8 Етістік. Етістіктің лексика-
грамматикалық
және
грамматикалық категориялар.
Салт
және
сабақты
категориясы.
3
1
7
9 Етістіктің
болымды-
болымсыздық категориясы.
Есімше. Көсемше. Тұйық
етістік.
3
1
7
1
0
Рай категориясы.
2
1
7
1
1
Шақ категориясы.
2
1
7
1
2
Үстеу. Еліктеу сөздер.
2
2
7
1
3
Шылау. Одағай
2
1
6
Барлығы:
30
15
90
3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Кіріспе. Грамматика және оның салалары. Негізі
грамматикалық ұғымдар
Сөздердің граматикалық қасиеттері. Грамматиканың
зерттеу объектісі тілдің граматикалық құрылысы екені
туралы. Тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік
қоры тілдің негізі екені. Тілдің сөздік қоры, оның өзіндік
белгілері сөздік құрамнан айырмасы, тілдің негізіне жататын
себептері, негізгі сөздік қоры жоқ ешбір тілдің болмайтыны.
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі,
грамматикалық құрылыстың ерекшеліктері грамматикалық
құрылыссыз ешбір тіл болмайтыны. Грамматика сөздің
сөйлемдегі өмірін, сөйлемде қолданылу заңдылығын
зерттейтін ілім болғандықтан, ол алдымен сөздің сөйлемде
қандай тұлғада қалай қолданылатын және олардың сөйлемді
қалай құрастыратын, яғни сөйлемнің қырын-сырын
зерттейтіні. Осымен байланысты грамматиканың морфология
және синтаксис деген екі саласы болатыны туралы.
Морфология сөз, оның сөйлемде қолданылғанда, ойдың
байланысына қарай бір-бірімен түрлі тұлғада байланысқа
түсетіні. Сөздердің бір-бірімен байланысы үшін сөз
тұлғаларын құбылтатын, тілдің қалыптасқан амал-тәсілдерін
грамматиканың морфолгия саласы зерттейді. Сөз
тұлғаларының түрленуінің сөз таптарына байланыстылығы.
Синтаксис сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдылығын, сөз
тіркестерінен сөйлемнің құралу заңдылықтарын зертейтін
ғылым екендігі. Морфология мен синтаксис саласының бір-
бірімен байланыстылығы. Морфология сөздердің түрлену
жүйесін, заңдылғын зерттегенімен, сөздердің түрленген
тұлғалары жеке қолданылмай, сөйлем ішінде қолданылып,
олардың атқартын өзіндік қызметі болатынын, ол қызметтің
синтаксиске қатынасынан морфология мен синтаксистің
байланыс шығатыны. Сөз тұлғаларының өзгерту, түрлену
заңдылғы морфолгияға қатысты болғанмен, әр сөз
тұлғасының қызметі синтаксиссіз мүмкін емес екені.
Керісінше, сөз тұлғалары түрленіп, бір-бірімен байланыспай,
сөйлем жасалмайтыны. Бұлардың морфология мен
синтаксистің тығыз байланысын білдіретіні.
Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы бар және сөйлемде
түрлі тұлғада қолданылуына байланысты сөзге қосылатын
түрлі мағыналар бар екені. Сөздің жеке тұрғандағы
мағынасы сөйлемге тәуелді болғанымен, оның орны сөздікте
ғана деуге болмайтын, сөздің сөздікте көрсетілетін
лексикалық мағынасы сөйлемде де сақталатыны. Сөйлем
мағынасының сөздердің лексикалық мағынасының негізінде
берілетіні.
Сөздер сөйлемде қолданылғанда, грамматикалық
құрылыстың қармағына түсіп, оның заңдылығына сай
түрленіп, оның мағыналарын білдіретіндігі. Оның сөйлемге
қатысы. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма
(тұлға) туралы түсініктер. Грамматикалық мағына мен
грамматикалық форманың байланысы. Грамматикалық
мағынаның өзіндік белгілері, ерекшеліктері. Грамматикалық
форманың
белгілері, ерекшеліктері. Грамматиканың
мағынаның түрлі тілдердегі әмбебаптық қасиеттері.
Грамматикалық категория, анықтамасы, белгілері,
грамматикалық категорияның шарттары. Әр категорияның
мағыналық құрамы, көрсеткіштері, жасалу әдістері
болатыны.
Грамматикалық категорияның мағынасы гармматикалық
мағынанағ жататыны, ол мағынаны білдіретін тұлғаларыдң
грамматикалық формаға жататыны. Грамматикалық
категориялардың сөз таптарына байланыстылығы.
Грамматикалық категориялардың қолданылу аясының бір сөз
табының құрамында қалып қоймай, кеңею мүмкіндіктері. Сөз
таптарының бәрінің де грамматикалық категориялары бола
бермейтіні. Грамматикалық категориялардың туыстас
тілдермен туыстас емес тілдермен де әмбебаптық қасиеті.
2-тақырып. Сөз таптары. Зат есім. Көмекші есімдер.
Тілдегі сөздің мағына жағынан, атқартын қызмет
жағынан түрлігі. Ғылымда сөз атауының үш үлкен топқа
бөлуі: 1) атауыш сөздер; 2) көмекші сөздер; 3) одағай сөздер.
Атауыш сөздердің негізгі белгілері (мағынасы, түрлену
мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі, дербестігі). Көмекші
сөздердің грамматикалық дамудың нәтижесінде қазіргі
қалыпқа жеткен, лексикалық мағынасынан айырылғаны,
грамматикалық мағынаға көшкені, соның арқасында дербес
сөзге тіркесіп, оған үстеме мағына қосатын нұсқа қызметінде
қолданлуы, дербес сөздер сияқты сөйлемде өзінше қызмет
атқармауы. Көмекші сөздердің өзара ерекшелігі соған
байланысты бірнеше түрге бөлінуі, көмекші сөздердің
түрлері. Одағай сөздердің адамның көңіл-күйін, түрлі сезімін
білдіретіндігі. Одағай сөздердің ақиқат өмірдегі зат,
құбылыс, оның түрлі белгілерін, қимыл-әрекет білдірмейтіні,
сондықтан да оның сөйлемедгі ойды білдіретін сөздердің
қатарында қолданылмай, сөйлемнен оқшау қолданылатыны.
Бұл үлкен үш сөздер тобының іштей ерекшелікке
толықтылығы және әрқайсысының лексика-грамматикалық
сипатының да сан алуандығы. Тілдегі сөздердің лексика-
грамматикалық ерекшеліктеріне қарай ғылымда олардың сөз
таптарына бөлінетіндігі. Сөздерді сөз таптарына бөлу
олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін білдіретін белгілері
негізінде жасалатыны. Қазақ тілінде А.Ысқақов анықтаған
сөздерді
топтастыру
принциптері:
лексикалық
(семантикалық),
грамматикалық(морфологиялық,
синтаксистік) деп үш белгі ретінде аталатыны. Бұл үш
принциптің ішкі мазмұны.
Сөз таптарының бәрі бірдей бұл үш белгіге сай келе
бермейтіні. Олардың ішінде грамматикалық категориялары
жоқ, түрленбейтін сөз тапары болатыны. Одағай
түрленбейді, сөйлемде синатксистік қызмет атқармайды,
үстеу мен еліктеу сөздер түрленбейді, бірақ сөйлем мүшесі
қызметін атқарады. Қазақ тілінде негізгі сөз таптары: Зат
есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер,
шылау, одағай.
Зат есімнің өте ірі, негізгі сөз таптарына жататын, ол
тілдегі сөздердің қомақты тобын қамтумен бірге,
грамматикалық құрылысы жағынан да, синтаксистік қызметі
жағынан да өте күрделі сөз табы екені. Зат есім өмірдегі
адамды қоршаған заттардың, заттық ұғымдардың, түрлі
Достарыңызбен бөлісу: |