Рабочая программа курса «Социология»



жүктеу 1,67 Mb.
бет9/9
Дата05.02.2018
өлшемі1,67 Mb.
#8608
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әдебиеттер
1. Т.Ю Юренева. Музееведение: Учебник для высшей школы.- 2 е изд. М: Академический проект .

2.Музееведения. Музеи исторического профиля: Учеб. Пособие для вузов по спец. История – Под ред.К.Г. Левыкина, В. Хербста М. 1988

3.Гнедовский М.Б Анализ музейной сети и проблема классификации музеев // Музейное дело в СССР. Сб. научн. Трудов /ЦМР М.1985

4.Гнедовский М. Б Современные тенденции развития музейной коммуникации // Музеевдение. Сб научн.трудов /ЦМР М. 1989
15 - Тақырып . Қазіргі кезеңдегі мұрағат ісі.

Мақсаты: Қазіргі кездегі мұрағат ісінің міндеттері мен қызметтерімен танысу.

Жоспары. 1. Қазіргі кездегі мұрағат ісінің басқа салалармен байланысы

2. Мұрағат құжаттары - мемлекет байлығы

Мемлекет Басшысының «1998 жылды Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы»Жарлығы,«Қазақстан‑2030» стратегиялық даму Бағдарламасы және оның негізгі Ережелері оның ,оны іске асыруға байланысты республика халқына арнаған Жолдауы еліміздің мұрағат жүйесіне деген халықтың көзқарасын оятты.Бұқараның тарихи санасы,патриоттық сезімі дами түсті. Мемлекеттік мұрағаттардың оқу залынан АҚШ,Ресей,Жапон,Қытай Өзбекстан,Қырғызстан мемлекеттерінен келген зерттеушілер жиі көріне бастады.

Республиканың ақпарат құралдары арқылы 1998 жылдың тек алғашқы жарты жылдығында 300–ден астам мақала ,400 шамасында теле‑радио хабарлары таратылды.

Орталық мұрағаттың «Егемен Қазақстан»,«Казахстанская правда»,«Қазақ әдебиеті»,«Ана тілі»,«Ваше право»,«Заң»,т.б газеттер мен журналдардың беттерінде ашқан айдарымен «Алашорда басшылары»,«Түркістан тарихы» туралы,қазақ халқының ұлт‑азаттық қозғалыстары,ашаршылық ,т.б тақырыптар бойынша материалдары жарияланды.

«Қазақстан‑1»,«Хабар»,«КТК»,«Таң»,«Рахат‑АТВ» телеарнналарында ұлттық тарихымыздың маңызды мәселелері жайында хабарлар берілді.Халықаралық ынтымақтастық жыл санап дами түсуде.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет басшыларының Минскі шарты көлемінде және ТМД мемлекеттері мұрағат қызметінің өзара ынтымақтастық келісімі бойынша Ресей Федерациясы мұрағат қызметі және Өзбекстан Республикасы мемлекеттік мұрағатымен бірлесіп Түркістан қаласы тарихына қатысты құжаттарды табу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Еліміздің тарих ғылымының базалық көзін кеңейту мақсатында Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатымен мұрағат құжаттарының көшірмелерін алмасу жөнінде келісім шарт жасалды.

Республиканың мұрағат жүйелерінің материалдық‑техникалық базасын нығайту,мұрағат ісін дамыту,келешекте реформалау мәселесі Мемлекет Басшысына,ҚР Премьер‑Министріне баяндалды.Осы мәселе ҚР Қаржы,Әділет және Білім ,мәдениет,денсаулық министрліктері мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі мен облыс әкімдері алдына да қойылды.

Соның арқасында жоғары және жергілікті өкімет органдарының мұрағат ісінің маңызын түсінуі және олардың көмегі мұрағаттың нәтижелі жұмыс жасауына елеулі әсері тиді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың заң жобаларының жоспарына Ұлттық мұрағат қоры мұрағат туралы заң жобосының қосымша енгізілуі ,бұрын жобалап қалған Ақмола облысы мен Жезқазған қаласында мұрағат ісі басқармасының қалпына келтірілуі ,ең бастысы –Астана қаласында Орталық мемлекеттік мұрағат үйінің құрылысын жобалау және құрылыстың биылғы жылы басталу мәселесінің нәтижелі шешілуі –соның айғағы .Қанша дегенмен күні кеше тәуелсіздік алған Қазақстан мемлекетінің мұрағат жүйесі өркениетті елдер мұрағат дәрежесіне көтеру ,мұрағат құжаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру,мемлекеттік мұрағаттарды компьютермен жабдықтау міндеті тұр.

Соңғы уақытқа дейін Қазақстан мұрағат органдары КСРО Үкіметінің мұрағат органдарына арналған заң актілерін басшылыққа алып келді.КСРО өз өмірінде 350-ден астам заң актілерін шығарғанмен мұрағат ісі туралы заң қабылдамаған .

Бұрынғы КСРО тарағаннан кейін тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттер мұрағат ісі туралы арнаулы заң қабылдап үлгірді.Ал бізде бұл мәселе кешеуілдеп келеді.Бұл мұрағат ісін ұйымдастыру ,дамытуға елеулі қиындық туғызуда.

Ең бастысы мемлекеттік мұрағат пен республика тарихының бірден бір көзі –ведомстолық мұрағаттарды дамыту, ұйымдастыру және сақтаудың тиімді жолын айқындайтын заң ауадай қажет.

Екіншіден, шет мемлекеттердегі Қазақстан тарихына қажетті құжаттарды айтпағанда ,ТМД мемлекет басшыларының жылғы келісімі бойынша Қазақстан аймағындағы космосты игеру ,геологиялық ресурстар, табиғи ортаны қорғау ,геодезия ,картография,киномотография саласындағы құжаттар мен негізгі өнімдер бұрынғы Одақтық ведомтволық мұрағаттарда қалды.Бұл заңды.Бірақ олардың көшірмелерін мемлекетімізге алу мәселесі қүн тәртібінен түспейтін күрделі іс.

Ұлттық мұрағатты ұйымдастыру ,дамыту және пайдалануды жақсарту мәселесі халықаралық,мемлекетаралық қатынасқа да тікелей байланысты екені сөзсіз.

Өркениетті елдерде мұрағат ісі ,барлық мұрағат қоры және құжаттама басқару аспектісі мемлекеттік қызметтің дербес саласы болып табылады.

Ал ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат ҚР Үкіметі құрамына кірмейтін Орталық атқарушы орган болғандықтан әрі мұрағат туралы заңның болмауы ЮНЕСКО‑ның мүшесі деп танылған халықаралық мұрағаттар Кеңесіне қатысуы ,шет елдердегі құнды құжаттарды халықаралық дәрежеде іздестіру мәселелері қиындай түседі.

Республика мұрағат ісін дамытуға қойылған тосқауылдың ең бастысы‑қаржы тапшылығы.

ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатқа 1998жылға бөлінген қаржы 21млн. 871мың теңге.Ол мұрағат қызметкерлерінің еңбек ақысынан және коммуналдық қызмет көрсетуге төленетін қаржыдан артылмайды.

Ең бастысы мұрағатты өркениетті ел дәрежесіне жеткізетін алғы шарт‑республикалық мемлекеттік мұрағаттарды компьютер мен және басқа да мұрағаттық техникалармен жабдықтауға ,мұрағат қоймаларын өрт апатынан қорғауға ауа,жылу,ылғалдық режимдерін сақтауға қаржының бөлінбеуі мемлекеттік байлықты қолдан жою деген сөз.Бұл мұқтаждықты шешу үшін 101 миллион теңге,облыстық әкішіліктер қарауындағы мемлекеттік мұрағаттарға 385млн.теңге қажет.

Қаржы тапшылығынан Қазақстан тарихына қатысты шет жұрттағы құнды архив деректерін іздестіруге,кері қайтарып алуға мүмкіндік тумай отыр.

Оның үстіне мерзімі өткендіктен және ауа ,ылғал,жылу режимдерін сақтауға мүмкіндік жоқтықтың бүлінген,өшуге айналған құжаттар аз емес.ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат пайдалануға берілген 1963 жылдан бері күрделі жөндеудеy өткізілген жоқ.Кондиционерлер,желдеткіштер,режимдік приборлар істен шыққан .Ал оларды тезірек жөндеуден өткізбесе республика тарихының мол құнды деректерінің өмірден өшетінін айтып жеткізу қиын.

Еңбекақы мөлшерінің аздығы мұрағаттарды қажетті кәсіби білімді мамандармен қамтамасыз етуге елеулі қиындық туғызуда.

Мұрағат қызметкерлерінің мемлекеттік қамқорлыққа алынбауы,жеңілдіктерге ие болмауы қынжыларлық.Мұның келешекте мұрағат ісін дамытуға елеулі кесірі тиетіні сөзсіз.Қазіргі мұрағат қызметкерлерінің көпшілігі гуманитарлық білім саласындағы мамандар және егде тартқан адамдар.Оларды кәсіби мамандықтары жоқтығынан шет елдердегі құжаттар былай тұрсын,республиканың мұрағат қоймаларында жатқан қытай, монғол ,манжур,түрік,парсы,араб,т.б шет ел тілдеріндегі көне заман құжаттары игерусіз жатыр.

Ондай мамандарға мұқтаждықтың басты себебі,біріншіден,мұрағат мамандарын санаулы ғана оқу орындары аз мөлшерде дайындайды.Екіншіден,арнаулы кәсіби білім алған жастар еңбекақының төмендігінен мұрағатта еңбек етуге келмейді.Отанымыздың мұрағат ісін әлемдік дәрежеге көтеру үшін мұрағат құжаттарын зерттейтін ,құжаттау ісіне ғылыми тұрғыда бағыт‑бағдар беретін ,озат тәжірибені насихаттайтын Орталық құру,Қазақстан мұрағаты журналын шығару ,баспахана ашу‑өмірдің өзі туғызып отырған мәселелер.Мемлекет тарапынан қажетті қамқорлық жасалса,құнды құжаттарды ел игілігіне айналдырып ,қаржы тапшылығынан құтылуға мүмкіндік туар еді.

Бұлардың барлығы бір күнде,не бір жылда шешілетін мәселе емес.Экономика,қаржы мәселесі әркімнің талабы бойынша шешілмейтіні белгілі .Бірақ ең бастысы мұрағатқа деген мемлекеттік бетбұрыс,дұрыс шешім,мемлекеттік заң болуы шарт .

Республикамыздың мұрағат құжаттары –баға жетпес байлық, мемлекеттің,халықтың асыл қазынасы.Бүгін де,ертең де ,келер ғасырларда да толыға беретін,жазыла беретін тарихтың қайнар көзі.Мұрағат құжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкін емес.Мұрағат‑өмірі таусылмас,қоймасы ортаймас,тарих көшімен баяғы заманнан бүгінге дейінгі өмірдің қатпар‑қатпар кезеңдеріндегі еліміздің шаруашылығын,экономикасын,тыныс тіршілігін кең түрде айқындайтын,тарихи,мәдени ескерткіштерін,жеке тұлғалардың өмірін мәңгі жасататын ұлттық тарихи мұраның көзі.

Республиканың мұрағат қызметкерлері келешекте бұл байлықты өз мемлекетінің,өз Отанының,елінің игілігіне айналдыруға аянбай еңбек ететіндігі сөзсіз.
Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі кездегі мұрағат ісінің басқа салалармен байланысы жөнінде не айта аласыз?

2. Мұрағат құжаттары - мемлекет байлығы дегенді қала түсінесіз?

Әдебиеттер

1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

2. Закон Республики Казахстан «О национальном архивном фонде и архивах». А. 1998 г. 22 декабря.

3. Р.Сариева. Мұрағат және тарих. «Арыс»,2004.

4. Мухсинова З.Г. Архивному делу в Казахстане-200 лет. Костанайские новости. 1995, 10 января.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы



Студенттердің оқытушының жетекшілігімен игерілетін жұмыстардың жоспары

Қостанай , 2009 .


Студенттердің оқытушының жетекшілігімен игерілетін жұмыстардың жоспары
Өзіндік жұмыс аудиторлық сабақ ретінде өткізіледі және студенттердің оқу жұмысының бір түрі болып табылады. СОӨЖ өзара байланысты логикалы екі міндетті шешеді.

Деректер қоры мен арнайы әдебиеттер институт кітапханасында өте аз.Көптеген оқулықтар, әдебиеттер орыс тілінде жазылған. Қазақ тіліндегі еңбектер санаулы. Сондықтан СОӨЖ кеңес беру қызметін де атқарады. Оқытушы аудиторлық сабақтарда студенттің пәннің өте қиын тақырыптарын игеруіне көмектеседі. Екіншіден, оқытушы жеткілікті мөлшерде әдебиеттер бар тақырыптарды лекция сабақтарынан әдейі алып тастайды. СОӨЖ-дің екінші функциясы бақылаушылық. Оқытушы артта қалған, лекциялық және семинарлық сабақтарға қатыспаған студенттермен белсенді жұмыс істейді.






Тақырыптар, тапсырмалар және мазмұны

әдебиеттер

Сағ

саны

орындау мен бақылау

түрі

а

1

Қостанай облысында мұрағат және мұражай ісінің дамуы. Мұрағаттану және мұражайтану ісіне байланысты термин сөздермен жұмыс.

1,5,8, 21,23,24,28.


1

Конспект жасау

1-2 апта

2

Мұрағат және мұражай туралы жалпы түсінік.

1. Мұрағат.

2. Сақталу жолдары

3. Мұрағат және мұражай қоры, қорды ұйымдастыру жолдары.

4. Мұрағат және мұражай жинақтары.


1,8,10,18.

1

Дөңгелек стөл

3 апта

3-4

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы мұрағат ісі.

1. Большевиктік партияның мұрағаты.

2. Басқару органдарындағы мұрағат.

3. Тарихи мұрағаттар және мұражайлар.

4. Облыстық мұрағатжәне мұражай ісіндегі өзгерістер.

5. Мұрағат және мұражай құжаттарын пайдалану әдісі.



8,9,17,25

2

коллоквиум

4 апта

5

Қостанай облыстық мұрағатының және облыстық тарихи-өлкетану мұражайының тарихы.

21,23,24,28,

К-6,1.


1

Реферат жазу

5 апта

6

Жеке мұрағаттар.

1. Жекеленген мұрағаттар

2. Мұражай және кітапханалардағы қолжазба мұрағаттарының түпнұсқасы.

3. Жекеленген мұрағат құжаттарын пайдалану әдістері.



3,4,8,11,13.

1

Пікірталас

6 апта

7-8

Мемлекеттік мұрағаттардың құрылысы мен мақсаты.

1. Комплектілеу.

2. Құжат материалдарын тіркеу.

3. Ғылым және практикалық құжаттарды сараптау.

4. Құжат материалдарын пайдалануды ұйымдастыру.

5. Мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдасқан құрылымы.



3,4,8,10,23,28.

2

Реферат

7 апта

9-10

Мұрағат құжаттарын іздеуге арналған ғылыми-сараптамалық оқулықтар.

1. Мұрағат жұмысының қыр-сырын меңгеруге жол сілтеушілер.

2. Қордың тізімі мен көрсеткіштері

3. Жазба және жазбаларды тіркеу.

4. Мұрағат оқулықтары мен каталогтар.

5. Мұрағат оқулықтарының баспасы.



6,8.

Қ-4,5,9,11.



2

Сынақ тапсыру

8 апта

11-12

ҚМПИ мұрағат және мұражай қорымен танысу.




2

Экскурсия

9 апта

13

Қазақстан республикасының мұрағат және мұражай ісінің дамуына 2001-2009 жылдарға арналған бағдарламасы.

Н-5,4,6,7,8,17,18.К-2,6,7,9

1

конспект

10 апта

14

Мұрағат және мұражай ісіне байланысты заңнамалар.

Н-6,7,8

1

конспект

11 апта

15

Қостанай облысы аудандарының мұрағаттары және мұражайларының тарихы

Ә-1,5,8.

1

Мини -конференция

12 апта




Барлығы




15




15 апта

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы



Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары

Қостанай , 2009 .




Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.

Жоғарғы оқу орнының оқу жоспарына сәйкес, әрбір студент пән бойынша бірнеше өзіндік жұмыстарды жазып өткізуі керек. Өзіндік жұмыстарға арналған тақырыптар топтастырылған.Тақырыптар саны жеткілікті мөлшерде құрастырылған.Тақырыптар тиісті деген әдебиеттердің тізімімен қамтамасыз етілген, дегенмен, соңғы уақыттарда баспадан шыққан жаңа кітаптар тақырыпты ашуға көмектессе, тізімде көрсетілмеген әдебиеттерді де пайдалануға болады.

Студенттер өзіндік жұмысты орындамас бұрын, сабақ жүргізетін ұстаздарынан тиісті кеңестер алуы қажет.Ұстаз тарапынан жасалынған ескертулер мен түзетулерді толықтырып, жұмысты көрсетілген уақытта тапсыру.

Пән бойынша студенттер мына жұмыс түрлерін жүргізеді:



- Тыңдалған және жазылған лекция тақырыптарын өңдеу;

  1. Семинар сабақтарына дайындалу;

  2. Пән бойынша емтиханға дайындалу.






Жұмыс түрі.

Тақырыбы

Көлемі

Бақылау түрі.

1.

Лекция конспектілерімен жұмыс

1.Кіріспе лекция 1 час

2.ХХ ғ. 20-30 шы жылдарындағы мұрағат ісі.

3.ХХ ғ. 40-80 ж.ж. мұрағат ісі.

4.Ұлттық мұрағат қоры.

5.Тәуелсіз Қазақстандағы мұрағат ісі.

6. ХХ ғ 20-40 жж мұражай ісінің дамуы.

7. Мұражайлардағы мәдени мұра

8. Мұражайлық іс- әрекеттің қорлық сақтаушылық және ғылыми ақпараттық дамуы



9.Қазіргі кезеңдегі мұражай ісі.




0,5 сағ

0,5 сағ

0,5 сағ.

0,5 сағ.

0,5 сағ 0,5 сағ.

0,5 сағ.

0,5 сағ.

0,5 сағ

0,5 сағ



Конспект тексеру

2.

Семинар сабақтарына дайындық.

Студент әр семинар сабағына 2 сағаттан кем емес дайындалу қажет.

15

Семинар сабағындағы ауызша жауабы

3.

Пән бойынша емтиханға дайындық.

Барлық тақырыптар бойынша

5сағ




4.

Баяндамалар мен рефераттар дайындау

Пән бойынша тақырыптар таңдау

5 сағ




Барлығы

30 сағат

СӨЖ бен СӨОЖ-ге әдістемелік нұсқау.

Тақырып бойынша шолу дайындау – яғни 1-2 параққа әдебиетке қысқа шолу жасау, оған Интернеттың ақпарат ресурстары және баспасөздің қосымша материалдары кіреді.

Глоссарий – қазақ және орыс тілдеріндегі терминдердің қысқа түсіндірілуі (шетел тілге аударылуы мүмкін); тапсырылған тақырып бойынша орындалады.

Семинар – сабақ ретінде студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі болып табылады және әр түрлі формаларда да болуы мүмкін, оқытушы оны жүргізу үшін өз авторлық идеясын құрастырады.

Реферат – СӨЖ ең көп кездесетін түрі, белгілі бір тақырып бойынша баяндама ретінде болады, оның ішіне әдебиеттің міндетті тізімі, ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұнының талқылануы кіреді. Одан да қызықты және шығармашылық жұмыс бұл рефератқа оппозиция жасау, яғни қарама-қарсы көзқарас ұсыну, оның барысында студенттерде анализдеу және дискуссияны жүргізу іскерліктері дамиды.

Коллоквиум берілген пән бойынша білім деңгейін және дайындылық деңгейін анықтау үшін көмектеседі, ол сұхбат түрінде болады.

Өздік жұмысқа арналған сұрақтар, оларға берілетін жауаптар терең анализ негізінде болуы керек. Эссені көбінесе үлкен курстарда оқитын студенттерге береді, бұл өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты өз ойларының айтылуы, ол әр түрлі сын жанрларда болады.



Презентация – студент өз презентациясына әр түрлі тақырыпты алуына болады және презентацияда көрсетілген аспектілерге өз көзқарасын білдіреді; презентация келесі критерийлер бойынша бағаланады: тақырыптың ашылуы, тыңдаушылардың қызығушылығын оятты ма, студент берілген мәселеге жауапкершілігімен ат салысты ма.

Нақты оқу жағдайлары – студенттерге көп жай және күрделі жағдайлар беріледі, олар бойынша студенттер сұрақтарға жауап беруі керек немесе мәселеге өз көзқарасын көрсетеді; жақсы дайындалған студенттер өз кейсін жазуы мүмкін.

Қызметтік ойындар студенттерде болашақ мамандықтың іскерліктеріне үйретеді; кейбір ойындарға үй дайындығы немесе кітапханаларда аяқталуы керек.

Топ жобасы топта 3-5 адамнан аспауы керек, әрбір топ өз проектын дайындауы керек.

Жеке жоба – жақсы дайындалған студенттер өз еркімен жасайды; жұмыс тақырыптың өзектілігімен, зерттеушілік сипатымен көзге көрінуі керек; проект қорытыныдысы студенттік конференцияда баяндалуы мүмкін.

ГЛОССАРИЙ
Мұрағат- құжаттарды тіркеу, қабылдау, сақтау функциясымен айналысатын мекеме. Бұл мекеменің функциясыны сонымен қатар, құжаттардың ғылыми анықтамалық аппаратың құрастыру, құжаттық материалдарды саяси, шаруашылық, мәдени бағытта қолдануды ұйымдастырады.

Мұрағат- ол өмірдің бар саласын қамтитын мекемелер мен жеке адамның құжаттарын сақтап, тіркеп, қабылдайтын ғылыми зерттеуші мекеме болып саналады.

Сақтау бірлігі- дегеніміз ол, құжаттың түрі , немесе тағы бір белгісі бойынша жеке номермен белгіленген сақтауға алынған құжат.

Іс дегеніміз - ол, бір фактіге, немесе объектінің бір тақырып, мазмұны бойынша жинақталған құжаттар аталады.

Іс-басты «инициативалық» құжатпен ашылады, ал соңында «аяқталу» құжатымен жабылады.

Іс, бір неше құжаттан тұрады, олар хронологиялық кезеңділікте құрастырылады.

«Кіріс», құжаттардын келеген уақытын белгілейді, ал «шығыс құжаттары», қашан құрастырылған уақытын белгілейді.

Істін бастанғы және сонғы уақыты құжыттын шеткі мерзімі деп аталады.

Ол бір күнді немесе бірнеше жылдарды қамтуы мүмкін.

Мұрағат қоры -дегеніміз, мемлекетпен сақтауға алынған, бірнеше жылдар бойы құрастырылған құжаттардын комплексі \ мекемелердін құжатары, жеке адамның өмірлік құжаттары т.б\.

Мұрағат қорлары мекемелерде белгіленген жылдар бойы жинақталады, тура солай жанүялық құжаттар да, міне сол құжаттарды жинақтағанда қор құрастырушы деп аталады. Мұрағат мекемесі осы фондттарды арнайы тізіммен алып сақтауға , зерттеуге алады.



Мұрағат қорының көлемі, сақтауда тұрған сақтау бірліктерімен есептеледі, ол бір сақтау бірлігінен, бірнеше жүз , мың бірлікке жетуі мүмкін.

Мұрағат коллекциясы - дегеніміз, тақырыптық, практикалық немесе мәдени тарихи маңыздылығына сай бір комплекске біріккен құжаттар жатады, олар қор сыртында жинақталуы мүмкін.

Қазба – кене заттарды , ескерткіштерді іздеп табу мақсатында жер қыртысын қопарып істейтін жұмыстар, сондай-ақ жұмыстар жүргізілетін жер.

Қанжар – жезден, қоладаннемесе темірден жасалған 2 жүзді өткір шабу құралы.

Құмыра – мойны және құлағы бар биік дөңгелек бүйірлі ыдыс.

Қыш ыдыс – саздан, саз қоспаларынан күйдіріліп жасалған бұйым.

Мумия – іріп-шірімейтін етіп бальзамдалып тасталған мүрде.

Петроглиф – тасқа салынған сурет, жазу.

Протома – хауанның немесе мифологиялық жандының денесінің алдыңғы бөлігінің бейнесі.

Руна – тастарда және басқа заттарда салынған көне жазулар.

Ұштық - әдетте үшкір немесе қалпақ тәрізді болып келетін, бұйымның ұшына кигізетін зат.

Қиста – жұқа плиталардан тұратын, жерлеуге арналған тас жәшік.

Жәдігер, экспонаж – көрмеге, музейге немесе галереяға, экспонажға қойып, көпшілікке ұсынған сұңғат, кескіндеме, мүсін, сәнді өнер туындысы.

Тасты өңдеу – адамның өндірістік қызметінің анағұрлым сан қырлы және көне түрлерінің бірі.

Экспозиция - музейде және көрмелерде белгілі бір хронологиялық, тақырыптық т.б. жүйеде орналастырылған жәдігерлер.

Әйнектің үстіне салынған сурет – көркем керамикада фосфор, фаянс бұйымдарды күйдіріп, әшекейленгеннен кейін қылқаламмен не қаламұшпен жазу.

Багет – кариналарға, кескіндеме туындыларына, фотографияларға жақтау жасау үшін қажетті тегіс ағаш тақтай, пластина.

Барельеф – тегіс нәрсеге түсірілген мүсінді, фигуралары үстіне сәл ғана шығыныңқы тұратын бедерлі бейне.

Вернисаж – арнайы шақырылған меймандар қатысатын, көрменің салтанатты ашылуы.

Галерея - өнер туындыларын жұртшылыққа көрсету үшін қойылатын арнайы жабдықталған орын.

Бюст – адамның кеудеге дейінгі бейнесін мүсіндеп салу.

Лавис – нақыштау техникасы, металл тақтайда қылқаламмен қышқылды жағып сурет салу.

Люкаиа – күмбезге салынған терезе.

Мольберт - әртүрлі биіктіктегі картон, тақтай бекітілген, сұңғатқа арналған ағаш немесе металл станок.

Муляж – түпнұсқаның көшірмесі.

Мұражай – адамның шығармашылық қызметінің белгілі туындылары немесе материалдық мәдениеттің ескерткіштері сақталатын ғылыми-ағарту мекемесі.

Мүсін – көлемді – кеңістік түріндегі, нақтылықтыңкөркемдік жаңартылуымен байланысты өнердің түрі.

Нобай – көбіне табиғи түпнұсқадан жылдам салынған сурет.

Рестовратор – мәдениет ескеркіштерін қалпына келтірумен айналысатын адам.

Эрмитаж - әлемдік мәдениет тарихындағы ірі музей.

Шпалер – желісі және өрнекті композициясы бар түксіз қабырға кілем.

Этюд – түпнұсқадан орындалған сурет, мүсін, әдетте үлкен туындының белгілі бір бөлшегі.

Экспозиция- музейде және көрмелерде белгілі бір хронологиялық, типологиялық, тақырыптық және т.б. жүйеде орналастырылған жәдәгерлер.

Акварель- сұңғат өнерінің бір түрі, әдеби суреттемелер мен новелллардағы лирикалық, жарқын образдар.

Авангардизм-өнердегі бағыт, бұрынғы мұрадан қол үзуге тырысу.

Көрме- көркем туыфндыларды, тарихи-мәдени құндылықтардың уақытша жұртшылықтың назарына қойылуы.

Кенеп- майлы бояумен кенепке салынған картина.

Кергіш- суретші кенепке сурет салғанда, жан-жағынан кергішке тартып қояды.

Кесіндеме- сурет өнерінің бояусыз сызық түрлері қолданылған тарауы, ақ қағазға қарандаш не көмірмен салынған сурет.

Кеуде мүсін- адамның кеудеге дейінгі бейнесін мүсінге салу.

Классика- сәулет стилі, әлемдік мәдениет үшін мәңгілік құндылығы бар, үлгілі керемет туындылар.

Классикалық сәулет- көне сәулеттің, сондай-ақ ежелгі сәулетке басты үлгі және көркем идеялар мен формаладың бастауы ретінде қараған өзге де дәуірлер сәулетіндегі стильдер мен бағыттардың жалпы атауы.

Мемориалды ғимараттар- маңызды тұлғалар мен оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын сәулет, бейнелеу және сәнді өнердің туындылары.

Маньеризм- Батыс Еуропа өнеріндегі стильдік бағытты білдіреді.

Мұнара- енінің көлемінен биіктігі анағұрлым бірнеше есе үлкекн құрылыс

Монументалды- сәнді мүсін, сәулет және табиғи ландшафтпен тығыз байланысты, синтетикалық өнер болып табылатын мүсіннің түрі.

Портрет- бейнелеу өнерінің нақты бір адамның немесе адамдар тобының сыртқы пішіні салынған жанры.

Мумтабель- ұшында дөңгелегі бар шағын ағаш таяқ.

Майолика- түрлі-түсті балшықтан жасалған қыш бұйым, үстіңгі жағы шыны тәріздес мөлдір немесе мөлдір емес құрамнан тұрады.

Қылқалам- суретшінің сурет салатын негізгі құралы.

Банкара- француздың жоғарғы сапалы хрусталь өндірісі.

Әдемі шыны- адам жасаған жасанды материал.

Жәдігер, экспонат- көрмеге, музейге, салонға экспозицияға қойып, көпшілікке ұсынған сұңғат, кескіндеме, мүсін, сәнді өнер туындысы.

Абстракталы өнер- затсыз өнер, модернум ағымы.

Авангард- 20 ғасыр өнерінде көркемдік мәнердің жаңа формаларын іздеген реализмнен қол үзген әр түрлі ағымдар.

Муляж- түпнұсқаның көшірмесі.

Эрмитаж- әлемдік мәдениет тарихындағы ірі музей.

Картина- сұңғат өнерінің шынайы терең ойды іске асыратын туындысы, көркемдік форманың мазмұнымен аяқталуымен айырықшаланады.

Коассицизм- 17-19 ғасырлар өнерінде көне үлгілерге ұқсауға негізделген стиль және бағыт.

Кілем- түрлі-түсті жүннен не жібектен мақта немесе кендір жіптен тоқылған түрлі-түсті бұйым.Қазба- көне заттарды, ескерткіштерді іздеп табу мақсатында жер қыртысын қопарып іздейтін жұмыстар, сондай-ақ асы жұмыстар жүргізілетін жер.
Пән бойынша студенттер бiлiмiн бағалаудың

рейтингтiк жүйесi

Бағалау әрбір тапсырма нәтижесінің қорытындысы бойынша анықталады:

- аралық бақылау мен білім деңгейі, пәнді меңгере білуі;

- лекция басында және барысындағы бекіту сұрақтары;

- семинар сабақтарында негізгі түсініктер мен заңдылықтарды игеру;

- семинар (ОБСӨЖ) сабақтарында тәжірибелік тапсырмаларды орындауды игеру.


І. Рейтинг балдарын бақылау бойынша анықтау




Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Балл қою

1


емтихан

Қорытынды бақылау

40

Аралық бақылау

5+5

Кезекті бақылау

50







Барлығы

100

Аудиториялық сабақтар төмендегідей анықталады:

лекция – 15 сағат;

семинар – 15 сағат;

барлығы – 30 сағат.
ІІ. Кезекті және аралық бақылау балдарын (30) анықтау:

Семестр бойынша 2 аралық бақылау өткізіліп, олардың әрқайсысына 30 балдан бөлінеді.


Аралық бақылаудың өткізілу кестесі:

Бақылау түрі

Формасы

Мерзімі

Жоғары балл

Тақырыптар

Аралық бақылау

Тест тапсырма-лары, тақырып-қа сәйкес тап-сырма

7 апта

5

1-7 оқу аптасы

Аралық бақылау

Кешенді тап-сырма, бақылау жұмысы

15 апта

5

8-15 оқу аптасы


ІІІ. Орындалған тапсырмаларға балл қою:
Тапсырма түрі:

- семинар (ОБСӨЖ) сабағында жауап берген кезде

- өте жақсы – 1 балл;

- жақсы – 0,7 балл;

- қанағ. – 0,5 балл;

- қанағатсыз. – минус 0,5 балл

- лекцияға қатысып, конспект болса – 0,2 балл;

- қосымша – 0,3-0,5 балл;

- баяндама – 1,0 балл;

- реферат – 1,5 балл;

- бақылау жұмысы – 0,3 балл;

- глоссарий – 0,2 балл;

- кроссворд құрастыру – 0,3 балл;

- студентік конференцияға дайындық – 1 балл;

- мерзімдік баспасөзге талдау жасау – 0,2 балл;

- лекция, семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса – 0,5 балл.

Семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса, студент кесте бойынша сол сабақтарды қатаң түрде өтейді.

Сабақ қалдырған студентке кезекті бақылау жұмысы тапсырған кезде, төменгі жағдайларға назар аудару керек:



  • егер студент себеппен сабақ қалдырған болса, оның өтелген сабағының бағалауы төмендемейді, мысалы студент «5» ке жауап берсе, баға сақталады.

  • егер студент себепсіз сабақ қалдырған болса, оның бағалау коэффициенті төмендейді: берілген тапсырма бір аптаның ішінде орындалса – 0,8 балл, келесі аптада орындалса - 0,6 балл, екі аптадан кейін орындалса – 0,4 балл, одан кейінгі орындалған тапсырмалар қабылданбайды.


Қорытынды бақылау тапсырмалары:

1. Бақылау жұмысына дайындық.

2. Бақылау тестісіне дайындық.

3. Глоссарийдың түсініктерімен жұмыс істеу.


ІV. Аралық бақылау тест, бақылау жұмысы, тақырыпқа сәйкес тапсырмалар ретінде оқытушының талабы бойынша өткізіледі.
Аттестация қорытындысы бойынша рейтинг балдарды анықтау:


Дұрыс жауап бергендегі %-тік көрсеткіш

Бағалау

55-60

5 (өте жақсы)

45-54

4 (жақсы)

30-44

3 (қанағат.)

0-29

2 (қанағатсыз.)



Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:


Балдар(%)

Бағаның әріптік жүйесі

Балдың

цифырлық


баламасы

Баға

95-100

90-94


А

А-


4.0 3.67

Өте жақсы

85-89

80-84


75-79

В+

В

В-



3.33

3.0


2.67

Жақсы

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

С+

С

С-



2.33

2.0


1.67

1.33


1.0

Қанағаттанарлық

0-49

Ғ

0

Қанагаттанарлықсыз


7. Курсты оқытудың саясаты және талаптары
Студент ЖОО оқып жүрген кезінде төмендегідей талаптарды орындауға міндетті:

-Сабаққа кешікпей қатысу.

-Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.

-Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.

-Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)

-Сабақ үстінде артық сөйлемеу.

-Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.

-Сабаққа тиісті киіммен келу.

-Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)

-Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.

-Оқу процесіне белсенді қатысу.

-Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.

-Әрбір сабаққа міндетті дайындық:

-Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.

-Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.
Бақылау түрі мен формасына қарай балл қою:

1 ескерту. Семестр қорытындысы бойынша тиісті баға алып, 30 балл жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтихандағы тиісті баға 20 балл.

2 ескерту. Қалдырылған практикалық сабақтар орындалған жұмысты қорғау арқылы өтеледі.
2.1. Пәнді оқу технологиясы

Пән бойынша барлық материал төрт бөлікке бөлінген:



  • Лекция сабақтары

  • Семинар сабақтары.

  • Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы.

  • Студенттің өзіндік жұмысы.

Қажет оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет бар, пәннің көптеген бөлімдері бойынша семинар сабақтары өткізіледі. Студент семинар сабақтарына дайындалуға міндетті, дайындалмаған студент орнын толтырады.

Кредиттік технология жоғары деңгейлі өзіндік білімге және білімді шығармашылық игеруге негізделгендіктен, кафедра студентке толықтай өзіндік жұмысты «жүктейді». Студенттердің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді. Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) кесте бойынша аудиторлық сағатта өткізіледі. Алайда ол барлық студенттер үшін міндетті емес. Әр СОӨЖ-ге лекцияға кірмеген және қандай да бір сұрақтарды бөлшектеп қарауға немесе кеңірек және тереңірек қарауға, оларды талдау дағдыларын жетілдіруге көмектесетін материалдар дайындалады. Өз бетінше жақсы жұмыс істей алатын студент аудиторлық сағаттан босатылады. Студенттің дайындық деңгейін анықтау үшін тұрақты түрде әр студенттің оқу жетістіктерінің мониторингі жүргізіледі. СОӨЖ уақытында студенттің жеткен жетістіктерін бағалау жүргізіледі, олар арнайы журналға жазылады.

Пәнді оқытуға арналған уақыттың төрттен бір бөлігінде студент оқытушының көмегінсіз өз бетінше жұмыс істейді. Бұл үшін ол оны орындауға арналған қажет тапсырмалармен және ұсыныстармен қамтамасыз етіледі.

Барлық тапсырмалар тексеру уақыты ескеріліп беріледі, оларды оқу жылының аяғында тапсыруға жол берілмейді. Бұл үшін тапсырмаларды беру және оларды тексеру графигі құрастырылады, оны қатаң түрде орындау студенттің академиялық табысқа жетуіне кепілдік береді.


Аралық бақылау жұмыстарының тапсырмалары.
1 аралық бақылау жұмысының тапсырмасы. Тест жұмысы.
1.Қазақстан Республикасындағы мұрағат пәнінің мақсаты мен міндеттері.

  1. ХІХ - ХХ ғ.ғ. Қазақстан мұрағат қорларын құру тарихы.

  2. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы.

  3. 1940-60 ж. мұрағат ісінің тарихы.

  4. Мұрағат ісі дамуының алғашқы кезеңдері.

  5. Мұрағаттардын ғылыми келіссөздік қызметі.

  6. Құнды мұрағат деректерін зерттеудегі тарихшылардың рөлі.

  7. Қазірге кездегі мұрағат ісі.

  8. 1999 ж. мұрағат ісі және құжаттар басқармасы жөніндегі комитет.

  9. Құжаттардың ғылыми –анықтамалық аппараттың ұғымы және методологиялық негіздері.

  10. 2001-2005ж.ж. мұрағаттардың дамуына арналған Бағдарлама.

  11. Құжаттардың тізімдімісін жасауды саралап жіктеу.

  12. Тізімдеме жасау процесі.

  13. Мұрағат қорлары |ұғымдарына анықтама беру|.

  14. Кеңестік Қазақстанда мұрағат ісің ұйымдастыру.

  15. Соғыс жылдарында мұрағат ісінің дамуы.

  16. Республикалық мұрағаттық органдарды басқару жүйесіндегі өзгерістер.

  17. Мұрағат ісі саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

  18. Мұрағаттарды басқару.

  19. Жеке тұлға мұрағат қорының хронологиялық шеңберін анықтау.

  20. Құжаттардың сақталуын камтамасыз ету.

  21. Құжаттарды қоймаларға орналастыру.

  22. Бағалы құжаттарды сақтау үшін қорлар құру.

  23. Құжаттарды тіркеуге алу.

  24. Ұлттық мұрағат қорын жинақтау және оны мұрағат деректермен толықтыру.

  25. Құжаттардың бағалылығын анықтау.

  26. Мұрағаттың ғылыми-ізденіс жұмыстары.

  27. Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттардың пайдалануы.

  28. Мұрағат мекемелерінде құрастырылатын анықтамалар түрлері.

  29. Қостанай облысының мұрағат ісінің қызметі.

  30. Каталогтар түрлері.

  31. Қорларды жаңа құжаттармен толықтыру.

  32. Мұрағат жоспарлары, түрлері.

  33. Мұрағат ісін ақпараттандыру және оның негізгі кезеңдері.

  34. Мұрағат мекемелерінің қызметкерлеріне қойыдатын талаптар.

  35. Мұрағат менеджменті.

  36. «Мұрағаттық заң», «мұрағаттық құқық» анықтамасын беру.

  37. Мұрағаттардың нормативтік- құқықтық құжаттамалары.

  38. Мұрағатшының этикалық кодексі.

  39. Мұрағаттағы маркетинг.

  40. Мемлекеттік мұрағатардың ғылыми-әдістемелік жұмысы.

1 рубеждік бақылауға тапсырма:



1.Глоссарий құрастыру.

2.Бақылау жұмысы:

І Нұсқа

1.Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының атқарған ісі.

2.Соғыс жылдарындағы мұрағат ісіне сипат беру.

ІІ Нұсқа

1.Бөкей ордасындағы мұрағаттын пайда болу тарихы.

2.Қазақ КСРның тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы заңы.
2 аралық бақылау жұмысының тапсырмасы

1.Мұрағаттардың басқару ісі.

2.Білікті мұрағат қызметкерлерін даярлау.

3.Мұрағаттардың ғылыми-зерттеу мекемелерімен байланысы.

4.Революцияға дейінгі мұрағат ісі.

5.Құжаттар есебі.

6.Құжаттардың құндылығын сараптау.

7.Мұрағат мекемелері, Орталық мемлекеттік мұрағаттар.

8.Ұлттық мұрағат қорының құжаттарының қолданылуы.

9.Құжаттардың құндылығын анықтау кезіндегі бағалаудың критерилері.

10.Жолсілтеушілер және оның маңызы

11.Қостанай мемлекттік мұрағат филиалдары, олардың бағыты мен қызметі.

12.Қорларды жаңа құжат түрлерімен толықтыру.

13.Белгілі мұрағат қызметкерлері және олардың Қ.Р. мұрағат ісіне қосқан үлесі.

14.Жобалық құжаттардың құндылығын сараптау.

15.Жекеленген мұрағаттар

16.ҚМПИ тарихының мұрағаттық деректеріне сипаттама беру

17. Қостанай мұрағатының пайда болу тарихы

18. Қазақстанның Орталық мұрағаттарына сипаттама беру

19. Қазақстан мұрағаттарының жаңашаландыру жолындағы негізгі проблемалары

20.Отандық мұражай ісінің тарихы қай уақыттан басталады:

21.1913 жылы Қазақстанда неше мұражай болды.

22.Семейде мұражай қай жылы ашылды.

23.«Қазақстан мұражайлары» журналы қай уақытта шықты.

24.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарауында республикалық маңызы неше мұражай бар.

25.Президенттік мәдениет орталығы қай уақытта ашылды.

26.И. Тасмағамбетовтың жеке коллекциясы қай көрмеге қойылған.

27.Жетісуда мұражай қай жылы ашылды.

28.Орынбор губерниялық мұражайы қай жылы ашылды.

29.Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қашан құрылды.

30. Мұрағат құжаттардың сақтауын ұйымдастыру мен пайдалануымен айналысатын бір саласы.

31.Мұрағат ісінің тарихы, тарихи білімдер, оның дамуының жалпы заңдылықтары мен теоретикалық сұрақтар туралы ғылым.

32.Мұрағаттану көптеген гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты, әсіресе құжаттарды сақтауында осы ғылымның көмегі қажет.

33.Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар тұралы» Заң қашан қабылданды.

34.«Бірлестіктер және ұйымдардың әр турлі ұйымдық формаларында іс қағаздарды жүргізуінің негізгі ережелері бекітілу» Қ.Р. Министрліктің Қаулысы қашан қабылданды.

35. «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы Жарғы» Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілді.

36. Бөкей Ордасының мұрағатының алғашқы бсқарушысы.

37. Қай орыс билеушісінің тұсында өлкелік даланы белсенді зерттеу басталды.

38. Өлкелік даланы зерттеуші экспедицияны кім басқарды.

39. Мұрағаттанудың басты түсініктеріне жатпайды.

40.Қандай ханның тұсында таптармен орыс іс-қағаз жүргізу арнайы бөлімі құрылған.

2 рубеждік бақылауға тапсырма:

1. Глоссарийді жалғастыру.

2. Бақылау жұмысы:



І нұсқа:

1. Мұрағат қорының тақырыптық каталогын құрастыруға қойылатын талаптар.


ІІ нұсқа:

1.Мұрағаттың ақпаратты әдістемелік анықтамасын жасауға қойылатын

талаптар.

2.Реферат жазу.


3. Коллоквиум келесі тақырып бойынша өтеді: ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы мұрағат ісі.

1. Большевиктік партияның мұрағаты.

2. Басқару органдарындағы мұрағат.

3. Тарихи мұрағаттар

4. Облыстық мұрағат ісіндегі өзгерістер

5. Мұрағат құжаттарын пайдалану әдісі



Реферат тақырыптары

Рефератты жазу әдістемесі: Рефераттар даярлау. Реферат деген белгіленген тақырып бойынша ғылыми әдебиеттердегі концепцияларды қысқаша баяндау. Негізгі мәнісі деректерден маңыздыны белгілеп алып,оны қысқаша түрде баяндау.

Рефераттың көлемі 2 интервал арқылы жазылған 8 баспа беттен кем емес және 20 баспа беттен аз емес болуы керек. Рефераттың мәтіні үш бөлімге бөлінеді: кіріспеге, негізгі бөлімге және қорытындыға. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, негізгі мәселенің қысқаша сипаттамасының түйіні, жұмыстың мақсаттары мен міндеттері, пайдаланған түп нұсқа деректердің мәнісін айқындау қажет. Негізгі бөлім бір-бірімен байланысты,тізбектелген


1. Мұрағаттар тоталитаризм режимі аясында.

2.Мұрағат құжаттарын саяси және идеологиялық мақсатта қолдану.

3. Соғыс жылдарындағы мұрағат мекемелері.

4. Республикада мұрағат ісінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.

5. Мұрағаттарды басқару.

6. Мұрағат қорын толықтыру, жүйелеу жұмыстары.



  1. Қазақ КСРның кинофотофоно құжаттарының Орталық мемлекетік

мұрағатында шоғырлануы.

  1. Қазақстан мұрағаттарының жаңашаландыру жолындағы негізгі

проблемалары.

  1. Жекеленген мұрағаттар.

  2. Жекеленген мұрағат қорларын пайдалану әдістері.

  3. А. Байтұрсынов мұрағатына сипаттама беру.

  4. ҚМПИ тарихының мұрағаттық деректері.

  5. Қостанай облыстық мұрағат қоры

  6. Қостанай мұрағаттының пайда болу тарихы.

  7. Қазақстанның Орталық мұрағатының тарихы.

  8. Мұрағат істерін қолдану әдістері.

17.Мұрағат құжаттарын пайдалану әдісі

18.Құжаттар есебі

19.Жекеленген мұрағаттар

20.Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражай тарихы



Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі:

1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

2. Архивное строительство в Казахской ССР (1918-1980). А.1980.

3. Закон Республики Казахстан «О национальном архивном фонде и архивах». А. 22 декабря.1998 г.

4. Р.Сариева. Мұрағат және тарих. «Арыс»,2004.

5. Теория и практика архивного дела в СССР. Учебник.Под редакцией Ф.И.Долгих и К.И. Рудольсона.М.Высшая школа.1980.

6. Система единой классификации документальной информации в систематических каталогах. М.1978.

7. Программа развития архивного дела на 2001-2005 гг. От 11.06.2001.

8. З.Алдамжар. Тарих: пайым мен тағылым. Алматы 2002 ж.

9. Мұрағат құжаттары- халық қазынасы. Материалдар жинағы.Атырау 2005 ж.

10. Государственный архив Костанайской области.Исторический очерк Костанай,2003.

11. Медведев С.А. Архивы Костанайской области.Исторический очерк Костанай,2003.

12. Сергазин Ж.Ф. Основы обеспечения сохранности документов. А. 1986.

13. Т.Ю Юренева. Музееведение: Учебник для высшей школы.- 2 е изд. М: Академический проект .

14.Музееведения. Музеи исторического профиля: Учеб. Пособие для вузов по спец. История – Под ред.К.Г. Левыкина, В. Хербста М. 1988

15.Гнедовский М.Б Анализ музейной сети и проблема классификации музеев // Музейное дело в СССР. Сб. научн. Трудов /ЦМР М.1985

16.Гнедовский М. Б Современные тенденции развития музейной коммуникации // Музеевдение. Сб научн.трудов /ЦМР М. 1989
Қосымша:

1. Алданазарова А. Да, архивы сохранились.Казахстанская правда. 1992,25 июля.

5. Документальные памятники:выявление,учет, использование.М.Высшая школа. 1988.

6. Есенова Ж.. Научная деятельность Оренбургской ученой архивной комиссии: Сб.статей Шехире-Дастан. Костанай.1998.с.132-140.

7. Культурное строительство в Казахстане (1918-1932) т.1. Алма-Ата,1965.

8. Шобухов М.Н. Составление и издание описей документальных материалов в архивах.М.1959.

11. Сандыбаева М.Т. Центральный государственный архив РК. Известия архивов.1993 .№5

12.Қ.Оспанова. «Мұражай ғасырлар зердесі» //Қостанай таңы. 9 маусым.2006ж.



Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы




Пәннің атауы

Ұсынылатын оқу-әдістемелік әдебиет

Кітапханада бары

Қамтамасыз етілу мәселесінің шешілуі.




Қ.Р.Мұрағат және мұражай ісінің теориясы мен практикасы

1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003

Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана

1 экз







2.Р.Сариева Мұрағат және тарих . «Арыс», 2004.

3.Государственный архив Костанайской области.Исторический очерк Костанай,2003.



Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана

1 экз

1 экз






жүктеу 1,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау