Тақырып бойынша тест тапсырмалары
І. Бірге жазылатын сөздерді белгілеңіздер.
A) бес(тас)
B) бес(қонақ)
C) бес(құлақ)
D) бес(тоғыс)
E) бес(тал)
ІІ. Бірге жазылатын сөздерді белгілеңіздер.
A) бел(бүрме)
B) бел(темір)
C) бел(омыртқа)
D) бел(ағаш)
E) бел(бала)
ІІІ. Бірге жазылатын сөздерді белгілеңіздер.
A) бас(сүйек)
B) бас(арқан)
C) бас(тоғыз)
D) бас(бау)
E) бас(құда)
ІҮ. Бірге жазылатын сөздерді белгілеңіздер.
A) ат(қора)
B) ат(бұршақ)
C) ат(бәйге)
D) ат(көрпе)
E) ат(арба)
Ү. Бірге жазылатын сөздерді белгілеңіздер.
A) ақ(бикеш)
B) ақ(жалбыз)
C) ақ(балта)
D) ақ(қоян)
E) ақ(киіз)
Ескерту.
Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар.
28
Бөлек жазылатын сөздер
Бөлек жазылатын сөздер
Күрделі
атаулар
Күрделі
сан,
сын
есімдер
мен етістік
Есім,
еліктеуіш
сөздер мен
етістіктерд
ен құралған
сөздер
Еш, әр, кей,
бір,
қай,
әлде
есімдіктері
тіркескен
зат есімдер
Тұрақты
тіркестер
Екі зат есім қатар айтылып, бір
ғана затты, құбылысты, ұғымды
атап, алдыңғысы соңғысының
тегін, неге, кімге арналғанын,
немен жұмыс істейтінін және
өзге заттардан ажыратылатын
белгілерін білдірсе
Қазақстан
Республи
касы
он бір, көк
ала, оқып
отыр
ән
салу,
жарқ етті
еш адам,
бір жұмыс,
бір кісі
бас тарту,
қол ұшын
беру
ат қора, ағаш тарақ, ұл бала,
ортан жілік, бас сүйек
Ескерту.
Анықтаушы-анықталушы қатынастан ажырап, бір заттың атауы
болып кеткен сөздер бірге жазылады:
беторамал, асқасық, шайқасық, кірсабын,
иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, қолара
т.б.
«Бір» есімдігі мен «бір» сан есімін шатастырмау керек. Белгісіздікті
білдіретін «бір» есімдігі зат есімдермен тіркескенде әрдайым бөлек жазылады:
бір адам, бір сәт, бір уақыт
. Ал «бір» сан есімі анықтаушы-анықталушы
қатынастан ажырап, бірігіп жазылса
(бірасым ет, бірбақайлы, бірасар (қару),
біржұтым, біриірім, біркүндік, бірқайнатым, бірқазан, біртүйір, бірұрттам,
бірүзім, біршөкім, бірыңғай, бірішек
т.б.
)
, кейбір сөздердің анықтауыш қызметін
атқарып, бөлек жазылады:
бір буда, бір елі, бір жапырақ, бір жеті, бір мүшел,
бір жамбас, бір бет қағаз, бір төбе, бір тал шаш
т.б.
47-жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерден бөлек жазылған сөздерді тауып,
ережесін түсіндіріңіздер.
Бұдан бұрын еш уақытта Гүлсары қасқыр үнін естімеген, лезде
тұла бойы мұздап, үрей қармап қалды.
(Ш.А)
Абайдың ақмаңдайы
кейде Құнанбай жүрісі баяуласа, жол жорғасын салады да, сары
жорға қатты тайпалып кетсе, амалсыздан желе жөнеледі.
(М.Ә.)
Қаныштың
Қазақ
Ғылым
академиясындағы
президенттік
қасиеттерінің ең зоры – ол аса талантты және қажырлы, еңбекке
төзімді ұйымдастырушы.
(М.Ә.)
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының
өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
(Ғ.Мүс.)
Иесі анау үйдің
бұрын болған, кісі еді заманында бақыт қонған.
(А.Б.)
Бұл қарасөз
Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол
қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді.
(М.Ә.)
Мамырбайдың бәйбішесі маң-маң басып, киіз үйін қағып-сілкіп,
жинатқызып жүрген еді.
(Ж.А.)
Бұлар хазіреттің қорасына кіріп, асау
29
құнанды ат қораға байлағанда, хазірет өзі көріп, сыйлық екенін іші
біліп, үн қатпаған болатын.
(М.Ә.)
48-жаттығу.
Төмендегі сөздердің қалай жасалғандығына түсінік беріп,
олармен сөйлем құрастырыңыздар.
1. Еңбеккүн, шикізат, беторамал, зейнетақы, жолазық, тасжол,
күретамыр, қырықаяқ, ақбөкен, ақбидай, бізтұмсық, қойжусан,
сөзтұлға.
2. Су жорға, мысық мұрт, ақ аю, ақ жауын, ат арба, ата қаз, бас
бәйге, бел омыртқа, жер үй, жеті тоғыз, қан тамыр.
49-жаттығу.
Орфографиялық сөздіктен өздеріңізге емлесі таныс емес
бөлек жазылатын он-он бес сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
50-жаттығу.
Көркем шығармалардан бөлек жазылатын күрделі сөздердің
әр түріне мысал келтіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |