, бұзылған, қайырымсыз қалалардың да болатынын ескертеді.
Әл-Фарабидің саясат туралы айтқан құнды ойлары Еуропа және араб Шығысы мен Орта Азия елдерінде саяси-құқықтық ілімнің дамуына ықпалын тигізді.

4. Жүсіп Баласағұни. Белгілі түркі ақыны және ойшылы Жүсіп Баласағұнидің есімін әлемге танытқан «Құтадғу білік» («Құт негізі – білік») дастаны болды. Баласағұни дәулетті отбасынан шыққан. Данышпанның ақыл-парасаты мен қабілеті, патша сарайындағы хас-хажиб (бас уәзір) қызметі мен кейінгі жинақталған әдебиет саласындағы терең білімі оған адамның қоғамдағы орны, мінсіз қоғам, мемлекет туралы парасатты ой-тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді.
Ойшылдың пікірінше, ел басқаруда білімнің күш-құдіреті зор. Ақынның еңбегінде білім өмірдің мәні және қоғамның мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Ұлы ойшыл оқу мен білімді кез келген мемлекет пен қоғам дамуының негізі ретінде қарастырды. Мемлекетті басқару жүйесі, қоғамдық қатынастар білім мен ғылымның дамуына сәйкес келуі туралы айтты.
«Құтты білік» дастанында Ж. Баласағұни өмірдегі ең өзекті мәселелерді көтереді. Жеке адам мен қоғам, бақытқа жету жолы және кемел мемлекет құру туралы ғұлама ойының қазіргі қоғам үшін де маңызы зор. Ойшыл мемлекет басшысы ақылды, мейірбан болу керек деп, адал билеуші Күнтуды (Қарахан мемлекетінің билеушісі) – әділдіктің символдық бейнесі ретінде ұсынады. Бұл бектің тұсында ел бақытты өмір сүрген. Ізгілікті қоғамның мәңгілік арқауы – әділеттілік. Ол бақытқа апарар жол. Өз халқын ізгілікке жеткізген билеуші ғана бақытты болмақ. Баласағұнидің ел басқарған бекке (басшыға – авт.) қояр талабынан мінсіз билеуші бейнесі көрінеді.

Ж. Баласағұни «Құтты білік» еңбегінде мінсіз әділ заң-ережелерге сүйенген ізгі, кемел қоғам үлгісін ұсынады. Сонымен қатар ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның пікірінше, адам өмірге – қонақ, дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетпей, Алланы сүю, ізгілікке жету, білімге ұмтылу керек. Ол: «Кісі мәңгі болмас, мәңгі қалар оның жақсы аты», – деп жазады.
Баласағұни ескерткендей, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алдын алу үшін қажет. Білім – адамның өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашады.

5. Махмұт Қашғари. Қарахан әулетінің билеушісі Сатұқ Боғра ханның ұрпағы Махмұт Қашғари «Диуани луғат-ат-түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі») еңбегін жазды. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерген.
Алғашқы болып сол дәуірдегі түркі тілдерінің ғылыми грамматикасын жасады. Бұл кітапта ХІ ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпаларының өмірі мен тұрмыс-тіршілігі жайында құнды мәліметтер қамтылған. Зерттеуші қазіргі қазақ тілінде айтылып жүрген сол замандағы мақал-мәтелдерді келтірген. Махмұт Қашғари түркі тілін әлемдегі ең таза тілдердің бірі деп есептейді: «Мен – түркі боламын», түркі тілі – «ең ашық-айқын әрі тура – түзу тіл». Ғұлама таза тіл деп өзге тілдің ықпалында кетпеген тілді атайды.

М. Қашғаридың пікірінше, қоғамның дамуы адамгершілік қасиеттерге байланысты. Ол үшін елдің азаматтарын патриоттық сезім, Отанға деген сүйіспеншілік, батырлық пен батылдық рухында тәрбиелеу қажет. Түркілер ұғымында Отан – туған жері, дәстүрі мен ұлттық мәдениеттен тұрады.
Адам баласының бәріне бейбіт өмір, тыныштық пен бақыт тілеп, Қашғари замандастарын өздігінен жетілуге шақырды: «Ізгілікке талпын, өркөкірек болма». Түркі сөздер жинағы туралы өзі: «Бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз-қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, мәңгілік өмірге біржола жолдама алды», – деп жазды.

6. Қожа Ахмет Ясауи. Белгілі сопылық ақын Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін түркі әдеби тілінде жазды. Ясауи ілімі тек Түркістанда ғана емес, сонымен қатар Мауараннахр, Хорасан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Анадолыға дейін жеткен. Қожа Ахмет Ясауи басты еңбегі «Диуани хикметте» («Даналық кітабы») ислам қағидаларын түркілер дүниетанымымен байланыстырады. Кітап түркі тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған. Ол өзінің даналық кітабында адамзатты имандылыққа, әділдікке, адалдыққа, мейірімділікке үндейді.
Ахмет Ясауи сопылық идеяларын жергілікті салт-дәстүрлерімен үйлестіре дәріптейді. Ақын хикметтерінде о дүниедегі бақилық жайында: «Дүние менікі дегендер – жаһан малын алғандар, пара алған әкімдер – арамдықпен жүргендер, алтын тақта отырса да, топырақ астына түседі, сенген құлдар – адалдар, садақамен тұрады», – деп жазады.
Ясауи мұрасы сопылық түркі халықтардың рухани танымында маңызды орын алды. Ойшыл-ақын халықты мүсәпірлерге қайырымды болуға, қиыншылыққа төзіп, Жаратушыға деген сенімін кемітпей, шүкірлік етуге шақырады. Ясауи ілімі әрбір адамның өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесі тазалығымен анықтайды. Елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен имандылықты ту етіп, адалдыққа үндеген Қожа Ахмет Ясауи түркі жұртының қасиетті әулиесі атанды. Ол өзінің бар қабілетін туған еліне, өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсады.

Тәуелсіздік алған жылы ашылған Түркістан қаласындағы университетке Қожа Ахмет Ясауи есімінің берілуі ұлы ойшыл бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі және ұрпақ парызы болып табылады. Түркістан қаласы бүгінде Түркістан облысының орталығы саналады.
Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашғари т.б. ортағасырлық ғұламалардың еңбегі арқасында қазақ қоғамының қоғамдық-саяси ой-санасы қалыптасып, мемлекеттік құрылымы нығая түсті.
жүктеу 26,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау