Құрастырушы: профессор Булекбаева С. Е


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 171,5 Kb.
бет2/2
Дата14.11.2018
өлшемі171,5 Kb.
#19723
түріБағдарламасы
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Психология және педагогика кафедрасы
6М090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының

магистранттарына арналған

Әлеуметтік жұмыстағы гендерлік зерттеулер
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар




Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38









БЕКІТЕМІН

ГПФ деканы

______Ж.Т.Сарбалаев

«___»______20___ ж..



Құрастырушы: _________ профессор Булекбаева С.Е.


Психология және педагогика кафедрасы
6М090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының

магистранттарына арналған

Әлеуметтік жұмыстағы гендерлік зерттеулер

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20____ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

20 _ж. «___»_____ кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі _______ Бурдина Е.И. 20__ж. «____» ________


Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20 _ж. «___»____ №___ хаттама

ОӘК төрағасы __________ Ксембаева С.К. 20 _ж. «_____»_________





1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Булекбаева Слухия Елеуовна

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі м.ғ.к., профессор Психология және педагогика кафедрасы А корпусында, 149 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 67 36 85 - 1139


  1. Пән туралы мәліметтер

Пән бағдарламасы гендерлік тұрғының негізгі жүйесін, гендерлі зерттеулердің пәнаралық сипатын ашады, гендерлік қарым-қатынасты салыстармалы әлеуметтік-тарихи талдау жасауға магистранттарды бағыттайды. Магистранттар шетелде және Қазақстанда гендерлік зерттеулердің пайда болуы мен эволюциясының ерекшеліктерімен, әлеуметтік антропология, стратификациялық теориялар, әлеуметтік психология, әлеуметтік жұмыс теориясы, феминисттік теория, отбасы әлеуметтануы саласында гендерлік зерттемелердің негізгі түсініктері мен тақырыптарымен танысады. Оқыту барысында заманауи қоғамда гендерлік бірегейліктің қалыптасуына әсер ететін негізгі гендерлік әлеуметтенудің моделдері мен факторлар жүйесі қарастырылады.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Магистранттың өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

ОМӨЖ

4

2

150

15

15










120

30

МБ, емтихан


4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

Пәннің мақсаты – әлеуметтік жұмыстың гендерлік аспектілерін түсінуге көмектесу.

Пәннің міндеттері:

- магистранттарда қоғамда гендерлік қарым-қатынас, оның әлеуметтік дамуда және адам өмірінің түрлі іс-әрекеттерінде ролі туралы жүйелік түсінігін қалыптастыру;

- магистранттарды әлеуметтік жұмыстың тікелей байланыс үрдісінде қолданылатын гендерлік тұрғының кәсіби технологиялармен, әлеуметтік салада гендерлік бағытталған тәжірибемен таныстыру;

- магистранттарға гендерлік зерттеу жүргізу дағдылары мен біліктерін меңгеруге көмектесу;

- магистранттарда гендерлік ойлау және тәртіп мәдениетін қалыптастыруға көмектесу.

5. Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар:

- жыныс теориясының негізгі сұрақтарын, гендерология мен феминологияның базалық түсініктерін білуі керек;

- әлеуметтік жұмыс саласында гендерлік зерттемелердің негізгі бағыттары туралы түсінік болуы керек;

- гендерлік факторларды есепке ала отырып әлеуметтік жұмыста жобаларды жасау және болжау, талдау барысында алған білімдері мен дағдыларын қолдана алуы керек;



- әлеуметтік жұмыстың тікелей байланыс үрдісінде гендерлік тұрғының тәсілдерін меңгеруі керек.

6 Пререквизиттер:

«Педагогика», «Психология», «Әлеуметтік жұмыста психологиялық кеңес беру»

7 Постреквизиттер: магистерлік диссертацияны жазу

8 Тақырыптық жоспар


Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырыптар атауы

Сағат саны

Лекция

Тәжірибе

МӨЖ

1

Курстың пәні, міндеттері, құрылымы және негізгі түсініктері.

2

-

15

2

Гендер қоғамдық феномен ретінде.

2

2

15

3

Гендерлік әлеуметтенудің және гендерлік бірегейліктіің концепциясы.

2

2

15

4

Гендерлік стратификация - түрлі гендерлік теориялық позициялардан.

1

2

15

5

Адам құқығы жүйесінде гендерлік қарым-қатынас.

2

2

15

6

Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту саласында гендерлік мәселелер.

2

2

15

7

Отбасы мен некеде гендерлік қарым-қатынас.

2

2

15

8

Әлеуметтік жұмыстың гендерлік аспекттілері.

2

3

15




Барлығы:

15

15

120


9. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Бұл курста шетелде және Қазақстанда гендерлік зерттеулердің пайда болуы мен эволюциясының ерекшеліктерімен, әлеуметтік антропология, стратификациялық теориялар, әлеуметтік психология, әлеуметтік жұмыс теориясы, феминисттік теория, отбасы әлеуметтануы саласында гендерлік зерттеулердің негізгі түсініктері және тақырыптарымен танысады. Оқыту барысында заманауи қоғамда гендерлік бірегейліктің қалыптасуына әсер ететін негізгі гендерлік әлеуметтенудің моделдері мен факторлар жүйесі қарастырылады.



10 Курс компоненттері

Теориялық курстың мазмұны

Тақырып 1. Курстың пәні, міндеттері, құрылымы және негізгі түсініктері.

Гендерология мен феминология - ғылым және оқу пәні ретінде.



Тақырып 2. Гендер қоғамдық феномен ретінде.

Қоғамда кездесетін гендерлік стереотиптер.



Тақырып 3. Гендерлік әлеуметтенудің және гендерлік бірегейліктіің концепциясы.

Жыныстық ролдік әлеуметтенудің негізгі мәселелері.



Тақырып 4. Гендерлік стратификация - түрлі гендерлік теориялық позициялардан.

Бұқаралық және жеке өмір саласында ерлер мен әйел адамдар жағдайы.



Тақырып 5. Адам құқығы жүйесінде гендерлік қарым-қатынас.

Ерлер мен әйел адамдар құқығын бұзу, кемсіту, зорлау мәселесі бойынша халықаралық және қазақстандық нормативті-құқытық актілер.



Тақырып 6. Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту саласында гендерлік мәселелер.

Еңбек нарығында гендерлік тенденцияны анықтау үшін қолданылатын нормативті-құқықтық актілер мен статистикалық мәліметтер.



Тақырып 7. Отбасы мен некеде гендерлік қарым-қатынас.

Әлеуметтік өзгерістердің отбасылық қарым-қатынасқа және ролдерді бөлуге әсер ету факторлары.



Тақырып 8. Әлеуметтік жұмыстың гендерлік аспекттілері.

Әлеуметтік жұмыстың гендерологиямен байланысы.



4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны және тізімі


Тақырып 1. Курстың пәні, міндеттері, құрылымы және негізгі түсініктері.

Семинар жоспары

1. Феминология қоғамда әйел адамдардың орны мен ролі туралы ғылым.

2. Гендерология ғылыми пән ретінде.

3. Ресейде гендерді зерттеудің институциализациясы.



Негізгі түсініктерге анықтама беру: гендер, сексизм, патриархат, кемсіту, андроцентризм, стереотип, гендерлік зерттеулер.

Әдебиет:

1. Петрова Р.Г. Гендерология и феминология: уч.пос., 2009. – 272 с.

2. Коленко Л.В. Библиотечный коллектив: гендерный ракурс: научно-практич. пос., 2010 – 79 с.

3. Мужчины и женщины Казахстана: стат.сб. – Астана, 2010 – 99 с.

4. Павлодар облысының әйелдері мен ерлері: стат.жинақ, 2009ж. -48 б.
Тақырып 2. Гендер қоғамдық феномен ретінде.

Семинар жоспары

1. Қоғамда маскулиндік пен феминдіктің бейнесі мен типі.

2. Бұқаралық мәдениетте гендер репрезентациясы.

3. Пікірталас өткізу «Заманауи қоғамда ер мен әйел адам ролі»



Негізгі түсініктерге анықтама беру: маскулиндік, феминдік, гендер репрезентациясы, гендерлік қарым-қатынас, гендерлік мәселе, гендерлік ролдер.

Әдебиет:

1. Петрова Р.Г. Гендерология и феминология: уч.пос., 2009. – 272 с.

2. 2006 жылы еңбек статистикасындағы гендерлік айырмашылық. –Павлодар,2007 – 12 б.

3. Антонов А.И. Микросоциология семьи. – М.: ИНФРА – М, 2005.-368 с.


Тақырып 3. Гендерлік әлеуметтенудің және гендерлік бірегейліктіің концепциясы.

Семинар жоспары

1. Түрлі жыныстағы балалар әлеуметтенуінің тарихи, этнографиялық және әлеуметтік-мәдени аспектілері.

2. Заманауи қоғамда жыныстық персонализация мәселесі.

3. Қазақстандық отбасыларда тәрбенің гендерлік стереотиптері.



Негізгі түсініктерге анықтама беру: жыныстық персонализация, жыныстық ролдік стереотипизация, жыныстық дамудың деформациясы, гендерлік әлеуметтенудің агенттері, гендерлік әлеуметтену.

Әдебиет:

1. Петрова Р.Г. Гендерология и феминология: уч.пос., 2009. – 272 с.

2. 2006 жылы еңбек статистикасындағы гендерлік айырмашылық. –Павлодар,2007 – 12 б.

3. Антонов А.И. Микросоциология семьи. – М.: ИНФРА – М, 2005.-368 с.

4.Лисовский В.Т. Молодежь: любовь, брак, семья. – СПб.: Наука, 2003. – 368 с.
Тақырып 4. Гендерлік стратификация - түрлі гендерлік теориялық позициялардан.

Семинар жоспары

1. Ресей, Қазақстан және шет ел тарихында ер мен әйел адам жағдайын салыстырмалы-тарихи талдау.

2. Ерлер мен әйел адамдардың құқықтық және фактілік теңдік мәселесі.

Негізгі түсініктерге анықтама беру: бұқаралық және жеке өмір саласы, патриархаттық мәдениет, еңбекті гендерлік бөлу, гендерлік әдет-ғұрып, гендерлік теңдік, әйел адамдар қозғалысы, «әйел адамға қатысты сұрақ».

Әдебиет:

1. Мужчины и женщины Казахстана: стат.сб. – Астана, 2010 – 99 с.

2. Павлодар облысының әйелдері мен ерлері: стат.жинақ, 2009ж. -48 б.

3. 2006 жылы еңбек статистикасындағы гендерлік айырмашылық. –Павлодар,2007 – 12 б.


Тақырып 5. Адам құқығы жүйесінде гендерлік қарым-қатынас.

Семинар жоспары

1. Әйел адамдарға қатысты кемсітушіліктің барлық формаларын жою туралы БҰҰ конвенциясы.

2. Түрлі жыныс пен жастан құралған топтардың еңбегін регламенттеу туралы Еңбектің халықаралық ұйымы конвенциясы.

3. ЮНЕСКО – ның білім беруші және әлеуметтік-мәдени жобаларында гендерлік факторды есепке алу.

4. ҚР Конституциясында, Отбасылық, Қылмыстық, Азаматтық, Тұрмыстық Кодексте гендерлік қарым-қатынасты реттеу және Қазақстан Республикасының Заңнамасы.

Негізгі түсініктерге анықтама беру: адам құқығы, халықаралық құқық, еңбектің халықаралық ұйымы, конвенция, декларация, гендерлік қарым-қатынас, азаматтық құқық, дискриминация (кемсіту).

Әдебиет:

1. Петрова Р.Г. Гендерология и феминология: уч.пос., 2009. – 272 с.

2. Коленко Л.В. Библиотечный коллектив: гендерный ракурс: научно-практич. пос., 2010 – 79 с
Тақырып 6. Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту саласында гендерлік мәселелер.

Семинар жоспары

1. Отандық еңбек нарығында негізгі тенденцияларды анықтау.

2. Жұмыссыздықтың гендерлік аспектілері.

3. Өндірісте еңбектің ауыр, қауіпті және зиян шарттарында жұмыс істйтін әйел адамдардың еңбегін қорғауОхрана труда женщин на .



Негізгі түсініктерге анықтама беру: жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару барысында кемсітушілік, гендерлік сегрегация, жұмыссыздық, экономиканың бірінші және екінші реттік секторы, «шыңы төбе», еңбекті және денсаулықты қорғау.

Әдебиет:

1. 2006 жылы еңбек статистикасындағы гендерлік айырмашылық. –Павлодар,2007 – 12 б.

2. Антонов А.И. Микросоциология семьи. – М.: ИНФРА – М, 2005.-368 с.

3.Лисовский В.Т. Молодежь: любовь, брак, семья. – СПб.: Наука, 2003. – 368 с.


Тақырып 7. Отбасы мен некеде гендерлік қарым-қатынас.

Семинар жоспары

1. Заманауи қазақстандық отбасыларда ер мен әйел адамдардың өмірлік стратегиясы.

2. Заманауи отбасында басшылық пен тәуелділік қарам-қатынасы.

3. жұмыс істейтін ерлі-зайыптылармен кәсіби және отбасылық ролдерін үйлестіру.



Негізгі түсініктерге анықтама беру: отбасы, өмірлік стратегия, басшылық пен тәуелділік қарам-қатынасы, репродуктивтік құқық, отбасылық қарым-қатынас, моногамия.

Әдебиет:

1. Антонов А.И. Микросоциология семьи. – М.: ИНФРА – М, 2005.-368 с.

2.Лисовский В.Т. Молодежь: любовь, брак, семья. – СПб.: Наука, 2003. – 368 с.

3.Федотова Ю.В. Проблема понимания кризиса семьи // Социс. –2003. - № 11. – С. 137-140.


Тақырып 8. Әлеуметтік жұмыстың гендерлік аспектілері.

Семинар жоспары

1. Халықты әлеуметтік қорғау мазмұнында және ұйымдастыруда гендерлік аспектілерді есепке алу.

2. Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру барысында гендерлік факторды есепке алу.

3. Әлеуметтік қызметкердің клиентпен әңгімелесу барысында гендерлік аспектіні есепке алу.

4. Ерлер мен әйел адамдармен әлеуметтік жұмыс формасы мен әдістері.

Негізгі түсініктерге анықтама беру: гендерлік тұрғы, зорлық-зомбылық, әлеуметтік қызмет көрсету, дағдарыстық орталық, гендерлік бағдарланған әлеуметтік жұмыс.

Әдебиет:

1. Петрова Р.Г. Гендерология и феминология: уч.пос., 2009. – 272 с.

2. Коленко Л.В. Библиотечный коллектив: гендерный ракурс: научно-практич. пос., 2010 – 79 с.

3. Мужчины и женщины Казахстана: стат.сб. – Астана, 2010 – 99 с.


4.4 Магистранттың өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 МӨЖ түрлерінің тізімі





МӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Лекциялық сабақтарға дайындалу




Сабақта жұмыс жасау

30

2

Семинар сабақтарға дайындалу

Жұмыс дәптері, конспект

Сабақта жұмыс жасау. есеп

30

3

Аудиторлық сабақ құрамына енбеген материалды зерттеу

Конспект, тақырып бойынша глоссарий

Есеп

30

4

Бақылау шараларына дайындалу




АБ 1, 2 (тестілеу)

30

Барлығы:

120


4.4.2 Магистранттардың өздігінен игеруіне бөлінген тақырыптар мен тапсырмалар тізімі

1. Соңғы жылдары «Социологические исследования» журналында жарыққа шыққан мақалалар материалы бойынша гендерлік зерттеулерге контент-талдау жасау. Өткізілетін зерттеулер тақырыбы, таңдалған әдістер, негізгі гипотеза мен қорытынды туралы қорытынды жасаңыз.

2. Клиенттермен жұмыста гендерлік факторды есепке ала, гендерлік зерттеулер материалын іс-әрекетте қолдана отырып нақты әлеуметтік қызмет тжірибесін зерттеңіз. Әлеуметтік қызмет жұмысына арнайы гендерлік бағдарламаны ендіру бойынша әлеуметтік жоба ұсыныңыз.

3. Ерлер мен әйел адамдарға арналған арнайы басылымдарлы талдаңыз, тақырыптарды, материалды ұсыну формасын, оларда ерлер мен әйел адамдар бейнесін бейнелеуін салыстырыңыз.

4. «Гендерные стереотипы в рекламе» теледидар жарнамалық роликтеріне контент-талдау жасаңыз.

5. Гендерлік теория, ерлер мен әйел адамдар ұйымдары туралы, материалдарды қамтитын Интернеттің веб-сайттарымен танысыңыз, интернетте гендерлік зерттемелер нәтижесін іздеңіз.

6. Жастар ортасында әлеуметтік зерттемелер негізінде түрлі жыныстағы жас ресейліктердің қоғамдық пікірлеріндегі (ұстанымдары, ерекше ықыласы) ерекшелікті анықтаңыз және түсіндіріңіз.

7. Еңбектік қарым-қатынасты реттеуші негізгі құжаттарға талдау жасаңыз. Талдау негізінде сұраққа жауап беріңіз: Жұмысқа қабылдау барысында және жұмыс орнында ерлер мен әйел адамдар арасында қандай да бір ерекшелік бар ма? Егер иә болса, онда қандай? Жалпы жұмысшыларға арналған жұмыспен байланысты қандай жеңілдіктер бар? Мысалы жыл сайынғы демалыс күндері, аурууымен байланысты демалыс күндері, мүгедектік немесе кәрілікке байланысты жеңілдіктер секілді жеңілдіктерді ерлер мен әйел адамдар тең ала ма? Отбасылық міндеттерді бірдей деңгейде орындайтын жұмыс істейтін ерлер мен әйел адамдарға демалыс алу мүмкін бе? Түрлі жыныстағы адамдардың қтысуын шектетін жұмыстың ерекше түрі бар ма? Бұндай өзгерстер азаматтар мүмкіндігіне қалай әсер етеді?

8. Халық денсаулығы жайлы статистикалық материалды, медициналық-әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпаратты талдаңыз. Талдау негізінде қорытынды жасап, келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Елімізде ерлер мен әйел адамдар өлімі мен ауруларының негізгі себептері қандай? Халықпен медициналық-әлеуметтік жұмыста гендерлік аспект қалай есептеледі?

9. «Заманауи қоғамда ерлер мен әйел адамдар ролі» тақырыбына эссе жазыңыз. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Түрлі жыныс өкілдерінің әлеуметтік және биологиялық арналуы қандай? Маскулиндік және фемининдік тәртіптің стереотиптері бар ма, олар қалай байқалады, жеке адам тағдырына қандай деңгейде ықпал етуі мүмкін? Заманауи балалар мен ересектердің гендерлік әлеуметтену спецификасы неден құралады?

10. С.Бемнің жыныстық ролдік сауалнамасы көмегімен психологиялық өзіндік диагностиканы өткізіңіз. өз тұлғаңыздың типін анықтаңыз (маскулиндік, фемининдік, андрогиндік) және тұлғаның маскулиндік пен фемининдік мінездемесінің байқалу деңгейін анықтаңыз.
11 Курс саясаты

Тапсырмалардың дәл және дер кезінде орындалуы бойынша барынша көп бал ұсынылады:

- лекцияларға қатысу , материал конспектілеуі -2 балл ( қатысу 1 балл , конспекті барысы 1 балл );

- практикалық жұмыста қатысу және топта белсенді жұмыс -2 балл

( қатысу 1 балл, белсенді жұмыс тапсырма дұрыс орындалуы 1 балл );

- орындау және үй тапсырмасын қорғау -6 балл.

30 сұрақ алдын ала ескерілген : сұраққа жауап дұрыс -1 балл .

Дұрыс жауаптардың саны қосындыланады .

100 балл - қойылған сұрақтарға жүйелі және жеткілікті жауап береді ;

85-75 балл – материалды нақты біледі, және жетекші сұрақтарсыз жауап береді , проблемалармен әдебиеттерден танысады ;

74-50 балл - тек ең басты материалды біледі, проблемамен әдебиетте шатасады , берілген сұрақтарға жеткіліксіз жауап береді ;

49-0 балл - берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды, проблема бойынша әдебиеттермен таныс емес.


12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Петрова Р.Г. Гендерология и феминология: уч.пос., 2009. – 272 с.

2. Коленко Л.В. Библиотечный коллектив: гендерный ракурс: научно-практич. пос., 2010 – 79 с.

3. Мужчины и женщины Казахстана: стат.сб. – Астана, 2010 – 99 с.

4. Павлодар облысының әйелдері мен ерлері: стат.жинақ, 2009ж. -48 б.

Қосымша:

5. 2006 жылы еңбек статистикасындағы гендерлік айырмашылық. –Павлодар,2007 – 12 б.

6. Антонов А.И. Микросоциология семьи. – М.: ИНФРА – М, 2005.-368 с.

7.Лисовский В.Т. Молодежь: любовь, брак, семья. – СПб.: Наука, 2003. – 368 с.



8.Федотова Ю.В. Проблема понимания кризиса семьи // Социс. –2003. - № 11. – С. 137-140.
жүктеу 171,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау