Аталып кеткен ќортындыға байланысты мектеп құжаттарын жүргiзу, оқытудың тәрбиелiк сипатының болуы, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстардың сапасы, барлық оқушылардың үйлесiмдi ақыл-ой және жекелiк дамуын қамтамасыз ететiн оқыту процесiнiң даралануы (мектеп психологiнiң қатысуымен жүргiзiледi) тексерiледi.
Оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдыларын тексерудiң негiзгi әдiстерi. Оқыту процесiнiң құрамды бөлiгiнiң бiрi болып келген оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдыларын тексерудiң мақсаты оқушылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерiмiн есепке алу. Мұғалiмге оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруi аз. Оқушылардың бiлiмдерiндегi кемшіліктерді анықтап, мұғалiм оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсiлдерiн үйретедi. Бiлiм сапасына ерекше мән берiледi, ол мына қасиеттермен сипатталады: бiлiмнiң толықтығы мен ғылымилығы – белгiлi бiр оқу пәнiнiң мектеп бағдарламасына сәйкес өзегi болатын негiзгi мағлұматтар, түсiнiктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар; бiлiмдердi меңгеру саналылығы – оқушының ғылыми заңдар негiзiнде фактiлердi, құбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсiндiре алуы, бiлiмдердi ұқсас жағдайларда қолдана алу және бiлiмдер мен іс-әрекет әдiс-тәсiлдерiн жаңа жағдайларға көшiре алуы; бiлiмдер жүйелiлiгi – жаңа түсiнiктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген бiлiмдермен тығыз байланысы; берiктiк – жинақталған бiлiм саны мен іс-әрекет әдiс-тәсiлдерiнiң оқушы есiнде сақталуы.
Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестiк, еңбекқорлық, ынталылық, берiлген тапсырманы дер кезiнде орындау мен оның сапасына деген жауапкершiлiк сияқты оқушы жеке тұлғасының басты қасиеттерiнiң қалыптасуы оқушылардың бiлiмiн тексеру мен бағалау қалай жүргiзiлгенiне байланысты. Осылайша, тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен қатар, тәрбиелiлiк пен дамытушылық қызметтерi де тән.
Оқушылар бiлiмiнiң, бiлiк және дағдалырының сапасын бақылау келесi элементтерден тұрады:
- бiлiмдi қабылдау, мәнiн түсiну және есте сақтау деңгейiнде тексеру, яғни оқушының сабақта мұғалiмнен және өздiгiнен оқулықты оқығанынан алған бiлiм санын еске түсiре алуын тексеру (бұл көбiнесе теориялық метариалды тексеруге қатысты);
- бiлiмдердi ұқсас жағдайда қолдану деңгейiнде, яғни үлгi бойынша тексеру;
- бiлiмдердi ойлаудың кейбiр дәстүрлі емес элементтерiн көрсетудi талап ететiн жаңа жағдайда қолдану деңгейiнде тексеру.
Оқушылардың бiлiмiнiң, бiлiк және дағдаларының сапасын бақылау келесi мақсат пен мiндеттер арқылы анықталады:
Оқушылардың белгiлi бiр пән бойынша бiлiмдерiнiң шынайы жай-күйi және бұл бiлiмдердiң лайықты мемлекет бағдарламаларының талаптарына сай болуы.
1.Тәжiрибелiк бiлiк пен дағдаларды ұқсас және жаңа жағдайлар деңгейiнде игеру дәрежесi.
2.Бүкiл сыныптың немесе жеке бiр оқушы бiлiмiнiң нашар болуының себебi.
Процесс ретiнде бiлiм, бiлiк және дағдыларды бағалау жеке оқушыны бақылау (тексеру) барысында жүзеге асырылады. Бағалаудың шартты көрiнiсi баға, ол көбiнесе балл түрiнде болады. Отандық дидактикада бағаның 4 балдық жүйесi қалыптасқан: “5” – толық меңгерген (өте жақсы); “4” – жеткiлiктi меңгерген (жақсы); “3” – жеткiлiксiз меңгерген (қанағаттанарлық); “2” – мүлдем меңгермеген (өте нашар).
Бiлiм сапасының сандық көрсеткiшi мына формула бойынша анықталады: k=Z/n, Z – “4” және “5” бағалары бар оқушылар саны, n – оқушылардың жалпы саны.
Үлгерiм бағасын оқыту сапасы мен оқушылардың танымдық белсендiлiгiнен бөліп ќарауға болмайды. Оқушылардың оқып жатқан материалды меңгеру дәрежесiне объективтi және әдiл баға берудiң маңызы зор болғанымен, қойылатын бағаны оқушыларды оқу іс-әрекетiне мәжбүр ету амалына айналдыруға болмайды.
Бақылау әдiстерi – оқытудың жетiстiгi, оқу процесiнiң тиiмдiлiгi туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесiнде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететiн мұғалiм мен оқушылардың бiрiздi, өзара байланысты диагностикалық қызметтерiнiң жүйесi. Бақылау әдiстерi оқыту процесi туралы жүйелi, толық, нақты және жылдам ақпарат алуды қамтамасыз етулерi керек. Бақылаудың мынандай әдiстерi бар: ауызша бақылау әдiстерi, жазбаша бақылау әдiстерi, тәжiрибелiк бақылау әдiстерi, дидактикалық тестер, бақылап-зерттеу. Кейбiр зерттеушiлер нәтижелердi зерттеудiң басқа да әдiстерiн ұсынады.
Ауызша бақылау әдiстерi – бұл сұқбат, оқушы әңгiмесi, түсiндiрме, текстi оқу, технологиялық карталар, сызбалар, тәжiрибе туралы хабарлар. Ауызша бақылаудың негiзiн оқушының монологиялық жауабы (қортынды бақылауда бұл толығырақ, жүйелi баяндама) немесе мұғалiм сұрақ қойып, оқушыдан жауап алатын сұрақ-жауап формасы – сұқбатты құрайды. Ауызша бақылау әр сабақ сайын жеке-дара, жаппай немесе құрастырылған формада жүргiзiледi. Оқушылардан жеке-дара сұрақ-жауап алу мұғалiмге меңгеру деңгейi туралы толығырақ және нақтырақ мәлiмет алуға мүмкiндiк бередi, бiрақ, екiншi жағынан, ол басқа оқушыларды сабақта әрекетсiз қалдырады. Жаппай сұрақ-жауап алу барлық оқушыларды бiрден қамтыса да олардың бiлiмдi меңгергенi туралы үстiртiн мағлұмат бередi. Оқытудың белгiлi бiр уақыт аралығындағы бiлiмдi тексерудiң ең тиiмдi де толық түрi сынақ (зачет) пен эмтихан болып табылады.
Жазбаша бақылау әдiсi (бақылау жұмысы, мазмұндама, шығарма, диктант, реферат) бiлiмдi меңгерудiң терең әрi жан-жақты тексеруiн қамтамасыз етедi, өйткенi ол оқушының бiлiмi мен бiлiгiнiң тұтас жиынтығын талап етедi. Жазбаша жұмыста оқушы теориялық бiлiмiн де, оларды нақты бiр мiндеттер мен мәселелердi шешуде қолдана алуын да көрсетуi керек. Сонымен қатар, бұл әдiс арқылы оқушының жазба тiлiн игеру дәрежесi, мәтiндi мәселеге сай, қисынды етiп сөйлем құрап, баяндай алуы, шығармаға, экспериментке, мәселеге баға бере алуы көрiнедi.
Тәжiрибелiк бақылау әдiстерi көбiнесе кәсiптiк мектептерде (техникалық, медициналық, педагогикалық бiлiм беретiн) қолданылады, өйткенi бұл әдiс негiзiнде оқушылар лабораториялық сынақтар жүргiзедi, бұйымдар жасайды, аппарат монтаждайды.
Дидактикалық тестер оқыту нәтижелерiн тексерудiң ең жаңа әдiсi (амалы) болып табылады. Дидактикалық тест дегенiмiз – белгiлi бiр материал бойынша оқушылардың оны меңгеру дәрежесiн анықтайтын стандартты тапсырмалар жиынтығы. Тестердiң артықшылығы оның шынайылығында, яғни бiлiмдi тексеру мен бағалаудың мұғалiмге байланысты еместiгiнде. Тестердiң төрт түрi бар:
Оқушының есте сақтау мен еске түсiру керек деректердi, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәлiметтердi бiлетiнiн тексеру, яғни бұл жағдайда репродуктивтi жауаптар талап етiледi.
Алынған бiлiмдер негiзiнде ойлау қызметiн орындай алуын тексеру, бұл, негiзiнде, типтiк мiндеттердi шеше алу.
Өткен тақырыптарға өзiндiк сын баға бере алуы.
Бiлiмдердi алынған мәлiметтер негiзiнде жаңа нақты жағдайларда қолдана білуі.
Бақылау мен тексеру оқушының артта қалуының себептерiн ашуға мүмкiндiк бередi. Оқушының артта қалу себептерiнiң үш тобын ажыратуға болады:
Әлеуметтiк-экономикалық – жанұя әл-ауқатының нашар болуы, жанұядағы жалпы бейберекет ахуал, араққұмарлық, ата-ананың педагогикалық сауатсыздығы. Қоғамның жалпы жай-күйi де балаларға әсер етедi, бiрақ ең бастысы – жанұя өмiрiндегi кемшiлiктер.
Биопсихикалық сипаттағы себептер – мұрагерлiк ерекшелiктер, қабiлеттiлiк, мiнез-құлық белгiлерi. Алғы шарттардың ата-ана арқылы берiлетiнiн, ал қабiлеттiлiк, әуестiк, мiнез-құлықтың осы алғышарттар негiзiнде өмiр жолында дамитынын ескеру керек. Денi сау болып туған балалардың бәрiнiң әлеуметтiк, жанұялық ортаға және тәрбиеге байланысты даму мүмкiндiктерi бiрдей екенi дәлелденген.
Педагогикалық себептер. Педагогикалық салақтық көбiнесе қателiктердiң, мектеп жұмысының төмен деңгейiнiң нәтижесi болып табылады. Оқыту, мұғалiм жұмысы – оқушы дамуындағы шешушi фактор. Педагогтың өрескел қателiгi оқушының оқыту процесiнде алынған және кейде тiптi арнайы психотерапиялық көмек керек ететiн психикалық дамуына әсер етеді.
Алайда бұл оқудағы сәтсiздiктiң жалғыз себептерi емес, оның басқа да себептерi бар, мысалы, оқытудың қатал да бiрбеткей жүйесi, оқытудың әдiстерi мен формаларындағы бiркелкiлiк пен стереотиптiлiк, эмоциялардың бағаланбауы, оқытудың мақсатын айқындай алмау және нәтижелердi бақылаудың тиiмдi жолының болмауы, оқушылардың дамуын ескермеу, үстiртiн сабақ жүргізу. Осылайша мұғалiмнiң дидактикалық, психологиялық, әдістемелік жағынан жете бiлмеушiлiгi оқудағы сәтсiздiктерге әкеледi.
Үлгермеушiлiктiң дидактикалық себептерiн жоюдың да амал-тәсiлдері бар:
а) Педагогикалық алдын алу – орынды педагогикалық жүйелер iздеу, соның iшiнде, оқытудың белсендi әдiстерi мен формаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, компьютеризацияны, т.б. қолдану.
ә) Педагогикалық диагностика, оқыту нәтижелерiн жүйелi бақылау мен бағалау, қиыншылықтарды дер кезiнде айқындау ретiнде.
б) Педагогикалық терапия – оқудағы артта қалушылықты жоюдың шаралары.
в) Тәрбиелiк ықпал ету – жеке-дара жоспарлы тәрбиелiк жұмыс.
Артта қалушылық – дидактикалық, әдістемелік, психологиялық, медициналық және әлеуметтiк-педагогикалық аспектiсi бар күрделi мәселе екенiн айта кеткен жөн. Сондықтан оны шешу де күрделi болу керек.
Көптеген педагогтар оқушыны оқушы бiлiмiн бағалау процесiне қатысты белсендi орынға қоятын әдiстердi қолданады. Бiлiм, бiлiк және дағдыны бағалаудың, бақылаудың стандарттан тыс формалары қолданылады: өзiн өзi бағалау, бiрiн бiрi бағалау. Өзiн өзi бағалауда оқушы өз еңбегiн өз бетiнше тексерiп, бағалайды, бiрiн бiрi бағалауда – сыныптастар бiр бiрiнiң жұмыстарын тексерiп, баға қояды.
Тексеру әдiстерiн таңдау тексерушiнiң өз алдына қойған мақсаттары және мiндеттерiмен анықталады. Оқу жұмысы жүйесiнде қажеттi жүйелiлiк пен оқушылардың үлгерiмi сапасын терең бақылауды қамтамасыз ету үшiн бiлiмдердi тексеру мен бағалаудың жоғарыда келтiрiлген әдiстерiнiң барлығы да қолданылуы керек.
Тәрбие жұмысының нәтижесiн бағалау. Тәрбиелiк жүйені кәсiби ұйымдастырудың құрамында, мiндеттi түрде, педагогикалық талдау компонентi болуы керек, бұл талдау негiзiнде педагогтар тәрбие барысының дұрыстығын, оның белгiлi дәрежеде жемiстi екенiн бiле алады, ұйымдастыру шараларын жетiлдiрiп, немесе оған уақытқа, балалар жасына, оқиғалар мен жағдайларға бйаланысты түзетулер енгiзе алады. Педагогикалық талдау – бұл тәрбиенiң мәндiк элементтерiн бағалай отырып қарастыру.
Тәрбиелiк процестi бақылау, ең алдымен, оқу процесiнiң барысында жүзеге асырылады, өйткенi негiзгi тәрбие жұмысы сабақ үстiнде жүргiзiледi. Тәрбиелiк процестi бақылауда сынып жетекшiсiнiң сабақтан тыс жұмысын, балалардың қоғамдық ұйымдарының, клубтардың, үйiрмелердiң, секциялардың іс-әрекетiн, сондай-ақ, осы жұмыстың жалпы нәтижелерiн зерттеу ерекше орын алады.
Тәрбиелiк процестi бағалау үшiн көптеген бағалау сипаттамалары бар бала тәрбиелiлiгiнiң негiзгi ұғымдары енгiзiледi. Оқушы тәрбиелiлiгi – оның жекелiк дамуының педагогтар қойған мақсатқа сәйкес келу дәрежесi. Тәрбиелiк процестiң нәтижелiлiгiн анықтау – оқушылардың тәрбиелiлiк деңгейiн айқындау деген сөз.
Тәрбие жұмысын бағалаудың шынайылығына тәрбиелiлiк өлшемдер анықтау арқылы жетуге болады. Бұл өлшемдер екi үлкен топқа бөлуге болады, оның бiрiншiсi жалпы жеке тұлғалық сипаттаманы айқындаумен байланысты болса, екiншiсi жекелеген белгiлер мен қасиеттердiң қалыптасуымен, тәрбиелiк ықпал етудiң белгiлi бiр әдiстерiн қолданумен байланысты аралық, жиi-жиi нәтижелердi тексеруге қатысты.
Аралық немесе қортынды кезеңдегi тәрбиелiк процестiң қортындысы мен нәтижесiн талдау үшiн қолданылатын бiрiншi топтың өлшемдері негiзiнде жеке тұлғаға деген жалпы талаптар болуы мүмкiн. Бұл талаптарды қоғам дамуы процесiнде өзгерiп отыратын әлеуметтiк тапсырыс анықтайды.
Екiншi топ өлшемдерiн келесi топтарға бөлуге болады:
а) Тәрбие нәтижелерiнiң сыртқы түрпішінде – пайымдауларда, бағаларда, әрекеттерде көрiнiс табуымен байланысты өлшемдер.
ә) Тәрбиешiнiң көзiнен таса құбылыстармен, яғни сөзiнде, қылықтарында, iс-әрекеттерiндегi сыртқы көрiнiстерiмен сәйкес келмейтiн адамның себеп-салдарларымен, iшкi ұстанымымен байланысты өлшемдер .
Кәсiби педагогикалық іс-әрекет жемiсi, немесе оның нәтижесi балалардың тәрбиелiлiгi болып табылады. Балалардың тәрбиелiлiгiнiң деңгейi қаншалықты жоғары болса, педагогтiң кәсiбилiгiнiң бағасы соғұрлым жоғары болады. Алайда мәселенiң мұндай қойылуы әдiлетсiз көрiнуi мүмкiн, өйткенi педагог алдына келген балалардың өзiнiң мектепке дейiнгi өмiрiнiң нәтижесi ретiндегi тәрбиелiлiгiнiң деңгейi әртүрлi болады: бiр топта – ақылды, мейiрiмдi, тәрбиеге бой ұсынатын балалар; ал басқа топта – дамымаған, агрессивтi, күтiм көрмеген балалар. Бастапқы тәрбие арќауы сәтсіз болғандықтан, нәтижесi де әртүрлi болады.
Мұндай қарама-қайшылықтан шығудың жолы – тәрбиелiк процестi бағалау өлшемдерiнiң үшiншi тобын енгiзу – балалардың өзгеру мөлшерлерi, “қандай болды” және “қалай өзгердi”, даму мен рухани баю динамикасы. Балаларды бiр бiрiмен емес, тек оларды өткендегiсi мен осы шақтағы тәрбиесімен салыстырса ғана кәсiби әдiлеттiлiк сақталады.
Тәрбие нәтижелерiн бағалау мәселесiнде оларды өлшеу амал-тәсiлдерiн iздестiру ерекше орын алады. Осылайша, жеке тұлғаның тәрбиелiлiгiн бағалау негiзi ретiнде жеке тұлғаның белгiлi бiр түрпішініңде көрiнген қандай да бiр сипаттамалық немесе өзектi қасиеттер тобын алу керек. Бұл қасиеттердiң даму деңгейiн, белгiлi мағынада, баланың тәрбиелiлiгiнiң көрсеткiшi деп есептеуге болады.
Тәрбиелiк жұмыс нәтижелерiн бағалаудың негiзгi әдiстерi ретiнде бақылап қарауды, әңгiме-сұқбатты, оқушылардың әртүрлi құбылыстарға қатынасы бойынша тақырыптарға шығармаларын, тестiнi есептеуге болады.
Тәрбиелiлiктiң кейбiр көрсеткiштерiн арнайы диагностикалық әдiстер арқылы бiлуге болады. Осындай амал-тәсiлдер аз емес: сауалнама, анкета, шығарма, тест. Педагогикалық диагностикалық әдiстер баланың құндылық қатынастарын (оның бар екенiн және мөлшерiн) анықтайды, өйткенi олардың барлығы баланы “ерiктi таңдау” орнына қояды және бұл таңдау арқылы оның жақсылық не жамандықты, ақиқат не өтiрiктi, әсемдiк пен ұсқынсыздықты ажырата алады.
Әңгiме-сұқбат арқылы тәрбиелiлiктiң кейбiр көрсеткiштерiн келтіруге болады. Әңгiме-сұқбат жеке-жеке әрбiр оқушымен, сондай-ақ топппен де жүргiзiледi. Әңгiме-сұқбатта жанама, тура, ашық және жабық сұрақтарды қолданылуы мүмкiн. Тура сұрақтар керек құбылыстарды айқындауға тiкелей бағытталады. Жанама сұрақтар керек құбылыстардың жанама түрде айқындайтын фактiлердi анықтауға бағытталады. Ашық сұрақтар ерiктi жауапты керек етедi. Жабық сұрақтарда жауаптардың бiрнеше варианттары болуы мүмкiн, олардың арасынан ең лайықты дегенiн таңдап алу керек.
Әңгiме-сұқбат өткiзу үшiн ең алдымен сұрақтардың тiзiмiн жасап алу керек, ол сұрақтар жүйелiлiкте орналасуы керек, сондай-ақ олар зерттеушiнiң алдына қойған мақсаттары мен мiндеттерiне сай болуы ќажет.
Тәрбиелiлiктiң кейбiр көрсеткiштерiн бақылап қарауға болады. Олар баланың сыртқы көрiнiсi, мимикалық және пластикалық бейнесi, тiлi мен жеке қылықтарынан қалыптасқан мiнез-құлқы, сайлаушылық іс-әрекетi, әлеуметтiк құбылыстарға жауап беруi, оның қоршаған ортамен ара қатынасы, сондай-ақ, оның заттық тұрғыдан сапалылығы.
Бақылау, объективтi және кiрiстiрiлген болуы мүмкiн. Кiрiстiрiлген бақылау – бақылаушының өзi сырттай да, iштей де бақылап зерттейтiн процестерiнiң қатысушысы болып келетiн зерттеу әдiсi. Субъективтi бақылау – сырттай бақылау зерттеу, онда бақылаушының бақылау зерттеген жағдайына қатысы болмайды.
Бақылау, объектiсi үшін табиғи жағдайларда да, сондай-ақ, бақылаушының қолдан жасаған жағдайларында да жүргiзiлуi мүмкiн. Егер бақыланатын объектi өзiнiң бақыланып жатқанын бiлмесе, онда бұл жасырын бақылау деп аталады. Егер бақылау объектiсi оны бiлетiн болса, онда бұл ашық бақылау деп аталады.
Бақылау үздiксiз және дискреттi болуы мүмкiн. Үздiксiз бақылау кезiнде зерттеушi әрдайым объектiнiң қасында болып, оның мiнез-құлқын зерттейдi. Дискреттi бақылауда зерттеушi объектiнiң мiнез-құлқын белгiлi бiр уақыт аралығында ғана, яғни әр түрлі уаќытта зерттейдi.
Бақылау өткiзудiң белгiлi бiр тәртiбi бар:
Бақылаудың мақсатын, мiндеттерiн және объектiсiн анықтау.
Бақыланатын құбылыстың негiзгi параметрлерiн анықтау (бақыланатын құбылыстың көрiну дәрежесiн қандай параметрлерi арқылы анықтауға болады).
Бақылаудың кестесін жасау. Ол бақылау объектiсiнiң саны мен бақылауға бөлiнген уақыт мөлшерiне қарай өзгерiп тұрады. Егер бiр оқушының мiнез-құлқын бiрнеше сабақ бойы бақылау керек болса, онда оның кестесі былай болады:
Бақылаудың өлшемдерi
|
1 сабақ
|
2 сабақ
|
3 сабақ
|
1 көрсеткiш
|
|
|
|
2 көрсеткiш
|
|
|
|
3 көрсеткiш
|
|
|
|
Ал егер бiрнеше оқушыны бiр сабақ iшiнде бақылап зерттеу керек болса, онда кесте өзгередi:
Бақылаудың өлшемдерi
|
1 оқушы
|
2 оқушы
|
3 оқушы
|
1 көрсеткiш
|
|
|
|
2 көрсеткiш
|
|
|
|
3 көрсеткiш
|
|
|
|
Бақылау нәтижесiне талдау жасау (нәтижелер бақылау кестесінде белгiленедi).
Тәрбиелiлiктi бағалау мәселесi әлi де жете тексерiлмеген және одан әрi зерттеудi керек етедi. Алайда, терең зерттелген педагогикалық диагностикамен жүргізілмеген тәрбиенi жоғары кәсiби түрде ұйымдастыру өте қиын екенi белгiлi.
Оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн бағалаудағы сабақтың орны. Сабақты талдау оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн бағалауда өте жиi қолданылады. Сабақта оқушылардың да, мұғалiмнiң де іс-әрекетiн бақылауға болады, ол материалды меңгеруде пайда болатын қиыншылықтардың себебiн бiлуге, сондай-ақ оқытудың тәрбиелiлiк сипатын тексеруге мүмкiндiк бередi. Тұтастай оқыту процесiнiң жетiстiгi, негiзiнен, сабақтың сапасына байланысты. Сабақта, орталық нүкте сияқты, педагогтiң барлық іс-әрекетi, оның ғылыми дайындығы, педагогикалық дағдылары, оқушылардың ойлау жұмысын ұйымдастыру қабiлеттiлiгi шоғырланады.
Сабақтың шынайы құндылығы – оның нәтижесi: оқушылардың материалды меңгеруiнiң дәрежесi. Мұғалiм сабақта сырттай тиiмдi тәсiлдердiң қандайын қолданса да, оқушылар тақырыпты меңгермесе, сабақты дұрыс өттi деп айтуға болмайды. Сабақта оқушы тек түсiнiп қана қоймай, бiлiмнiң белгiлi бiр мөлшерiн меңгерiп, қажеттi дағдылар мен бiлiктердi дамытуы керек.
Сабақтың талдауы белгiлi бiр сызба арқылы жүргiзiледi және ол бақылап-зерттеудiң мiндеттерiне қарай өзгерiп отырады. Жалпы түрiнде бұл сызба келесi позицияларды айқындаудан тұрады:
1. Мұғалiм белгiлеген сабақтың мақсаты мен мiндеттерi; оларды орындау үшiн сабақтың қандай түрi таңдалды.
2. Сабақтың мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес жұмыстың тәсiлдерi мен әдiстерi қаншалықты терең ойластырып, таңдалып алынды.
3. Оқу процесiне деген қазiргi заман талаптары дұрыс жүзеге асып жатыр ма, сабақта оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту бiртұтастығы орындала ма.
Сабақ ұйымдастырылуы жағынан қаншалықты дұрыс ойластырылып, жүзеге асырылған (өз уақытында басталуы, жүзеге асырылу уақыты мен материалдың көлемi жағынан, сабақтағы жұмыс минутының тығыздығы жағынан сабақтың әрбiр құрамдық бөлiгiнiң ойластырылуы.); оқытуда даралық әдiс қолданылған ба, үлгерiмi нашар оқушылармен жұмыс жүргiзiлдi ме.
Оқушылардың сабақтағы белсендiлiгi қандай, олардың жаңа бiлiм алуға деген ынта-ықыласы бар ма.
Сабақтың тәрбиелiк, дамытушылық және оқыту мақсаттары жүзеге асырылды ма.
Сабақты түпкiлiктi, тұрақты критерилер негiзiнде абстрактiлi талдауға болмайды. Ең алдымен, әрбiр сабақта жұмыстың барлық тәсiлдерi мен әдiстерiн iздеу қажет. Сабаққа талдау жасағанда келесi нақты жағдайларды ескеру керек:
Тақырыптың ерекшелiктерi. Кейбiр сабақтарда көрнекiлiк және техникалық құралдарды қолданудың, оқушыларды тақтаға шығарудың, кiтаппен жұмыстың қажетi болмауы мүмкiн.
Мектеп мүмкiндiктерi, бөлмелердiң, техникалық және көрнекi құралдардың, кiтапханадағы қажеттi кiтаптардың, мектеп маңындағы алаңдардың болу-болмауы. Сабақты талдағанда мұғалiмнiң материалды терең оқып-бiлу үшiн барлық қажеттi заттарды қолданданғанына көңiл бөлу керек, алайда, сонымен қатар, наќты орындалатын талаптар қою керек.
Сынып құрамы, оқушылардың дамуы мен қабiлеттiлiгiнiң деңгейi. Сабақ туралы пiкiр оқушылардың жауабы, бақылау жұмыстары, сыныптың дайындығы негiзiнде құралатыны белгiлi.
Мұғалiмнiң даралығы, оның жұмыс стажы, дайындық деңгейi, мiнез-құлқының ерекшелiктерi, денсаулық жағдайы, жұмыстың бұрыңғы нәтижелерi.
Сабақтың талдауын сыртқы сараптамалық бағалаудың түрi ретiнде қарастыруға болады. Сыртқы сараптамалық бағалау – бағалайтын құбылысын жақсы бiлетiн және оған дұрыс, объективтi баға бере алатын адамдар – сарапшылар пiкiрiне сүйенетiн зерттеу әдiсi. Сондықтан сабақ талдауын мектеп басшылығының өкiлдерi немесе тәжiрибелi әрiптес-ұстаздар жүргiзедi. Сабақтың нәтижесін техникасының сызбасы талдау баспадан бiрнеше рет жарық көрді. Ең орынды және дұрысы келесi сызба: педагог, өз пiкiрiнше, неге жете алды, неге жете алмады деген сияқты өз сабағы туралы әңгiмелейдi; содан кейiн барып сарапшы (жетекшi) сабақтың дұрыс деген жақтарын ашады; осыдан кейiн ғана дұрыс емес жақтарына талдау жасау керек; ең соңында сәтсiздiктердi қалай жеңу керектiгi туралы ұсыныстар жасалады; талдау соңында педагогке өз пiкiрiн бiлдiру үшiн сөз берiледi, шығармашылық ғылыми айтыс, әңгiме жүргiзiледi.
Тәрбиелiк жұмыстың нәтижелерiн есепке алу оқушылардың танымдық қабiлеттерiнiң дамуын, сондай-ақ жеке тұлғасының даму деңгейiн бағаламай толық бола алмайды. Бұл бағалауды психологиялық бақылау мен диагностика барысында мектеп психологi жүргiзедi. Психологиялық бақылау мен диагностика – психологтiң педагогикалық ықпал-әсер нәтижелiлiгiн анықтау мақсатында жүргiзетiн тексеру шараларының жиынтығы. Тексеру шаралары, негiзiнен, жай ғана бақылаудан, сабақтың психологиялық талдауынан, тесттерден тұрады. Психологиялық диагностикада белгiлi бiр психологиялық мiндеттердi орындау үшiн арнайы таңдалып алынған бiрнеше әдiстерді қолданады.
Психологиялық диагностиканың ең көп тараған түрi тест. Психодиагностикада тестер арқылы белгiлi бiр зерттелетiн психикалық сипаттардың даму дәрежесiнiң салыстырмалы сандық және сапалық көрсеткiштерiн алуға болады. Мұндай тест дәлдiк, берiктiк, объективтiлiк талаптарына сай болу керек. Тестiң берiктiгi дегенiмiз оның сол нәтижелердi бiрнеше рет, ұқсас жағдайларда көрсетуi. Дәлдiк дегенiмiз тестiң тест жасаушысы өлшегiсi келетiн дәл сол психологиялық құбылыстарды тауып, өлшеуi. Айтылғандардан белгiлi болғандай, бұндай тестердi жасау мен қолдану арнайы бiлiм мен уақытты қажет етедi. Сондықтан психологиялық диагностиканы тек қана психолог-маман жүргiзуi керек. Алынған мәлiметтер негiзiнде психолог мұғалiмге оқу-тәрбие процесiн психологиялық қамтамасыз ететiн кепілдеме дайындайды.
Осылайша, оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн тексеру тұтас болу керек, ол жүйеде өткiзiлуi керек. Оны жүзеге асырумен мамандардың барлығы: ұстаздар, оқу мекемесi басшылығының педагогтары, психологтар, әдіскерлер айналысуы керек. Мектептерде педагогикалық іс-әрекет нәтижелерiн есепке алу мен бағалау мектеп iшiндегi бақылауға енгiзiлген.
Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
1.Мектеп iшiлік бақылау дегенiмiз не?
2.Бiлiм, бiлiк және дағдының сапасы дегенiмiз не?
3.Оқыту мен тәрбие нәтижелерiн бағалаудың негiзгi әдiстерiн атаңыз.
4.Психологиялық бақылау мен диагностика не үшiн қажет?
5.Оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн есепке алу мен бағалаудың қажеттiлiгiн не анықтайды?
6.Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерiн есепке алу мен бағалау неге тұтас жүйенi құрауы керек?
7.Бақылаудың қандай түрлерiн бiлесiз?
8.Бақылауды жүргiзудiң бiрiздiлiгi қандай?
9.Әңгiме-сұқбатқа арналған сұрақтардың негiзгi түрлерiн атаңыз.
10.Әңгiме-сұқбат өткiзер алдында сұрақтар тiзiмiн жасап алу не үшiн қажет?
Модуль 4 .Мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару.
Тақырып 14. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушылық әдістемелік басқару.
Мақсаты:мектептің тұтас педагогикалық процессіндегі басқару жұмысының теориялық білімдерімен және әдістемелік негіздерімен танысу.
Мiндеттерi:
а) “мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнiн ашу;
ә) басқару қызметтерiн сипаттау;
б) мұғалiмнiң мамандыќ дєрежесін көтеру туралы түсiнiк беру.
Достарыңызбен бөлісу: |