Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет3/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65

 

Дегенменен,  болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы  жеке  пәндерді  оқыту 
әдістемесі  бір  жүйеге  түспей,  жекелеген  ұсыныстар  деңгейінде  қалыптасып 
отыр.  Осы  пәндердің  бірі  -  Оптика.  Оптика  (гр  optіke  –  кӛзбен  қабылдау 
жӛніндегі  ғылым,  optas  –  кӛрінетін)  –  физиканың  сәуле  (жарық)  шығару 
табиғатын,  жарықтың  таралуын  және  оның  затпен  әсерлесу  құбылыстарын 
зерттейтін бӛлімі. Ерте заманнан пайда болған оптика, ӛзінің үздіксіз ұзақ даму 
нәтижесінде  қоғамда  ӛте  кең  ауқымда  қолданыс  тапты.  Оптикада  оқитын 
құбылыстар аумағы уақыт ӛте келе кеңейе түсті және нақты оптиканың дамуы 
кӛптеген  фундаментальдық  зерттеулердің,  негізгі  физикалық  кӛзқарастардың 
дамуына, әсіресе, физиканың жаңа бағыттағы жаңалықтарының ашылуына әсер 
етті.  Жоғары  оқу  орындарында  «Оптика»  пәнін  оқыту  және  «Оптика» 
заңдылықтарын  практикада  қолдану  техникалық  білім  беруде,  білім 
алушылардың  диалектикалық  –  материалдық  кӛзқарастарын  қалыптастыруда, 
білім  алушылардың  әдістемелік  білімі,  олардың  логикалық  және  креативтілік 
дамуында ӛте үлкен рол атқарады.  
Соңғы жылдарда жалпы физика курсының оптика бӛлімін оқытуда білімді 
ақпараттандыру  мәселелерін  орыс  ғалымдары  зерттей  бастады.  Атап  айтсақ, 
Х.Ш.Нгуен  орта  мектептерде  оптиканы  ақпараттық  технологиялар  кӛмегімен 
оқыту  әдістемесін  [25],  А.В.  Ермаков  ЖОО-да  толқындық  оптика  бойынша 
виртуальдық  лабораториялық  жұмыстардың  санын  ұлғайтумен  [26], 
В.Г.Петросян  оптика  бӛліміне  байланысты 
есептерді  компьютерлік 
бағдарламалар кӛмегімен шығару әдістемесін [27] зерттеді.  
«Оптика»  пәні  бойынша  аталған  зерттеулерде  ақпараттық  технологиялар  
студенттердің 
білім 
деңгейлерін 
арттыру, 
танымдық 
іс-әрекеттерін 
қалыптастыру, білімді жеңіл меңгерту құралы ретінде пайдаланылған. Алайда, 
жоғары  оқу  орындарында  «оптика»  пәнін  оқытуда  болашақ  физика 
мұғалімдерін қоғамның жаңа ӛзгерген жағдайында жұмыс жасай алуға даярлау 
мәселесінің  жеткілікті  зерттелмегендігі,  «оптика»  пәнін  оқытуда  білімді 
ақпараттандырудың  маңыздылығы  алға  тартылғанымен,  болашақ  физика 
мұғалімдерінің  оқу  нәтижесінде  ерекше  идеяларды  таба  алу  мүмкіндіктеріне, 
дамыған қиялдары мен зияткерлік пайымдауы, ерекше мәтіндер құрай алуы мен 
жаңалық ойлап шығару қабілеттеріне, ерекше нәрселерді іздеп, жаңа идеяларға 
сынақ  жүргізе  алу  мүмкіндіктерін  қалыптастыру,  яғни  болашақ  физика 
мұғалімінің 
креативтілігін 
қалыптастыру 
мәселелері 
жете 
қарастырылмағандығы анықталды.   Ал, 
болашақ 
физика 
мұғалімдерінің 
бойында  креативтілік  кӛрсеткіштерінің  болуы  қазіргі  таңда  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  қойылатын  талаптарды  орындауда 
кездесетін  қиыншылықтардың  шешімін  табуға  кӛмектеседі.  Міне  осыларды 
негізге  ала  отырып  білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика 
мұғалімдерін  оқытуды олардың  креативтілігін қалыптастыру  негізінде дамыту 
қазіргі заманның кӛкейкесті мәселелерінің біріне айналып отыр.    
Физика  саласында  жеке  пәндер  бойынша  болашақ  мұғалімдердің 
креативтілігін  қалыптастыру  мәселелері  аз  зерттелсе  де,  басқа  салаларда 
болашақ мамандардың креативтілігін қалыптастыру негізінде әр-түрлі әдістерді 


 

қолдану арқылы оқыту әдістемесін дамыту бағытында шетелдік және отандық 
ғалымдардың  еңбектерін  Д.Леонард,  В.Свеип  [28],  К.Робинсон[29],  К.Ли[30], 
А.С.Макаров[31],  Л.И.Еремина[32],  А.Г.Анацкая[33],    Қ.М.Нағымжанова[34], 
Б.А.Оспанова[35], C.Бердібаева[36], Б.К. Сақтағанов [37] атауға болады.  
Жoғapыдa  aтaлғaн  eңбeктepдi  тeopиялық  тұpғыдaн  тaлдaу,  oлapдың 
жoғapы  бiлiм  бepу  жaғдaйындa  бoлaшaқ  физика  мұғалімдерін  оқытуда 
aқпapaттық-кoммуникaтивтiк 
тexнoлoгиялapды 
қoлдaну 
мәceлeлepiнiң 
зepттeлінгeнiмен, бiз қapacтыpып oтыpғaн білімді ақпараттандыру жағдайында 
«Оптика»  пәнін  оқытуды  болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілігін 
қaлыптacтыpу негізінде жүзеге асыру мәceлeciнiң ғылыми тұpғыдa әлi дe бoлca, 
шeшiмiн  тaппaй  oтыpғaндығын  алға  тартады.  Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілін  қалыптастыру 
мақсатында  пайдаланудың  қажеттілігі  және  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
креативтілігін 
қалыптастырудағы 
инновациялық 
технологиялардың, 
әдістемелік  және  компьютерлік  бағдарламалық  құралдардың  қажеттілігі  мен   
болашақ  физика  мұғалімдеріне  ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы 
олардың  креативтілігін  қалыптастыру  негізінде  оқыту  жүйесі  бойынша 
зерттеулердің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтар туындап отыр.    
Осы  қарама-қайшылықтардың  шешімін  іздестіру  диссертациялық 
зерттеу тақырыбын «Білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика 
мҧғалімдеріне  «Оптика»  пәнін  оқыту  әдістемесін  дамыту»    деп 
таңдауымызға негіз болды.  
Зерттеудің  мақсаты:  Жоғары  оқу  орнында  білімді  ақпараттандыру 
жағдайында «Оптика» пәнін оқытудың әдістемелік жүйесін жасау. 
Зерттеу  нысаны:  Болашақ  физика  мұғалімдеріне  «Оптика»  пәнін  оқыту 
үдерісі.   
Зерттеу  пәні:  Болашақ  физика  мұғалімдеріне  білімді  ақпараттандыру 
арқылы олардың креативтілігін қалыптастыру негізінде «Оптика» пәнін оқыту 
әдістемесі.    
Зерттеудің  ғылыми  болжамы:    Егер,  болашақ  физика  мұғалімдеріне 
«Оптика»  пәнін  оқытудың  әдістемесін  дамытуда  ақпараттық  технологияларды 
қолданудың теориялық негізі анықталынып, оқытудың кез келген формасында 
ақпараттық  технологиялар  арқылы  оқытудың  әдістемесін  дамытып,  «оптика» 
пәнін  оқыту  үдерісінде  креативтілікті  қалыптастыруға  бағытталған  әдіс-
тәсілдерді 
зерттеп, 
оқу-әдістемелік 
құралдар 
мен 
компьютерлік 
бағдарламаларды  жасап  оларды  қолдансақ,  онда  болашақ  физика 
мұғалімдерінің  жеке  пәнге  қызығушылығы  артады,  ӛз  бетінше  жұмыс  жасау 
қабілеті  артады,  креативтілігі  қалыптасады,  кәciби  даярлаудың  іс-әрекеттік 
тұрғыдағы  caпacы  apтaды  дepбecтiгi  мeн  шығapмaшылық  қaбiлeтiнiң  apтуынa 
ықпaл eтeдi. Практикалық және лабораториялық сабақтарда белсенділігі артып 
жаңа идеялар жасауға қуат алады.   
Зepттeудiң  қoйылғaн  мaқcaты  мeн  пәнi,  жacaлғaн  бoлжaмынa  cәйкec 
зepттeудiң мiндeттepi aнықтaлды. 
1.  Болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда  білімді  ақпараттандырудың 
қазіргі күйін анықтау; 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау