Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



жүктеу 494,5 Kb.
бет4/4
Дата20.11.2018
өлшемі494,5 Kb.
#22148
1   2   3   4

Тікелей престеу

Қандай тәсілмен жүргізілсе де, түйіршіктеу таблетка өндірісінің ұзақ және көп еңбек сіңіруді талап ететін сатысы болып табылады. Түйіршіктеу, ылғалдау, кептіру, брикеттеу кезінде қиын ыдыраушы поликристалды агломераттар түзілуі себебінен таблеттелетін қоспаға зиянды әсер етеді. Сондықтан, соңғы жылдары зерттеушілердің назары түйіршіктеу процессін жүргізбей-ақ түйіршіктердің барлық қасиеттеріне ие болатын сусымал қоспалар алу тәсілдерін іздеуге ауып отыр. Осындай тәсілдердің бірі – тікелей престеу болып табылады. Тікелей престеу – бұл таблеттелетін материалдың негізгі технологиялық қасиеттерін сусымалдылығы мен престелушілігін-жақсартуға мүмкіншілік жасайтын және олардан түйіршіктеу сатысын өткізбей-ақ таблеткалар алуға мүмкіндік беретін технологиялық операциялар жинағы. Бұл тәсілдің бірқатар артықшылықтары бар: таблеттелетін қоспаға ылғал мен жоғарғы температураның әсерін тигізбейді, таблетка өндірісінің мерзімін қысқартуға және бірқатар жағдайларда таблетка құрамына кіретін қосымша заттардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік туғызады.

Дәрілік заттардың тек аздаған түрі ғана, мысалы, антифебрин, натрий хлориді, бромиді, цитраты, калий йодиді мен бромиді, гексаметилентетрамин, ПАСК-натрий, бромкамфора және т.б. өздігінен дозалануға және жақсы престелуге қабілетті. Бұл заттардың кристалдарының формасы дұрыс және фракциондық құрамы шамамен біркелкі болады.

Натрий бромиді, хлориді, калий йодиды МФ-да белгіленген бір реттік дозаларда қосымша заттар қоспай тікелей престеледі. Барлық бастапқы шикізаттардың шаң тәріздес фракциялар мен қатты кеуектерден еленіп, кептірілгені жеткілікті. Калий йодиді таблеткалары құрамына оны тұрақтандыру үшін 1% калий карбонатын қосады.

Бромкамфора, гексаметилентетрамин, натрий-ПАСК-ын тікелей престеу үшін ыдыратқыш және антифрикциондық қосымша заттар енгізу қажет.

Тікелей престеу тәсілін аз дозада берілетін дәрілік заттармен таблеткалар алуға қолдану мүмкіндігін зерттеу нәтижесінде эфедрин гидрохлориді (0,25 г) және резепин (0,0001 г) таблеткаларының технологиясы жасалды. Бұл алкалоидтарды толықтырғыш ретінде глюкоза мен крахмал қоспасын қолданып және кальций стеаратын қосып престейді (Осипова И.Д., Штейгарт М.В., 1969 ж.).

Қазіргі кезде тікелей престеу тәсілімен 15-ке жуық таблеткалар шығарылады.

Тікелей престеудің екінші мүмкіншілігі – фармацевтік өндірісті таблеттелетін қоспаны матрицаға зорлап (күштеп) толтыратын, жетілдірілген дозаторлармен жабдықталған осы заманға сай таблеткалық машиналармен қамтамасыз ету. Соңғы жылдары осындай дозаторлардың түрлі конструкциясы жасалынды. Олар – дискілі, шнекті, вибромеханикалық, вакуумды, электровибрациялық. Олардың ішінде, әсіресе, қолайлысы вакуумды дозаторлар, бұл дозаторлар ұнтақ қоспасын алдын-ала нығыздап және одан ауа бөлшектерін ығыстырып шығарып жібереді. Бөлшектердің кристаллизация кезінде құрылысы мен көлемдерін өзгерту қазіргі кезде әлі де зерттеліп отыр. Дегенмен, кристалды ацетилсалицил қышқылы мен салициламид ұнтақтарын алу технологиясы жасалғаны белгілі.


Иллюстрациялық материалдар: кестелер, үнсіз карталар слайдтар түрінде.
Әдебиет:

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.

  2. Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – Том 2. - 1991.

  3. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - (Под ред. А.И. Тенцовой).- М.- 1986. - 272 с.

  4. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

  5. ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.

  6. Фармацевтическая технология. Под редакцией И.И.Краснюка и Г.В. Михайловой, Москва Асаdemia – 2006 г.



қосымша:

  1. ССРО Мемлекеттік фармакопеясы, IХ, Х және ХI басылымы.

  2. ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.

  3. Макхамов С.М. Основы таблеточного производства. Ташкент, 2004, 146 с.

  4. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.



Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Эксцентрикті таблеткалық машиналардың жұмыс істеу принциптері. Бұл машиналардың қандай кемшіліктері бар?

  2. Ротациондық таблеткалық машиналарда престеу қалай орындалады?

  3. Тікелей престеу дегеніміз не? Қандай таблеткалар тікелей престеу арқылы алынады?

  4. Тікелей престеу әдісімен алынатын таблеткалар өндірісінің технологиялық сатыларын атаңыз. Оның артықшылығы неде?

  5. Алдын-ала түйіршіктеусіз алынатын препараттардың номенклатурасын атаңыздар.

4 кредит



Дәріс № 14

Тақырыбы 4: Таблеткаларды қабықшалармен қаптау. Қабықшалармен қаптаудың мақсаты. Таблеткаларды қабықшалармен қаптаудың тәсілдері.
Мақсаты: Фармацевтік өндірісте таблеткаларды қабықшалармен қаптау мақсаты және тәсілдерімен таныстыру.
Дәріс тезистері:

  1. Таблеткаларды кабықшалармен қаптаудың мақсаты және оның артықшылықтары.

  2. Таблеткалық қабықшалардың түрлері.

  3. Таблеткаларды қабықшалармен қаптаудың тәсілдері, қондырғылар.

Таблеткалар алынған уақытынан бастап, тасымалдау, сақтау, қабылдау кездерінде әртүрлі әсерлерге душар болатынын оларды көп жылдар бойына бақылау тәжірибесі көрсетіп отыр. Бұл – оларды орауыштау, тасымалдау, сақтау және қолдану кезіндегі әртүрлі механикалық әсерлер, ауаның, ылғалдың, жарықтың және тағы басқа факторлардың әсерлері. Механикалық әсерлер олардың бүтіндігінің бұзылуын тудырады, айналадағы ортаның әсері химиялық өзгерістерге ұшыратады, осының нәтижесінде әсер етуші заттардың (дәрілік) мөлшері төмендеп, ал таблеткалар қарайып кетеді немесе беттерінде дақтар пайда болады. Сонымен бірге, таблеткаларды қабылдаған кезде олар кейбір жеке органдарға немесе аурулардың субъективтік сезіміне жағымсыз әсер етеді. Осының бәрі таблетка бетін оларды сыртқы факторлардан және асқазан – ішек жолдарын дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерінен қорғайтын қабықшалармен қаптау ойын туғызады.

Таблеткаларды қабықшалармен қаптаудың төмендегідей мақсаттары бар:


  • таблеткаларды механикалық әсерлерден қорғау;

  • айналадағы ортаның әсерлерінен қорғау;

  • таблетка құрамындағы дәрілік заттың жағымсыз иісі мен дәмін бүркеу;

  • таблеткалардың ластағыш қасиетінен қорғау;

  • таблеткадағы дәрілік затты асқазан сөлінің қышқыл реакциясынан қорғау;

  • асқазан және өңеш жолдарының шырышты қабығын дәрілік заттың тітіркендіргіш әсерінен қорғау;

  • дәрілік заттың әсерін асқазан-ішек жолының белгілі бір бөлімінде жинақтау;

  • асқазан сөлінің негіздік қасиет көрсететін дәрілік заттармен бейтараптануы нәтижесінде мүмкін болар ас қорыту процессі бұзылуының алдын алу;

  • дәрілік заттың терапевтік әсерін ұзарту.

Кейде қабықша құрамына әртүрлі бояғыштар қосады. Бұл таблеткалардың сыртқы түрін жақсарту мақсатымен немесе таблетка құрамындағы дәрілік заттың терапевтік тобын белгілеу үшін жасалынады.

Таблеткалық қабықшаларды олардың құрамы және қаптау тәсілі бойынша мына топтарға бөледі:



  1. қабатталған (дражделген)

  2. пленкалы

  3. престелген қабықшалар.


Иллюстрациялық материалдар: кестелер, үнсіз карталар слайдтар түрінде.

Әдебиет:

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.

  2. Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – Том 2. - 1991.

  3. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - (Под ред. А.И. Тенцовой).- М.- 1986. - 272 с.

  4. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

  5. ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.

  6. Фармацевтическая технология. Под редакцией И.И.Краснюка и Г.В. Михайловой, Москва Асаdemia – 2006 г.

қосымша:

  1. ССРО Мемлекеттік фармакопеясы, IХ, Х және ХI басылымы.

  2. ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.

  3. Макхамов С.М. Основы таблеточного производства. Ташкент, 2004, 146 с.

  4. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.



Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Таблеткаларды қабықшалармен қаптау қандай мақсатпен жүргізіледі? Қабықшалардың қандай түрлері бар?

  2. Престелген қабықшалармен қаптау қандай машиналарда жүргізіледі? Оның мақсаты неде?

  3. Пленкалы қабықшаларды қаптау тәсілдері. Қандай қондырғылар қолданылады?

  4. Дражделген қабықшалар. Драждеудің технологиялық сатылары. Бұл қабықшалармен қаптаудың мақсаты неде?

  5. Таблеткаларды орамдау қандай машиналар мен автоматтарда жүргізіледі?

4 кредит



Дәріс № 15

Тақырыбы: Медициналық капсулалар. Желатинді капсулаларды алудың технологиялық процесі. Қосымша заттар. Капсулалардың сапасын бағалау.
Мақсаты: Медициналық капсулаларды дәрілік түр ретінде оқып үйрену.
Дәріс тезистері:

  1. Медициналық капсулалар, олардың жіктелуі және сипаттамасы .

  2. Желатинді капсулаларды алудың технологиялық тәсілдері.

  3. Капсулалардың сапасын бағалау, номенклатурасы.

Медицинада соңғы жылдары желатиндi капсулалардағы дәрiлiк препараттарды қолдануға көп мән аударылып отыр. Кейбiр капиталистiк елдерде дәрiнiң бұл түрi таблеткалардан кейiн екiншi орын алады.

Капсулаларға көп назар аударылуының себебi: желатиндi қабықша дәрiлiк заттарды сыртқы әсерлерден қорғайды, дәрінің иiсi мен дәмiн бүркейдi. Капсулалардың биологиялық тиiмдiлiгi жоғары - олар тез iсiнiп, асқазан-iшек жолдарында дәрiлiк затты тез босатып, еридi.

Желатиндi капсулаларда жеке дәрiлiк заттарды оларды ылғалды түйiршiктеуге, қыздыруға, қысымға ұшыратпай босатуға болады. Сондықтан да желатиндi капсулаларда көптеген антибиотиктер жiберiледi.

Қазiргi кезде медициналық капсулалар ретiнде зауытық өндiрiс өнімiнiң екi түрiн түсiнедi: 1) дайын дозаланған дәрiлік түр - сұйық, паста тәрiздес, ұнтақ тәрiздес, түйiршiктелген заттармен толтырылған желатиндi капсулалар Саpsulae medicinales repletae; 2) Белгiлi көлемдi желатин негiзiнде дайындалған сыйымды құты – Сарsulae gelatinosae, оларды дәрiхана жағдайларында қажет болған кезде дәрiлiк заттармен толтырады.

Желатиндi капсулалар желатиндi қабықшалардың құрамындағы пластификаторлардың мөлшерiне байланысты жұмсақ - Сарsulае gelatinosae molles және қатты Сарsulae gelatinosae durae болып бөлiнедi.

Шар тәрiздес немесе сопақша келген, майлы сұйықтықтармен толтырылуға арналған, сыйымдылығы 0,1-0,2 мл жұмсақ желатиндi капсулалар «iнжу моншақтар» немесе перлалар - Реrlае gеlаtinоsае – деп аталады.

Ұзартылған мойны бар жұмсақ желатиндi капсулалар - Тubаtinае - тубатиндер деп аталады, олар арнайы балаларға арналған, мойнын кесу арқылы iшiндегi дәрінi сығып шығаруға болады (сурет 43).



Капсулалар Нижний Новогород қаласындағы химиялық-фармацевтiк зауытта (жұмсақ капсулалар) және Москвадағы Л.Я.Карпов атындағы зауытта (қатты капсулалар) шығарылады. Витаминдi препараттармен толтырылған капсулалардың аздаған түрi Санкт-Петербург тамақ комбинатында және «Октябрь» өндiрiстiк бiрлестiгінде шығарылады.

Қатты капсулалар Жұмсақ капсулалар Тубатиндер Інжу моншақтар


Сурет 43. Желатинді капсулалардың түрлері

Ең алғашқы капсулалардың түрi крахмалды қабықшалар болып саналады. Олар 1730 жылдан берi белгiлi. Бiрақ дайындалуы қиын, сынғыш крахмалды қабықшаларды желатиндi капсулалар ығыстырып тастады. Сондықтан крахмалды қабықшалар қазіргі кезде қолданылмайды, тек тарихи маңызы бар дәрілік түр ретінде қарастырылады.



Крахмалды қабықшалар (Oblatae. Capsulae amylaceae) жағымсыз иiстi немесе қатты бояғыш заттарды салу үшiн қолданылады. Олар бiрiне-бiрi кигiзiлетiн екi тостағаншадан: «түбiнен» және «қақпағынан» тұрады.

Крахмалды капсулалар дайындаудың өндiрiстiк процессi үш операциядан құралады:

1) крахмалды қоспаны дайындау

2) қабықтарды қалыптау



3) қабықтарды кесу.

1. Крахмалды қоспа бидай крахмалы мен крахмал желiмiнен дайындалады. Зауыттарда қабықтар алу процессi үздіксіз болады, сондықтан қоспаны өндiрiс қалдықтарынан дайындайды. Бұл үшiн жарамсыз және кесiлген қабықтарды қазанда 20-22°С температурада жiбiтедi, iсiнген қоспаны ет тартқыш арқылы өткiзедi және осы бiркелкi ботқа тәрiздес қоспаға крахмалдың қажеттi мөлшерiн қосады. Алынған қамырдың ылғалдылығы 67-68 % шамасында болуы керек.

2. Қабықшаларды дайындау. Қабықтарды гидравликалық престе қыздыру арқылы қалыптайды. Пресс екi плитадан тұрады: жоғарғы қозғалмайтын плитаға матрицалар және төменгi жылжымалы плитаға пуансондар орналасқан. Матрицада қабықшалардың көлемi бойынша жасалған тереңдетiлген тесiктер бар, ал пуансондар осыларға сәйкес шығыңғы, шошақ болып келген. Жұмыс алдында матрица 110-120°С температураға дейiн, ал пуансондар 120-140°С-қа дейiн қыздырылады және шабдалы майымен майланады. Сонан соң төменгi плитаға крахмалды қоспаны құяды. Төменгi плита жоғары көтерiлiп, пуансондар матрица тесiктерiне тығыз кiргiзiледi және оларда 45-55 секунд бойына ұсталып тұрады. Жоғары температура мен қысым әсерінен крахмал декстринге дейiн жартылай гидролизденедi, сөйтіп, ол крахмалды қоспаны желiмдейдi. Осы кезде қоспа қалыпталған қабықшалар орналасқан қатты табақтар (беттер) құра тез кебедi. Сонан соң төменгi плитаны төмен түсiрiп, құрғақ крахмалды (қабық) табақты плитадан түсiрiп алады.

3. Қабықтарды кесу. Қабықтардың сынғыштығын төмендету үшiн оларды 30-40°С температурада, ылғалдылығы 98-99% ылғалдағыш камерада өңдейдi, ылғалдау мерзiм 8-10 мин. Ылғалданған крахмалды табақтардың ылғалдылығы 14-15% болуы керек. Сонан соң қабықшаларды арнайы кескiш машиналарда кесiп, ойып алады.

4. Қабықшаларды сынау. Олардың жарықтары, дақтары, механикалық қоспалары болмауы және бөлме температурасындағы суда ыдырамай, тез жұмсарып кетуi керек. 1 қабықты 10 мл ыстық суда шайқағанда, жүзiп жүрген ұлпасы бар лай сұйықтық пайда болады. Қабықшаларды қолмен немесе арнайы машиналармен толтырады.

Желатиндi капсулалар (Сарsulae gelatinosae). Қазiргi кезде шығарылатын желатиндi капсулалар келесi түрлерге бөлiнедi: 1) жұмсақ желатиндi капсулалар; 2) қатты желатиндi капсулалар.
Жұмсақ желатиндi капсулалар – сопақша, шар тәрiзді немесе цилиндрлi формалы созылғыш құты, оған салмағы 0,1-1,5 г дейiн майлы ерiтiндiлер, қатты немесе паста тәрiздес заттар салуға болады.

Қатты желатиндi капсулалар - қатты, ұштары домалақталған цилиндрлi формалы құтылар, олар екi бөлiктен тұрады - корпустан және кақпақтан. Алмалы-салмалы (ажырайтын) капсулалар үш көлемде шығарылады; диаметрi З мм-ден 9,5 мм-ге дейiн, ұзындығы 11-25 мм дейiн, кабырғаларының қалыңдығы 0,08-0,15 мм-ге дейiн. Фармацевтiк өндiрiсте боялған қатты капсулалар шығарылады: ақ түстi (титанның қос тотығымен боялған), сары түстi (тартразинмен), кызғылт сары және қызыл (қышқыл қызылмен) және екi түстi (сары және қызыл).

Желатинді капсулалар дайындау тәсілдері. Қазiргi кезде желатиндi капсулалар үш түрлі тәсiлдермен алынады: 1) батыру; 2) престеу; 3) тамшылату.

Капсулаларды батыру тәсiлiмен алу технологиясы.

Батыру тәсiлiмен әрi жұмсақ, әрi қатты капсулаларды алуға болады. Өндiрiсте жұмсақ капсулаларды алу келесi сатылардан тұрады:



  1. Желатинді масса дайындау

  2. Бiр шетi ашық қабықшаларды қалыптау

  3. Толтыру

  4. Дәнекерлеу

  5. Капсулалардың сапасын бағалау

  6. Капсулаларды кептiру

  7. Тегiстеу және жуу

  8. Жарамсыз капсулаларды қайта өңдеу.



Иллюстрациялық материалдар: кестелер, үнсіз карталар слайдтар түрінде.
Әдебиет:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.

  2. Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – Том 2. - 1991.

  3. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - (Под ред. А.И. Тенцовой).- М.- 1986. - 272 с.

  4. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

  5. ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.

  6. Фармацевтическая технология. Под редакцией И.И.Краснюка и Г.В. Михайловой, Москва Асаdemia – 2006 г.

қосымша:

  1. ССРО Мемлекеттік фармакопеясы, IХ, Х және ХI басылымы.

  2. ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.

  3. Макхамов С.М. Основы таблеточного производства. Ташкент, 2004, 146 с.

  4. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.


Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Медициналық капсулаларға дәрілік түр ретінде сипаттама беріңіз.

  2. Капсулалардың қандай түрлерін білесіз?

  3. Крахмалды қабықшалар қалай дайындалады?

  4. Жұмсақ және қатты желатинді капсулаларға сипаттама беріңіз. Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

  5. Капсулалар алудың қандай тәсілдерін білесіз?

жүктеу 494,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау