Расчет Солнечной Энергии



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата14.02.2018
өлшемі0,59 Mb.
#9554
1   2   3   4   5   6   7   8

21 

 

(шыңдық  ватт,  яғни  жарық  күндегі  максимал  40-260  Вт  қуат)  кремнийлік 



фотоэлектрлік  модульдер.  Мұндай  күндік  модульдің  өлшемі  0,4-2,5  м



Кеңшілік  типті  өлшемі  бір  қатар  күн  модульдер  сатылымда  жүр.  Күн 

панельдері  (PV  panels)  үлкен  қуат  алу  үшін  (мысалы,  2  модуль  50  Wp  бірге 

қуаты  100  Wp  модульмен  эквивалентті  жалғанады)  күн  батареясы  арқылы 

өзара жалғанады.  

Сатылымда  жүрген  модульдердің  ПӘК-і  5-20  %  аралығында  болады. 

Бұл деген сөз күн элементіне түсетін энергияның 5-20 % электр энергиясына 

түрленеді.  Барлық  әлемдегі  зерттеу  лабораториялары  күн  элементтері  үшін 

жоғары ПӘК-ті (45%-ға дейін) жаңа материалдар өндіруде. 

 

1.8 Күн панелі неден тұрады  

 

 

 



1.7 Сурет – Күн панелінің құрамы 

 

Кристалды кремнийден жасалған модульдер көпқабатты «пирог» болып 



табылады.  Жалпы  жағдайда  олар  оң  жақтағы  көрсетілген  суреттегідей 

бірнеше  қабаттан  тұрады.  Жыл  бойы  ашық  ауада  жұмыс  жасайтын  күн 

элементтерінің  толық  герметиктігін  қамтамасыз  ету  үшін  герметикалық 

материал қажет.  Күн  модулінің  ішіне ауа  немесе ылғал  түскен  жағдайда күн 

элементтерінің қышқылдануы және түйіспелерінің бұзылуы жүреді, ал бұл өз 

кезегінде модулді істен шығарады. Герметикалық пленка ретінде әдетте EVA 

(этиленвинилацетатты)  пленка  қолданылады.  Өкінішке  орай  бұл  уақыт  өте 

өзінің мөлдірлігін жоғалтатындықтан фотоэлектрлік модульдердің «ескіруіне» 

алып  келетін  фактордың  бірі  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  әлемде  осы 

EVA  пленкасын  ауыстыру  жұмысы  үшін  басқада  материалдар  зерттелуде, 

бірақ  коммерциялық  дайындалатын  модулінде  негізінен  осы  материал 

қолданылады. 



 

 

 


22 

 

1.9  Күн  батареясының  электрлік  сипаттамалары:  вольт-амперлік 



сипаттама  

 

 



1.8 Сурет - Күн модулін сипаттайтын  вольт-амперлік сипаттаманың 

маңызды нүктелері 

 

Өзінің вольт-амперлік сипаттамасына орналастырылған күн модулі ток 



пен  кернеудің  кез  келген  комбинациясында  жұмыс  жасайды.  Алайда 

шындығында модуль берілген уақытта бір нүктеде жұмыс жасайды. Бұл нүкте 

модульмен 

емес, 


берілген 

модуль 


қосылған 

тізбектің 

электрлік 

сипаттамаларымен таңдалады.  

Ток күші 0-ге тең болатын кернеу бос жүріс кернеуі (U

ос

) деп аталады. 



Екінші жағынан кернеуі 0-ге тең ток қысқа тұйықталу тогы деп аталады. ВАС-

ң  осы  шеткері  нүктелерінде  модульдің  қуаты  0-ге  тең  болады.  Тәжірибе 

жүзінде жүйе жеткілікті қуат өндірілетін ток пен кернеудің комбинициясында 

жұмыс  жасайды.  Нүктелердің  ең  жақсы  үйлесуі  максимал  қуатты  нүкте  деп 

аталады (ТММ немесе МРР). Сәйкестендірілген кернеу және ток Up (номинал 

кернеу)  және  Ip(номинал  ток)  деп  белгіленеді.  Дәл  осы  нүкте  үшін  күн 

модулінің номинал қуаты және ПӘК-і анықталады.  

Күн  модулін  аккумуляторлы  батареясына  тікелей  жалғағанда  модуль 

дәл  сол  уақытта  аккумуляторлы  батарея  жұмыс  жасайтын  кернеуге  тең 

кернеумен  жұмыс  істейді.  АБ  зарядының  өлшемі  бойынша  кернеу  өседі, 

сондықтан  модуль  10-14,5В  аралығындағы  кернеуімен  жұмыс  істеуі  мүмкін 

(осында  және  әрі  қарай  модуль  үшін  нминалды  12В  кернеуге  тең  кернеу 

қолданылады. Номианлды кернеуі 24В модульдер үшін кернеу шамасын екіге 

көбейткен  жөн).  Сәйкесінше  оның  жұмыстық  нүктесі  оптималдыдан 

жеткілікті алыс болады. [4]. 

 

1.10 Фотоэлектрлік жүйелер  



 

Фотоэлектрлік  модульдер  сенімді  көз  болуы  үшін  жүйеге  қосымша 

элементтер  қажет:  құрылымына  сәйкес  келетін  және  жүйе  типіне  тәуелді 

кабельдер  (торапқа  жалғанған  автономды  немесе  резервті),  тағы  да 




23 

 

электронды  инвертор  және  аккумуляторлы  батареясы бар  заряд  контроллері. 



Мұндай  жүйе  толығымен  күндік  фотоэлектрлік  жүйе  немесе  күн  станциясы 

деп атайды.  

Күндік фотоэлектрлік жүйелердің үш негізгі типі бар:  

 

1.  Автономды  жүйелер,  әдетте  жеке  үйлерді  электрмен 



қамтамасыз етуде қолданылады  

 

2. Тораппен жалғанған жүйелер  



 

3. Қордағы(резервті) жүйелер  

Автономды фотоэлектрлік жүйелер  

Автономды фотоэлектрлік жүйелер орталық  электрмен  қамтамасыз  ету 

тораптары жоқ жерлерде қолданылады. Тәуліктің қараңғы уақытында немесе 

жарқыраған  күні  жоқ  периодтарда  аккумуляторлы  батарея  қажет.  АФЖ 

жекелеген  үйлерді  электрмен  қамтамасыз  ету  үшін  жиі  қолданылады. 

Кішкентай  жүйелер  базалық  жүктемені  қоректендіреді  (жарықтандыру  және 

кейді  телевизор  немесе  радио).  Үлкен  қуатты  жүйелер  судың  сорғысын, 

радиостанция,  тоңазытқыш,  электр  құралдары  т.б.  қоректенжіреді.  Жүйе  күн 

панелінен,  контроллерден,  аккумуляторлы  батарея,  электрлік  жүктемелер 

және құрылымның кабельдері.  

 

 

1. Күндік панель 



2. Контроллер 

3. АБ 


4. Жүктеме

 

 



1.9 Сурет - Автономды фотоэлектрлік жүйенің конфигурациясы 

 

Тораппен жалғанған күндік  фотоэлектрлік жүйелері 



Орталықтандырылған  электрмен  қамтамасыз  етілуі  бола  тұра  электр 

энергиясын таза көзден алу тілегіңіз болса күн панельдері тораппен қосылуы 

тиіс. Фотоэлектрлік модульдердің мөлшері жеткілікті түрде қосылғанда үйдегі 

жүктеменің  анықталған  бөлігі  күннің  электр  энергиясынан  қоректене  алады. 

Тораппен  жалғанатын  фотоэлектрлік  жүйелер  әдете  бір  немесе  бірнеше 

модульдерден  тұрады,  инвертор,  электрлік  жүктемені  және  құрылымды 

қосатын кабельдер. 

Торапқа қосылған фотоэлектрлік жүйенің конфигурациясы 




жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау