Раушанова Камила,
жерге орналастыру 22-01
Кеңес дәуірі ақпаратты толық бақылау және қатаң цензуралау кезеңі болды. Ол өмірдің барлық салаларын қамтыды. Саяси идеялар мен идеологиялар қатаң цензура мен бақылауға алынды. Тыйымдардың бірі саясаттануды зерттеу, оқыту болды. Барлық саяси идеялар мен тұжырымдамалар ресми партиялық жүйеге сәйкес болуы керек еді. Ресми жүйеге сәйкес келмейтін кез-келген идеяларға тыйым салынды. Саясаттануды оқыған оқытушылар мен студенттер қудаланып, қамауға алынды. Авторитаризм және сөз бостандығының болмауы жағдайында саясаттану оқытылатын пән бола алмады. Ол кезде саяси идеялар мен ережелер билікке бекітілді және олардан кез-келген ауытқуға жол берілмеді. Сондықтан саясаттану оқытылатын пән бола алмады, өйткені ол саяси идеялар мен ережелерді зерттеу мен талқылауды қамтитын ғылым.
Менің ойымша, мемлекет тарапынан қойылатын қатаң бақылау қателік. Саясаттану бізге саяси оқиғалар мен процестердің себептерін түсінуге, сондай-ақ олардың салдарын болжауға мүмкіндік береді. Бұл адамдарға саяси жағдайды түсінуге және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Кеңес Одағы кезінде саясаттану оқытылмаса да, адамдардың саясатқа деген қызығушылығы болмады дегенді білдірмейді. Керісінше, тыйым салынған затқа қызығушылық одан сайын артады. Саясат талқыланатын ең танымал тақырыптардың бірі болды. Адамдар саяси процестер мен оқиғаларды талқылап, оларды бағалап, өз пікірлерімен бөлісе бастады. 1917 жылы қазақтар екі төңкерістің - Ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан социалистік революцияларының куәгері болды. Мұның біріншісі монархия мен орыс патшалығы билігін құлатуға мүмкіндік жасады. Ақпан революциясының нәтижесінде елде қос өкімет орнады. Қазақстан үшін осы өзгерістер біршама рөл ойнады. Тарихтың осы кеңестік кезеңінен бастап, Алашорда үкіметі арқасында халық біртұтастыққа, ауызбіршілікке, патшалық саясатты тереңірек түсініп, кемшіліктерін айқын көре алды. Кейінірек патшалық саясатқа қарсы көптеген қазақ зиялылары, қарапайым халық наразы болды. Осы тақырып төңірегінде көптеген шығармалар жазылды. Себебі саясаттануды оқымаудан адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарынан айырылды. Оған қоса, жеке пікір, тұлғалық даму мен тұлға болып қалыптасу процесі тоқтады, патшалық үкімет халықтың бәрін бір торда ұстауға тырысты.
Саясаттану-бұл саяси процестер, құқықтық жүйелер, саяси институттар және қоғамдық қатынастар туралы ғылым. Оны оқып-тану өмір қажеттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |