Есептің қойылымын жетілдіру:
Енді жағдай өзгерді. Әртүрлі зерттеулер мынадай нәтиже берді,
қолданылып жүрген жүйе несиені қайтару динамикасын бақылай алмайды.
Бұл кемшілікті жою үшін несиені қайтарудың дәл күнін енгізуді ұйғардық.
Сонымен қатар несиенің біртіндеп қайтарылуын және несиені уақытында
қайтармағандарға айыппұл төлейтінін ескеруіңіз керек.
Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және
бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу.
11. Телекомпанияның эфирде қойылған жарнамалар құнының
есебі
Пәндік аймақтың сипаттамасы:
Сіз телекомпанияның қаржы бөлімінің басшысысыз. Сіздің міндетіңіз
телекомпанияның телеэфирде қойылатын жарнамаларға қатысты есебін
бақылау болып табылады.
Жұмыс келесі түрде ұйымдастырылған: тапсырыс берушілер өз
жарнамаларын белгілі бір бағдарлама кезінде және белгілі бір күнде
қойылуын сұрайды. Әр жарнаманың белгілі бір уақыт алатыны белгілі. Әр
тапсырыс беру мекемесіне банктік реквизиттер, телефондар және байланыс
орнату тұлғалары белгілі.
Бағдарламалардың белгілі бір рейтингісі бар.
Барлық бағдарламаның арасында қойылатын жарнамалардың бағасы
анықталған.
Кестелер:
Бағдарламалар (Бағдарлама коды, Атауы, Рейтинг, Минутқа
шаққандағы құны).
Жарнама (Жарнама коды, Бағдарлама коды, Тапсырыс беруші коды,
Күні, Қанша минут).
Тапсырыс берушілер (Тапсырыс беруші коды, Атауы, Банктік
реквизиттер, Телефон, Байланыс орнату тұлғасы).
Есептің қойылымын жетілдіру:
Мәліметтер қорын қолдану барысында жарнама беру келісім-
шарттарына отырған агенттер туралы ақпараттар болу керек екендігі
анықталды. Агенттердің еңбек ақысы жалпы қойылған жарнамалардың
белгілі бір пайызын құрайды.
Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және
бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу.
СӨЖ №2
Төмендегі тақырыптардың ішінен біреуін таңдап алып,
реферат
дайындау және қорғау керек:
1.
Мәліметтер қоры. Негізгі түсініктер.
2.
Иерархиялық және желілік модельдер.
3.
Реляциялық модель. Анықтама.
4.
Реляциялық алгебра және реляциялық есептеулер.
5.
Нормальдау.
6.
Бағдарламалық қамтамасыз ету.
7.
SQL тілі. SELECT операторы.
8.
Құрамлдас сұраныс.
9.
Access-те мәліметтер қорының негізгі элементтері.
10.
Конструктор режимінде мәліметтер қорын құру. Мәліметтер
схемасын сипаттау.
11.
Таңдауға сұраныс құру.
12.
Жазбаны жаңартуға сұраныс құру.
13.
Жазбаларды өшіруге, қосуға сұраныс құру.
14.
Кесте құруға сұраныс құру.
15.
Параметрлік сұраныс құру.
16.
Жазбаларды топтауға сұраныс құру. Қиылысатын сұраныс құру.
17.
Форма мастерін құру.
18.
Форма конструкторын құру.
19.
Кнопкалы форма құру.
20.
Басылым құру.
21.
Кіру мұмкіндігі бар беттерді құру.
22.
SQL режимінде сұраныс құру.
23.
SQL-сұраныс көмегімен форма және басылым құру.
24.
Delphi-де мәліметтер қорының кестесін құру.
25.
Delphi-де мәліметтер қорының индекстерімен жұмыс істеу.
26.
Delphi-де мәліметтер қорының жазбаларын фильтрациялау.
27.
Delphi ортасындағы мәліметтер қорында
мәліметтерді іздеуді
ұйымдастыру.
11 Білім алушылардың оқытушымен өздік жұмысына кеңес беру
кестесі
Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семестрдегі білім
алушылардың оқытушымен өздік жұмысының кестесіне сәйкес жүргізіледі.
12 Білім алушылардың білімдерін тексерудің кестесі
Барлық дәрістер, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарға
қатысып, тапсырмаларды уақытында орындау 0-100 баллмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
СӨЖ түрі
Бақылау түрі
Сағаттың
көлемі
1
Дәрістерді талқылау. Қосымша
материалдарды оқу.
Ауызша сұрау,
межелік
бақылау
15
2
Зертханалық
жұмыстарға
дайындалу, есептерді рәсімдеу.
Бақылау сұрақтар,
есеп
15
3
Тәжірибелік жұмыстарға
дайындалу, есептерді рәсімдеу.
Бақылау сұрақтар,
есеп
30
4
Үй тапсырмаларын орындау
Жазбаша есеп
15
5
Бақылау жұмыстарға дайындалу
және
қатысу
межелік бақылау,
емтихан
15
Барлығы
90