Пунктуациясы



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет110/173
Дата21.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34411
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   173
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0 (1)

196-жаттығу.
  Мәтіндердің  тиісті  жеріне  үтірді  қойып,  көшіріңіздер. 
Бірыңғай  мүшелерді  табыңыздар.  Асты  сызылған  сөздердің  мағынасын 
түсіндірме сөздіктен тауып жазыңыздар. 
І.  Ішік  –  сыпайы  әрі  сәнді  әрі  жылы  киім.  Мұның  сыртын  берік 
матадан  ішін  аң  мал  терілерінен  құрайды.  Жағасы  тік  сәндік  үшін 
жағасынан бастап өңірі етегіне дейін теріден жұрыңдайды. Ішік ұзын 
әрі мол пішіліп тігіледі. Ішіне салынған терісіне қарай ол 
күзен ішік 
қасқыр  ішік  бұлғын  ішік  түлкі  ішік  қарсақ  ішік  зорман  ішік  пұшпақ 
ішік суыр ішік сеңсең ішік жанат ішік 
деп аталғанымен көбінесе бір 
үлгіде тігіледі. Бұлардың ішінде сирек кездесетіні бота терісінен жүні 
ішіне  қаратылып  тігілетін 
бота  ішік
.  Басқа  ішікке  қарағанда  жылы 
болады. 
Ішікті  еркектер  де  әйелдер  де  кие  береді.  Әйелдерге  әсіресе 
жастарға арналған ішіктер әшекейленіп түрлі ою кестелер салынып та 
тігіледі. Сеңсең ішік марқа қозының терісінен (сеңсеңінен) тігіледі. 
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында ішіктің алатын 
өзіндік ерекше тәлім-тәрбие мен құқықтық ережелері де бар. Мысалы 
қасқыр  ішікті  жиырма  беске  толмаған  жастарға  киюге  болмайды. 
Себебі  жастық  жалыны  мен  тері  қызуы  жігіттің  күшін  қайтарады 
немесе  ауруға  ұшыратады.  Сол  сияқты  екі  адам  боранды  күнде 
адасып  қасқыр  ішікті  адамның  жанындағы  кісі  үсіп  өлсе  онда  өлген 
кісінің  туыс-туғандары  қасқыр  ішікті  кісіден  құн  даулауға  хақысы 


 
125 
бар. Өйткені бір қасқыр ішік екі адамды суыққа бермейді. Дала заңы 
осылай. 
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
 
ІІ. Сөк – қазақ халқының ертеден дайындап ішіп-жеп келе жатқан 
тағамының  бірі.  Ол  тарыдан  жасалады.  Ақталмаған  тарыны 
қара 
тары
  дейді.  Бұдан  сөк  дайындау  үшін  қара  тарыны  әбден  тазалап 
үлкен қазанға су құйып қайнатады. Қауызы ашыла бастағанда тарыны 
қайта  алып  шыптаға  салып  сүзеді.  Оны  кептірмей  қазанға  салып 
қуырып  былғауышпен  күйдірмей  араластырып  отырады.  Ұстауға 
ыңғайлы  бір  жақ  басына  шүберек  оралған  ағашты 
былғауыш
  дейді. 
Қуырылған  тары  піседі.  Оны  ыдысқа  салып  алады  да  түйеді.  Түюге 
келі  мен  келсап  пайдаланылады.  Қуырылған  тары  осыған  құйылады 
да  оны  келсаппен  соғады.  Түйілген  тарының  қауызы  уатылып 
ішіндегі  дәні  бөлінеді.  Мұны 
тары  түю
  дейді.  Осы  кезде  оны 
қайтадан  қотарып  алып  қауызын  (кебегін)  ұшырады.  Мұны 
қаралау
 
дейді.  Қаралап  болғаннан  кейін  оны  қайтадан  келіге  салып  түйеді. 
Мұны 
ақтау
  дейді.  Ақталғаннан  кейін  оны 
сөк
  деп  атайды.  Сөктен 
түрлі 
талқан  жарма  тары  көже  сүт  көже  төп  бөртпе
  тағы  басқа 
дәмді  ұлттық  тағамдар  жасалады.  Сөкті  сүтке  қаймаққа  майға 
араластырып  жейді.  Балалар  жастар  сөкті  құрғақтай  да  жей  береді. 
Тарыны диірменге тартып талқан жасайды. Сөкті майға қуырады оны 
майсөк
 деп атайды. 
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   173




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау