Жай серіктестік - ортақ үлес-
тік меншік негізінде жүзеге асы
рылатын кәсіпкерлік нысаны.
Жалақы - қызметкердің біл-
іктілігіне, орындалатын жұмыстың
күрделілігіне, санына, сапасьша жэ
не жағдайына байланысты еңбек
үшін төленетін сыйақы.
Жарғы - шаруашылық жүр-
гізуші субъектінің мақсатын, бейі-
нін жэне міндетін, оның қызмет
саласын, басқару жэне бақылау ор-
ганын, мүлкінің қүрылу тэртібін,
пайданы бөлуді және өзге де жағ-
дайларды анықтайтын құжат.
Жарғылық капитал - жа-
ңадан
қүрылған
кәсіпорынның
(үйымның, мекеменің) өз қыз-
метін бастау үшін қажетті ақша
салымдарының сомасы. Ол құрыл-
тайшылардың салымдарының (үл-
естерінің, акцияларының, жарна-
ларының) жиынтығынан кұрала-
ды.