Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржылық талдау
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы-экономикалық факультеті
Қаржы кафедрасы
Қаржылық талдау
пәнінен есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған
оқу-әдістемелік кешені
Павлодар
Кереку
2012
ӘОЖ 658(07)
КБЖ 65.053я7
Қ41
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің есеп және аудит кафедрасының отырысында басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
Р. И. Смагулова – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент;
А. Ж. Мусина – экономика ғылымдарының кандидаты.
Құрастырушы: Г. К. Бейсембаева
М54 Қаржылық талдау: есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған пәннің оқу әдістемелік кешені / құраст. : Г. К. Бейсембаева – Павлодар : Кереку, 2012. – 106 б.
«Қаржылық талдау» пәнінен пәннің оқу әдістемелік кешені жұмыс бағдарламасына сәйкес жасалған және өзіндік орындауға арналған есептер мен тапсырмалардың шешу үлгісіне әдістемелік ұсыныстарды қамтиды.
Есеп және аудит мамандықтарының студенттеріне арналған қаржылық талдау қарастырылған.
ӘОЖ 658(07)
КБЖ 65.053я7
© Бейсембаева Г.К., 2012
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012
Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Ұсынылып отырған оқу–әдістемелік кешен «Қаржылық талдау» пәні бойынша «Есеп және аудит», мамандықтарының сырттай оқу түріндегі студенттеріне арналған.
«Қаржылық талдау» қаржылық менеджменттің басты элементі болып табылады және компанияның қаржылық жағдайының ағымдағы бағасын беретін қаржылық көрсеткіштердің өзгеруін зерттейді.
Оқу – әдістемелік кешен студенттерге пәнді игеру үшін қажетті материалдармен толықтырылған. «Қаржылық талдау» пәні бойынша жасалған оқу–әдістемелік кешен студенттен жүйелі түрде жұмыс істеуді талап етеді. Сондықтан әр тақырыпты дәріс сабақтарында зерделегеннен кейін, алған білімін бекіту үшін тақырыптарға қатысты негізгі түсініктер, есептер мен тест тапсырмалары берілген.
«Қаржылық талдау» пәні бойынша оқу әдістемелік құралдың негізігі міндеттері:
- студенттің алған білімін бекіту және тереңдету;
- әдебиетпен дербес жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және бекіту;
- студенттің өз білімін тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру:
- студенттердің мерзімді және шетелдік әдебиеттерімен дербес жұмыс жасауға дағдыларын дарыту;
- шетелдерде қаржылық талдау мәселелерін талдауда өз ойларын нақты, бірізділікпен және экономикалық сауатты баяндай білуге икемдеу;
- компьютермен жұмыс дағдыларын дарыту.
Оқу–әдістемелік кешен «Қаржылық талдау» пәні бойынша «Есеп және аудит», мамандықтарының сырттай оқу түріндегі студенттеріне ғылыми-зерттеу жұмысқа үйретеді және оны жүргізуге тәжірибе алуға көмектеседі. Сонымен бірге студенттің шетелдерде Қаржылық талдауды өздігінен оқып-үйренудің қорытындысы болып табылады.
Оқу–әдістемелік кешен сырттай оқитын студенттердің дербес жұмысының маңызды бөлігі және оларды өздігімен әдебиеттерді, анықтамалық және статистикалық материалдарды табуға және пайдалануға үйретеді. Студенттер оқу–әдістемелік кешенде берілген тапсырмаларды орындау кезінде берілген тақырыптың теориялық негіздерін терең оқып-білуі тиіс.
1 Сырттай оқу формасындағы студенттерге арналған силабус
1.1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараты
Бейсембаева Гульмира Кулхановна –«Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы. Есеп және аудит кафедрасы Ломов көшесі 64 үй,А1 корпусы, 426 аудитория, байланыс телефоны 673643.
1.2 Пән туралы мәліметтер
Қаржылық талдауэкономика мамандығы бойынша оқитын студенттердің барлық пән түрлерін біріктіреді, кәсіпорын экономикасы, бухгалтерлік есеп, кәсіпорында қаржы- шаруашылық субъектінің экономикалық талдауы және т.б.
1.3 Пәннің оқу көлемі
Семестр
|
Кредиттер саны
|
Аудиторлық пәндерінің түрлері бойынша байланыс сағаттар саны
|
Өзіндік жұмысты орындау сағаттар саны
|
Бақылау түрі
|
барлығы
|
Дәр
|
Тәжірибе
|
Зертхан
|
Өзіндік
|
барлығы
|
СӨЖ
|
3
|
2
|
6
|
6
|
|
|
|
|
|
|
4
|
2
|
6
|
|
6
|
|
|
78
|
12
|
емтихан
|
барлығы
|
|
12
|
6
|
6
|
|
|
78
|
12
|
|
1.4 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Бұл оқу пәнін оқытудың негізгі мақсаты – студенттерде әдіснамалық негіздерді қабылдау және тәжірибелік жұмыста керек қаржылық талдаудың тәжірибелік машықтарды алу арқылы аналитикалық, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Пәнді оқу нәтижесінде студент экономикалық ақпаратты оңдеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін меңгеру, шаруашылық субъекттің нақты өндірістік-шаруашылық әрекетін талдап, талдаудың жеке нәтижелерін біріктіріп, тиімді басқару шешімдерді қабылдау мақсатпен сәйкес қорытындыларды шығаруды меңгеру қажет.
Бұл пәнді оқу студенттерге өнеркәсіптің экономикалық және қаржылық параметрлерін аналитикалық зерттеу саласындағы білімді алып дамуға, сонымен бірге басқару шешімдердің экономикалық негіздеудерінің арнайы әдістерін қолдану машықтарын меңгеруге көмектеседі.
1.5 Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет:
- экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін, олардың өзара байланыстары мен тәуелділігін түсіну;
- экономикалық процестерді нақтылап, жүйелеп модельдеуді;
- факторлардың ықпалын анықтауға, жеткен нәтижелерді бағалауға, кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігін көтеру резервтерін айқындауға.
Пәнді оқу нәтижесінде студент осыны істей алу қажет:
ағымды өндірістік әрекеттің түрлі салаларын талқылауға;
- қысқамерзімді және ұзақмерзімді келешектегі шешім қабылдауды объективті негіздеуге;
толық қолданылмаған резервтерді тауып бағалауға.
Студент келесі машықтарды меңгеру қажет:
- шаруашылық субъекттердің әрекетін зерттеу үшін қаржылық талдау әдістерін қолдануға;
кәсіпорынның қаржылық жағдайына маманданған баға беруге;
шаруашылық субъекттер әрекеті тиімділігін көтеру резервтерін табу;
- кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту жөнінде қорытындылар мен ұсыныстарды негіздеуге.
1.6 Пререквизиттер
«Қаржылық талдау» курсын оқу үшін келесі шектес пәндерді оқу қажет: «Бухгалтерлік есеп», «Аудит негіздері», «Статистика», «Кәсіпорын экономикасы», «Корпоративтік қаржы», «Экономикалық-математикалық әдістер».
1.7 Постреквизиттер
«Қаржылық талдау» пәнін оқу барысында алынған білімдер мен машықтар қорытынды мемлекеттік аттестацияға дайындалу қажет.
1.8 Пәннің мазмұны
Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Пәннің атауы
|
Сағат саны
|
Дәрістер
|
Тәжірибелік
Сабақтар
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1 бөлім. Қаржылық талдаудың теориясы
|
1
|
Тақырып 1.1 Қаржылық талдаудың пәні, міндеті және түрлері
|
0,5
|
|
5
|
Кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
2
|
Тақырып 1.2 Қаржылық тәсілдері мен әдістері
|
0,5
|
|
5
|
3
|
Тақырып 1.3 Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету
|
|
|
5
|
2 бөлім. Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы
|
4
|
Тақырып 2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау
|
0,5
|
0,5
|
5
|
5
|
Тақырып 2.2 Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау
|
0,5
|
0,5
|
5
|
6
|
Тақырып 2.3 Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау
|
0,5
|
0,5
|
5
|
7
|
Тақырып 2.4 Меншікті және қарыз капиталды талдау
|
|
|
5
|
8
|
Тақырып 2.5 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
|
0,5
|
0,5
|
5
|
9
|
Тақырып 2.6 Өтімділікті талдау
|
0,5
|
0,5
|
5
|
10
|
Тақырып 2.7 Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау
|
0,5
|
0,5
|
5
|
11
|
Тақырып 2.8 Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау
|
|
|
5
|
12
|
Тақырып 2.9 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау
|
0,5
|
0,5
|
5
|
13
|
Тақырып 2.10 Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдау
|
0,5
|
0,5
|
8
|
14
|
Тақырып 2.11 Қаржы ағымын талдау
|
0,5
|
0,5
|
5
|
15
|
Тақырып 2.12 Әлуетті банкроттықты бағалау
|
0,5
|
0,5
|
5
|
Барлығы
|
6
|
6
|
78
|
1.9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Бұл пәнді оқу студенттерге өнеркәсіптің экономикалық және қаржылық параметрлерін аналитикалық зерттеу саласындағы білімді алып дамуға, сонымен бірге басқару шешімдердің экономикалық негіздеудерінің арнайы әдістерін қолдану машықтарын меңгеруге көмектеседі.
1.10 Курстың компоненттері
1.10.1 Теоретикалық курстың мазмұны
1.10.1.1 Қаржылық талдау теориясы
1-тақырып. Қаржылық талдаудың пәні, міндеті және түрлері
Қаржылық талдаудың ұғымы, оның мазмұны. Талдаудың қалыптасуы мен дамуының тарихи аспектілері. Қаржылық талдаудың міндеттері. Талдау түрлері. Қаржылық есеп талдауының шетелдік тәжірибесі.
2-тақырып. Қаржылық тәсілдері мен әдістері
Қаржылық талдау әдісінің мәні. Қаржылық есепті талдаудың әдістері мен тәсілдерінің классификациясы. Көлбеу бағыттағы талдау. Тік бағыттағы талдау. Трендтік талдау. Салыстырмалы талдау. Факторлық талдау. Қаржы коэффициенттерінің әдісі.
3-тақырып. Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету
Қаржылық талдаудың ұйымдасуы мен ақпараттық қамтамасыз ету. Қаржылық талдауды ұйымдастырудың негізгі принциптері. Талдау объектілері мен субъектілерін, ұйымдастыру түрлерін таңдау, оларды зерттеу және жеке қызмет арасында міндеттерді үлестіру. Талдауды ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету.
ҚЕХС-ға сәйкес қаржылық есептің түрлерін классификациялау. Бухгалтерлік балансты, табыс пен шығыс есебін және ақша жылжуы туралы есепті құрастыру ерекшеліктері.
1.10.1.2. Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы
1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдауының мәні мен мазмұны. Экспресс-талдаудың мақсаттары мен міндеттері. Экспресс-талдауды өткізу кезеңдері. Экспресс-талдауды өткізу үшін мәліметтер көзі.
2-тақырып. Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау
Бухгалтерлік баланс және оның құрамдық бөлімдері. Бухгалтерлік баланс активтері және олардың классификациясы. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы. Баланс активтерін талдау. Дебиторлық қарызды талдау.
3-тақырып. Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау
Баланс активтері қалыптасу көздерінің классификациясы. Баланс пассивінің құрамы мен құрылымы. Кәсіпорынның меншікті капиталы және оның қалыптасуы. Тартылған капиталды талдау. Несиелік қарызды талдау. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын мінездейтін көрсеткіштер.
4-тақырып. Меншікті және қарыз капиталды талдау
Кәсіпорынның меншікті капиталы, оның қалыптасуы мен толықтыру көздері ұғымы. Меншікті айналым капиталын талдау міндеттері. Меншікті капиталды пайдалану тиімділігін мінездейтін көрсеткіштер.
Қарыз капиталының құрамы, құрылымы және динамикасын талдау.
5-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы ұғымы. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы ұғымы және мәні. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар және олардың классификациясы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері.
6-тақырып. Өтімділікті талдау
Өтімділік және өтімділік құралдарының ұғымы. Өтімділік деңгейі бойынша баланс активтерін классификациялау. Төлемдік жеделдігі бойынша баланс пассивтерін топтау. Баланс өтімділігі. Өтімділік коэфиициенттер.
7-тақырып. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілетін анықтау. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау. Ағымды, болашақты, абсолютты төлем қабілеті. Өтімділік пен төлем қабілетінің өзара байланысы.
8-тақырып. Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау
Банктік несиелендірудің мәні. Несиелендіру принциптері. Несиелендіру объектілері мен түрлері. Несие беру шарттары. Кәсіпорынның кредит қабілетін талдаудың негізгі міндеттері. Несиелендіру шарттарының талдауы. Шаруашылық субъекттің кредит қабілетін бағалау әдістері.
9-тақырып. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау
Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорынның белсенділігі. Кәсіпорынның іскер белсенділігінің көрсеткіштері (активтердің, негізгі қаражаттардың, ағымды активтер жалпы айналымдарының, материалдық айналым қаражаттарының, дайын өнімнің, ақшалай қаражаттың, инвестицияланған капиталдың және т.б. айналымдарының коэффициенттері), оларды есептеу мен талдау.
10-тақырып. Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдау
Табыс ұғымы, оларды классификациялау. Нарық экономикасы жағдайындағы табыстың маңызы және ролі. Табыс функциялары. Кәсіпорын табыстылығын талдау маңызы.
Табыстықтың абсолюттік көрсеткіштері және олардың қалыптасуы. Кәсіпорын табысының құрамы мен құрылымы. Кәсіпорын табысына ықпал ететін факторлар.
Кәсіпорын табыстарының салыстырмалы көрсеткіштері. Жалпы активтердің табыстылығы. Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) табыстылығы. Ақшалай қаражаттың таза ағылымы негізінде саналған табыстылық көрсеткіштері.
11-тақырып. Қаржы ағымын талдау
Кәсіпорынның ақшалай ресурстарының ұғымы және олардың құрамы. Операциялық, қаржылық және инвестициялық істерден келген ақшалай қаражаттардың кіруі мен жұмсалуы. Ақшалай қаражат жылжуын тура және жанама талдау.
12-тақырып. Әлуетті банкроттықты бағалау
Тәуекелдік ұғымы. Тәуекелдік түрлері (өнеркәсіптік, коммерциялық, қаржылық, жүйелік, жүйесіз және т.б.). Тәуекелдіктің негізгі салалары. Тәуекелдікті санды талдау. Тәуекелдікті сапалы талдауды өткізу ерекшеліктері.
Банкроттықтың мәні. Кәсіпорын дәрменсіздігінің себептері: объективтік және субъективтік. Банкроттық жағдайды реттеудің құқықтық механизмі және оның негізгі элементтері. Қаржылық жағдайды болжау. Кредит қабілетінің индексі. Банкроттықты болжаудың көпфакторлық модельдері. Банкроттықтың формальды және формальды емес белгілерінің жүйесі. Төлем қабілетін болжау. Қаржы ағымын талдау. Банкроттық тәуекелдігінің диагностикасы және кәсіпорынның қаржылай жақсарту жолдары.
1.10.2 Тәжірибелік жұмыстардың тізімі мен мазмұны
1.10.2.1 Қаржылық талдаудың теориясы
1-тақырып. Қаржылық талдаудың пәні, міндеті және түрлері
Қаржылық талдаудың ұғымы, оның мазмұны. Талдаудың қалыптасуы мен дамуының тарихи аспектілері. Қаржылық талдаудың міндеттері. Талдау түрлері. Қаржылық есеп талдауының шетелдік тәжірибесі.
2-тақырып. Қаржылық тәсілдері мен әдістері
Осындай қолдану әдістерді меңгеру:
- негізгі статистикалық әдістерді: топтастыру, салыстырмалы мөлшер, индекстер;
экономикалық талдауды: салыстыру, элиминациялау;
қаржылық талдауды: баланстық байлау, тік және көлбеу бағыттағы талдау.
3-тақырып. Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету
Қаржылық есептің түрлерімен және қаржылық коэффициенттер жүйесімен, қаржылық есепті құрастыруға қойылатын негізгі талаптармен танысу.
1.10.2.2 Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы
1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау
Қаржылық есепті тексерудің аналитикалық процедураларын өткізу.
2-тақырып. Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау
Баланстың ұзақмерзімді активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау. Кәсіпорынның қысқамерзімді активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау.
3-тақырып. Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау
Баланс активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау. Қаржылық коэффициенттерді есептеу: тәуелсіздігін, меншіктігін, тәуелдігін және т.б.
4-тақырып. Меншікті және несиелік капиталды талдау
Меншікті және несиелік капиталды пайдалануды талдау. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың байланысын зерттеу. ТМШ қамтамасыз ету абсолюттік көрсеткіштерін және оларды қалыптастыру көздерінің шығынын есептеу.
5-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін есептеу.
6-тақырып. Өтімділікті талдау
Баланс активтерін өтімділік деңгейімен және пассивтерді төлемдік жеделдігімен топтастыру. Баланс өтімділігін комплекстік бағалау, абсолюттік, аралық және жалпы өтімділік коэффициентін есептеу.
7-тақырып. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау
Ақшалай қаражаттардың толықтығы, капитализациясы және төлем қабілеті коэффициенттерін, өтеудің (абсолюттік және ағымды өтімділік) аралық және жалпы коэффициенттерін есептеу. Кәсіпорынның төлем қабілеті өзгеруіне ықпал тигізетін негізгі факторлар деңгейін бағалау.
8-тақырып. Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау
Банк-кредитор және кәсіпорын-несие алушы жақтарынан кәсіпорын кредит қабілетін бағалау.
9-тақырып. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін мінездейтін көрсеткіштерді есептеу. Қысқа мерзімді активтерді пайдалану тиімділігін талдау.
10-тақырып. Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдау
Жалпы және таза пайданың абсолюттік мөлшерін анықтау, табыстықтың салыстырмалы көрсеткіштерін есептеу, кәсіпорын табыстығы деңгейіне әсерін тигізетін негізгі факторлар деңгейін анықтау.
Өндірістің ауыспалы көлемін, өткізуден табыстен ауыспалы мөлшерін, тұрақты шығындардың ауыспалы деңгейін, өткізудің ауыспалы бағасын, маржиналдық табыстің минималдық деңгейін есептеу. Өндірістің, түсімнің, шығын мен табыс көлемдер көрсеткіштерінің өзара байланысын графикалық құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |