ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша



жүктеу 0,59 Mb.
бет4/4
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12751
1   2   3   4
Азаматтың дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауы кезінде жылына бір реттен жиі емес;

  • Жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін халықты МСАК ұйымына тіркеу бойынша өткізілетін кампания кезінде.

    Егер пациент басқа өңірлерге жүгінсе, бірақ басқа өңірде тіркелсе, оған тек шұғыл көмек көрсетіледі.

    Сонымен қатар, тіркелмеген азаматқа медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдардың арасында өзара есеп айырысуды іске асыру жоспарлануда.





    ММ меншік нысаны бар медициналық ұйымдар қалай қаржыландырылады және шаруашылық жүргізу құқығына (ШЖҚ) ауысу қажеттілігі бар ма?


    Медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы ұйым – мемлекеттік мекеме үшін жүзеге асырылуы мүмкін емес. Осыған байланысты ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту қажеттілігі бар.

    Сонымен қатар, медициналық ұйымдарды ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға - ШЖҚ-дағы мемлекеттік кәсіпорындарға ауысуы медициналық ұйымдарда басқару мен менеджменттің жаңа корпоративтік тәсілдерін енгізуді ынталандыруға көмектеседі (дербестікті дамыту).






    Егер жергілікті пациенттер өз қалауы бойынша Алматы қаласының медициналық ұйымдарын таңдаса, онда аудандық ауруханалармен не болады?


    МӘМС жүйесі кезінде қолданыстағы медициналық ұйымдарды ерікті таңдау тетігі және «сапалы емге қомақты қаржы» принципі сақталады. Бұл жағдайда, Алматы қаласында көмек көрсетілетін пациенттер үшін Қор көмек көрсеткен медициналық ұйымға төлем жүргізеді. Сондай-ақ, ұсынылатын қызметтер көлемінің өзгерістеріне байланысты шарттың құнын көбейту немесе азайту тетігі көзделген. Аудандық ауруханалар тек осы мекемеде медициналық көмек алған сақтандырылған адамдарға ғана төлем алады.





    Медициналық жабдықтарды қалай және кім сатып алады және бөледі?


    МӘМС енгізумен тарифтер қайта қаралады. Құрамына, негізгі қордың жаңаруына жұмсалатын шығыстар, яғни амортизациялық салымдар кезең бойынша енгізіледі. Медициналық техниканы сатып алу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, медициналық ұйым 5 млн. теңгеге дейін қажетті медициналық жабдықты өз бетінше сатып ала алады, құны 5 млн.теңгеден 100 млн.теңгеге дейін медициналық жабдықты «Қазмедтех» АҚ арқылы лизингіге сатып алуға болады (лизинг төлемдерін өтеумен), ал 100 млн-нан астам теңгеге сатып алулар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бір орталықтан жүзеге асырылады. Одан басқа, медициналық жабдықтарды жеткізушілерден медициналық жабдықтарды жалға алу көзделуде.




    МӘМС жағдайында медициналық көмектің көлемі қалай жоспарланады?


    МӘМС жағдайында медициналық қызметтердің көлемін жоспарлау, халықтың медициналық көмек түрлеріне деген қажеттіліктерінің негізінде, МӘСҚ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, демографиялық болжамдар және макроэкономикалық модельдер қолданылады, ҚР стратегиялық құжаттарының артықшылықтары және Қордың қаржылық мүмкіндіктері ескеріледі.




    Сақтандыру жағдайының құны қалай өтеледі? КШТ бойынша ма, әлде нақты шығыстар бойынша ма?


    Медициналық қызметтерді жеткізушілерге бәсекелестік ортаны құруға бағыттықты және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, МӘМС жағдайында медициналық қызметтерді төлеудің қолданыстағы тәсілдерін, оның ішінде стационарлық қызметтерді төлеу тәсілін одан әрі жетілдіру.

    Ынталандырушы компонентімен қоса, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі амбулаториялық деңгейде дамытылады, пациенттердің ықыласында медициналық қызметтердің кешенділігі мен мұрагерлігін қамтамасыз ету үшін қызметтердің аралас тарифтерін қалыптастыру үйретіледі;

    – Стационарлық деңгейде, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығындық топтардың негізінде тарифтері жетілдірілетін болады;

    – Сондай-ақ, ауруларды басқарудың енгізілетін тұжырымдамасы шеңберінде, кейбір жағдайларда медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейі біріктірілген тарифтер қарастырылады: МСАК-тан стационарлық емдеуге және одан кейінгі оңалтуға дейін, әсіресе, қымбат тұратын диагностика және емдеу технологиясын қолдану жағдайларында.






    1996-1998 жылдардағы ММСҚ-ның сәтсіз жұмыс тәжірибесі біздің есімізде. Осындай жағдай қазір де қайталанбайтынына кепілдік бар ма?


    Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өз жағымды және жағымсыз жақтары бар.

    1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар.

    Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің барлық ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады.

    Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы мектепке дейінгі балалар мекемелерін жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін сезіледі.

    Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық шындықтар ағымдағы жағдаймен салыстыруға келмейді.

    20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, олардың көбісі банкротқа ұшыраған, еңбекақы бойынша үлкен қарыздар жинаған. Экономикалық дағдарыс жаппай, оның ішінде медициналық сақтандыру қорына төлемеудің негізгі себебі болды.

    Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз етуге қаратылған жергілікті атқарушы органдардың да қиын жағдайға тап болғанына байланысты күшейе түсті.

    Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейміз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд.теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд. теңге аударады. Белсенді емес халық үшін МӘСҚ-қа салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн.

    Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.




    ҚР-да жұмыс істейтін шетелдіктерге, еңбекші мигранттарға медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі?


    «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттемелерді атқарады. Еңбекші мигранттарға медициналық көмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Егер мұндай келісімдер болмаса, онда еңбекші мигранттар ЕМС шеңберінде және ортаға қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмек алады.



    Патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер МӘСҚ-қа жарналарды қалай төлейді?

    Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын ЖК жарналарды санауды және төлеуді өз бетінше, Қор шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы қаражатты тікелей аудару жолымен, патенттің құнын төлеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы қарастыратын мерзімде жүзеге асырады.

    Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын ЖК-ның жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден 2%, 2018 жылғы 1 қаңтардан – 3%, 2019 жылғы 1 қаңтардан – 5% және 2020 жылғы 1 қаңтардан – 7% кәсіпорын табысынан құрайды (аударымдар және (немесе) жарналарды санау үшін қабылданатын ай сайынғы табыс, тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен орнатылған минималды еңбекақы төлемінің он бес есесінен аспауға тиіс).





    Әлеуметтік-мәні бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады?

    Әлеуметтік-мәні бар ауруларға мыналар жатады: туберкулез, АИТВ және АИТВ тасушысынан туындаған ауру, В, С вирустық гепатиті, қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық бұзылу және мінез-құлықтың бұзылуы, балалардың церебралдық параличі, миокард инфаркті (алғашқы алты ай), ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелік зақымдалуы, орталық нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенерациялық аурулары, орталық нерв жүйенің демиелиндену аурулары.

    Сондай-ақ, айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар санаты бар. Оларға жататындар: АИТВ және АИТВ тасушысынан туындаған аурулар, Конго-Крым геморрагиялық қызбасы, дифтерия, менингококтық инфекция, полиомиелит, жыныстық жолымен берілетін инфекциялар, алапес, безгек, күйдіргі (жеңіл түрі), туберкулез, тырысқақ, оба, іш сүзегі, вирустық гепатит, психикалық бұзылу және мінез-құлықтың бұзылуы.



    Әлеуметтік-мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға медициналық ұйымдардағы медициналық көмек ТМККК шеңберінде көрсетіледі.


    жүктеу 0,59 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау