Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет40/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64

5 тапсырма
1. Мәліметтер базасы  терезесіне кіріп,  Сұраныстар  парақшасындағы
Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
2. Сұраныс құруға кесте таңдау.
3. Осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын
көрсету және олардың біреуі арқылы мәліметтерді сұрыптау.
4. Кез   келген   бір   сандық   өріс   үшін  Beetwen  операторын   қолдана
отырып,  Таңдау   шарты  (Условие   отбора)  қатарына   кестеден  жазбаларды
таңдау   критериін   енгізіп,   сұранысты   өзгерту  (75,   76-суреттерді   қ.).
Өрнектерді құру кезінде Құрастырушыны (Построитель) пайдалану.
5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу (77 суретті қ.).
6. Beetwen  операторын   қолдану  арқылы  жазбаларды   кестеден   таңдау
шартын өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.
6 тапсырма
1. Мәліметтер базасы  терезесіне кіріп,  Сұраныстар  парақшасындағы
Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
2. Сұраныс құратын кесте таңдап, керекті өрістердің барлығын көрсету.
3. Кез   келген   бір   сандық   өріске  ІN  операторын   қолданып,  Таңдау
шарты (Условие отбора)  қатарына кестеден  жазбаларды таңдау критериін
енгізу, мысалы, IN (50, 100, 150). Өрнектерді құру кезінде Құрастырушыны
(Построитель) қолдану.
4. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
5. IN  операторының   көмегімен  жазбаларды   кестеден   таңдау   шартын
өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау. 
6. Бірнеше кестелерді байланыстырып, тағы да осындай сұраныс жасау.
7 тапсырма 
1. Мәліметтер базасы  терезесіне кіріп,  Сұраныстар  парақшасындағы
Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
2. Сұраныс   құруға   кесте   таңдау   және   керекті   өрістердің   барлығын
белгілеу.
3. 78,79-суреттерде көрсетілгендей түрде есептелінетін өріс құру.
4. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу (80 суретті қ.).
5. Есептеліетін өрісті өзгерте отырып және бірнеше өзара байланысқан
кестелерді пайдаланып, осындай әрекеттердің бірнешеуін орындау
8 тапсырма
1. Мәліметтер базасы  терезесіне кіріп,  Сұраныстар  парақшасындағы
Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.
2. Сұраныс құратын кесте таңдап, керекті өрістердің барлығын көрсету.
3. 81,82-суретте   көрсетілгендей   кестеден   жазбаларды   таңдау
критерийлерін жұмыс барысында тұтынушының өзі сұхбаттасу терезесінде
енгізетіндей етіп, сұраныс құру.
4. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу (83 сурет қ.).


5. Критерий   енгізілетін   өрісті   өзгерте   отырып,   осындай   әрекеттерді
бірнеше рет қайталап шығу
6. Өзара   байланысқан   бірнеше   кестелерді   пайдалана   отырып,
жазбаларды   таңдау   критерийлерін   тікелей   енгізу   әрекеттерін   қайталап
орындап шығу
9 тапсырма
1. Мәліметтер   базасы   терезесіне   кіріп,  Сұраныстар   (Запросы)
парақшасындағы  Жасау (Создать)  батырмасын  шертіп,  Айқасқан сұраныс
(Перекрестный запрос) режимін таңдау.
2. Кез   келген   бір   екі   өрісінде   қайталанып   келетін   мәндері   бар
кестелерді таңдау (мысалы, МаркасыТүсі өрістері).
3. 97,   100-суреттерде   көрсетілгендей   түрде   сұхбаттасу   барысында
сұраныс жасау.
4. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу (96 сурет қ.).
5. Егер   сұхбаттасудың   4-қадамында  (94  сурет   қ.)   «Әрбір   қатарға
қорытынды мән есептеу керек пе? Иә»  жалаушасы белгіленген болса,  онда
сұраныстан алынған мәліметтерде  «Қорытынды мән»  графасы болады.  Осы
жалаушаны   іске   қосып   немесе   алып   тастай   отырып,   айқасқан   сұраныстар
жасау процесін бірнеше рет қайталау қажет. Сонымен қатар есептеу түрін де
өзгерту қажет, мысалы,  жалпы қосынды емес,  орташа мәнді, максимумды,
минимумды, т.б. есептеу керек. 
6. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
7. Есептеудің   бірнеше   түрлерін   қолданып,   осы   әрекеттерді   басқа
кестелер үшін де орындау керек.
10 тапсырма
1. Мәліметтер   базасы   терезесіне   кіріп,  Сұраныстар  (Запросы)
парақшасындағы  Жасау  (Создать)   батырмасын  шертіп,  Қайталанатын
жазбалар (Повторяющиеся записи) режимін таңдау.
2. Қайталанатын жазбалары бар кестелерді таңдау.
3. 97, 100-суреттерде   көрсетілгендей  түрде   сұхбаттасу   барысында
сұраныс жасау.
4. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу (101 сурет қ.).
5. Сұхбаттасудың   үшінші   қадамында   енгізілетін   қосымша   өрістерді
өзгерту (99 сурет қ.).
6. Осындай әрекеттерді басқа кестелермен де орындап шығу.
11 тапсырма
1. Мәліметтер   базасы   терезесіне   кіріп,  Сұраныстар   (Запросы)
парақшасындағы  Жасау (Создать)  батырмасын шертіп,  Бағынышты емес
жазбалар (Записи без подчинения) режиміне кіру.
2. Осы   сұранысты   құру   кезінде   қандай   кестелермен   жұмыс   істеу
керектігін,   оның   қайсысы   негізгі,   қайсысы   бағынышты   екендігін   анықтау
керек.
3. 102,   104-суреттерде   көрсетілгендей   түрде   сұхбаттасу   барысында
сұраныс жасау.


4. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу (105 сурет қ.).
5. Әр түрлі кестелер үшін бірнеше рет сұраныстар жасау.
6. Алынған нәтижелердің дұрыстығын тексеріп, керек болған жағдайда
кестелердегі мәліметтерді түзету қажет.
12 тапсырма
1. Мәліметтер   базасы   терезесіндегі
 Сұраныстар   (Запросы)
парақшасына кіру.
2. Сұраныс   (Запрос)  менюін   және   саймандар   тақтасының
батырмаларын қолдана отырып, кез келген бір кестеге сұраныс құру.
3. Сұраныс (Запрос) менюінің барлық мүмкіндіктерін зерттеп шығу.
4. Сұраныстарды құру кезінде қолданылатын саймандар тақтасындағы
батырмалардың мүмкіндіктерімен танысып шығу.
5. Сұраныстарды сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.
Бақылау сұрақтары
1) Сұраныстар қандай мақсаттарда қолданылады?
2) Сұраныстар құру үшін Access қандай мүмкіндіктер береді?
3) Қарапайым сұраныс қалай жасалады?
4) Қарапайым нәтижелік сұраныс не үшін қажет?
5) Қарапайым   нәтижелік   сұраныстарда   қандай   есептеулер   жүргізуге
болады?
6) Сұаныстар   құру   үшін  Конструктор  режимі   қандай   мүмкіндіктер
береді?
7) Конструктор  режимінде сұраныс жасау кезінде сұранысқа керекті
өрістерді қалай енізуге болады?
8) Сұраныстағы таңдау шартын беру үшін Access қандай мүмкіндіктер
береді?
9) Сұраныстағы мәліметтерді сұрыпауға бола ма?
10) Сандық өрістер үшін таңдау шарттарын қандай операторлар арқылы
беруге болады?
11) Өрнек құрастырушысы не үшін қолданылады?
12) Өрнектер   құру   кезінде   логикалық   операторларды   қолдануға   бола
ма?
13) Сұраныста есептелінетін өрісті қалай жасауға болады?
14) Жазбаларды кестелерден таңдап алу критерийлері арқылы сұраныс-
ты өңдеу кезінде тікелей енгізуге болатын сұраныс қалай жасалады?
15) Сұранысты қалай сақтау керек?
16) Сұраныс қалай орындалады?
17) Сұраныс (Запрос) менюінің қызметі қандай?
18) Айқасқан сұраныс (Перекрестный запрос) қалай жасалады?
19) Сұранысты қалай жоюға болады?
20) Сұраныс құрудың Қайталанатын жазбалар (Повторяющиеся запи-
си) режимі қандай қызмет атқарады?
21) Сұраныс  құрудың  Бағынышты   емес   жазбалар  (Записи   без
подчинения) режимінің қызметі қандай?


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау