ҚР діннің қоғамдағы рөлі мен алатын орны



жүктеу 16,95 Kb.
Дата22.04.2020
өлшемі16,95 Kb.
#29923
діннің қоғамдағы рөлі социология


ҚР діннің қоғамдағы рөлі мен алатын орны.

Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет болғандықтан, елімізде түрлі діндерді ұстанушыларда көп. Сондықтанда Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады. Зайырлы деп отырғанымыз - дін мемлекеттен босатылған. Яғни дін мелекеттен бөлек, ажыратылған күйде болады. Сонымен қатар зайырлы мемлекетте үкімет басшылығы дін істеріне араласа алмайды. Республика зайырлы мемлекет болсада, елімізде ислам діні басым болып келеді. Көрші отырған түрік елдерінің де мелекеттік діндері ислам болып табылады. Сол себепті көршілірмен деген қарым-қатынас өте жақсы. Көрші отырған елдердің діндес болуы да ҚР-ның шекарасының бейбіт болуына әкеліп соқтырады. Яғни Қазақстан Республикасының негізгі діні ретінде Ислам діні болып табылады.

Ислам рух дене арқылы жетілген, көзі ашық, саналы, адамгершілікті және тәрбиелі қоғамның қалыптасуын қалайды. Ал осындай бір қоғамның бұл дүниеде және ақыретте бақытты болуын қамтамасыз ететін болса, оның соңғы мақсаты.Ислам жеке тұлға және қоғамның құтқарушы хабары болып табылады. Ақыл-ес және аңыздық дәлелдерге негізделген иман, кең пейілді Аллаға жасалған ғибадаттар арқылы адам жүрегін және ойларын жамандықтардан тазартып, қоғамға да бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру мүмкіндігін ұсынады.

Ислам ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырады. Ақыл мен ғылым негіздеріне сүйенеді. Ислам – жүйелі және әлемдік өркениет діні. Жұмыс істеп, табысқа қол жеткізуді бұйырады. Басқарудың халық еншісіндегі нәрсе екендігіне сүйенеді, ал үкімет халық егемендігінің өкілі болып саналады. Бұл тұрғыдан алғанда заңдар барлығы үшін бірдей тең түрде жүзеге асырылады. Қоғамдық өмірде көмек беруге және қолдау көрсетуге, әділеттілікке және кеңес беруге мән беріледі.Ислам – түсінуге жеңіл дін. Сенім, ғибадат және мораль негіздері бойынша да қарапайым және жалпыға бірдей. Мұсылман болуды, Алланың бар екендігін және жалғыз екендігін растау негізіне сүйенеді. Алланың бар және жалғыз екендігіне иман еткен, хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын қабылдаған, оны растайтын әрбір адам «Мұсылман» сипатына ие болады.

Қазақстан Республикасының Дін Басқармасының бұрынғы Төрағасы және Бас мүфти Әбдісаттар Дербісәлі Иман журналында  жарияланған  «Дінді сату – Отанды сату» атты мақаласында осы жағдайға байланысты былай Ислам басқа діндерге және олардың өкілдеріне кешірімді болып, түсінікпен қарауды бұйырады. Қазақстан әр түрлі діндер мен мазхап өкілдері тәуелсіз және кешірімді ортада өмір сүруде.дейді:

Абай атамыз айтқандай: «Адамды – адам ететін де иман, Сұлтан ететін де иман», «Рухани байлық – бақытқа жеткізеді» – демекші, дін ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырады. Жұмыс істеп, табысқа қол жеткізуді бұйырады. Басқарудың халық еншісіндегі нәрсе екендігіне сүйенеді, ал үкімет халық егемендігінің өкілі болып саналады. Бұл тұрғыдан алғанда заңдар барлығы үшін бірдей тең түрде жүзеге асырылады. Қоғамдық өмірде көмек беруге және қолдау көрсетуге, әділеттілікке және кеңес беруге мән беріледі.

Қазіргі кезде жаңартылған əлеуметтік қоғам дамуындағы жеке адамның қалыптасуы, рухани мəдениеттің артуындағы Қазақстандағы діннің бүгінгі жағдайы орасан зор рөл атқарады. Рухани мəдениет — бұл ескіден қалған тарихи мұра, ол қазіргі кездегі қоршаған өмірге, адамгершілікке, тəрбиелікке, бірігіп қимыл жасауға Қазақстандағы діннің шарттарын үйренуге жəне өркендеудегі əлеуметтік мұра ретінде қарастырылады.

Діннің жағдайы қоғам дамуына тікелей қатынасы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекеленген елдердегі діни сана- сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттың жəне мəдени біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр», — дейді.Расындада бүгінгі күні дінге деген адамдардың көзқарасының сенімдерінің өзіндік ерекшелігі байқалады. Діннің жағдайы бүгінгі күнгі əрбір адамға таныс. Діни тұжырым барлық діни-ғұламалық жəне діни-философиялық əдебиеттерде қарастырылған. Оның негізгі мəні діннің құдіретті күшінен туындап отырғандығы «Адамның бойында бір күш бар. Ол күшті жақсыға да, жаманға да қолдануға болады. Оны Алла тек қана жақсылыққа қолдануын қолдайды» .

Бұл пікірдің мағынасы, барлық нəрсе Алланың тағдыры мен қазасы бойынша жүзеге асады. Əрине, адам өз өмірін жүйелі түрде реттей алады. Ал тағдырына иелік ете алмайды. Өмірдің өзі мəдениеттің біртұтастылығына байланысты дамиды. Адам осы мəдениетте өз өмірінің ең қуанышты да, ең қайғылы сəттерінің белестерімен өсіп өркендейді. Осы сəтте оның тағдырының əр түрлі əсерлері белен алады. Осы белестерінде адамның танымдық жəне сезімдік ой өрістері дамып, дінге жəне қоршаған ортаға көзқарастары қалыптасады. Бүгінгі қоғамдағы дін өз ерекшеліктеріне қарай объективті қоғамдық болмысты бейнелейді. Құдай — күш иесі, Құдай жолындағы негізгі əрекет — ол құлшылық. Біздің Құдай қуат иесі ғана емес, ол рақым қылушы. Өмірде қиянатың болса, онда сенің иманың жоқ. Діндегі ең басты құндылықтардың бірі — сенім. Діни құбылыстардың барлығы адам сенімінің нəтижесінде жүзеге асады. «Сенім» ұғымының дінде алатын орны зор. Дінде сенім болмаса дін де жоққа шығады. Адамды тəрбиелеуде оның адамдық негізін қалыптастыруға діннің ықпалы зор. Мысалы, көптеген ойшылдар əрбір ісіңді Алла қарап тұрғандай жаса деп таныған. Егер біз əрбір ісімізді  Алла  қарап  тұрғандай  жасасақ,  адам  бойындағы  орынсыз  əрекеттер,  жаман  əрекетке аяқ баспаушы еді. Адамның бойындағы жаман əрекеттердің тууы — өзінің жаратушысын ұмытуы. Сондықтан қоғам өмірінде ерекше орын алатын құбылыс — ол дін.

Қазақстандағы діни көріністі былай деп түсіндіруге болады. Сіз сұрап отырған дүниетанымдық және реттегіш функция екеуі де бізде қазір жоқ. Діннің ең үлкен күші - халықты ұйымдастыру қабілеті. Пайғамбарымыз (с.а.у.) көшіп жүрген арабтарды ислам діні арқылы ұйымдастырды. Соның арқасында ислам өркениеті пайда болды. Қазіргі кездегі мұсылмандардың ислам жөніндегі түсініктері, Құран түскен ғасырдан кейінгі ғасырларда әр түрлі діндер мен нанымдардың ортасы болған көне Жібек жолында қалыптаскан діни синкретизм мен тұрмыстық дүниетанымнан аса алмай жатыр. Сондықтан, біз тәуелсіз мемлекетімізді нығайту үшін, Қазақстан халқының басын қосу, оның ішіңде қазақ деген халықтың басын қосып, халықты кереметтей ұйымдастыру үшін Құран мен адамдардың арасындағы кедергілерді алып тастауымыз ләзім. Мұсылмандар ең алдымен Құранды дұрыс түсінуі керек. Құранды зерттеу керек. Құранмен қарама-қайшылыққа келетін исламға жат, нахақ сенімдерді ислами емес деп тануымыз керек. Ол, мүмкін әдет болар, салт болар, Кеңес дәуірінде келіп қосылған болар. Оларды тарихымызда орын алған шындықтар деп мойындайық. Мәдениет эволюциясы ішінде өз орнын алып тұрған ұрпақ ретінде мәселелерді ақылға салуымыз керек.

Дінде адамдардың біреуі тіл мұсылман болып келсе, екіншілері дін мұсылман болады. Тіл мұсылман діни қағидаларды тек қана ауызбен айтып, оны нақты іс-əрекетпен көрсетпейді. Ал дін мұсылман діни қағидаларды нақты өзінің іс-əрекет арқылы көрсетіп жүрегімен, шын ниетпен діни қағидаларды орындайды. Сондықтан дінде құр сөзбен əрекет ету — ол дінге қайшы іс-əрекет, адам шын жүрекпен, адал ниетімен діни қағидаларға жүгінуі шарт. Адамдар бұл ғұмырдың өткінші екендігін ұмытып, кейде бір ғана берілген ғұмырын орынсыз əрекетпен, түкке тұрғысыз іспен айналысып жатады. Ал адам тек қана биологиялық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгендігін қанағат етіп, соны ғана місе тұтса мына қоғамымыз дамымаған болар еді. Адамдарды мəңгілікке жетелейтін оның мынау жалғанда рухани өмірі емес пе? Егер адам тойынған өмірін болдым, толдым деп біліп тек соны жасағанға қанағат етсе, мына қоғамда ешқандай құбылыстар дамымаған болушы еді. Рухани өмір адамды мəңгіліктің аясына жетелейтін, өзі өлсе де артына өлмейтін із қалдыратын, адамдық негізге аяқ бастыратын ерекше бір құбылыс. Адам басқа тірі жандылардан өзгешелендіретін оның ақыл-ойы. Егер адамда ақыл-ой құндылықтарын жоққа шығарсақ, адамның хайуаннан еш айырмашылығы болмаушы еді. Сондықтан адамзат өмірдің өткінші екендігін сезіне отырып, бұл ғұмырдың қайтіп келмейтіндігін біле отырып, тек қана өзінің адамдық болмысына сай өмір сүру. Алла Тағаланы адамзат ең бірінші өзінің жүрегінде ұстау қажет, көбіне адамды құртатын біз Алланы көктен іздейміз. Алла адамзаттың жүрегінде, сенің жүрегіңнен шыққан адамгершілік, сенің жүрегінен шыққан адамдық — ол Алланың ісі.



Адамзат ерте заманнан бері ата-бабаларымыз өмір сүріп келе жатыр, сол заманнан бері адамдар өз өмір сүріп отырған ортасына қарай дінге əр түрлі пікірлер айтып келеді. Діннің құдіреттілігі — ол адамның өзін осы дүниеге əкелген жаратушысын тану, өзін-өзі тану.Алла Тағала адамдарды жер бетіне сынау үшін жіберген соң, адам осы жер бетінде жасаған əрекеттері үшін күндердің бір күнінде сынға түспек. Тексерілмей қоймайсын бір иең бар деп тегіннен-тегін айтылмаса керек. Адамды тəрбиелеп, оны орынды əрекеттерге аяқ бастырып, өзін тануға, өзінің жақынын тануға, тіптен өзгені өзіндей сезінуге ерекше əсер беретін — ол дін. Сондықтан адам діннің құдіреттілігін бағалай білуі шарт. Қоғамдық дамуда діннің кері əсері жоқ, керісінше, адамдарға адамшылдық қасиеттердің қалыптасуына ерекше мүмкіндік беретін құбылыс.
жүктеу 16,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау