Құрастырушы: Сейткалиева Асель Кенжетаевна – бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы



жүктеу 5,22 Mb.
бет2/17
Дата23.05.2018
өлшемі5,22 Mb.
#16573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

1.Тұрақтылар (константы). Тұрақтылар тұрақты мәлiмет жазу үшін қолданылады. Мысалы: кәсіпорынның аты бас бухгалтердің аты жөні және тағы басқалары.

2. Анықтамалықтар (справочник). Анықтамалық есеп берулер кезіндегі мәліметтерді енгізу үшін немесе құжаттарды толтыру үшін қолданылатын бір типті объектілер. Көбінесе анықтамалықтар болып қызметкерлер, мекемелер, материалдар тізімі болып табылады. 1С: Бухгалтерия көп сатылы анықтамалықтар мен және бағынышты анықтармен жұмыс жасайды.

3. Тізбектеу (перечисление). Тұрақты мәліметтер жиынтығын тізбектеу үшін қолданылады. Мысалы: ақшаны тізбектеу қолма-қол, қолма-қол емес.

4. Бухгалетрлік шоттар. Бухгалтерлік есептің жоспарланған шотын сақтауға арналған. 1С:Бухгалтерия бір мезетте бірнеше жоспарлардан счеттардан жұмыс істей алады. Жоспарланған счеттардың әрқайсысында өздерінің кез-келген счеттардың кодының ұзындығы және субшоттардың сатысының саны болады.

5. Операциялар және проводкалар. Мүліктердің қозғалысын бухгалтерлік есеп беруде операциялар және проводкалар түрінде жазады. Операция кәсіпорында бухгалтерлік есепте болған толықтай шаруашылық операциясын басқарады, ол бірнеше проводкаларды сақтай алады. Проводкалар өз бетімен операциядан бөлек бола алмайды.

6. Субконто термині бухгалтерлік шоттар бойынша аналитикалық есеп беруді қолдануға арналған жиынтық мәндерін енгізу үшін қолданылады.

7. Құжаттар. Кәсіпорында болып жатқан кез-келген жағдайда көрсету үшін 1С: Бухгалтерия құжаттарды пайдаланады. Құжаттардың негізгі қасиеті оның бухгалтерлік операцияларды автоматикалық қалыптастыру.

8. Журналдар. 1С:Бухгалтерияны құжаттарды операциялармен проводкаларды қаралу үшін және сақтау үшін журналдар жасалған барлық бухгалтерлік операциялардың тізімі қарау үшін журнал операциялар қолданылады. Бұндағы кез-келген жолды операциялар белгіленіп келесі мәліметтерді қамтиды: Дата, номер, мазмұны суммасы бұл 4 операция түрінде болады.

9. Есептеу, берулер және оңдеулер (отчеты и обработки). Есеп берулер анықталған критериялар бойынша қорытындылар сақтайтын ақпаратты алу үшін алады. Өңдеу бір нәрсені толығынан сервистік жағдайда қарастыру.

Жоспарланған шотта басты менюдің амалдар пунктімен жоспарланған шоттар таңдау арқылы іске қосылады. Жоспарланған шоттардың әр жолы бухгалтерлік есептің нақты және қосалқы шоттын көрсететін кестесімен тұрады.



  1. Код. Счеттың толық кодының номері

  2. Атауы (наименование). Счеттың қосалқы счетінің атауы.

  3. Вал. Валюталық есеп жүргізу белгісі есеп берілген счет немесе қосалқы счет бойын валюталық есеп жүргізілсе онда валюта таңбасына + қойылады.

  4. Кол. Сандық есеп жүргізубелгілі егер берілген счет немесе қосалқы счет бойынша есеп жүргізілсе, онда кол. Бағасына + бағасы қойылады.

  5. Заб. Баланстан тыс счеттар белг.

  6. Акт. Активтіксчеттар мынандай мәндерді қабылдайды. А активті П пассивтік + субконттар 1...С10 бұл бағанада көрс счеттардың таңдамалы есебін құрайды. Егер жүйеде бірнеше счет тең болса онда терезенің жоғарғы жағына жоспарланған счеттардың атауы көрсетілген кескін шығады. Керекті счеттар жоспарын таңдау үшін сол кескіннің бірін таңдалғанын керек.


Әдебиеттер

1. 1С:Бухгалтерия 7.7. от А до Я: задачи, решения и результаты: учебное пособие для самостоятельного изучения программы 1С: Бухгалтерия 7.7. – Алматы: Бизнес Софт Трейдинг, 2002 г. – 149 с.

2. 1С: Бухгалтерия 7.7. в вопросах и ответах: самоучитель, учебное пособие под ред. В.Б. Комятина. – М: Триумф, 2005 – 367 с.

Бақылау сұрақтары


  1. Бағдарламаны шақыру. Менюдi пайдалану.

  2. Терезелермен жұмыс. Жиi қолданылатын пернелер. Көмек алу. Қарым қатынас терезесi.

3. Тізiмдермен жұмыс: тiзiмдi қарап шығу, жаңа элемент қосу, жою, тiзiмге түзетулер енгiзу.

1.2 тақырып: Негізгі құралдардың қозғалысының есебi бойынша операциялар
Мақсаты: “1С: Бухгалтерия” бағдарламасының негiзгi құралдардың тозуы мен амортизациясеның есебiмен таныстыру.

Негізгі құралдарбұл өнімді шығару, қызмет көрсету кезінде немесе кәсіпорынды басқаруда еңбек құралдары ретінде пайдаланатын мүліктің объектілері.

Негізгі құралдар бастапқы, ағымдағы, баланстық, жойылу, амортизацияланған, өткізу құн түрлері бойынша бағаланады.



Негізгі құралдардың бастапқы құныбұл негізгі құралдарды құрастыру немесе сатып алу бойынша кеткен шығындардың нақтылы құны, соның ішінде төленген өтелмейтін салықтыр мен төлемдер және жеткізіп беру, орнату, монтаж, пайдалануға жіберу бойынша шығындар.

Негізгі құралдардың ағымдағы құныбұл белгілі күнге нарықтағы бағалары бойынша негізгі құралдардың құны.

Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл есепте және есеп беруде көрсетілетін негізгі құралдардың алғашқы немесе ағымдағы құнынан жинақталған амортизацияны шегеріп алғанда активтің құны.

Негізгі құралдардың жойылу құны – бұл пайдалы мерзімі өткен негізгі құралдарды жою нәтижесінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да құндылықтардың болжамды құны.

Негізгі құралдардың өткізу құны - бұл тәуелсіз, мәмілеге дайын жақтардың арасында негізгі құралдарды айырбастауға мүмкіндік беретін құны.

Негізгі құралдардың амортизацияланған құны — негізгі құралдардың бастапқы және болжамды жойылу құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық аударымдар түрінде негізгі құралдар объектінің қызмет ету мерзімі ішінде субъектінің шығындарына таратылады.

Негізгі құралдар типтік шотар жоспарының 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің 121-126 шоттарында есептелінеді. Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі).

Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.

Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Амортизация (латынның "өтеу" деген сөзінен) — тозудың құндық көрінісін білдіреді.

Амортизация — активтің қызмет еткен мерзім ішінде амортизацияланған құнды тарату процесі.

Амортизацияланған құн бастапкы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.

Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша — шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.

Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.

Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 13 "Негізгі құралдардың тозуы" бөлімшесінің мынандай синтетикалық шоттары: 131 "Үйлер мен ғимараттардың тозуы", І32 "Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш тетіктердің тозуы", 133 "Көлік құралдарының тозуы", 134 "Басқа негізгі құралдардың тозуы" пайдаланылады.

Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:

- құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;

- құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды түрде есептен шығару (өндірістік әдіс);

- азаятын қалдық әдісімен есептен шығару;

- сандар саны әдісі бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.

Негізгі құралдардың амортизациясы түзу сызықты (бірқалыпты) әдісі бойынша келесі формула арқылы есептеледі:



тозу сомасы = (бастапқы құны – жойылу құны) / пайдалану мерзімі
Негізгі құралдардың амортизациясы өндірістік әдісі бойынша келесі формула арқылы есептеледі:

тозу сомасы = (бастапқы құны – жойылу құны) есепті жылдың өндірімі пайдалану мерзімінің жалпы өндірімі
Негізгі құралдардың амортизациясы кумулятивтік әдісі бойынша келесі формула арқылы есептеледі:

тозу сомасы = жылдар сомасының коэффициенті * (бастапқы құны – жойылу құны)
Негізгі құралдардың амортизациясы азаятын қалдық әдісі бойынша келесі формула арқылы есептеледі:

тозу сомасы = 2*бірқалыпты есептен шығару әдісінің тозу мөлшерлемесі* (бастапқы құны – жинақталған тозу)

Әдебиеттер

1. 1С: Бухгалтерия 7.7. в вопросах и ответах: самоучитель, учебное пособие под ред. В.Б. Комятина. – М: Триумф, 2005 – 367 с.

2. Матнязева С.Г. «Бухгалтерский учети 1С:Предприятие: курс лекций». – Костанай: КГУ им.А.Байтурсынова, 2008 г. – 147 с.

3. Журнал "Компьютеризация бухгалтерского учета", 1999-2002 гг.


Бақылау сұрақтары

  1. Негiзгi құралдардың тозуы мен амортизациясеның есебi және оны операциялар журналында көрсету.

  2. Амортизацияны автоматты түрде есептеу формуласы. Негiзгi құралдардың iстен шығуы.

  3. Жалға берiлген негiзгi құралдар есебi. Негiзгi құралдар есебi бойынша құжаттар.



1.3 тақырып: Материалдық емес активтер мен оның амортизациясы

Мақсаты: “1С: Бухгалтерия” бағдарламасының материалдық емес активтер мен оның амортизациясының есебiмен таныстыру.
Материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды ( жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы ( бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды: а) анықтауға болады; ә) субъект бақылайды; б) қолданудан субъект болашақта экономиқалық пайда алуды күтеді.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдыр және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде 4- топқа бөлінеді.

Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа «ноу-хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдармалық жабдықтау, интергралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады.

Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады.

Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады.

Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа жаналық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт (көшіру құқығы) лицензиялар және басқалар жатады.

Материалдық емес активтердің басқа да түрлері. Материалдық емес активтердің бұл тобына «Фирма бағасы» («гудвилл»), интеллектуалдық меншік және тағы басқалары кіреді («гудвилл»құрамына кіретін материалдық емес активтер сызбада көрсетілген).

Материалдық емес активтердiң есебі 10 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі.

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.

Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар. Қаржылық инвестициялар – бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі ( мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады.


Әдебиеттер

1. 1С:Бухгалтерия 7.7. от А до Я: задачи, решения и результаты: учебное пособие для самостоятельного изучения программы 1С: Бухгалтерия 7.7. – Алматы: БизнесСофтТрейдинг, 2002 г. – 149 с.

2. 1С: Бухгалтерия 7.7. в вопросах и ответах: самоучитель, учебное пособие под ред. В.Б. Комятина. – М: Триумф, 2005 – 367 с.

3. Филимонова Н.И., Кириллова Н.А. 1С: Бухгалтерия 8.0. в вопросах и ответах: учебное практическое пособие. – М: Лига, 2006 г. – 306 с.


Бақылау сұрақтары

  1. Материалдық емес активтердің қозғалысының есебi.

  2. Материалдық емес активтер амортизациясының есебi.

  3. Материалдық емес активтердің қозғалысы бойынша құжаттар



1.4 тақырып: Тауарлы – материалдық қорлар есебінiң операциялары
Мақсаты: “1С: Бухгалтерия” бағдарламасының тауарлы - материалдық қорлар есебiмен таныстыру.
Тауар-материалдық қорлар - өндiрiс циклiнде қолданылатын әр түрлi еңбек заттары. Олар өндiрiс процесiнде тұтынылып, өзiнiң құнын өндiрiлетiн өнiмге толығымен аударады.

Бухгалтерлiк есептiң №7 “Тауар-материалдық қорлар есебi” стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:



  • шикiзат, материал, сатып алыңған жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетiктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшiк т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндiрiсте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтердi орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;

  • аяқталмаған өндiрiс;

  • субъектiнiң iс-әрекетi барысында сатуға арналған дайын өнiмдер, тауарлар.

Материалдар есебiн дұрыс ұйымдастыру үшiн ғылыми-негiзделген жiктеменi, есеп бiрлiгiн таңдау мен бағалау өте маңызды.

Материалдық қорлар былайша жiктеледi:



  • негiзгi материалдар – шығарылатын өнiмге заттық негiз жасап, оның материалдық негiзiн (ұн – нан пiсiргенде, терi – аяқ-киiм тiккенде, ағаш – жиһаз өндiрiсiнде) құрайды;

  • көмекшi материалдар - өндiрiлетiн өнiмге белгiлi бiр қасиеттер дарытады (мысалы, бояулар, желiмдер, лактар және т.б.).

Өндiрiске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде “Тауарлық-материалдық қорлар есебi” 7 БЕС мен ҚЕБХС 2 “Қорлар” ұсынған бағалау тәсiлдерi қолданылуы мүмкiн:

  • Орташа өлшемдi құн бойынша – есептi кезеңде қозғалысы болған әрбiр түрдiң, есептi кезең соңында қолданылмағандардың да, өндiрiске босатылғандардың да бiрлiк орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негiзделген.

  • ФИФО – есептi кезең соңында есепте тұрған материалдардың құнын ескерiп есептi кезеңде алғашқы сатып алудың өзiндiк құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды.

  • ЛИФО – кейiнгi сатып алулардың өзiндiк құны бойынша материалдарды есептен шығару ағымдағы кiрiстер мен шығындардың сәйкестiлiгiн қамтамасыз етедi және инфляцияның құрылыс қызметi нәтижелерiне ықпалын ескеруге мүмкiндiк бередi.

  • Ерекше теңестiру (идентификация), ұқсастыру - әдетте өзара бiрiн-бiрi ауыстырмайтын және арнайы жобалар, тапсырыстарға арналған тауарлық-материалдық қорлар бiрлiгiнiң өзiндiк құны есептеледi (жұмсалған материалдарды бағалау мақсатымен әрбiр партияны түгендеудi өткiзуге жалғасқан, материалдарды партиялық есептеудi ұйымдастыру мүмкiндiгi бар болса, қолданылады).

Материалдарды әр түрлi тәсiлмен бағалаудың кемшiлiктерi мен артықшылықтары төмендегiдей:





ФИФО


ЛИФО


Орташа өлшемдi



Ерекше теңестiру,

ұқсастыру (иденти- фикация)



НИФО


Стан- дартты (норма- тивтiк құн

Кемшi- лiктер

Ескiрген өндiрiстiк шығын дарға ұшырата-ды, пайданы көтередi және қорлар есебiн күрделен-дiредi.

Қорларды шынайы емес төмен бағалауға душар етедi және қорлар есебiн күрделендiредi

Қорларды және өндiрiстiк шығын-дарды шынайы мәнiнен басқаша бағалауға әкеледi.

Түгендеудi өткiзу үшiн көп еңбек сiңiрудi қажет етедi, қосымша шығындарға ұшыратады

Материал босатудың әрбiрi үшiн кейiнгi тапсырыс-тық баға-сын анықта ғанда көп күш салуды талап етедi. Босату бағасын түскен құн-мен теңестi-ру үшiн тұрақты түзе-тулердi талап етедi

Нормативтi құн ағымдағы құнды көрсетпеуi мүмкiн және қорларды бағалау шындық-қа сай емес

Артықшылық-тары

ТМҚ шын бағалау-ды жүр-гiзедi

Шын өндiрiстiк шығындарға және пайданың оң-солға сақ, байыпты көрсет-кiштерiне әкеледi

Қолданы-луы қара-пайым, есеп саны өте аз шамада

Қорларды және өндi-рiстiк шығы-ндарды нақты бағалауға әкеледi

Қорларды және өндi-рiстiк шығындар-ды шынайы бағалау жүргiзедi

Қорлар есебiн жеңiлдетедi, өйткенi құнды тiркеудiң қажеттiлi-гi жоқ




  • НИФО – “кейiн түстi – бiрiншi кеттi” бағалары бойынша материалдарды есептен шығаруды шамалайды. Бұл тәсiлде материалдарды босату бағасын түскен бағасымен теңестiру үшiн түзетулер қажет. Бұл тәсiл орнын толтыру бағасы тәсiлiне ұқсас.

  • Стандарттық баға – нормативтi өзiндiк құн. Өндiрiске босатылған материалдар стандартты (нормативтi) бағалары бойынша бағаланады. Нақты баға мен нормативтiнiң арасындағы айырмашылық жеке шотта жиналады.

Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң әр түрлi тәсiлдердi таңдау, қорларды бағалау мүмкiндiгi бар, бiрақ тәсiл таңдалғаннан кейiн ол дәйектi түрде бiр есептi кезеңнен соң екiншiсiнде қолданылуы тиiс. Алайда материалдың түрi үшiн бiр ғана тәсiлдi қолдануға болатынын есте ұстау қажет. Бағалау тәсiлдерiн таңдауды субъектiнiң есеп саясаты белгiлейдi.
Әдебиеттер

1. Филимонова Н.И., Кириллова Н.А. 1С: Бухгалтерия 8.0. в вопросах и ответах: учебное практическое пособие. – М: Лига, 2006 г. – 306 с.

2. Журнал "Компьютеризация бухгалтерского учета", 1999-2002 гг.
Бақылау сұрақтары


  1. Материалдардың түсуін: алдын-ала келiсiлген бiрақ төленбеген шот бойынша материалдардың түсуi; алдын –ала келiсiлген және төленген шот бойынша материалдардың түсуi.

  2. Материалдарды босату: материалдарты өндiрiске босату; материалдарды жалпы өндiрiстiк шығынына босату; басқада материалдарды өндiрiске босату; материалдарды жалпы шаруашылық шығынына босату.

  3. Материалдық қорлардың қозғалысы бойынша құжаттаулар мен есептеулер.



1.5 тақырып: Ақша қаражатының есебi бойынша операциялар.
Мақсаты: “1С: Бухгалтерия” бағдарламасының ақша қаражатының есебiмен таныстыру.
Ағымдағы активтерге келесілер жатады: қысқа мерзімді қаржылық слымдар (инвестициялар), ақшалар, тауарлы-материалдық қорлар, алдағы уақыт шығындары, қысқамерзімді дебиторлық берешек.

Ақша баламалары (эквиваленттері) – бұл ақшаға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерцялық қағаздар және депозиттік сертификаттар.

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшiн әрбiр шаруашылық жүргiзушi субьектiнiң кассасы болады. Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргiзу тәртiбiмен таныс болуға тиiс. Осыдан кейiн қана оның материалдық толық жеке дара жауапкершiлiгi туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдердi беру үшiн субьектi басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар таратылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершiлiгi туралы олармен де шарттар жасалынады.

Кассаға ақша қабылдау кассалық кiрiс ордерлерi бойынша жүзеге асырылады,оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбiртек (ордердiң қиынды бөлiгi) берiледi. Кассаға қабылдаған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен жазылады.

Кассадан ақша беру кассалық шығыс ордерлерiмен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсiмделген төлем тiзiмдемелерiмен, ақша беруге жазылған өтiнiшпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсiмделiнедi. Касса операцияларының есебiн кассир Касса кiтабында жүргiзiледi, ол нөмiрленуге, тiгiлуге және оған сүргi салынуға тиiс, ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Ағымдық және жинақ шоттары – жеке және заңды тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің (филиалдардың және өкілдіктерінің) банктік шоттары.

Корреспонденттік шоттар – банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Аударымдылық операцияларды жүзеге асыратын субьектілерге корреспонденттік шоттар Ұлттық банктің операцияларға лицензиясы бар болса ашылады.

Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлер өз ақша қаражаттарын банкi мемлекеттерiнiң тиiстi шоттарында сақтап және мiндеттемелерi бойынша төлемдерiн, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда жүзеге асырады.

Банкi шоттары теңгемен де шетелдiк валютасымен де ашылуы мүмкiн. Банк келiсiм бойынша ағымдағы, корреспондеттiк шоттарын ашқан кезде, шот иесiнiң пайдасына келiп түсетiн ақшаны қабылдауды, оның өзiне немесе үшiншi тараптарға тиесiлi ақша сомаларын аудару жөнiндегi ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерiн көрсетудi өз мiндетiне алады. Банк пен заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлiмшесi (филиал мен өкiлдiгi) арасында келiсiм жасау үшiн: қойылған қол үлгiлерi және мөр таңбасы (оттискiсi) бар құжаты; клиенттiң салық есебiне қойылғанын растайтын салық қызметi органдары берген анықтамасы; мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын өкiлетi органдар берген белгiленген үлгiдегi құжаттың көшiрмесi немесе оған теңестiрiлген құжаттың көшiрмесi; жарғы және құрылтай шартының құрылтайшылық көшiрмелерi тапсырылады.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялар бірыңғайланған белгілі құжаттар негізінде жүргізіледі. Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем талабы-тапсырмасы, инкассалық өкім, салық және кеден органдарының инкассалық өкімі және тағы да басқа құжаттар саналады. Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамдардың (кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің) қолдары болуы керек. Онсыз құжат орындалуға қабылданбайды. Банк мекемесі өзі қызмет көрсететін кәсіпорындар және ұйымдармен, яғни есеп айырысу шотының иесімен келісімге келе отырып, белгіленген мерзімде оларға шоттың көшірмесін жіберіп отырады. Осы көшірмемен бірге есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың негізі болып саналатын есеп айырысу құжаты да бірге беріледі. Көшірмеде кәсіпорындар мен ұйымдардың шотындағы қаржының айдың басындағы және айдың соңындағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен, яғни кірістелген және одан шығыс етілген, яғни жұмсалған қаржылар сомасы көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтериясында банк мекемесі берген шоттың көшірмесінде жазылған сомалардың дұрыстығы және олардың көшірмемен бірге берілген құжаттарға сәйкестігі тексеріледі.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебi 441 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотында жүргiледi.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшаларға ішкі бақылау жасау мынадай функцияларды жүзеге асыруы, яғни атқаруы қажет: ақшалардың жеке есебін жүргізу мен бөлек сақталуын бақылау; қолма-қол есеп айырысу негізінде жүргізілген операциялардың есебін бақылау;кассада тек қана күнделікті қажетті мөлшерде ақша сақтау;касса қалдығын белгіленген мерзімде уақтылы тексеру;табыс әкелмейтін ақшалардың қайтарылуын қамтамасыз ету;ақшалардың сақталуына жеке тұлғаның жауап беруі.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда өздерінің ақшаларының жұмсалынуын бақылау мақсатымен басқа занды және жеке тұлғаларға ақша төлеу барысында арнайы үлгідегі құжаттар белгілі тәртіп бойынша толтырылған жағдайда ғана төлем жүргізуге болатындығын белгілейді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда өзінің ақшаларын банк мекемесінде сақтауға тиіс. Оның мынадай артықшылықтары да бар: ақшаларының түгелдігіне, сақталуына банк мекемесі толығымен жауап береді, банк мекемесінің тарапынан ақшалардың жеке есебі жүргізіледі, бұл жерде сақталатын ақшалардың ұрлану қаупі кәсіпорындар мен ұйымдардың өзінде сақталатын ақшаға қарағанда төмен.


Әдебиеттер

1. Матнязева С.Г. «Бухгалтерский учети 1С:Предприятие: курс лекций». – Костанай: КГУ им.А.Байтурсынова, 2008 г. – 147 с.

2. Филимонова Н.И., Кириллова Н.А. 1С: Бухгалтерия 8.0. в вопросах и ответах: учебное практическое пособие. – М: Лига, 2006 г. – 306 с.
Бақылау сұрақтары


  1. Кассадағы қолма-қол ақша есебi.

  2. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражатының есебi.

  3. Валюталық шоттағы қолма қол ақша қаражаттары.

  4. Ақша қаражаттары есебi бойынша құжаттаулар мен есептеулер.



1.6 тақырып: Дебиторлық борыштар есебi. Өзара тараптармен байланысты операциялар есебi
Мақсаты: “1С: Бухгалтерия” бағдарламасының дебиторлық борыштар есебiмен таныстыру.
Кәсiпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтердi, сондай-ақ аванс ретiнде алдын ала төлеген төлемдерi үшiн алашақ борыштары – дебиторлық борыштар деп аталады. Осы кәсiпорындармен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.

Есеп берiлетiн уақыттан кейiнгi бiр жыл iшiнде алынатын дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледi. Олардың қатарына жататындар:



  • ағымдағы активтердi сатып алуға төленген аванстық төлем;

  • тапсырылған шоттар бойынша алынуға тиiстi борыштар;

  • вексельдер бойынша алынуға тиiстi борыштар;

  • негiзгi ұйымдар мен оның еншiлес серiктестiгi арасындағы түрлi операциялар негiзiнде туындаған дебиторлық борыштар;

  • ұйымның лауазымды адамдарының дебиторлық борышы;

  • басқадай дебиторлық борыштар.

Бiр жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар “Ұзақ мерзiмдi дебиторлық борыштар” болып есептеледi.

Дебиторлық борыштар келесiдей бөлiмдерден тұрады:

“Сатып-алушылармен тапсырыс берушiлердiң борышы”

“Күдiктi қарыздар бойынша резервтер”

“Еншiлес серiктестiктердiң дебиторлық борышы”

“Басқадай дебиторлық борыш”

“Алдағы кезең шығындары”

“Берiлген аванстар”

Кәсiпорындар мен ұйымдардың “Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң борышы” деп аталатын бөлiм шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң осы кәсiпорынға деген әр түрлi қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшiн арналған. Аталған бөлiмде келесiдей шоттар қаралған:“Алынуға тиiстi шоттар”,“Алынған вексельдер”, “Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң өзге де борыштары”.

Сатып алушылардың келiсiмшартқа сәйкес белгiленген мерзiмде төлемеген шоттары “күмәндi қарыздар” деп аталады. Күмәндi қарыздарға – уақытында төленбнген, жабылмаған және тиiстi кепiлдiкпен қамтамасыз етiлмеген дебиторлық борыштар жатады. Өтелу - өтелмеуi белгiсiз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екi тәсiлi бар. Бiрiншiсi – тiкелей есептен шығару әдiсi, мұнда шығындар нақты шоттарды үмiтсiз деп танығаннан кейiн ғана тiкелейесептен шығарады. Екiншiсi – резервтiк әдiс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсiлмен есептеледi. Халықаралық тәжiрибеде күмәндi қарыздарды бағалау үшiн мынадай екi әдiсi қолданылады :


  • несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелiнген пайыз әдiсi

  • дебиторлық қарыздарды өтелу мерзiмi бойынша есептеу әдiсi.


Кәсiпорындар мен ұйымдарда басқа операциялар бойынша тиiстi дебиторлық борыштар төмендегi шоттарда есептеледi: “Алынуға тиiстi қосылған құн салығы”, “Есептелген пайыздар”, “Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы” , “Өзге де дебиторлық борыштар”.

Алынуға тиiстi қосылған құн салығы” шоты ұйымның сатып алынған негiзгi құралдар, материалдары және тағы басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпаратты жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрi барлық тауарлар мен қызметтердi қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты сатып алушылар тауардың құнына қосып төлейдi. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейдi, керсiнше осы тауарларды сатушылардан түседi. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетiн қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшiн сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшiн жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретiнде анықталады.

Есептелген пайыздар” шотында ұйымның шартта қаралған жалға берiлген негiзгi құралдары, берген несиелер мен қарыздары, алған вексельдерi үшiн пайыз түрiнде алатын сомасы, сондай-ақ салынған инвестициядан алатын дивидендтерiнiң сомасы есептеледi.

Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы” деп аталатын шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға аванс ретiнде қызметтегi iс-сапарлары үшiн және басқалай шығындары үшiн берiлген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсiпорынға тигiзген зияндары үшiн ұсталатын сомалар есептелiнедi.

“Басқалай дебиторлық борыш” шотында төленуге тиiстi жал төлемдерi жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердiгерлерге, көлiк ұйымдары мен басқа да заңды тұлғаларға деген шағым талап сомалары, тауарлық-материалдық қорлардың жетiспеушiлiгi, өсiмақылары, тағы басқалар есептеледi.

“Алдағы кезең шығындары” деп есеп беретiн кезеңде шығарылған, бiрақ келесi есеп беретiн кезеңнiң шығындарына жататын шығындарды айтады. Олардың қатарына жататындар:алдын ала төленген сақтандыру полисiнiң сомасы,келесi кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат құралдарының құны ,маусыммен жұмыс iстейтiн өндiрiстердiң маусымдық шығындары және тағы да басқалар.

Дебиторлық борыштар типтiк шоттар жоспарының үшiншi бөлiмнiң шоттарында есепке алынады.
Әдебиеттер

1. 1С: Бухгалтерия 7.7. в вопросах и ответах: самоучитель, учебное пособие под ред. В.Б. Комятина. – М: Триумф, 2005 – 367 с.

2. 1С:Бухгалтерия 7.7. от А до Я: задачи, решения и результаты: учебное пособие для самостоятельного изучения программы 1С: Бухгалтерия 7.7. – Алматы: БизнесСофтТрейдинг, 2002 г. – 149 с.
Бақылау сұрақтары


  1. Қызметкерлер мен басқа тұлғалардың қарыздар.

  2. Басқада дебиторлық қарыздар. Берiлген аванстар бойынша сеп айырысу. Өзара тараптармен байланысты дебитолық қарыздар есебi.

  3. Дебиторлық қарыздар есебi бойынша құжаттаулар мен есептеулер.



1.7 тақырып: Шаруашылық субъектiлерi мiндеттемелерiнiң есебi.

Мақсаты: “1С: Бухгалтерия” бағдарламасының шаруашылық субъектiлерi мiндеттемелерiнiң есебiмен таныстыру.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басқа қа-тыстырылған (тартылған) капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады.

Несиебір занды тұлғаның екінші бір занды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім (процент) алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында несие коммер-циялық және банктік болып екіге бөлінеді.

Коммерциялық несие - бір кәсіпорынның екінші кәсіпорынға сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.

Банк несиесі - ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.

Банк несиесі есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекітетін "қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне" сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие ұйымның айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады.

Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімділік шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде беріледі.

Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Корпоративтi табыс салығы

Есепті жылда салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелген) бөлімшелер кіреді

Салық салынатын табыстардың жіне одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақсалынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады.

Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына « Заңды тұлғаның салық салынатын табысының декларациясын» ұсынуға тиіс.



Әлеуметтік салық

Әлеуметтік салықзаңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады.

Әлеуметтік салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде: әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер, тағы да басқадай төлемдер.

Қосылған құнға салынатын салық

Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысындақосылған құн өсімінің бір бөлігін аудары, сондай- ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударымболып табылады.

Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген (есептелген) қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңына бегіленеді.

«Акциздіқ салықтар»

Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

Жеке табыс салығы

Есепті жыл бойы салық саланатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары, тағы да басқа табыстары кіреді.

Кез келген кәсiпорын үзiлiссiз және ырғақты жұмыс iстеп тұруы үшiн оны уақытылы керектi материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер және әр қилы жұмыс орындаушылар жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады.

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу – не тауарлы- материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың кәсіпорынмен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырылады.

Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі әрбір фактура-шоты бойынша және әрбір жеке жабдықтаушы бойынша жүргізіледі.

Кәсiпорындағы мiндеттемелердiң есебi типтiк шоттар жоспарының «Мiндеттемелер» бөлiмiнiң шоттарында есепке алынады



Әдебиеттер

1. 1С: Бухгалтерия 7.7. в вопросах и ответах: самоучитель, учебное пособие под ред. В.Б. Комятина. – М: Триумф, 2005 – 367 с.

2. Бийкова Е.И. Компьютерные технологии в банках: практикум для студентов экономических специальностей. – Костанай: КГУ им.АБайтурсынова, 2008 г. – 133 с.

Бақылау сұрақтары


  1. Банк несиелерi есебi. Басқа кредиторлық операциялар есебi.

  2. Табыс салығы бойынша шығындар есебi.

  3. жүктеу 5,22 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау