Пунктуациясы



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет63/173
Дата21.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34411
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   173
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0 (1)

Талаптың пайдасы 
Орыстың  патшасы  Ұлы  Петр  деген  кісінің  бір  күні  шіркеуде 
тұрғанда,  көп  адамның  артқы  жағында  үңіліп  патшаға  қарап, 
бөркімен қалқалап қана  бір нәрсені сызып тұрған балаға  көзі түседі. 
Мұнымен  бөтен  кісінің  ісі  жоқ,  жалғыз-ақ  ақылы  кемел  патша  сол 
бала  екеш  балаға  да  көзін  салып  тұрған  екен.  Шіркеуден  шығарда, 
жұрт  екі  жарылып,  Петрге  жол  беріпті,  сонда  Петр  тұп-тұра  манағы 
балаға  барады.  Бала  қолындағы  сызумен  алданып  тұрып,  тіпті 
Петрдің  келгенін  байқамай  да  қалыпты.  Сонда  жұмсақ  шыраймен 
Петр сұрады: 
– Не қылып тұрсың? 
– Сіздің суретіңізді салып алайын деп едім. 
– Оны не қыласың? 
– Даңқтысыз, дабылыңыз жер жүзіне жайылған кісісіз, суретіңізді 
сызып алмақшы едім. 
– Кәне, көрсетші сызғаныңды. 
Сол  уақытқа  дейін  қорықпай  жауап  беріп  тұрған  бала 
сызғаныңды  көрсет  дегенде  қысылайын  депті.  Сүйтсе  де  сызған 
қағазын әдеппен Петрдің қолына беріпті. 
Қараса, сурет реуішті де емес, әйтеуір өз білімінше сызған сызық, 
бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін. 
Солай  да  болса  Ұлы  Петр  баланың  талапты,  зерек  екенін 
аңғарып,  оқуға  бергізіп,  ақырында  сол  бала  бүкіл  орыс  жұртына 
даңқы шыққан... суретші болған. 
(Ы.Алтынсарин) 


 
65 
 
ІІ.  Егер  де  мал  керек  болса,  қолөнер  үйренбек  керек.  Мал 
жұтайды,  өнер  жұтамайды.  Алдау  қоспай  адал  еңбегін  сатқан 
қолөнерлі  –  қазақтың әулиесі  сол. Бірақ Құдай  тағала қолына  аз-маз 
өнер берген қазақтың кеселдері болды. 
Әуелі – бұл ісімді, ол ісімнен асырайын деп, арық ісмерлер іздеп, 
жүріп,  көріп,  біраз  істес  болып,  өнеге  арттырайын  деп,  түзден  өнер 
іздемейді. Қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы 
қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады. 
Екінші – ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара табылса, малға 
бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншек, 
салдау, салғырт, кербездікке салынады. 
Үшінші  –  «дарқансың  ғой,  өнерлісің  ғой,  шырағым»,  немесе 
«ағеке,  нең  кетеді,  осы  ғанамды  істеп  бер!»  дегенде  «маған  да  біреу 
жалынарлыққа  жеткен  екенмін»  деп  мақтанып  кетіп,  пайдасыз 
алдауға,  қу  тілге  алданып,  өзінің  уақытын  өткізеді.  Және  анаған 
дүниенің  қызығы  алдауды  білген  дегізіп,  көңілін  де  мақтандырып 
кетеді. 
Төртінші  –  тамыршылдау  келеді.  Бағанағы  алдамшы  шайтан 
тамыр  болалық  деп,  бір  болымсыз  нәрсені  берген  болып,  артынан 
үйтемін-бүйтемін,  қарық  қыламын  дегенге  мәз  болып,  тамырым, 
досым  десе,  мен  де  керектінің  бірі  болып  қалыппын  ғой  деп  және 
жасынан  іс  істеп,  үйден  шықпағандық  қылып,  жоқ-барға  тырысып, 
алдағанды  білмей,  дереу  оның  жетпегенін  жеткіземін  деп,  тіпті 
жетпесе, өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні 
өтіп  еңбек  қылар  уақытынан  айырылып,  «жоғары  шыққа»  қарық 
болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні 
біреудің  малын  бұлдап  қарызға  алады.  Оны  қылып  берейін,  мұны 
қылып  берейін  деп,  сонымен  табысы  құралмай,  борыш  асып,  дауға 
айналып,  адамшылықтан  айырылып,  қор  болып  кетеді.  Осы  несі 
екен? Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге 
алдатқыш болатындығы қалай? 
(Абай «Отыз үшінші қара сөзі») 
 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   173




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау